Ұйымның атауы
|
Келісу күні
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
|
Осы кәсіби стандарт _______________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № __________________.
Хат (хаттама) №____________________ күні ____________________ .
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №296 бұйрығына 3-қосымша
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша
кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі» кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;
2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;
3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.
2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.
3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
9) кәсіп, мамандық– арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;
14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Бұл КС мынаны айқындайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі»;
2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:
мұрағаттық қорлар мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды жүргізу;
3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.
3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы :
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.
2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 «Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары»;
3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: ғылыми қызметкер;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:
мұрағаттық қорлар мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды жүргізу;
5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2 қосымшасында берілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5 қосымшасында көрсетілген.
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің (мамандықтардың) түрлері
№р/с
|
Қызмет түрлерінің атауы
|
Еңбек нарығында танылған мамандар атауы
|
ҚР МК 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
БТБА бойынша дәреже
|
1
|
Мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау және оларды сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру
|
мұрағат қоймасының меңгерушісі
|
мұрағат қоймасының меңгерушісі
|
6
|
-
|
Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша
кәсіби стандартқа 2-қосымша
1. Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар. Мұрағат қоймасының меңгерушісінің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар
|
Ұлттық мұрағатта, орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында, арнайы мемлекеттік мұрағаттарда, мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың ведомстволық мұрағаттарында
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы
|
Температурасы +3-тен +18 дейінгі төмен орындарда жұмыс, шаң-тозаң құжаттармен жұмыс
|
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары
|
-
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білім және оқу деңгейі
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
6.1
|
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару, тарих, заңгер мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
|
6.1
|
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша
кәсіби стандартқа 3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. Мұрағат қоймасы меңгерушісінің еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
еңбек функциясының №
|
Еңбек функциясының атауы
|
Ф 1
|
Мұрағат құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау
|
Ф 2
|
Мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету
|
Ф 3
|
Мұрағат құжаттарының алғашқы есебін жүргізу
|
Ескерту: Ф - функция
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша
кәсіби стандартқа 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
1. Мұрағат қоймасы меңгерушісінің еңбек қызметінің (мамандығы) түрі
Шифр
|
Еңбек құралдары
|
Еңбек жабдықтары
|
Міндеттер
|
Білу және дағдылану
|
Білім
|
Ф 1
|
Мұрағат құжаттары,
есептік құжаттар,
ғылыми-анықтамалық аппарат
|
Жеке жұмыс орны,
стеллаждар,
сейфтер
мұрағаттық қораптар,
арнайы мөртабандар, арбалар
|
3.1.1. Мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдаудың жоспар-кестесін жасауға қатысу;
3.1.2. Мұрағаттық құжаттарды оңтайлы орналастыру үшін мұрағат қоймасын дайындау;
3.1.3. Мұрағат ғимараты шегінде мұрағат құжаттарын тасу және орнын ауыстыру;
3.1.4. Мұрағат құжаттарының толықтығын істер тізімдемелерімен салыстыра тексеру;
3.1.5. Мөртабандары қойып шығу және қою;
3.1.6. Мұрағаттық құжаттарды мұрағат қоймасына қабылдау және орналастыру;
3.1.7. Мұрағаттық қораптарды, бумаларды ресімдеу, жапсырмаларды толтыру;
3.1.7. Топографиялық көрсеткіштер жасау;
3.1.8. Мұрағат қоймасының алаңын тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар дайындау.
|
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу;
2) технологиялық процесті құрауыштарды әзірлеу, ендіру, бақылау, бағалау және түзету;
3) теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып кәсіби проблемаларды шешу.
|
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер.
Өндірістік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру.
Мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі.
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы практикамен ұштасқан кәсіби білім.
Қазіргі заманғы ақпараттық ресурстар.
Ақпаратты жинаудың, талдаудың және жүйелеудің әдістері.
|
Ф 2
|
Мұрағаттық құжаттар,
есептік
құжаттар, ғылыми-анықтамалық аппарат
|
Жеке
жұмыс орны,
стеллаждар,
сейфтер,
өлшеу
құралдары (термометр, гигрометр)
|
3.2.1. Сақтаудың техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қауіпсіздіктің нормативтік режимдерін сақтау;
3.2.2. Мұрағат құжаттарының толықтығы мен жай-күйін тексеру;
3.2.3. Мұрағат қоймаларынан істер беру және оларды қайтару;
3.2.4. Мұрағат құжаттарын іздестіру және оның нәтижесін ресімдеу;
3.2.5. Мұрағат құжаттарын шаң-тозаңнан тазалау;
3.2.6. Мұрағат құжаттарын қалпына келтіруге, пайдалану қоры мен сақтандыру қоры үшін көшірмелеуге, цифрлауға, түптеуге, залалсыздандыруға және дәрілеуге дайындау.
|
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу;
2) технологиялық процесті құрауыштарды әзірлеу, ендіру, бақылау, бағалау және түзету;
3) теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып кәсіби проблемаларды шешу.
|
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер.
Өндірістік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру.
Мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі.
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы практикамен ұштасқан кәсіби білім.
Қазіргі заманғы ақпараттық ресурстар.
Ақпаратты жинаудың, талдаудың және жүйелеудің әдістері.
|
Ф 3
|
Мұрағаттық құжаттар,
есептік
құжаттар,
ғылыми-анықтамалық аппарат
|
Жеке компьютер,
деректер базасы,
жеке жұмыс бөлмесі,
стеллаждар, сейфтер
|
3.3.1. Мұрағат құжаттарының қозғалысын есепке алу;
3.3.2. Мұрағаттық құжаттарды беруді және қабылдауды тіркеу;
3.3.3. Ізбасар парақшаны толтыру;
3.3.4. Мұрағат төлқұжатын (паспортын) жасау.
|
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу;
2) технологиялық процесті құрауыштарды әзірлеу, ендіру, бақылау, бағалау және түзету;
3) теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып кәсіби проблемаларды шешу.
|
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер.
Өндірістік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру.
Мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі.
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы практикамен ұштасқан кәсіби білім.
Қазіргі заманғы ақпараттық ресурстар.
Ақпаратты жинаудың, талдаудың және жүйелеудің әдістері.
|
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша
кәсіби стандартқа 5-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |