2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп



Дата22.02.2016
өлшемі1.84 Mb.
#705


Шығыс Қазақстаноблыстық мәслихаты

сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі

№ 19/212-V шешімімен бекітілді



2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Шығыс Қазақстан облысының тұрақты экономикалық өсімінің қарқыны сақталды.

Экономиканың нақты секторында:

Өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемі 1007,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті деңгейінен 4,3% жоғары.

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің табиғи көлем индексі 105,8% құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 3,5 пайыздық тармаққа жоғары.

Ауыл шаруашылығының валдық өнім көлемі облыс бойынша 296,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас көлемінен 24,9% артық. Нақты көлем индексі – 108,4%.

Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 75,8 мың бірлікті құрады. Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны (заңды тұлға) 5,3%-ға көп (5330 бірлік).

Өнім шығару көлемі 536,7 млрд. теңге немесе 2012 жылға қарағанда 111,5% құрады. Жыл бойы аталған салада қамтылғандар саны 8,3% ұлғайды және 241,7 мың адамды құрады.

Облыстың қалалары мен аудандар бөлінісіндегі белсенді кәсіпорындар санының төмендеуі байқалған жоқ.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі өткен жыл деңгейіне 13,1% өсіммен 301,1 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 108,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 137,5 млрд.теңгені құрады, табиғи көлем индексі 112,5%.

2013 жылы19,4% өсіммен 291,3 мың шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға енгізілді.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 484,9 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 109,8% құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 104,5% құрады немесе орта республикалық деңгейден 0,3 пайыздық тармаққа төмен, сонымен қатар 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 1,5 пайыздық тармаққа төмен.

Инфляция деңгейіне үлкен үлесті халыққа арналған қызметтерге баға өсімі енгізді (107,4%), сондай-ақ азық түлік тауарлар тобына (102,9%) және азық түліктік емес тауарлар тобына (103,7%) баға өсімі байқалған.

2012 жылмен салыстырғанда облыста инфляциялық процесстердің өсуі байқалады.

Әлеуметтік салада өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар санының 1786 адамға азайғаны байқалады, ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 17,1% төмендеп және 3,3 мың адамды құрады, атаулы мемлекеттік көмек алушылар 31,5%, тұрғын үй көмегін алушылар – 6,8%, балалар жәрдемақысын алушылар – 13,3 % азайды.

Жұмыссыздық деңгейі 2013 жылғы 4 тоқсанына өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 0,3 пайыздық тармаққа төмендеумен 4,8 % құрады.

Облыста 1392 мектепке дейінгі балалар мекеме қызмет атқарады, соның ішінде 209 балабақша, оның ішінде 38 жеке меншік, 1183 шағын-орталықтар. Мектепке дейінгі біліммен жалпы қамту97,4%-ды құрайды (67462 бала), бұл өткен жыл деңгейінен 1,7%-ға көп.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға 2013 жылы 52,7 млрд. теңге бағытталды, бұл 2012 жыл деңгейінен 22,8% жоғары.

904,6 млн. теңге сомаға денсаулық сақтаудың 30 объектісіне күрделі жөндеуі жүргізілді.

Босандыруға жәрдемдесу және балалар, кардиохирургия, жедел-жәрдем және БМСК қызметі нысандарын материалды-техникалық жабдықтау жүзеге асырылды. Облыстың емдеу мекемелерінде санитарлық автокөліктер паркін жаңарту жалғастырылуда, өткен жылға 27 бірлік сатып алынды. Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі дәрмек көмегіне 7,8 млрд. теңге жұмсалды.

Мобильді медицинаны дамыту жалғасуда. Қозғалмалы медицина кешендерінің базасында оқытылған бригадалар 152 елді-мекенде 71,5 мыңнан астам адамды қарады.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде ана өлімінің көрсеткіші 32,6%-ға, бала өлімі – 19%-ға, туберкулезбен аурушаңдық – 12,5%-ға төмендеді.

Облыста Онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды және онкологиялық ауруларды анықтау бойынша 6 түрлі скрининг жүргізілді, скринингтің барлық түрлері бойынша 216 қатерлі ісікпен науқас анықталды, науқастардың 5 жылдық өмір сүруі 50 %-ды құрады, қатерлі ісік 3,6% -ға төмендеді.

Салық-бюджет саясатортамерзімді кезеңде мемлекеттік саясаттың тұжырымдалған шараларын тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімделген өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұдан әрі экономикалық өсім үшін шарттар салықтық және бюджеттік саясат құралдары арқылы қамтамасыз етіледі.

Ортамерзімді кезеңде салық саясатының шаралары болып:

экономиканың шикізат емес секторын, ең алдымен халықаралық бәсекелестікті және елдер арасындағы капиталдың бос ағынын (қозғалыс) күшейту жағдайларында экономиканың нақты секторының кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамытуды ынталандыру;

қолайлы инвестициялық климат жасау және ішкі және сыртқы жеке инвестицияларды ынталандыру;

бюджеттің табыс бөлігін ұлғайту;

мемлекеттік функцияларды және міндеттерді толық көлемде орындауды қаржылық қамтамасыз ету анықталды.

Экономиканың бұдан әрі өсімін қамтамасыз ету мақсатында орта шұғыл кезеңде бюджеттік саясат:

халықтың әл-ауқатын арттыруға;

экономиканы жаңартуға және әртараптандыруға;

мемлекет тарапынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағытталған.

2013 жылғы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 183,6 млрд.теңгені құрайды, атқару 101,8%-ды құрады, өсім қарқыны 114,8%-ды құрайды.

Меншік кірістер бойынша облыс бюджеті толық көлемде атқарылды, болжамды барлық өңірлер орындады және жоспарға 102,3%-ды немесе жоспардан тыс 1,6 млрд.теңге түсті, өткен жылмен осы кеңімен салыстырғанда түсідер өсімінің қарқыны – 113,9%-дықұрады.
Облыстық бюджет түсімдерінің атқарылуы
2013 жылы облыстық бюджетке 201658,8 млн.теңге болжаммен 200995,2 млн.теңге кірістер, оның ішінде 175836,0 млн.теңге – республикалық бюджеттен субвенциялар мен нысаналы трансферттер түсті, болжам 63,5 млн.теңгеге орындалған жоқ.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы облыстық бюджет түсімдері 3150,5 млн. теңгеге, соның ішінде жеке табыс салығы – 1509,7 млн. теңг), әлеуметтік салық -1116,9 млн. теңге, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем - 312,7 млн. теңге, жергілікті атқарушы органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, санкциялар, өндіріп алулар -220,9 млн.теңгеге түсімдер бойынша ұлғайған.


2012-2013 ж.ж облыстық бюджетке меншік кірістер түсімдер

Облыстық бюджеттің меншік кірістері 99,6%-ға атқарылды, 25,8 млрд.теңге жоспарланып, 25,7 млрд.теңге түсті.

2013 жылғы кірістер бойынша облыстық бюджеттің атқарылуы

(млрд. теңге)

2013 жылғы облыстық бюджеттің жалпы көлемі (млрд.теңге)



Облыстық бюджет шығыстарының атқарылуы
Өткен жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға облыстық бюджеттен 214720,7 млн. теңге жұмсалды, ол 2012 жылға қарағанда 12%-ға артық.

Шығыстардың жалпы сомасындағы игерілмеген қалдық үлесі 0,1%-ын құрады немесе 321,3 млн.теңге, ол 2012 жылға қарағанда 526,0 млн.теңгеге аз.

Қорғаныс бойынша 797,4 млн.теңге (98,6%), қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік 10931,4 млн. теңге (100%), білім беру 24217,9 млн. теңге (99,6%), денсаулық сақтау 52716,9 млн. теңге (100%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 14506,8 млн. теңге (99,9%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 28551,3 млн. теңге (100%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 6906,2 млн.теңге (99,1%), отын-энергетикалық кешен 6990,0 млн. теңге (100%), ауыл шаруашылығы 12954,4 млн.теңге (99,9%), көлік және коммуникация 6602,3 млн. теңге (100%) игерілді.

Облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шығыстары

2013 жылдың бюджеттік саясаты әлеуметтік шығыстардың басмдылығына жұмсалған болатын: білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризм.

2013 жылы білім беруге 24217,9 млн.теңге жұмсалған болатын.

(млн.теңге)



2012-2013 жж. арналған білім беру шығындары
Дарынды балаларды және дене бітімі, ақыл-ойының дамуы қалыс қалған балаларға жалпы білім беру, оқу құралдарын сатып алу және жеткізу, мектептік олимпиадалар, облыстық масштабта конкурстар мен мектептен тыс іс-шаралар өткізу, балалардың психикасын зерттеу және кеңестік көмек көрсету, балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, кәсіптік лицейлерде және колледждерде мамандар дайындауға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қамтамасыз етілді, оған 18257,5 млн. теңге, оның ішінде ата-ана қамқорлығынан айырылған жетімдер мен балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге 1217,5 млн. теңге жұмсалды.

Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалармен қамтамасыз ету, физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау, оқу - өндірістік шеберханаларды, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы зертханаларды қайта жаңалау және жабдықтау, мектеп мұғалiмдерiне және мектепке дейiнгi ұйымдардың тәрбиешiлерiне бiлiктiлiк санаты үшiн қосымша ақының көлемiн ұлғайту, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің еңбекақысын арттыру, техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдар оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы өндiрiстiк оқыту шеберлерiне өндiрiстiк оқытуды ұйымдастыруына қосымша ақыны белгiлеуге республикалық бюджеттен 737,3 млн. теңге көлемінде бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді игеру қамтамасыз етілді.

Білім беретін кәсіптік-техникалық оқу орындарын дамыту мақсатында колледждерді қаржыландыруға, сонымен қатар облысқа қажетті арнайы орта білімді мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 44 колледжге, оның ішінде екеуі орта деңгейлі медиктерді дайындайдауға барлығы 5843,0 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды немесе 99,5%, оның ішінде нысаналы трансферттердің есебінен облыстағы 10 колледждің шеберханасына 221,3 млн. теңгеге жабдықтар сатып алынған, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы өндірісті оқытушы 348 шеберге базалық лауазымдық еңбекақысынан 100% көлемінде 75,1 млн. теңге сомасында қосымша ақылар төленді, техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдар оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету бойынша техникалық және кәсіби білім алу кезеңінде 3450 адамға степендия және 8300 адамға жол жүру жеңілдіктеріне жәрдемақы төлеуге 205,9 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде 4300 біруші бар, сонымен қатар, техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдардың оқытушылардың (мұғалімдердің) 504 штаттық бірлігіне еңбекақы айырмасы 67,5 млн. теңге төленді, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдарда 825 адам (маман) жинақтауға 88,0 млн. теңге жұмсалған.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде экономика саласындағы білікті кадрлар қажеттілігін қанағаттандыру үшін республикалық бюджеттен 1070,6 млн. теңге бөлінген. 9 бен 11-сынып бітірушілерінің ішінен еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды дайындау бойынша жоспар 417 адам, оқуға қабылданғандар саны 428 құрады; 2010 жылы 11 сынып бітіргендердің ішінен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қабылданған жоспарлы 591 адамның 575 оқуын тәмәмдаған, 8 адам оқудан шығарылған, 8 адам оқуын жалғастыруда; 2011 жылы 11-сынып бітіргендердің ішінен оқуға түскендердің оқуларын жалғастырушы (бітіруші) жоспарлы 2405 адамның 559 оқуын аяқтады, 85 адам оқудан шығарылды, 1761 адам оқуын жалғастыруда, 2012 жылы оқуға түскен оқуларын жалғастырушы (бітірушілер) жоспарлы 1000 адамның 570 оқуын аяқтады, 36 адам оқудан шығарылды, 394 адам оқуын жалғастыруда. 2013 жылы оқуын бітіргендердің ішінен 867 адам жұмысқа орналастырылды.Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 5178,0млн. теңге көлемінде нысаналы ағымдық трансферттер қалалар мен аудандарға аударылды.

Республикалық бюджеттен берілетін трасферттер есебінен мемлекеттік жалпы білім беру тапсырысын іске асыруға қалалар мен ауылдарға 3057,4 млн.теңге 21865 орынды ұстауға жұмсалды, оның 2013 жылы 3178 жаңа орын құрылды.

Білім объектілерін салу және жаңартуға 5 280,7 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 2 559,4 млн.теңгесі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер.

Есепті жылы Өскемен қаласында, Үржар, Шемонаиха, Зайсан, Абай, Аягөз аудандарындағы мектеп және Өскемен, Зырян, Риддер қалаларындағы және Шемонаиха ауданындағы балабақша құрылыстары жалғастырылатын болады.

Облыстық бюджет қаражаттары есебінен (2 721,3 млн.теңге) білім берудің 18 объектісі (оның ішінде қоса қаржыландыру), оның ішінде 14 ауылдық мектеп салынды, облыстың өңірлерінде апаттық мектеп орнына мектеп салу бойынша шығыстар жүргізілді, оның ішінде пайдалануға 12-сі берілді, мектер мен мектепке дейінгі мекемелерді одан әрі кеңейту және жаңғырту үшін объектілерге ЖСҚ әзірлеуге қаражаттар жұмсалды.

Семей қаласындағы № 5 мекетп-интернатына шеберхана жапсаржайын салу, Бородулиха ауданы Новопокровка ауылындағы Әуезов атындағы орта мектепке спортзал және Тарбағатай ауданф Қызыл Кесік ауылындағы Би Боранбай атындағы орта мектепке спортзал салу аяқталды.

2013 жылы денсаулық сақтауға 52716,9 млн. теңге жұмсалды.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге 31007,2 млн. теңге жұмсалды, сонымен қатар, жеңілдікті дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 7202,7 млн.теңге жұмсалды, оның нәтижесінде диабетпен ауыратын ауруларды, қатерлі ісік ауруларды, гемофилиямен ауыратын науқастарды, АҚТҚ инфекциясымен ауыратын тұлғаларды, гематологиялық ауруларды, сондай-ақ, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттар сатып алынды. Халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вирустық «А» гепатитына қарсы 2500 доза, пневмоккалық инфекциясына қарсы 83670 доза вакцина, А, В және С вирустық гепатитiне қарсы вакцина салынған 2 жасқа дейін балалардың саны 23700 адамды құрады, тромболитикалық препараттармен 418 ауру қамтамасыз етілді, 33 гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезiнде қанның ұюы факторларымен, амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттармен бүйрек функциясының созылмалы жеткiлiксiздiгi 98 науқас, миастениямен ауыратын 40 науқас, темiр және йоды бар препараттарды қажет ететін 21500адам, сонымен қатар дәрілік құралдармен және емдік тамақтануға арналған арнайы азық-түліктерге71104 адам, созылмалы аурулардың амбулаториялық емдеуіндегі диспансерлік есепте тұрған 22513 адам дәрiлiк құралдармен қамтамасыз етілді.



2012-2013 жж. денсаулық сақтау шығындары

(млрд. теңге)




2013 жылы консервацияланған қан 25125,3 мың литрді құрады, карантинді плазма 2825,5 литр көлемінде дайындалды.

Наркодиспансерлерде 3667 адам, тубдиспансерлерде емделіп шыққандар саны 6700 адамды құрады.

Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2381,4 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде 1007,7 млн. теңге жергілікті бюджет, 1373,7 млн. теңге республикалық бюджет қаражаты. 2013 жылы санитарлық автокөлік, балалар мен перзентхана ұйымдары жабдықталды, рентген жабдықтары жаңартылды, «Облыстық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қан тамырларының ауыр синдромы бөлімшесі, санитарлық авиция үшін неонатальдық реанимобиль, ауылдық округтерді қамтамасыз ету үшін жылжымалы флюрографиялық кешен сатып алынды. Республикалық бюджеттен Семей қаласындағы Аймақтық онкология диспансерінің радиологиялық орталығы жабдықталып, Өскемен қаласының инсульт орталығы үшін компьютерлік томограф сатып алынды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 817,5 млн.теңгеге денсаулық сақтаудың ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

Республикалық трансферттер есебінен денсаулық сақтаудың 5 құрылыс обьектілеріне 9 140,1 сомасында Өскемен және Семей қалаларында, Глубокое ауданында, сонымен қатар Глубокое, Жарма, Үрджар, Көкпекті, Зайсан, Тарбағатай аудандарында және Семей қаласында 13 емдік амбулаторияларға құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен (1 655,7 млн. теңге) ауылды елдімекендерде емдік амбулаторияларқұрылысына, сонымен қатар облыс аймақтарындағы денсаулық сақтау құрылысының обьектілерін қоса қаржыландыруға 29 ЖСҚ әзірлеубойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2013 жылы әлеуметтік қамту мен әлеуметтік көмекке 14506,8 млн. теңге жұмсалды.


2012-2013 жж. әлеуметтік қамту мен әлеуметтік көмектің шығындары

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында арнайы техникалық құралдармен қолдау көрсетілді (3,4 млн. теңгеге жиналмалы, тірек таяқтары, есту аппараты, телефакс, мобильдік телефондары, көп функциялы дабыл жүйелері, видеокомпьютерлер, есту қабілеті мен көзі нашар көретіндерге арналған сағаттар, ролла-пандус, көтеру құралдары, балалар мен ересектерге арналған мүгедектік арбалар, тифломагниталлалар, 51,9 млн. теңгеге 1392 дана оқыту машиналары), мүгедектер мен ардагерлердің реабилитациялау (15,9 млн. теңгеге 200 дана жолдама), 3645 мүгедекке протездеу бойынша медициналық қызметтер және протездік-ортопедиялық жабдықтар, қолдануды үйрету көмектеріне 122,8 млн. теңгеге жұмсалды.

Республикалық бюджеттен берілетін 372,0 млн. теңге нысаналы трансферттер есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелердегі арнайы әлеуметтік қызметтердің стандарттарын, мүмкіндіктері шектеулі балалардың күндізгі емделудің қосымша топтарын ашу, үкіметтік емес секторында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты енгізу толық көлемде қамтамасыз етілді.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2507 адамды кәсіпкерлікке оқыту бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді. Тұрғындарды жұмыспен қамту үшін қарастырылған іс-шараларын іске асыру мақсатында облыста 20 жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді, штаттық саны 182 адам.

Облыстық мәдениет ұйымдарын ұстауға және облыстық, өңірлік іс-шаралар өткізуге 3308,3 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 351,0 млн.теңге мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды негізгі, басқада құралдармен және материалдық емес активтермен қамтамасыз етуге жұмсалды.

Облыстық деңгейде әлеуметтік маңызы бар және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге 175,2 млн.теңге бөлінді, 110 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді (фестиваль, конкурстар, форумдар, акциялар, айтыстар мен шығармашылық есептер).

Кітапханалар мен кітапханалық жүйені ұстауға облыстық бюджеттен 257,9 млн. теңге жұмсалды, қаражат 100 % игерілді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 10 мұражайды қаржыландыруға 800,1 млн.теңге бөлінді, облыстың мұражайы 1990 іс-шара жүргізілді. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 18 мәдениет объектісіне, оның ішінде бір күрделі жөндеу және 17 ағымдағы жөндеу жүргізілді, 131 жұмыс орны ашылған, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 66 адам жұмысқа орналасқан.

Облыста 13 мұрағат мекемесі жұмыс істейді, оларды ұстауға бюджеттен 298,8 млн. теңге бөлінген болатын. Басқарма құжаттарының 25517 данасы мемлекеттік сақтауға, жеке құрам бойынша 20984 бірлік, жеке шығу тегі бойынша құжаттардың 831 бірлігі, 25 бірлік киноқұжат сақтауға қабылданған.

Дене шынықтыру және спорт саласының дамуына облыстық бюджеттен 4036,3 млн. теңге, оның ішінде облыстық деңгейде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге 158,7 млн. теңге, сонымен қатар, спорттың барлық түрі бойынша құрамаларды дайындау және спорттық жарыстарға қатысу үшін 685,9 млн. теңге жұмсалды.

Облыстағы 38 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептеріне, оның ішінде олимпиадалық резервтерін дайындаушы спорттық мектептер, спорттағы дарынды балаларға арналған мектептерді ұстауға, олимпияда резервін дайындау орталығына 239,8 млн.теңге жұмсалды, толық көлемде игерілді. 2013 жылы спорт мектеп қатысушалырының саны 23491 адамды құрады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 496,5 млн. теңгеге және жергілікті бюджет есебінен бөлінген 51,1 млн. теңгеге қазақстандық футболдың 100 жылдығына орай Семей қаласындағы «Спартак» футболдық стадионында және Аягөз қаласының орталық стадионына күрделі жөндеу жүргізілді. 2013 жылы мәдениет, спорт және туризмге 6906,2 млн. теңге жұмсалды.


2012-2013 жж. мәдениет, спорт және туризмге облыс бюджетінің шығындары

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған даму бағдарламалары 66 463,3 млн.теңгеге орындалды.


2012-2013 жж. салалардың дамуы бойынша бюджет қаражатын жұмсау

млн.тенге

Есепті жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығындар 23242,8 млн.теңгені құрады.

Нысаналы трансферттер есебінен Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Шемонаиха, Ұлан және Үржар аудандарында 2713,2 млн.теңге сомасында коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша жобалар іске асырылды.

Зырян қаласында тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорының коммуналдық меншігіне сатып алынды.

Семей, Өскемен, Риддер қалаларында, Зайсан және Шемонаиха аудандарында 2670,0 млн.теңге сомасында салынып жатқан тұрғын үйге инженерлік коммуникация салу және қайта жаңғырту жүргізілді.

Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға өткен жылы облысқа республикалық бюджеттен Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2610,0 млн.теңге сомасында кредиттер алынып, 2585,2 млн.теңге көлемде немесе 99,1%-ға игерілді.

Республикалық бюджет алдында 2010 жылы алынған мерзімінде өтеу кредиттері бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалды, 1107,0 млн.теңге сомасында белгіленген мерзімінде кредиттер қайтарылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру жалғасып, оның шеңберінде республикалық бюджет трансферттері есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, екінші бағыты бойынша (ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту) 2231,8 млн.теңге қарастырылып, 2 193,2 млн.теңге игерілді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 3060,1 млн.теңге (қоса қаржыландыру) жұмсалды, соның есебінен Өскемен, Семей, Зайсанқалаларында, Ұлан және Шемонаихааудандарында тұрғын үйлер салынды.

2013 жылға жергілікті бюджет пен республикалық қаражат есебінен тұрғын үй құрылысын дамытуға қаражатты жұмсау


Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жобаларды іске асыруға шығындар 6 602,3 млн.теңгені құрады.

Облыстық 14 бағыт бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге және салуға бөлінген қаражатты игеру бойынша міндеттемелер орындалып, Аягөз ауданындағы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» Тансық-ескерткіш станциясы» автомобильжолдары, Катон-Қарағай ауданындағы Аршат ауылындағы Бұқтырма өзені арқылы жүретін көпірдің құрылысын бөлінді.

Есеп беру кезенінде Өскемен қаласы Самар тас жолында темір жол арқылы автомобиль өтпе жолы, Зырян ауданындағы «Көгілдір бұғаз» демалыс базасына кіре берістегі «Подьезд» автомобиль жолын қолданысқа берілді.

Қала маңындағы темір жол бағыттарында тұрғындардың жол жүруінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, тасымалдаушыларға облыстық


бюджеттен 271,6 млн.теңге көлемінде субсидия, жүйелі ішкі әуетасымалдарды субсидиялауға 146,5 млн.теңге төленді.
2012-2013 жж автомобиль жолдарын күту мен дамытуға қаражат жұмсау

(млн. тенге)




Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді қолдауға10 585,6 млн.теңге жұмсалып, 3 686,8 тонна іріктелген тұқым (бидай, қара бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, картоп, күнбағыс), 2712 бас асыл тұқымды ірі қара төлін, 15055 бас асыл тұқымды қой төлін, 909 бас жылқы, 474 бас асыл тұқымды шетелден әкелінген ірі қара төлін сатып алуға, 64227 бас ірі қараға және 150766 бас қойға асыл тұқымды сұрыптау жүргізуге, 4100 басты қолдан ұрықтандыруға, 3280,4 тонна сиыр етін, 665,4 тонна жылқы етін, 679,3 тонна қой етін, 28388,1 тонна құс етін, 951,6 тонна шошқа етін, 45 042,3 тонна сүт, 42,8 тонна жүн, 78390 бас үшін жем сатып алуға төлемдер жүргізілді, сондай-ақ 297,5 мың литр көлемінде гербицидсатып алуға субсидия төленді, ауылдық елді мекендердің ветеринарлық пункттер үшін 221 бірлік автомобиль және ветжабдық және құрал-жабдықтар сатып алынды, ветеринарлық алдын алу шаралары өткізілді.

2013 жылы республикалық бюджет пен облыстық қаражат есебінен ауыл шаруашылық саласын субсидиялауға қаражат жұмсау

Су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу бойынша, биология, су, жер ресурстарын, атмосфералық ауаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік, орман және жануарлар әлемін қорғау бойынша іс-шараларды іске асыруға 1167,1 млн.теңге сомасында шығындар жүргізілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға өткен жылы облысқа 1 102,0 млн.теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы іске асырылған «Ұлан ауданында Өскемен құс фабрикасы АҚ кәсіпорнының өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымы нысандарын қайта жаңғырту», «Өскемен қаласы Сәтпаев даңғылы бойынша қоймасы бар логистикалық орталық», «Семей қаласы «Азат» ШҚ бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру цехына автомобиль жолын салу», Семей қаласы Шымкент к. 2 мекенжайы бойынша индустриалды комбинат құрылысын электрмен қамтамасыз ету», «Абай ауданы «Қайсар», «Атамекен» ШҚ электр қондырғылар орнату ВЖ-10 кв Л-4 ПС 110/3/10 кв, «Абай ауданы «Би Ата» ШҚ, «Сатыбалды 2»ВЖ-10 кв Л-4 ПС 110/3/10 кв қыстағына электр қондырғылар орнату 7 жобасы бойынша 1086137,6 млн.теңге игерілді.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен 2006,7 млн.теңге сомасында кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, 101,1млн.теңге сомасында шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру, 20,4 млн.теңге сомасында бизнесті жүргізуді сервистік қолдау жүзеге асырылды, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушыларды кәсіпкерлікке оқытуға және ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге кредиттер беруге 6768,3 млн.теңге сома бағытталды. Бағдарламаны іске асыру барысында, бюджеттік кредиттер ретіндегі ақша қаражаты Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ ұсынылып, құжаттар қарастырылды және 2877 соңғы қарыз алушыға кредиттік қаражат толық көлемде берілді.

Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сфера мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін есепті жылы әлеуметтік сфера мамандарына 418,0 млн.теңге сомасына бюджеттік кредиттер беріліп, ауылдық жерде тұру үшін тұрғын үй сатып алынды.

Өткен жылы облысқа Қазақстан Респрубликасы Үкіметінің резервінен 876 294,4 млн. теңге жалпы сомасында қаржылық көмек алынып, толық көлемде игерілді, соның ішінде: Шығыс Қазақстан облысы аймағында 2013 жылғы тасқыннның салдарынан төтенше жағдайлардың болу қаупін алдын-алу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар өткізуге 543 147,5 млн. теңге (15.03.2013 жылғы № 250 ҚР ҮБ) , Семей, Зырян, Серебрянск қалаларының қазандықтарымен жылу орталықтарына нормативтік айлық отын қорын сатып алуға 333 146,9 млн. теңге (01.10.2013 жылғы № 1036, 01.10.2013 жылғы № 1037 ҚР ҮБ) бөлінді.
Бюджетаралыққатынастар

Жалпы сипаттағы трансферттер туралы деректер
2013 жылға арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес ай сайын облыстың төмен тұрған бюджетті облыстың мемлекеттік мекемелерін ұстауға жәәне әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға арналған ағымдағы шығыстарды қаржыландыру үшін көзделген субвенция сомасын аударады.

(мың теңге)






2013 жылға арналған жоспар

Атқарылды

% атқарылуы

Субвенция, мың теңге

32 887 720,0

32 887 720,0

100,0

Оның ішінде:







 

Өскемен қаласы

0

0

0

Семей қаласы

766 503,0

766 503,0

100,0

Риддер қаласы

449 242,0

449 242,0

100,0

Курчатов қаласы

68 012,0

68 012,0

100,0

Абай ауданы

1 432 078,0

1 432 078,0

100,0

Аягөз ауданы

2 809 356,0

2 809 356,0

100,0

Бородулиха ауданы

1 334 226,0

1 334 226,0

100,0

Бескарағай ауданы

1 548 482,0

1 548 482,0

100,0

Глубокое ауданы

1 524 825,0

1 524 825,0

100,0

Жарма ауданы

2 552 096,0

2 552 096,0

100,0

Зырян ауданы

1 460 746,0

1 460 746,0

100,0

Зайсан ауданы

1 950 769,0

1 950 769,0

100,0

Катонқарағай ауданы

2 397 362,0

2 397 362,0

100,0

Күршім ауданы

2 548 181,0

2 548 181,0

100,0

Көкпекті ауданы

2 376 376,0

2 376 376,0

100,0

Тарбағатай ауданы

3 344 787,0

3 344 787,0

100,0

Ұлан ауданы

1 869 700,0

1 869 700,0

100,0

Үржар ауданы

3 667 627,0

3 667 627,0

100,0

Шемонаиха ауданы

787 352,0

787 352,0

100,0



Республикалық бюджеттен бөлінген

нысаналы трансферттер туралы деректер


Атауы

2013 жылға арналған жоспар

2013 жылы бөлінді

2013 жылға атқарылды

Игерілмеген қаражат қалдығы

Нысаналы трансферттер, мың теңге

40 968 300,8

40 968 299,7

40 626 768,3

341 531,4

Оның ішінде:













Өскемен қаласы

8 226 557,7

8 226 557,7

8 196 888,2

29 669,5

Семей қаласы

10 996 358,1

10 996 358,1

10 868 425,1

127 933,0

Риддер қаласы

1 913 910,8

1 913 909,8

1 904 039,4

9 870,4

Курчатов қаласы

495 347,0

495 347,0

431 587,4

63 759,6

Абай ауданы

835 592,5

835 592,5

818 560,5

17 032,0

Аягөз ауданы

1 047 061,6

1 047 061,6

1 045 193,9

1 867,7

Бородулиха ауданы

658 674,0

658 674,0

657 217,1

1 456,9

Бескарағай ауданы

459 369,6

459 369,6

457 054,2

2 315,4

Глубокое ауданы

646 412,7

646 412,7

646 188,5

224,2

Жарма ауданы

1 517 460,5

1 517 460,5

1 458 567,5

58 893,0

Зырян ауданы

4 421 991,9

4 421 991,8

4 420 632,4

1 359,4

Зайсан ауданы

2 666 584,7

2 666 584,7

2 666 534,9

49,8

Катонқарағай ауданы

927 107,5

927 107,5

926 979,7

127,8

Күршім ауданы

604 129,2

604 129,2

603 247,9

881,3

Көкпекті ауданы

771 824,8

771 824,8

764 629,0

7 195,8

Тарбағатай ауданы

1 575 040,8

1 575 040,8

1 571 039,8

4 000,0

Ұлан ауданы

1 174 569,0

1 174 569,0

1 167 447,7

7 121,3

Үржар ауданы

1 176 197,0

1 176 197,0

1 171 553,9

4 643,1

Шемонаиха ауданы

854 111,4

854 111,4

850 981,1

3 130,3

Жыл сайын республикалық бюджеттен өңірлерге нысаналы трансферттер түрінде біраз қаражат бөлінуде, 2013 жылы республикалық бюджеттен 40,9 млрд.теңге сомасына нысаналы трансферттер бөлінген болатын, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 40,6 млрд.теңгеге немесе 99,3%-ға игерілді.






Облыстық бюджет және оны қаржыландыру бойынша тапшылық.
Нақты облыстық бюджеттің кассалық атқаруы бойынша 1022,5 млн.теңге сомасында бюджет профициті пайда болды, бекітілген тапшылық жоспары 10002,2 млн.теңге.

Облыс бюджеті профицитінің пайда болу себебі 16,8%-ға салық түсімдері бойынша жоспардың асыра орындалу болып табылады.

Сонымен қатар, облыс бюджетінің кірісіне республикалық бюджеттен 9839,3 млн.теңге сомасында кредиттер түсті, оң сальдоға әсер етті.

Облыс 1172,2 млн.теңге сомасындағы бұрын алған қарыздар бойынша кестеге сәйкес республикалық бюджет алдындағы борышты өтеді.

Бюджет қаражатының толық пайдаланылмаған қалдығы 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 312,9 млн.теңгені құрады.
2013 жылғы облыстық бюджеттің тапшылығы


Бақылау іс-шараларының нәтижелері
2013жылғыШҚО Тексеру комиссиясының бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкесоблыстық бюджеттен қаржыландырылатын объектілер бойынша 28 бақылау іс-шара,оның ішінде 18 мемлекеттік мекеме, 10 коммуналдық мемлекеттік мекеме және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға тексеру жүргізілді.

Бақылаумен қамтылған көлем қаражаты 105 751,7 млн.теңгені құрады.

Анықталған бұзушылықтың жалпы сомасы 6692,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде 5907,4 млн.теңгесі – бюджет қаражатын тиімді пайдалану, 439,3 млн.теңге – бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылық, 88,6 млн.теңге – бухгалтерлік есепті жүргізген және қаржылық есептілікті құру кезінде бұзушылықтар, 257,3 млн.теңге – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде.

Жүргізілген бақылау қорытындылары бойынша өтеуге 56,7 млн.теңге анықталды, 45,1 млн.теңге сомасы қайтарылды, 156,9 млн.теңге - қалпына келтіру анықталды, оның ішінде 155,4 млн.теңге немесе 98,9% қалпына келтірілді.

2013 жылы құқық қорғау органдарына процессуалдық шаралар қабылдау үшін 2 бақылау материалы жолданды. 59 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Бюджет кодексінің 142-бабының 10 тармағына сәйкес тексеру комиссиясы мәслихаттарға қарастыруға және бақылау нәтижелері бойынша шаралар қабфлдау үшін 28 ұсыным жолдады.


Ұсыным:
Бюджетті жоспарлау және атқарылуына, бағдарламалық және стратегиялық құжаттардың бекітілген өлшемдерінің орындалуына, қаржылық бұзушылықтарды қысқарту және алдын алуына жауапкершілігін арттыру мақсатында атқарушы органдарға:

  • бюджетке нақты болжамдық көрсеткіштер түсімдерін қамтамасыз етуге және салынған қаражат нәтижесінен пайда болған нақты потеницалды ескере отырып, облыстың барлық өңірлері бойынша оларды орындауға бағытталғанқабылданатын құқықтық актілердің сабақтастығын сақтау бойынша кешенді шараларды іске асыруға жұмысты бақыттау;

  • аумақты дамыту бағдарламаларының іс-шаралар жоспарларын дұрыс қалыптастыруға, бағдарламаларды бюджеттік және қарызға алынған қаражаттармен неғұрлым қамтамасыз етілуін орындауға, қатысушылар болып табылатын субъектілердің меншік қаражатын салу бойынша міндеттемелерді орындауға, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында келісілген және бекітілген көрсеткіштерге назар аудару;

  • қаржыландыру және дебиторлық және кредиторлық берешектер жоспарларына сәйкес бюджетті атқару барысында өзгертулер мен түзетулерді азайту бөлігінде бюджет қаражатын басқару, қаражатты игеру біркелкілігінің сапасын арттыру.

  • нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімшарттарын, облыстық бюджет, негізделген пайдалану және нәтижелерге қол жеткізу бөлігінде орындауда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен облыс өңірлерінің жергілікті атқарушы органдарының жауапкершілігін арттыру;

  • мемлекеттік даму бағдарламалар қатысушылар болып табылатын кәсіпорындардан түсетін түсімдердің тиісті есепке алуға енгізе отырып, бағдарламалық құжаттар нәтижелерін іске асыру және қол жеткізуді сипаттайтын мониторинг жүргізу;

  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар қаржылық-шаруашылық қызмет тұрақтылығының көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында даму жоспарларын іске асыруға, жұмсалған шығыстар нақтылығына, міндеттерді уақтылы орындауға бақылауды қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекет активтерді тиімді басқару бойынша шаралар қабылдаудықарастыру;

  • мемлекеттік органдар – мемлекеттік, салалық бағдарламаларды үйлестірушілерге қаражаттарды мақсатты, тиімді пайдалану, бағдарламаларды іске асырудың барлық сатыларында түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша шаралар қабылдансын;

  • инвестициялық жобалар бойынша бұзушылықтар деңгейін ескере отырып, жұмыстар түрлерін түзетуге, өзгертуге жол бермеу мақсатында құқық белгілейтін құжаттарды, сараптама қалыптастырудың барлық сатыларында объектілерді қабылдау бойынша бақылауды күшейту;

  • мемлекеттік қаражаттарды және мемлекет активтерін пайдаланудың нәтижелілігіне және тиімділігіне бағытталған бюджет жүйесінің негізгі қағидатын орындауды қамтамасыз ету.

2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/212-V сессиясы шешімімен 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты бекітті.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет