Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің төсбелгісі «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» (26-қосымша)
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 34 мм шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.
Белгінің бет жағында, ортасында шеңберге кірістірілген егістің, күннің, масақтың және ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнесі орналасқан. Ою-өрнектің айналасында шығыңқы жиек бар. Жиектің сыртқы жағында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» деген жазулар орналасқан. Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 35 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады. Таған латуньнен дайындалған.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің төсбелгілері «Құрметті авиатор» (27-қосымша)
«Құрметті авиатор» төсбелгісі ені 37 мм, биіктігі 45 мм шеңбер сопақ нысанда латуньнен дайындалады, негізден және қондырмадан тұрады.
Белгінің бет жағында шеңбер бойына лавр бұтақтары орналасқан. Шеңбердің ішінде «ҚҰРМЕТТІ АВИАТОР» деген жазу орналасқан. Белгінің ортасында жер шарының фонында ұшақ бейнесінде (жылтыр бет) бейнеленген қондырма орналасқан.
Төсбелгіні дайындауда көгілдір және көк түсті эмаль қолданылады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті жолшы» (28-қосымша)
«Құрметті жолшы» төсбелгісі диаметрі 37 мм сегіз ұшты жұлдыз нысанда латуньнен дайындалады, негізден және қондырмадан тұрады. Жұлдыз ұштары беті құбылмалы жылтырақ түрінде жасалған.
Қондырманың ортасы екі бөлікке бөлінген. Төменгі бөлігінде сұр қозғалыс жолақтары және жасыл бөлгіш бөлігі бар автожол бейнеленген. Жоғары бөлігінде «КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу қызыл әріптермен жасалған. Негіз орталығының шеттері «ҚҰРМЕТТІ ЖОЛШЫ» деген алтын түстес жазумен және көгілдір эмальдағы ұлттық ою-өрнекпен жиектелген.
Белгідегі барлық бейнелер мен жазбалар шығыңқы.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті автокөлікші» (29-қосымша)
«Құрметті автокөлікші» төсбелгісі диаметрі 37 мм болатын сегіз бұрышты жұлдыз нысанында жезден жасалады және негіз бен қондырмадан тұрады.
Белгінің беткі жағында шеңбер бойымен сары түсті «ҚҰРМЕТТІ АВТОКӨЛІКШІ» деген жазу орналасқан. Қондырманың ортасында күн сәулесі аясында «екі қанаты бар руль» және қанаттардың астында солдан оңға қарай жүк автокөлік құралы, автобус және жеңіл автокөлік құралы бейнеленген. Төсбелгіні дайындауда көк, сары және ақ түсті эмальдар пайдаланылады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Үздік автокөлікші» (30-қосымша)
«Үздік автокөлікші» диаметрі 37 мм болатын сегіз бұрышты жұлдыз нысанында жезден жасалады және негіз бен қондырмадан тұрады.
Белгінің беткі жағында шеңбер бойымен сары түсті «ҮЗДІК АВТОКӨЛІКШІ» деген жазу орналасқан. Қондырманың ортасында күн сәулесі аясында «екі қанаты бар руль» және қанаттардың астында солдан оңға қарай жүк автокөлік құралы, автобус және жеңіл автокөлік құралы бейнеленген. Төсбелгіні дайындауда көк, сары және ақ түсті эмальдар пайдаланылады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Су көлігі саласының үздігі» (31-қосымша)
«Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 37 мм көк түсті сегіз ұшты жұлдыз нысанында латуньнен дайындалады әрі негізден және қондырмадан тұрады.
Белгінің бет жағында шеңбер бойында «СУ КӨЛІГІ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан. Қондырманың ортасында зәкір фонында кеменің бейнесі орналасқан.
Белгіні дайындауда қоңыр, көк, ақ және алтын түстес эмаль қолданылады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Үздік байланысшы» (32-қосымша)
«Үздік байланысшы» төсбелгісі ені 30,6 мм диаметрлі шеңбер нысанын білдіреді. Төсбелгі сары түсті металдан (латунь) дайындалған.
Төсбелгіні дайындауда көгілдір, ақ, жасыл түсті эмальдар пайдаланылады.
Белгінің бет жағында ортасында ақ түстің аясында: жасыл түспен Қазақстан Республикасы картасының бедері, сары түспен телевизиялық мұнара және радиотолқынның шоғырланған шеңберлері бейнеленген. Белгінің орта шеңберінде көгілдір түс аясында «ҮЗДІК БАЙЛАНЫСШЫ», «ҚАЗАҚСТАН» деген сары түсті жазулар орналасқан. Белгінің сыртқы жиек шеңберінде радиалды бедерлі кетіктер салынған.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы киімге бекітіледі.
І дәрежелі «Еңбек даңқы» (33-қосымша)
І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі шеңбер сыртына шығыңқы имек лентаның және лавр бұтақтарының элементтері бар диаметрі 40 мм шеңбер нысанында алтын түстес металдан дайындалады.
Белгінің бет жағында күн сәулесінің шұғыласы фонында металл ағып жатқан металлургиялық шөміш бейнеленген.
Белгінің жоғарғы жағы «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақық түсті лентамен, төменгі жағы лавр бұтақтарынан тұратын дестемен көмкерілген.
Белгінің төменгі бөлігінде ақық түсті лента мен лавр жапырағының фонында ақ түсті сопақшада белгінің дәрежесін білдіретін алтын түстес «І» рим цифры орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы төменгі жағында лавр бұтақтары, ортасында тік қызыл және кезек жүргізілген ақ жолақтар орналастырылған ені 28 мм және биіктігі 13 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Қызыл жолақ белгінің дәрежесін білдіреді.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |