Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру
Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:
-
ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
-
АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін
дамыту;
-
ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
-
АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту;
-
ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
-
АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
-
органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.
-
Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және олардың құнарлылығын арттыру жолдарының бірі олардың агрохимиялық жай-күйін нақты бақылау болып табылады.
Топырақты агрохимиялық байқап тексеру 2000 жылдан бастап жүргізілуде. 2000 – 2011 жылдары 19,1 млн. гектар немесе республиканың егістік жерлерінің ауданынан 78% байқап тексерілді.
Топырақтар құнарлылығының агрохимиялық жай-күйін бақылау үшін топырақты агрохимиялық байқап тексеруді белгілі циклмен жүргізу
қажет, ол ҚР үшін суармалы егіншілік жағдайларында бес жылда бір рет және бағара (суарылмайтын) егіншілік жағдайларында жеті жылда бір рет жүргізуді құрайды.
Мұндай циклдік байқап тексерудің бірінші турын аяқтауды жеделдетуге және құнарлылық деңгейі бойынша базалық көрсеткіштерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда, агрохимиялық байқап тексерудің 1,5 млн. гектардан артық емес аудандағы қолданыстағы жыл сайынғы көлемі мұндай циклділікті сақтауға мүмкіндік бермейді.
Көрсетілген циклділікке қол жеткізу үшін 3,5 млн. гектардан кем емес аудандағы топырақты жыл сайын агрохимиялық байқап тексеруді қамтамасыз ету қажет.
Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Егістік жерлерін агрохимиялық байқап тексеру ауданы, млн. га
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
Топырақ құнарлылығының агрохимиялық мониторингін жүргізу критерийлерінің бірі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық дерекқорды жүргізу және егістік жерлердің гумуспен, қоректі заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуінің агрохимиялық картограммаларын құру болып табылады. Картограммалар негізінде минералдық тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және топырақ құнарлылығын сақтау жөніндегі ұсынымдар әзірленеді.
Дерекқор және агрохимиялық картограммалар топырақ құнарлылығының сақталуын 5-7 жылдан кейін қайталама тексеру кезінде бақылау негізі болып табылады.
Алдағы уақытта топырақты агрохимиялық байқап тексеру жөніндегі қорытындыларды жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға беру жоспарлануда, олардың негізінде инспекторлар жер учаскесін топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуін туындайтындай пайдаланған жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қоюға дейінгі әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайтын болады.
-
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту
Қарқынды мал шаруашылығы салдарынан шөлейттену және ауыл шаруашылығы өндірісінің климаттық жағдайлардың әсеріне тәуелділігі сияқты ауыл шаруашылығы саласындағы ішкі міндеттерді шешу ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру әдістерін тұрақты іздестіруді ынталандырады.
Осындай әдістердің бірі дәлме-дәл егіншілік технологиясы болып табылады. Бұл өнімділік пен өнім сапасын өсіруге бағытталған іс жүзіндегі деректер негізіндегі егжей-тегжейлі бақылауды көздейтін егіншілік типі.
Ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша (топырақтың ылғалдығы, өсімдіктердің өсуі және аурулары, метеодеректер) ақпарат жинау және деректерді өңдеу процесі мақсатында дәлме-дәл егіншілік үшін талдау және болжау жүйесін енгізу жоспарлануда.
-
Ауыл шаруашылығын ақпараттық қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Дәлме-дәл егіншілікті қолдану, облыстар саны
|
|
3
|
9
|
4
|
|
|
|
|
-
Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» ММ (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) басты міндеті ауыл шаруашылығы дақылдарының шаруашылық құнды белгілері мен қасиеттерінің кешені бойынша ең жақсы сорттарын анықтай отырып, жаңа отандық және шетелдік селекция сорттарының шаруашылық пайдалығына мемлекеттік сынауды және патент қабілеттілігіне сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу болып табылады.
Қазіргі сәтте республикада Мемлекеттік комиссияның құрамында
12 облыстық, 3 өңірлік инспектура, 3 мемлекеттік сорт станциясы және
73 сорт сынау учаскесі жұмыс істейді.
Мемлекеттік сорт сынау учаскелерінің зертханалық, ауыл шаруашылығы (соның ішінде арнайы) техникасымен және жабдықтарымен жарақтануы проблема болып қалуда, ол қазіргі уақытта қажеттіліктен 46% құрайды.
Мемлекеттік сорт сынау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтауды және зертханалық жабдықты жақсарту сыналатын сорттарды шаруашылық пайдалыққа және патент қабілеттілікке сапалы бағалауды жүргізуге, жүргізілетін талдаулар бойынша шынайы деректер алуға мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Сорт сынау процесінің техникалық жарақтануы оны тиімді дамытудың басты факторы болып табылады, аймақтық ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі ұсынған барлық агротехникалық жұмыстарды толық көлемде уақытылы орындау есебінен сорт сынауды жүргізу сапасын арттырады. Бұл өндіріске енгізу үшін жоғары өнімді сорттарды анықтауға мүмкіндік береді, ол өсімдік шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
-
Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Неғұрлым өнімді және құнды сорттарды анықтау жөніндегі сорттық тәжірибелер саны, бірлік
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
-
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту
АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру және мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызметтер көрсету бойынша қызметін жандандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру
Қазіргі заманда мемлекеттік билік органдары әлемде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында кеңінен пайдалануда.
Қазақстан аумағының үлкен екенін және ауылдық елді мекендер арасы қашық екенін ескере отырып, онда жаңа компьютерлік технологияларды қолдану АШТӨ-нің және ауыл тұрғындарының еңбек шығындарын төмендету үшін қажетті болып табылады.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласында тек екі қызмет ішінара автоматтандырылған, бұл ҚР АШМ көрсететін барлық мемлекеттік қызметтерден 4 %-ды құрайды.
Тиісінше, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету аясын кеңейтуді дамытудың Қазақстанда үлкен әлеуеті бар.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі, %
|
55 (20 қызмет)
|
28 (10 қызмет)
|
17 (6 қызмет)
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі неғұрлым маңызды міндеттердің бірі билік өкілдерінің қызметтер алушылармен байланыстарын жою, сондай-ақ «жалғыз терезе» қағидатын пайдалана отырып, тұтынушы үшін қызметті алу процесін жеңілдету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілген мемлекеттік қызметтердің үлесі, %
|
22 (8 қызмет)
|
14 (5 қызмет)
|
|
|
|
|
|
|
-
Ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін дамыту
Адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімнің қауіпсіздігін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бизнеске қысымды төмендету, нарыққа импорттық өнімнің түсуін шектеу мақсатында техникалық регламенттер қабылданған.
Техникалық регламенттер тұтынушылар үшін тұтынылатын өнім қауіпсіздігінің кепілі, ал өндірушілер, импорттаушылар мен өткізушілер үшін біріншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің талаптарын толық қамтитын құжат болып табылады.
Қазіргі таңда АӨК саласында ҚР-дың 19 техникалық регламенті қабылданған.
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру және КО-да ықпалдастыру процестерін тереңдету және жеделдету мақсатында АӨК саласында КО 6 техникалық регламенті бекітілді, қосымша КО-ның тағы
6 техникалық регламентін әзірлеу қажет.
КО техникалық регламенттері кеден аумағында тікелей қолданылады және олар барлық үш ел үшін бірыңғай талаптар белгілейді. КО техникалық регламенттерін қабылдаумен осы техникалық регламенттің талаптарын сақтай отырып өндірілген өнімнің КО аумағы бойынша қандай да бір шектеулерсіз, қосымша растамаларсыз және құжаттарды қайта ресімдеусіз орны ауыстырылуы мүмкін.
Техникалық регламенттердің талаптарын орындау үшін АӨК өнімдерінің барлық түрлері үшін халықаралық немесе еуропалық стандарттармен үйлестірілген Бірыңғай экономикалық кеңістік стандарттарының бірыңғай тізбелері қалыптастырылды, олар алдағы уақытта мемлекетаралық стандарттар болып қайта пысықталатын болады.
Сондай-ақ республикалық ветеринариялық зертханалардың сынау зертханаларын АӨК өнімдерін бірдейлендіру үшін қажетті жабдықтармен және қосалқы материалдармен жарақтауды жүргізу қажет.
Ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
АӨК өнімдерін
КО-ның техникалық регламенттеу жүйесімен қамту үлесі, %
|
58,3
|
75
|
83,3
|
91,7
|
100
|
-
|
-
|
-
|
-
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру
Мемлекет басшысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлерге АӨК-дегі мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерді жоспарлауды жүйелендіру және олардың санын азайту бөлігінде әкімшілік қысымды төмендету мақсатында ҚР АШМ мыналарды жоспарлап отыр:
Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру:
-
алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру бұзушылықтарды анықтаған кезде бақылау – қадағалау жүйесінің акценттерін әкімшілік жазаларды салудан нұсқамалар беруге көшіруді көздейді.
-
нұсқамаларды қолдану бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды нұсқамада белгіленген мерзімдерде уақытылы жоюға және тиісінше әкімшілік жаза салудан құтылуға мүмкіндік береді.
Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Өсімдік шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін берілген нұсқамалардың орындалу үлесі
|
85
|
87
|
88
|
89
|
90
|
91
|
92
|
95
|
2
|
ҚР ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін берілген нұсқамалардың орындалу үлесі
|
86
|
88
|
89
|
90
|
91
|
92
|
93
|
96
|
тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізу процесін автоматтандыру
Қазіргі уақытта тексерулер жоспары тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып жасалады, яғни тексерулерді жүргізу критерийлері айқындалған, бақылау және қадағалау субъектілері тәуекел топтары бойынша бөлінген, әрбір тәуекел тобы үшін тексерулер жүргізу кезеңділігі айқындалған.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта тексерулер жоспарларын қалыптастыру кезінде субъективті тәсілді қолдану ықтималдылығы бар. Жоспарларды қалыптастыру кезінде субъективизмді барынша болдырмау үшін бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізуді тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып автоматтандыру ұсынылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізу процесін автоматтандыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы тексерулер жоспарына енгізілген субъектілерді қамту үлесі, %
|
|
|
50
|
60
|
70
|
80
|
90
|
100
|
2
|
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы тексерулер жоспарына енгізілген субъектілерді қамту үлесі, %
|
|
|
50
|
70
|
80
|
90
|
100
|
100
|
4.4.7 Органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау
Республикада органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту, сондай-ақ органикалық өнімнің экспорттық әлеуетін іске асыру үшін органикалық өнімді өндіру және сертификаттау жүйесінің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау қажет.
Органикалық өнімді өндіру мен өткізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мәселесін зерделеу бірінші кезектегі мәселе болып табылады.
Органикалық ретінде таңбаланған тауарлар мен шикізатқа тұтынушылардың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында органикалық өнімді өндірудің барлық кезеңдерінде бақылау жүйесін, органикалық өнім өндіруді, қайта өңдеуді инспекциялау және сертификаттау, өндіріс субъектілерін тіркеу рәсімдерін енгізу қажет.
Органикалық өнімдер өндіруді мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |