2014 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



жүктеу 73.75 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі73.75 Kb.


2014 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
2014 жылдың 1 наурыз айында облыс бюджетіне 34124,6 млн.теңге болжаммен 38641,7 млн.теңге кірістер түсті, соның ішінде 26015,2 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады.


2014 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің түсімдері

Меншік кірістері

қарыздардың түсімі

Субвенция

Нысаналы трансферттер

Қаржылық активтерден сатудан түскен түсімдер


Меншік кірістер 159,4%. -ға орындалды. Жоспар облыстық бюджет Бесқарағай, Үржар қаласынан басқа, барлық бюджеттер деңгейлері бойынша орындалды.

2014 жылдағы екі айда болжам заңды тұлғалардың мүліке салынатын салықтер мен азаматтарға пәтерлерді сатудан түскен түсімдерден, барлық кіріс көздері бойынша орындалды.

Облыстық бюджетке 2014 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 1969,1 млн.теңге болжаммен 4981,4 млн.теңге меншік кірістері түсті.



2014 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің меншік кірістер бойынша атқарылуы

(млн.теңге)

жеке табыс

әлеуметтік салық

бекітілген кірістер



Облыс бюджетіне түскен түсімдер (млн. теңге)

меншік кірістер

субвенция

трансферттер


Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенция скере отырып, барлық деңгейлер бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 34055,3 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерді ағымдағы ұстауға 28034,3 млн.теңге жұмсалды, даму бюджеттік бағдарламаларына 6021,0 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 10816,9 млн.теңге немесе 99,4%, жұмсалды, оның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 984,9 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 7055,0 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балабақшаларға – 6566,8 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге – 257,3 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге – 230,9 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге және оқыту – 1020,6 млн.теңге.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 176,3 млн.теңге жұмсалды, ол 99,7 %-ды құрады.

Денсаулық сақтау бойынша Екі айдағы жағдай бойынша атқарылу 8146,2 млн.теңге немесе 99,5%. ды құрады. Диабет, онкологиялық, гемофилиямен ауыратындарды, ЖИТС инфекциясын жұқтырған, гематология, сондай-ақ, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алуға 2240,5 млн.теңге қаражат жұмсалды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қайтаруға шығындарды ағымдағы қаржыландыруға 2116,9 млн.теңге жұмсалды. Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен аудандық және ауылдық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуге – 1658,6 млн.теңгені құрады. Кепілді көлемінде тегін медициналық көмек көрсету шенберінде тіркелген амбулаторлы-емханалық көмек көрсету – 1282,8 млн.тенгені құрады.

2014 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 26,8 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 28,7 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 53,4 млн.теңге қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 65,6 млн.теңгеге 97 % -ды құрады.

2014 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 11844,8млн.теңге қарастырылды, соның есебінен Зырян ауданының Зырян, Риддер қалаларындағы және Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылының балабақшалар, Үржар ауданының, Ұлан ауданының Молодежный кентінің орта мектептер құрылысы жалғастырылатын болады. Есептілік кезенінде 5313,5 млн.тенге игерілді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен облыс өңірлеріндегі жедел медициналық көмек стансасы мен сегіз дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша жаңа объектілер жалғастырылатын болады, оларға 1150,9 млн.теңге жоспарланды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей аласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысына (қоса қаржыландыру), Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы, Семей қаласының жедел медициналық көмек стансасының құрылысына, Семей қаласындағы 80 төсекті балалардың туберкулезге қарсы ауруханасының құрылысы, Ұлан ауданы Привольное ауылындағы және Күршім ауданы Бурабай ауылындағы 20 қабылдау аусымы бар дәрігерлік амбулатория, Ново-Канайка ауылындағы облыстық психоневрологиялық аурухана құрылысына арналған ЖСҚ әәзірлеу және Өскемен қаласындағы 212 аусымды қабылдауы бар емхана ретінде ғимаратты жаңартуға 1696,9 млн.теңге сомасында шығыстар ескерілді. Есептілік кезенінде 206,9 млн. тенге немесе 100% игерілді.

Есеп беру жылы әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға Зырян ауданы Грехово кентіндегі Грехов кенішің әкімшілік-шарушылық корпусының ғимаратын қайта жаңартуға, Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы психоневрологиялық-медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі бұрынғы аурухана құрылысы (қоса қаржыландыру) қайта жаңартуға, Зырян ауданының Грехово кентіндегі мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін оңалту орталығы ретінде Грехов кенішінің әкімшілік-шарушылық корпусының ғимаратын қайта жаңартуға және «Үржар тірек-қозғалу аппаратының бұзушылықтары бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ кешені 2 қабат корпусына жапсаржай салуға 160,3 млн.теңге жоспарланды.

Облыстық бюджетте мәдениет және спорт объектілерін дамытуға Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының құрылысына мен Өскемен қаласының Қазақстан көшесіндегі мәдени-демалу орталығының құрылысына, Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап ғимаратын қайта жаңартуға, Ұлан ауданының Торғын, Сағыр ауылдарындағы 200 орынды ауылдық клубтар құрылысы, Күршім ауданының Күршім ауылындағы 300 орынды мәдениет үйінің құрылысы, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылындағы шығармашылық үйі, Катонқарағай ауданының 160 көрермен орны бар дене шынықтыру және спорт кешені, Абай ауданының Саржар ауылындағы ауылдық клуб ретінде сауда үйінің жаңартуға 2178,2 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды. Есептілік кезенінде 80,0% игерілді.

Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 376,3 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласының ІІБ ғимаратына ЖБО ретінде жапсаржай салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Қаражаттың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 6451,1 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды,

олардың есебінен Өскемен, Курчатов және Риддер қалаларында, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Үржар, Ұлан және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады, есептілік кезенінде 212,1 млн. тенге немесе 100% игерілді.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 1297,7 млн.теңге қарастырылды есептілік кезенінде 49,7 млн. тенге немесе 100% жоспарланған.

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен 8282,7 млн.теңге жоспарланды, оны есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарланды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 2722,6 млн.теңге қарастырылды.407,7 млн. тенге немесе 100% игерілді.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2013 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын, Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Тансық стансасы-«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» салуға, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, Катонқарағай ауданыныдағы Бухтарма өзені арқылы көпір құрылысы, Риддер қаласындағы айналама жолының құрылысын аяқтауға 5818,7 млн.теңге сомасында қаражат жоспарланды.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 8000,0 млн.теңге сомасында трансферттер бөлу қарастырылды. Есептілік кезенінде 2600,0 млн. тенге немесе 100% игерілді.

Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенге қолдау мақсатында 12116,5 млн.теңге жоспарланды.

Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянск сияқты моноқалаларды абаттандыру мәселелерін шешу үшін 4024,7 млн.теңге қарастырылды.




2014 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің

шығыстар бойынша атқарылуы (млн.теңге)
2014 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 17/188-V шешімімен облыстық бюджетте 79721,6 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 44 655,2 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 35 066,4 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 6 863,9 млн.теңге кредит.

2014 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 11 227,7 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылды, которые полностью жоғары бюджеттен нақты келіп түсті, оның ішінде беру кезеңінде 11 173,9 млн.теңге игерілді немесе ол республикалық бюджеттен бөлінгеннің 99,5% ы.



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 488,6 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 183,7 млн.теңге, мектеп мұғалімдер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінің біліктілік санаты үшін қосымшақы мөлшерін ұлғайтуға – 60,2 млн.теңге, дәрілік құралдарды, вакциналарды және өзге дәрілік препараттар – 1455,1 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 3554,9 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 5,6 млн.теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға – 76,5 млн.теңге жұмсалды, құрылыс және қайта құру объектілерінің жасалуына – 184,9 млн.тенге, бюджеттік қаржы салу жобасын жүзеге асыруға – 166,8 млн.тенге, инженерлік байланыс инфрақұрылымының дамуы мен алуына – 548,2 млн.тенге, сумен қамтамас ету жүйесінің дамуына – 212,1 млн.тенге, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының құрылысы мен баспана алуына – 683,4 млн.тенге, транспорттық инфрақұрылымның дамуына – 38,1 млн.тенге.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет