2012 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы



жүктеу 69.64 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі69.64 Kb.


2012 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2012 жылдың 1 шілде айында облыс бюджетіне 119541,0 млн.теңге болжаммен 122375,5 млн.теңге түсті, соның ішінде 82879,5 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады.




Меншік кірістер 110,0%-ға орындалды. Жоспарды орындау барлық бюджеттер деңгейлері бойынша қамтамасыз етілді.

2012 жылдың біріншы жарты жылдықта болжам коммуналдық меншіктегі тұғын үй қорының тұрғын үйлерін жалдаудан түскен түсімдерден (96,4%) және азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерден (8,2%) басқа барлық кіріс көздерінің бекітілген жоспарлары орындалды.

Облыстық бюджетке 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 9079,6 млн.теңге болжаммен 10832,3 млн.теңге меншік кірістері немесе 119,3%-ға орындалды.


Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенция мен қарыздарды ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 112498,4 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 84070,9 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 28427,5 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 39417,8 млн.теңге немесе 95,5% жұмсалды, оның ішінде:

мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 2100,1 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 24939,9 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 23274,2 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге - 850,0 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге – 815,7 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 3010,9 млн.теңге.

2012 жылдың 6 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 58,7 млн.теңге жұмсалды.

Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 548,6 млн.теңге көзделді, ол 99,5%-ды құрады.

Денсаулық сақтау бойынша қаражаттар 97,3%-ға игерілді, 465,1 млн.теңге игерілмей қалды, оның ішінде 412,3 млн.теңгесі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, оның ішінде 245,0 млн.теңге– дәрілік препараттарды сатып алу бойынша республикалық деңгейде өткізілген конкурстар қорытындылары бойынша үнем; 19,0 млн.теңге жылжымалы ұтқыр кешендерді теңгерімге қабылдағаннан кейін қаражаттар игерілетін болады; 59,9 млн.теңгеге – тұрғындарға скрининг жүргізу үшін тест-жолақтарын сатып алу бойынша конурстық рәсімдерді аяқталмауына байланысты; 15,7 млн.теңге – медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамсыздандыру бойынша конкурс 29 маусымда өтті, 36,7 млн.теңге – төлем көрсетілген қызметтер актілері негізінде төленеді; 28,7 млн.теңге – медициналық ұйымдарды медициналық бикелермен жасақтамау; 7,0 млн.теңге – конкурстық рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша үнем. Жергілікті бюджет бойынша қаражат 99,6%-ға игерілді.

2012 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 91,6 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 171,7 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 265,4 млн.теңге қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 541,1 млн.теңгеге 93,9%-ды құрады.

2012 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 8272,8 млн.теңге қарастырылды, соның есебінен Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы балабақша, Үржар ауданындағы, Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі орта мектептер құрылысы және 24 апаттық жағдайдағы мектеп қалпына келтіру жалғастырылатын болады. Есеп беру кезінде 4 922,1 млн.теңгесі игерілді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтары құрылысы жалғастырылатын болады, оған 8452,5 млн.теңге жоспарланды. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей аласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысына, Семей қаласының облыстық онкологиялық диспасердің радиологиялық орталығының құрылысына, Семей қаласының жедел медициналық көмек стансасының құрылысына арналған ЖСҚ түзету, Аягөз ауданының туберкулез диспансерінің 3 қабатты ғимаратын және Ұлан ауданы Бетқұдық ауылының бұрынғы мектебінің ғимаратын жаңартуға ЖСҚ әзірлеуге 565,3 млн.теңге жоспарланды, оның ішінде Семей қаласындағы көп бейінді қалалық аурухана, облыстық окологиялық дмспасердің радиологиялық орталығы және Семей қаласындағы жедел медициналық көмек стансасының құрылысына ЖСҚ әзірлеу және Ұлан ауданы Бетқұдық ауылының бұрынғы мектеп ғимараты құрылысы.

Әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға 1397,3 млн.теңге, оның ішінде Глубокое ауданы Зимовьев интернат-үйінің, Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемесіндегі бұрынғы аурухананы жаңарту, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы «УБА» шипажайына қосымша құрылыс салу, Глубокое ауданы Винное ауылындағы иппотерапия әдісімен мүгедек балаларды оңалту үшін атты-спорт манежі, Өскемен қаласының Питер Коммунарлары көшесі, 18-дегі оңалту орталығы жоспарланды. Есеп беру кезеңінде 938,8 млн.теңге немесе жоспарланған қаражаттың 82,8%-ы игерілді.

Облыстық бюджетте мәдениет объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап ғимаратын қайта жаңартуға, Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының құрылысына, Жарма, Аббай, Күршім, Үржар, Көкпекті аудандарындағы спорт модулдері мен Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округінің «Қаршоқы» учаскесіндегі спорт-сауықтыру құрылысна 3 729,2 млн.теңге сомасында қаражат көзделген. 1 713,4 млн.теңге немесе 98,7%-ға игерілді.

Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 152,2 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласының ІІБ ғимаратына ЖБО ретінде жапсаржай салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Қаражаттың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 3050,5 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды, олардың есебінен Зайсан, Курчатов және Өскемен, Зырян қалаларында, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады, 874,5 млн.теңге немесе 84,3% игерілді. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 674,1 млн.теңге қарастырылды, 302,4 млн.теңгесі немесе 92,6%-ы игерілді.

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен 11 117,0 млн.теңге жоспарланды, оны есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарланды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 421,0 млн.теңге қарастырылды, 245,4 млн.теңге немесе жоспарланғанның 100%-ы игерілді.

2020 – Жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларын кәсіпкерлікке оқытуға – 16,4 млн.теңге және осы бағдарлама шегінде ауылдағы кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бюджеттік кредиттерді ұсынуға 1915,2 млн.теңге қаражат қарастырылды.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2012 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын, Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Тансық стансасы-«Қозы корпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» салуға, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын жаңартуға 1499,9 млн.теңге қаражат жоспарланды, 777,6 млн.теңгесі немесе жоспарланғанның 99,6%-ы игерілді.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 6000,0 млн.теңге сомасында транфсерттер бөлу қарастырылды, жоспарланған 3,8 слрд.теңге сомасындағы қаражат толығымен игерілді.

Республикалық бюджеттен Жарма ауданы Солнечный кентінің қазандығын салуға 1801,2 млн.теңге жұмсалды, есеп беру кезеңде қаражат толығымен игерілді.

Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенге қолдау мақсатында 1629,2 млн.теңге жұмсалды.

Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянск сияқты моноқалаларды абаттандыру мәселелерін шешу үшін 447,5 млн.теңге қарастырылды, есеп беру кезеңіне жоспарланған қаражат толығымен игерілді




2012 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/397-IV шешімімен облыстық бюджетте 60 558,2 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 29563,7 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 30994,6 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 5390,7 млн.теңге кредит.

Облыстық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 3/16-V шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, республикалық нысаналы трансферттер көлеміне өзгерістер енгізілді, сонымен қатар республикалық трансферттердің көлемі 67762,0 мың теңгені құрады.

2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 30329,6 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылды, нақты 30328,8 млн.теңге трансферттер түсті, оның ішінде беру кезеңінде 28142,2 млн.теңге немесе 92,8%-ға игерілді.

Жалпы облыс бойынша нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша игеру 95,1%-ды құрады, толық пайдаланылмаған қаражат сомасы – 584,7 млн.теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер – 91,3%, толық пайдаланылмаған қаражат сомасы – 1601,9 млн.теңге.



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 1076,9 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 927,0 млн.теңге, мектеп мұғалімдер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінің біліктілік санаты үшін қосымшақы мөлшерін ұлғайтуға – 401,5 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 2367,6 млн.теңге, дәрілік құралдарды, вакциналарды және өзге инммунобиологиялық препараттарды сатып алуға – 2203,0 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 176,6 млн.теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға – 363,2 млн.теңге, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге – 746,6 млн.теңге, білім беру объектілерін құрылысы мен жаңартуға – 1448,6 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерін құрылысы мен жаңартуға – 5085,1 млн.теңге, Жарма ауданының Солнечный кентіндегі қазандық құрылысына – 775,0 млн.теңге, Үржар ауданы Қабанбай ауылындағы Алакөл көлінің рекреациялық аймағын жағалауы бекітуге - 148,9 млн.теңге жұмсалды.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет