Ұйымның атауы
|
Келісу күні
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
|
24. Осы кәсіби стандарт _______________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № _____.
Хат (хаттама) №_______ күні
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 18 желтоқсандағы №296 бұйрығына 2-қосымша
Археограф мамандығы бойынша
кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі» кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;
2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;
3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.
2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.
3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
9) кәсіп, мамандық– арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;
14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Бұл КС мынаны айқындайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі».
2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялау бойынша жұмысты жүзеге асыру
3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.
3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы :
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.
2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 «Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары»;
3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: ғылыми қызметкер;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2 қосымшасында берілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5 қосымшасында көрсетілген.
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің (мамандықтардың) түрлері
№ р/с
|
Қызмет түрлерінің атауы
|
Еңбек нарығында танылған мамандар атауы
|
ҚР МС 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
БТБА бойыншадәреже
|
1
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялау бойынша жұмысты жүзеге асыру
|
археограф
|
археограф
|
5
|
-
|
Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 2-қосымша
1. Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар. Археографтың еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар
|
Ұлттық мұрағатта, орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында, арнайы мемлекеттік мұрағаттарда
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы
|
Ескі (шаң басқан) құжаттармен жұмыс.
|
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары
|
жазба тарихи деректермен жұмыстың тәсілдері мен әдістерін білу
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білім және оқу деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
5.4
(Санатсыз археограф)
|
Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
|
жұмыс өтілі талап етілмейді
|
5.3
(Екінші санатты археограф)
|
Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
|
мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 1 жыл
|
5.2
(бірінші санатты археограф)
|
Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
|
мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл
|
5.1
(Жоғары санатты археограф)
|
Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
|
мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл
|
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. Археографтың еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
еңбек функциясының №
|
Еңбек функциясының атауы
|
Ф 1
|
мұрағаттық құжаттарды баспаға дайындау
|
Ф 2
|
мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы анықтамалық-ақпараттық басылымдар дайындау
|
Ф 3
|
аса құнды және бірегей құжаттарды анықтау
|
Ф 4
|
археография мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына және нормативтік және әдістемелік құжаттар әзірлеуге қатысу
|
Ескерту: Ф - функция
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
1. Археографтың еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
Шифр
|
Еңбек құралдары
|
Еңбек жабдықтары
|
Міндеттер
|
Білу және дағдылану
|
Білім
|
Ф 1
|
Мұрағаттық құжаттар,
мұрағаттың ғылыми-анықтамалық-ақпараттық қоры, деректер базасы, деректер банкі
|
Жеке компьютер, кітапхана, басылымның жоспар-проспектісі, интернет ресурстары
|
3.1.1 Басылымның жоспар-проспектісін жасауға, құжаттарды анықтауға және іріктеуге қатысу, мәтін теру, мәтінді түпнұсқамен салыстыру;
3.1.2 Археографиялық сипаттауда басылым құжаттарын және құрылымын жүйелеуге қатысу, құжаттарды анықтау және іріктеу, ғылыми-анықтамалық аппарат дайындау;
3.1.3 Басылымның жоспар-проспектісін, құжаттарға түсініктеме жасауға және ғылыми саралауға, құжаттарды археографиялық ресімдеуге, құжаттарды анықтау және іріктеуге, басылым жүйесін және құрылымын, ғылыми-анықтамалық аппаратын дайындауға қатысу;
3.1.4 Басылымды дайындау, басылымның жоспар-проспектісін, жүйесі мен құрылымын жасау, құжаттарды анықтау және іріктеу, ғылыми-анықтамалық аппарат дайындауды тексеру, құжаттарға түсініктеме жасау және ғылыми саралау, археографияның теориясы мен әдісі жөнінде кеңес беру жұмыстары бойынша үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету.
|
Компьютер техникасын пайдалану, деректер базасын басқару негіздері. Құжаттарды іріктеу негіздері.
|
Мұрағат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, мұрағат ісі саласындағы әдістемелік әзірлемелерді; мұрағаттық құжаттарды сақтаудың жүйесін және жіктеуін; мұрағатта сақтауда тұрған құжаттардың құрамы мен мазмұнын; ғылыми-анықтамалық аппаратының және мұрағаттың анықтамалық-ақпараттық қорының жүйесін білу.
|
Ф 2
|
Мұрағаттық құжаттар,
мұрағаттың ғылыми-анықтамалық-ақпараттық қоры, деректер базасы
|
Жеке компьютер, кітапхана, басылымның жоспар-проспектісі, интернет ресурстары
|
3.2.1 Басылымның жоспар-проспектісін жасауға, құжаттарды анықтау және іріктеуге қатысу, мәтін теру;
3.2.2 Басылымды жүйелеудің құрылымдық-хронологиялық сұлбасын дайындауға қатысу, ғылыми-анықтамалық аппарат дайындау, мұрағат құжаттары бойынша деректер және банктер базасын құру және жүргізу, мәтін теру;
3.2.3 Басылымның жоспар-проспектісін жасауға, басылымды құрастырудың әдісін, басылымның жүйесі мен құрылымын анықтауға қатысу, ғылыми-анықтамалық аппарат дайындау;
3.2.4 Басылымды дайындау, басылымның жоспар-проспектісін, жүйесі мен құрылымын жасау, құжаттарды анықтау және іріктеу, археографияның теориясы мен әдісі жөнінде кеңес беру жұмыстары бойынша үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету.
|
Компьютерлік техниканы қолдану, деректер базасын басқару. Мұрағаттық құжаттардың құндылығын айқындау
|
Мұрағат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, мұрағат ісі саласындағы әдістемелік әзірлемелерді; мұрағаттық құжаттарды сақтаудың жүйесін және жіктеуін; мұрағатта сақтауда тұрған құжаттардың құрамы мен мазмұнын; ғылыми-анықтамалық аппараттың және мұрағаттың анықтамалық-ақпараттық қорының жүйесін білу.
|
Ф 3
|
Мұрағаттық құжаттар,
мұрағаттың ғылыми-анықтамалық-ақпараттық қоры, деректер базасы
|
Жеке компьютер, кітапхана, интернет ресурстары
|
3.3.1 Аса құнды және бірегей құжаттарды анықтауға қатысу, құжаттар құндылығын сараптауға қатысу, шағын фильм және цифрлық тасығышқа аудару үшін істер тізімдемелері бойынша нақты бағдармен құжаттар іріктеу, мәтіні көмескіленген құжаттарды анықтау;
3.3.2 Аса құнды және бірегей құжаттарды анықтауға қатысу, құжаттар құндылығын сараптауға қатысу, құжаттар іріктеу;
3.3.3 Аса құнды және бірегей құжаттарды анықтау, құжаттар құндылығын сараптау, аса құнды және бірегей құжаттарға аннотация жасау, шетелде сақтауда тұрған Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды анықтауға қатысу;
3.3.4 Аса құнды және бірегей құжаттарды анықтау, құжаттар құндылығын сараптау, аса құнды және бірегей құжаттардың аннотациялық тізбесін жасау, шетелде сақтауда тұрған Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды анықтау, мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы зерттеушілерге кеңес беру.
|
Жазба тарихи деректерді оқудың жолдары мен әдістері.
Қосымша тарихи пәндер бойынша теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып кәсіби проблемаларды шешу.
|
Мұрағат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, мұрағат ісі саласындағы әдістемелік әзірлемелерді; мұрағаттық құжаттарды сақтаудың жүйесін және жіктеуін; мұрағатта сақтауда тұрған құжаттардың құрамы мен мазмұнын; ғылыми-анықтамалық аппараттың және мұрағаттың анықтамалық-ақпараттық қорының жүйесін білу.
|
Ф 4
|
Мұрағаттық құжаттар,
мұрағаттың ғылыми-анықтамалық-ақпараттық қоры, деректер базасы
|
Жеке компьютер, кітапхана, интернет ресурстары
|
3.4.1 Құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы анықтамалық-ақпараттық басылым дайындау;
3.4.2 Археография мәселелері бойынша нормативтік-әдістемелік әзірлемелер, ғылыми-анықтамалық аппараттың жай-күйіне талдау, мұрағат құжаттары бойынша деректер базасы, құжаттық жарияланымдарға пікірсарап.
|
Мұрағат саласында ықпалдастық білім процедурасын дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыруды білу және дағдылану.
|
Мұрағат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, мұрағат ісі саласындағы әдістемелік әзірлемелерді; мұрағаттық құжаттарды сақтаудың жүйесін және жіктеуін; мұрағатта сақтауда тұрған құжаттардың құрамы мен мазмұнын; ғылыми-анықтамалық аппараттың және мұрағаттың анықтамалық-ақпараттық қорының жүйесін, ғылыми зерттеу жүргізу әдістерін, қосымша тарихи пәндерді білу.
|
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 5-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |