2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет3/60
Дата22.02.2016
өлшемі4.76 Mb.
#56
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

3-стратегиялық бағыт.

Экономиканы шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету

Ағымдағы жағдайды талдау

2012 жылы өңірлік геологиялық зерттеулер алаңдардың геологиялық құрылымын зерттеуге және пайдалы қазбалардың кен орындарын болжауға және жерасты суларында іздеу-барлау жұмыстарын жолға қоюға негіздеме жасауға бағытталған инженерлік-геологиялық зерттеулермен алаңдарды геологиялық жете зерделеу (ГЖЗ-200), кен аудандарын геологиялық-минерагендік карталау (ГМК-200), 1:200000 масштабтағы терең геологиялық карталау (ТГК-200), гидрогеологиялық жете зерттеулер құрамында жоспарлы түрде жүргізілді.

2012 жылы ГЖЗ-200 бойынша жұмыстар 5 объектіде аяқталды, анағұрлым перспективалық алаңдар бойынша болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 103,8 тонна, полиметалдар (мыс, қорғасын және мырыш) – 5,3 млн. тонна және мыс – 2,5 млн. тонна; молибден – 100,0 мың тонна; марганец кені – 312,0 млн. тонна, көмір – 170,0 млн. тонна. Бұл жұмыстар да 5 ауыспалы және 5 жаңа объектіде жүргізілді.

ТМК-200 бойынша жұмыстар 2012 жылы 3 объектіде аяқталды, оның нәтижесінде болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 555,5 тонна, мыс – 14,2 млн. тонна; қорғасын – 2,6 млн. тонна; мырыш – 15,3 млн. тонна; вольфрам – 0,6 млн. тонна; молибден – 0,2 млн. тонна; темір – 122,4 млн. тонна; сүрме – 3,8 мың тонна; кобальт – 0,8 млн. тонна; алюминий шикізаты (Al2O3) – 45,0 млн. тонна. Бұдан басқа, жұмыстар 3 ауыспалы және 3 жаңа объектілерде жалғасып жатыр.

ТМК-200 жұмыстар 2012 жылы 2 жаңа объектіде басталды.

1:200000 масштабтағы инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық жете зерделеу 2012 жылы Орталық және Оңтүстік өңірлерде, Шығыс және Батыс Қазақстанның шекара маңы аумақтарында, жерасты тұщы суларының тапшылығы бар және интенсивті техногендік жүктемесі бар аудандарда 6 объектілерде 10,2 мың шаршы км. аумақта аяқталды, сондай-ақ жұмыстар 10 жаңа объекті бойынша басталды.

Минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мақсатында 2012 жылы қатты пайдалы қазбаларға іздеу, іздеу-бағалау жұмыстары, жерасты суларына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмыстары 2012 жылы 4 жаңа объектіде басталды. Іздеу-бағалау жұмыстары 2012 жылы 10 учаскеде аяқталды, оның нәтижесінде С2 санаты бойынша қорлар бағаланды: алтын – 8,9 тонна, күміс – 29,0 тонна, мыс – 65,7 мың тонна, қорғасын – 212,8 мың тонна, мырыш – 260,2 мың тонна; кадмий – 93,3 тонна; алюминий шикізаты (Al2O3) – 0,99 млн. тонна, қоңыр көмір – 2,85 млн. тонна, сондай-ақ болжамдық ресурстар бағаланды, барлығы: алтын – 20,6 тонна, мыс – 76,5 мың тонна, қорғасын – 485,0 мың тонна, мырыш – 600,0 мың тонна, титан – 419,0 мың тонна. Іздеу-бағалау жұмыстары тағы 10 ауыспалы және 16 жаңа объектіде жүргізілді.

Жерасты суларына іздеу-барлау жұмыстары: 2012 жылы «2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес жерасты су қорларымен қамтамасыз ету бойынша іздеу-барлау жұмыстарын жасау үшін ауылдардың санын ұлғайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2012-2013 жылдары 341 ауылдарды жер асты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, 35 кен орындарының қорлары қайта бағаланды. Жұмыстар нәтижесінде 330 ауылдарға тәулігіне 141,32 мың. м3 жер асты су қорлары бекітіліп, 35 кен орындарынң жалпы қорлары тәулігіне 1 126,9 мың. м3 мөлшерде қайта бағаланып, 2 учаскенің қорлары тәулігіне 4,32 мың. м3 барланды. 2014 жылы 216 ауыл үшін іздеу-барлау жұмыстары және 30 кен орындарында қайта бағалау жұмыстары аяқталады, 744 ауыл үшін іздеу-барлау жұмыстары және 40 кен орындарының қайта бағалау жұмыстары басталды. Одан бөлек 480 ауылға іздеу–барлау жұмыстарын жүргізу және 35 кен орнының қайта бағалау үшін жобалық- сметалық құжаттама жасалынады.

Одан арғы жылдары іздеу-барлау жұмыстары жыл сайн 480 ауылға және 35 кен орындарында жүргізіліп отырады.

2012 жылы Мемлекеттік жер қойнауы сараптамасын жүргізу нәтижесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылар есебінен қорлардың өсуі бойынша пайдалы қазбалар қорларының мынадай өсімдері алынды: алтын (61,7 тонна), күміс (750 тонна), мыс (348 мың тонна), қорғасын (323 мың тонна), мырыш (947 мың тонна), көмір (1 507 мың тонна), уран (1 967 тонна), газ (13 704 млн. м3), минералдық сулар (5,93 м3/тәулік), марганец кені (10 138 мың тонна).

Мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат ресурстарының қазіргі жағдайы мен 2012 жылы Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасына мониторинг жүргізу бойынша еліміздің геологиялық қызметінің дамуы туралы анықтамалық-талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында анықтамалық-талдамалық жүйе қатты пайдалы қазбалардың, мұнай, конденсат, газ және жерасты суларының 2009-2011 жылдардағы 35 түрі бойынша жаңа деректермен толықтырылды, Қазақстан Республикасы аумағындағы көмірқышқыл шикізаты, қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша мониторингтік карталар жаңартылды және шығарылды, 2011 жыл бойы республиканың минералдық-шикізат ресурстарының жағдайы және оны пайдалану туралы анықтамалық дайындалды. «Геология және жер қойнауын қорғау» журналының төртінші нөмірі шығарылды.

Көмірсутек шикізатынан басқа, минералдық ресурстарды пайдалану бөлігінде 2012 жылы минералдық-шикізат базасының және жер қойнауын пайдаланудың мониторингі, жерасты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мониторингі, геологиялық ақпаратты жасау, ақпараттық жүйелерді дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Минералдық-шикізат базасының және жер қойнауын пайдаланудың мониторингі бойынша 3 жаңа объектіде жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары басталды. Жерасты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мониторингі


2012 жылы жерасты сулары мемлекеттік желісінің 4975 пунктінде, жер сілкінісінің гидросерпінді белгілерін зерттеу бойынша 12 бекетте, жерасты сулары техногендік ластануының 5 полигонында, қауіпті геологиялық процестердің 35 бекетінде және 2 полигонда жүргізілді.

Бұдан басқа, 14 жоба бойынша конкурс жарияланып, жұмыстар басталды. 2012 жылы геологиялық ақпаратты жасауға бағыталған іс-шаралар бөлігінде жұмыстардың мынадай түрлері жүргізілді:



  1. «зерделеу» деректер қорын толықтыру;

  2. техникалық ерекшеліктерге сәйкес геологиялық есептерге мәтіндік қосымшаларды компьютерлік мұрағаттау және геологиялық есептерге графикалық қосымшаларды компьютерлік мұрағаттау;

  3. жер қойнауы туралы дерекқорға технологиялық және техникалық әкімшілендіру;

  4. жер қойнауын пайдалануда ақпараттық жүйелерді дамыту бойынша жұмыстарға тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру. Бұдан басқа, тұтынушыларды толық және нақты геологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда, сондай-ақ Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің сандық-талдамалық жүйесінің жұмыс істеуі, мемлекеттік ақпараттық деректер банкінің (бұдан әрі – МАДБ) ақпараттық жүйесін сүйемелдеу қамтамасыз етілді.

Негiзгi проблемаларды талдау

Геология саласының басты проблемалары мыналар болып табылады:



  1. қазба байлықтарын өндірілген көлемінің қорлардың толықтырылу көлемінен асып түсуі;

  2. жобалау-сметалық құжаттаманы жасау (бұдан әрі - ЖСҚ) және бір оператормен геологиялық зерттеулерді жүргізу мүмкіндігінің болмауы;

  3. қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша инфрақұрылымның, қазіргі заманғы зертханалық базасының, тас материалдар қоймаларының жоқтығы;

  4. сапасы төмен кендерден металдарды бөліп алу технологиясының жоқтығы, ол сол кен орындарын іске қосуға кедергі жасайды;

  5. сала кәсіпорындарының геологиялық жұмыстарды толық көлемінде жүргізу үшін техника және жабдықтар импортына тәуелді болуы;

  6. нарықтың сыртқы және ішкі конъюнктурасына тәуелді болуы;

  7. ұлттық стандарттардың жоқтығы геологиялық барлау жұмыстарын (бұдан әрі – ГБЖ) обьективті бағалауға мүмкіндік бермейді;

  8. геологиялық барлау саласында ақпараттық технологияларды қолданудың жеткіліксіз деңгейі;

  9. жер қойнауын озық геологиялық зерттеудің төмен деңгейі;

  10. білікті мамандардың жетіспеуі;

  11. геологиялық қорларға алаңдардың жетіспеуі, бұл геологиялық материалдардың сақталуына қауіп төндіреді.

Сыртқы және iшкi факторларды бағалау

Алдағы жоспарлы кезеңде үлкен тереңдікке және шалғайдағы өңірлермен байланысты перспективалық жаңа кен орындарын іздеуге және барлауға күш салу қажет.

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің қазіргі заманғы технологияларын қолданысқа енгізу, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында салалық заңнамаға өзгерістер енгізу, стратегиялық тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қазгеология» ҰГК» АҚ) жанындағы геологиялық зерттеулер орталығы негізінде жоғары білікті мамандарды даярлау, әлемдік геологиялық барлау компанияларының өндірістік алаңдарында геология саласы мамандарының тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру – басты өзекті мәселелер болып табылады.

Геологиялық барлау өндірісін мемлекеттік реттеудің тұжырымдық үлгісі әзірленіп, тәртіптемелер мен сметалық есептеудің нормативтік техникалық сүйемелденуі (жаңартылуы) ұйымдастырылуы қажет.

Осы орайда «Қазгеология» ҰГК» АҚ-ны жұмысқа тарта отырып, мынадай жұмыстарды іске асыру жоспарлануда:


  1. жыл сайын жұмыстардың іздестіру кезеңін негіздеу үшін ұсыныстар бере отырып өңірлік геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелерін жинақтауды және талдауды жүргізу;

  2. геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалатын шығындарды, оның ішінде мемлекеттік техникалық тәртіптемені қабылдап, ГБЖ құнын анықтаудың бірыңғай әдістемесін қабылдау арқылы анықтау үшін нормативтік техникалық база құру;

  3. ГБЖ жобалаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу, бұл ЖСҚ әзірлеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, ГБЖ басталуын жеделдетеді, жұмыстардың бағалау нақтылығын арттырады, сметалық есептеулердің сараптамасын жеңілдетеді.

4) қысқа мерзімде көлемі аумақты зерттеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы әдістемелерді қолдана отырып жүргізілетін аэрогеофизикалық зерттеулерді дамыту. Нәтижесінде зерттеліп отырған аумақтың түрлі тереңдіктегі қазіргі заманғы кешенді геофизикалық негізі құрылатын болады.

Мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі – моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту мен өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету. Геология саласының дербес мәселелеріне жетекшілік ететін қолданыстағы заңнамалық негіз жер қойнауының геологиялық зерттеуін уақтылы әрі ауқымды көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейді, бұл мемлекеттің инвестициялық әлеуеттің дамуын, минералды-шикізат қорын толықтыруды тежейді.

Іздестіру жұмыстары кезеңін негіздеу үшін ұсыныстар әзірлей отырып, аймақтық геологиялық барлау жұмыстарының (ГЖС, ГМК, ГГК-ні қоса) нәтижелеріне тұрақты негізде талдау жасау және жинақтау қажет. Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын, әсіресе моноқалалардың маңында ашуға бағытталған іздеу, іздеу-бағалау, іздеу-барлау жұмыстары, сондай-ақ
«2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша іздеу-барлау жұмыстары бюджеттік қаржыландыруды ұлғайту қажет.

Дербес кен перспективалы аймақтардың геологиялық үлгілерін алып, олар бойынша болжамды ресурстарды бағалау және ГБЖ дамытудың негізгі бағыттарын анықтау үшін қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып материалдарды қайта түсіндіруді жүргізу қажет.

Электронды конкурстардың бірнеше рет қайталануын және бюджеттік қаражат есебінен жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстары бойынша орындау мерзімдерін созуды болдырмау үшін аталған жұмыс түріне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тетігін қайта қарау қажет.
4-стратегиялық бағыт

Туристік сала қызметін дамыту

Ағымдағы жағдайды талдау

Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм жетекші және серпінді дамып кележатқан салалардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша туризмтауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлемдік экспортында (7,4 %) тек автомобильдер, химия жәнеотын өнімдерінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды иеленеді. Ал кіріс жағынан бұл салаәлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін үшінші орынды иеленеді.

Экономиканы диверсификациялау және Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын көтеру ұлттық мақсатына жету мақсатында Қазақстан Республикасының туризм индустриясы белгіленген туристік кластерлерінде ішкі және халықаралық туризм нарықтарында тартымды туристік өнімдерді ұсынатын бәсекелестікке қабілетті бизнеспен дамуы қажет.



Туристік саланы дамытуда маңызды рөлді өздерінің туристік өнімдерін әлемдік деңгейде жылжытатын туристік фирмалар ойнайды, бұл өз кезегінде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді. Республикада туристік фирмалардың санының өсу динамикасының оң ықпалы байқалады, егер 2012 жылы тіркелген туристік фирмалар саны 1 994 бірлікті құраса, 2013 жылы осы көрсеткіш 2 189 бірлікті құрады, немесе 2012 жылға 109,8%.

Сонымен қатар Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола отырып, туризмнің жеткілікті деңгейдедамымауымен сипатталады. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі (тұру және тамақтану бойыншакөрсетілетін қызметтер ғана есептеледі) шамамен 0,3 %-ды құрайды. 2013 жылы орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 59,7 млрд. теңгені құрады, немесе 2019 жылға (37,4 млрд. теңге) 159,6%. Орналастыру орындарындағы төсек-орын (біржолғы сыйымдылық) саны 2013 жылы 92053 төсек-орынды құрады немесе 2009 жылға (68857 төсек-орын) 133,7%.

Республикаға келушілердің негізгі үлесі жеке және транзиттік саяхатшыларға келеді, туристік мақсаттағы келушілер серпіні ең аз үлесті қамтиды және тұрақсыз болып табылады.


Мақсаттары бойынша келу туризмі бойынша келушілер саны.

(Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекаралық қызметінің деректері (шетелге қатынайтын көлік құралдарына қызмет көрсететін персонал есебінсіз).



Келушілердің мақсаттары

Келу туризмы бойынша келушілер саны

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Барлығы

4 097 387

5 685 132

6 163 204

одан: қызметтік

210 593

239 350

275 798

туризм

55 686

238 385

91 845

жеке

2 824 760

4 119 727

4 676 073

транзит

1 006 348

1 087 670

1 119 488

Өз кезегінде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы қызмет бойынша жүрулердің тұрақты өсуіне жағдай жасайды.

Ішкі туризмнің және Қазақстанға бизнес-себептермен келген келушілердің сұранысын қанағаттандыру, сондай-ақ келу туризмін тартымды ету үшін, мемлекетке орналастыру орындарының санын, орналастыру орындарындағы төсек-орындар санын және көрсетілген қызметтер көлемін арттыру қажет. Бұл көрсеткіштер өз кезегінде туристік және көліктік инфрақұрылымын, мемлекеттің автомагистральдарында жол бойы инфрақұрылымын дамытуда және туристік салаға инвестиция тартуда, туристік салада білікті қызметкерлер санының өсуінде көрінісін табады.

Негізгі мәселелерді талдау:

Қазақстан Республикасында туризм дамуының негізгі кедергілері келесілер болып табылады:

- туристік инфрақұрылымының нашар дамуының деңгейі (туристік тапты орналастыру орындарының және демалыс объектілерінің жетіспеушілігі, көптеген туристік объектілерің қанағаттандырылмағандық жағдайы, барлық дерлік автомагистральдардағы сапалы жол инфрақұрылымының жоқтығы);

- инвесторларға қол жетімді ұзақ мерзімді кредиттік инструменттердіңтуристік-рекрациялық кешен объектілеріне инвестициялардыинвесторлар үшін қолайлы мерзімде қайтаруға мүмкіндік беретін пайыздық мөлшерлеменің жоқ болуы;

- білікті кадрлардың жетіспеушілік салдарынан туристік индустрияның барлық секторларында қызмет көрсету сапасы жоғары емес (кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілік деңгейлерін көтерудің деңгейінің нашарлығы және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы, туристік сала үшін кадрларды даярлау сапасының төмендігі);

- шекарадан тыс Қазақстан имиджін көтеру стратегиясының біріңғай ойластырылған маркетингісінің жоқ болуы.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Келу туризмін дамытуда негізінен мемлекеттің ішіндегі сондай-ақ шекарадан тыс экономикалық және саяси жағдайы сияқты сыртқы факторлары әсерін тигізеді. Осы факторлардан көбіне туристік дестинациясы ретінде елдің туристік имиджінің көтерілуі немесе төмендеуі тәуелді, бұл өз кезегінде туристік объектілерінің құралыс қарқындарының төмендеуіне (тоқтатылуына) әкелуі мүмкін.

Туристік саланың дамуына әсерін тигізетін ішкі факторларға елдің экономикалық жағдайы, форс-мажорлық жағдайының пайда болуы, кадрлық саясат, отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингі және құқықтық реттеулер жататы.
5-стратегиялық бағыт

Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын және транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту

Ағымдағы жағдайды талдау

Теміржол, автомобиль, өзен, əуе көлік түрлерін, автомобиль жəне теміржолдарды, кеме жолдарын білдіретін республиканың көлік кешеніне шаруашылықаралық жəне мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды рөл беріледі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі көлік үлесі
2013 жылы 7,4 % құрады.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның жалпы пайдаланымдағы көлік желісі 14,8 мың км теміржолдан; 97,4 мың км автомобиль жолынан; 4,04 мың км ішкі су кеме қатынасы жолынан тұрады.

2013 жылы республика аумағындағы қатынас жолдарының тығыздығы 1000 ш.км аумаққа жалпы пайдаланымдағы теміржолдар бойынша 5,5 км; жалпы пайдаланымдағы қатты жабыны бар автомобиль жолдары бойынша 31,5 км құрайды.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2013 жылы 3 277,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың көлемінен 8,7 % артық.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, жолаушыларды тасымалдау 2013 жылы 8,2 %-ға ұлғайды және 20 001,5 млн. адамды құрады.
Теміржол саласы

Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөлге ие. Тасымалдаудың қашықтығының алыс болуы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері теміржол көлігін пайдаланушылар үшін неғұрлым қажетті етуде.

Қазақстан теміржолының пайдалану ұзындығы 14,8 мың км (оның ішінде екі жолды желілер – 4,8 мың км (34 %), электрлендірілген желілер –
4,2 мың км (28 %), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 км, жүк тасымалдылығы – 21,8 млн. тонна-км құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері.




Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Тасымалданған жүктер

млн. тонна

267,7

(+8%)


279,6

(+4,4%)


294,7 (+5,4%)

287,7

(-2,4%)


Жүк айналымы

млрд. ткм

213,2

(+8%)


223,6

(+4,9%)


235,8

(+5,4)


231,2

(-2%)


Жолаушылар жөнелтілді

млн. жолаушы

15

(+7,1%)


16,5

(+10%)


19,5

(+18,1%)


19

(-2,6%)


Жолаушылар айналымы

млрд. жкм

13,9

(+8,3%)


14,6

(+4,7%)


16,7

(+14%)


16,9

(+1,2%)


Кірістер

млрд. теңге

518,6

(+19%)


712,1

(+37,3%)


819,3

(+15%)


894,2

(+9,1%)


Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы теміржол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.

Теміржол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде мынадай мақсаттар айқындалды:

магистральдық теміржол желісін (бұдан әрі – МТЖ) мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда, теміржол көлігін нарыққа бейімдеу;

тасымалдау және қамтамасыз ететін қызметте бәсекелестікті дамыту есебінен теміржол көлігі қызметтерінің қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;

салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық жағдай жасау;

теміржол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.

Қазақстан Республикасының теміржол саласын реформалау барысында мынадай аралық нәтижелерге қол жеткізілді:

шаруашылық қызметтің бейінсіз түрлері және мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік-тұрмыстық активтер бөлінді және жергілікті билік органдарына берілді;

жөндеу кәсіпорындары бәсекелі секторға бөлінді;

жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын ішінара мемлекеттік субсидиялау басталды.

2013 жылдың қорытындылары бойынша локомотивтер паркінде
1 892 локомотив, оның ішінде 556 бірлік электровоз, 1 336 бірлік тепловоз бар. Локомотив паркінің жай-күйі 66,7 %-ға жететін жоғары тозумен сипатталады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы жүк вагондарының жалпы паркі 128 250 бірлікті құрайды, оның ішінде 64 786 бірлік немесе 50,5 % – мүкәммалдық, ал 63 464 бірлік немесе 49,5 % жеке меншік болып табылады. Жүк вагондарының мүкәммалдық паркінің негізгі проблемасы оның 47,7 %-ға жететін әбден тозуы болып табылады.

Жүк вагондары меншік иелерінің жүк вагондарын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бағалық реттеудің болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшін қолайлы жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет