2-параграф. Қоймалар құрылымының тәртібі
595. Тұрақты қоймалардың ЖМ қоймасы жанбайтын материалдан салынады.
Өрт бақылау органдары шешімімен сақтауыш қабырғаларын бөренеден немесе каркасты-толтырылма материалдардан салуға болады. Каркасты-толтырылмалы қабырғасын және қалқаларды тұрғызғанда, толтырылма есебінде жіңішке бетон, шлак немесе жауынмен суланған ағаш қалдықтарын қолдануға болады.
Каркасты-толтырылмалы және бөренелі ЖМ қойма қабырғалары мен қалқандары жанбайтын құраммен жабылады немесе ішкі және сыртқы жақтарынан сыланады. ЖМ қоймалардың ағаш төбелері сыланады немесе жанбайтын құраммен қапталады.
Құрғақ климатты жерлерде саздан жасалған, шикі кірпіштен немесе сабанды кірпіштен сақтауыштар құруға болады.
Қойма жабындысы жанбайтын материалдан салынады немесе іші-сыртын жанбайтын құраммен қаптайды.
Қоймалардың ішіндегі ауа температурасы 300 С жоғары болмайтындай етіп салынады. Қойманың әрқайсысында шатырлы бөлме болады (темір бетонды жабындыларға шатырлы бөлме болуы міндетті емес).
596. Қойма едені ағаштан, бетоннан, асфальттан немесе тапталған саздан жасалынады. Түтінді оқ-дәрі қоймалары едендер жұмсақ маталармен қосымша қапталады.
597. ЖМ қысқа партиямен үлестіруге арналған қоймаларда біреуден кем емес тамбурмен жабдықталады. Тамбур көлемі 2×2 метр болады және жанбайтын материалдан жасалады. Тамбурға кірер ауыз сыртқа ашылатын, 2 данадан аз емес есіктерінен жабдықталады. Есіктің біреуі тамбурдың сыртына шығады, екіншісі – тамбурдан сақтағышқа барады. Сыртқы есік тұтас болады және болатпен қапталады.
Екінші есік ағаш тордан жасалады.
Рампасы және тиеп-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдары (электрлік тиегіштер және тағы сол сияқты) бар сақтағыштарда тамбур орнату міндетті емес, бірақ екі жақтан есік қойылады.
598. ЖМ қоймасының кірер ауыздары саны, қойма кірісі мен ең алыс ғимарат нүктесіндегі ара қашықтық 15 метр, ал тиеп түсіру механикаландырылғанда 25 метрден артық болмайды.
599. Қойма терезелері болат торлармен орнатылады, тор темірі диаметрі 15 метрден кем болмайды және тор көздерін 150×150 мм үлкен емес қылып әрбір қиылыс дәнекерленеді. Темір тор сымдары шеті қабырғаға 80 мм кем емес тереңдікке енгізіледі. Торлар ашық бояумен сырланады. Күн беткейге қарап тұрған сиыны терезелер ақ бояумен сырланады. Терезенің еден алауына жарық қатынасы 1:25 тен 1:30 дейін қамтамасыз етіледі.
600. Шатырлы бөлмелерде кейбір заттарды немесе материалдарды сақтауға болмайды. Шатырға шығуға ғимарат сыртына орналастырылған саты көзделеді.
601. Қоймаларға және шатырға кіреберістер құлыпқа жабылады және пломбыланады немесе мөрленеді.
3-параграф. Үймек құрылысының тәртібі
602. Егер ЖМ сақтау немесе қайта өңдеу орнының ғимаратқа және құрылысқа дейінгі қашықтығы осы Қағидада көзделген ара қашықтықтан аз болса, үймектер орнатылады. Сонымен қатар қауіпсіз ара қашықтық тереңдетілген зарядтар жағдайына есептеледі.
603. Үймектерді пластикалық немесе сусыма топырақтан соғады. Үймекті тастан, шебіннен және жанғыш материалдан (көмір қиқымдары және тағы сол сияқты) соғуға болмайды.
604. Үймек ЖМ жиналған штабелдің (стеллаждың) жоғарғы деңгейінен 1,5 метрден биік қылып соғады. Үймектің үстінгі ені 1 метрден кем болмайды. Үймектің төменгі жақ ені себілген топырақтың шынайы бұрышына сәйкес анықталады.
605. Қойма толық үймектелгенде кіру үшін үймектен ашық жер жасалады. Ашық жерге көлденең салынған қорғаныш үймек соғылады.
Қорғаныш үймек ұзындығын, жобаға сәйкес ғимарат бұрышынан негізгі дуал жотасына дейінгі және қорғау үймегінің жотасы арқылы есептеледі.
4-параграф. Электр қондырғылар
606. Электрлік қондырғыларға талаптар (тарату құрылғылары, бекеттер, апаттық электрлік көздері), электр қабылдағыш санаттығы, сенімділікті қамтамасыз ету жобамен қаралады. Бейтарап оқшауланған электрлік қондырғылар пайдаланылады.
607. ЖМ қоймасының электрлік қондырғылары, соның ішіндегі негізгі және жарық беру жүйесі электр қуатының жоғалуынан және адамдарды электр тоғымен күйдіруден сақтайтын құрылғылармен жабдықталады. ЖМ қоймасының жерлендірілуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
608. ЖМ қоймасы, кіре беріс, ЖМ қоймасы жарықтандырылады. Жарықтандыруды қоршау периметрі бойынша жүргізуге рұқсат беріледі.
609. ЖМ қоймасында жұмыстың жарықтандырылуы 220 вольт дейінгі қуатты шамдармен жүргізіледі. Апаттық жарықтандыру жобамен анықталады.
Қойма сақтағышына апаттық жарық беруге кеніш аккумуляторлық шамдар немесе құрғақ батареяларымен (металл қорапты – резинамен қапталған) фонарлар пайдалануға болады. Электрлік жүйеден қуат алатын қолдап тасымалдау шамдарын пайдалануға қойманың барлық ғимараттарында рұқсат берілмейді.
Егер ЖМ беру тек күндіз жүргізілетін болса, сақтағышқа электр жарығы талап етілмейді.
610. Қосқыштар, сақтандырғыштар, тарату қорғандары, суырмалар және тағы сол сияқты ғимараттың сыртқы жағындағы жәшіктерге немесе өртке қарсы құралдармен жабдықталған оқшау ғимараттарға орнатылады.
611. Қойма ішіне жарық беру жүйелерінде жануды таратпайтын кабельдер қолданылады.
612. Ғимараттардың қабырғасымен және төбесімен кабель жүргізгенде көлденеңінен 0,8 метр сайын және биктігінде 2 метр сайын бекітіледі.
Кабельдерді бір-біріне жалғауға және ажыратуға арнайы муфталар қолданылады.
5-параграф. Байланыс және дабылдағыш
613. Барлық қоймалар, қоймалардағы қарауыл үй-жайлары ұйыммен, өртке қарсы қызметімен және ішкі істер органдарымен хабарласуы үшін телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Телефон байланысын жабдықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті ішкі істер органдарының келісім бойынша қойма санамаланған абоненттермен радиобайланыспен қамтамасыз етіледі. Қарауыл бекеті мен қарауыл үй-жайы арасында екі жақты телефон байланысымен жабдықталады.
Байланыс құралдары жарылыс өрт қауіпті үй-жайлардан тыс орнатылады.
Қоймалар және сақтағыштар жобаға сәйкес міндетті түрде күзет және өрт дабылы белгілері құралдарымен жабдықталады.
6-параграф. Өртке қарсы қорғану
614. Қоймалар өрт автоматика қондырғылармен, өртке қарсы құралдармен жабдықталады, олардың болуы, номенклатурасы, саны мен орналасқан орны жобада айқындалады.
615. Орман және еден үстілік өрттерден қорғану үшін әрбір ғимараттар айналасынан 5 метрден кем емес қашықтықтағы шым алынып тасталады, қойма аймағындағы қоршаудан 10 метр ара қашықтықта, үстінгі ені 1,5 метр және тереңдігі 0,5 метрден кем емес, өсімдіктерді жою үшін жүйелі түрде аударылып, қопсытылатын тілме жасалады. Тастық және шебіндік топырақта жыра немесе қопарылған тілме қажет етілмейді.
616. Нысандары пештің жылуымен қамтамасыз еткен жағдайда түтін шығу құбырларына ұшқын ұстау торлары қойылады.
25. ЖМ жер үсті және жартылай тереңдетілген уақытша
қоймалар құрылғыларының тәртібі
617. ЖМ уақытша қоймасының сақтағыштары ағаштан, саздан соғылған, жер ден болуы мүмкін.
Қойманың сақтағышы ретінде бос тұрған құрылыстар, сарайлар, жер төлелер және басқа ғимараттарды жабдықтауға болады. Бұл ғимараттар шынайы желдеткіштермен қамтамасыз етілгенде және олар жаңбыр мен қардан қорғалады. Сақтағыштар ретінде қолдалынатын ғимараттар пештері қымталады.
618. Уақытша қоймаларда:
1) едендер ағаш, бетон және саздан болуы мүмкін;
2) ағаш қабырғалар және шатырлар оттан қорғағыш құраммен жабылады;
3) қоршауды сырғауылдап, шарбақтан тақтайдан және басқа да материалдан жасауға болады және қоршау биіктігі 2 метрден кем болмайды;
4) су ыдысын құру талап етілмейді;
5) тамбур құру талап етілмейді, есік бір қабат болуына болады;
6) сақтағыш ішіндегі жұмыстық жарық беруді аккумуляторлық кеніштік шамдармен немесе құрғақ батареялы фонарлармен (темір қапты – резинамен қапталған) жүргізуге болады;
7) сақтағыш ретінде қолданылатын ғимараттардың есік-терезелері мөлшерін бұрынғысынша қалдыруға болады.
Негізінен уақытша қоймаларға тұрақты қоймаларға қойылатын талаптар қойылады.
619. Қала шетінде орналастырылатын уақытша ЖМ қоймалары бос тұрған құрылыстардағы құрғақ, желдетілетін төлелерде орналастыруға немесе жер астына арнайы тереңдетілген, 2,5 метрге дейінгі ғимараттарды үстінен 2 метрден кем емес етіп көміп пайдалануға болады. ЖМ, бастамашы құралдар және ату-жару аппараттары, бір-бірінен бөлек орналасқан ғимараттарда және кірпіш қабырғасы 25 см кем емес ЖМ дайындау ғимаратында сақтауға болады.
26. ЖМ жер үсті және жартылай тереңдетілген қысқа мерзімді қоймалары құрылғыларының тәртібі
620. Қысқа мерзімді сипаттағы жұмыстарды жүргізу үшін ЖМ сақтауды: бос тұрған құрылыстарда, сарайларда, жертөлелерде және басқа, темір жол вагондарында, кемелерде, автокөліктерде, жалғамаларда және арбаларда, палаткада, үңгірде, шалаштарда, жарылыс жұмыстарын жүргізу алаңдарында болады.
621. Қысқа мерзімді ЖМ қоймаларында осы Қағидалардың 621-622-талаптары орындалады. Сонымен қатар жағдайдан қорғағыш, жарықтандыру, телефон байланысы, қойма айналасындағы қоршау жыралары және ЖМ қоймалары айналасын ағаштардан тазалау талап етілмейді. Негізінен осы Қағидаларда көрсетілген талаптар орындалады.
Қысқа мерзімді қоймалардың қоршауын сақтағыш қабырғасына 20 метрден жақын емес, биіктігі 1,5 метрден аласа емес етіп жасауға болады. Қоршау мен қарауыл бөлмесінің ара қашықтығы 15 метрден кем болмайды.
Қысқа мерзімді қоймалардың қорғауыштарының ағаштан жасалған қабырғалары іші-сыртынан оттан қорғауыш ретінде әк-тұзды ерітіндімен үш қатар етіп жағады. Шатыр, төбе және жабын құрылымы жанбайтын материалдан жасалады немесе оттан қорғау құрамымен қапталады.
27. Бос тұрған құрылыстарда, шым үйлерде және өзге де
үй-жайларда ЖМ сақтау тәртібі
622. ЖМ бос құрылыстарда, жертөлелерде және тағы сол сияқты қысқа мерзімде сақтаған жағдайда бір сақтағыштағы ЖМ көлемі 3 тоннадан және 10 мың дана детонатордан көп болмайды және осыған сәйкес детонациялық және от өткізгіш байламдардың (от өткізгіш сымды жағу құралдары) керекті мөлшері ғана сақталады.
Детонаторларды ішінен киізбен қаптаған ағаш жәшіктерге орналастырады, ал сыртынан темірмен қапталады. Жәшіктер ЖЗ 2 метрден жақын емес қашықтықта орналастырылады және құлыпқа жабылады.
28. ЖМ теміржол вагондарында сақтау тәртібі
623. Бөлек екі білікті вагонда 3 тоннадан көп емес ЖЗ немесе 10 мың дана детонатор және 1000 метр детонациялық сым сақтауға болады.
Төрт білікті вагонда 6 тоннадан көп емес ЖЗ немесе 20 мың дана детонатор және 2000 метр детонациялық сым сақтауға болады.
Бірге сақталатын от өткізгіш байлам және жағу құралдары мөлшері шектелмейді.
624. Екі білікті вагонда ЖМ мен 1 тоннадан артық емес ЖЗ, 5 мың дана детонаторды, 1000 метр детонациялық байламды және от өткізгіш сымның (от өткізгіш сымды тұтату құралдарын) шектеусіз көлемін, ал төрт білікті вагонда – сәйкесінше екі есе көп ЖМ бірге сақтауға болады.
625. ЖЗ, бастамашы құралдар және ату-жару аппараттарын бірге сақтайтын вагондар ішінен ағашпен үш бөлікке бөлінеді. Вагонның шеткі бөліктерінде ЖЗ (ату жару аппараттары) мен бастамашыл құралдар сақталады, ортасы (тамбур) ЖМ беру үшін.
Бөліктердегі есептері тұтас және мөлшері 1,8×0,9 метр болады.
626. ЖМ сақтауға жабдықталған вагондар жарамды болады және тежегіш, тежегіштік алаңдары болмайды. Көмір және басқа оңай тұтанатын материалдар тасымалданатын вагондар іші, ЖМ қойылардан бұрын басқа өнімдерден тазартылып, сілтілі сумен шайылады.
627. Вагондар есіктері байланып, ішкі жағынан жұқа тақтаймен қапталады. Вагонға кіру үшін вагонның бір жағы көлемі 1,8×0,9 метрден кем болмайтын, ішке ашылатын есікпен жабдықталады.
628. ЖМ беруге, қабылдауға вагон тұйыққа немесе қосымша жолға тоқтаған уақытта ғана рұқсат беріледі. ЖМ берілетін, қабылданатын орындар үшін бекет бастығымен келісілген, магистралды жолдардан, өндірістік және тұрғылықты жерлерден ара қашықтықта орналасқан жерлер таңдалады.
629. ЖМ тиелген вагондармен қозғалыстар жасар алдында вагондар жүретін жолдағы люктер жабылады, вагондар құлыпқа жабылып, пломбыланады.
630. Тұйықта немесе қосымша жолда ЖМ сақтағыш-вагондары тұрақтаған түнгі уақыттарда олар көрінетін белгілермен белгіленеді.
29. ЖМ кемелерде сақтау тәртібі
631. Теңіздерде, өзендерде, көлдерде және су қоймаларында жарылғыш жұмыстарын жүргізгенде, теңіз (өзен) тіркелімімен келісілген жоба бойынша, осы мақсаттарға жабдықталған кемелерде ЖМ сақтауға болады.
Кеме жарамдылығын анықтау және қоймаларды қабылдау комиссия құрамына тіркеме өкілдері қатысуымен белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
632. ЖМ сақтағыш орнату, осы материалдарды сақтауға сәйкес бөлмелері бар жарамды кемеде ғана болады.
633. Теңізде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖМ сақтағышы ретінде өздігінен жүрмейтін кемелерді пайдалануға болмайды. ЖМ жағалау аймақтарындағы өздігінен жүрмейтін кемелерде (баржа, понтоп) сақтауға болады, бірақ навигациялық қондырғысы бар (радар, GPS) өздігінен жүретін кемелер бақылауында болады.
634. ЖМ бірге сақтауға арналған кемелерде, ЖЗ, бастамашыл құралдар және ату жару аппараттарын сақтайтын бөлек есіктері бар кеңістіктері болуы шарт. Бұл кемелерге, ЖМ теңізде және өзендерде тасымалдауға қойылатын талаптар таралады.
635. ЖМ кемесі тұрағы үшін, жағалаудан, тұрғылықты және өндірістік мақсаттағы өзге де ғимараттармен құрылыстардан қашықтықта орналасқан, барлық жағдайларда кеме жолынан тыс орналасқан орындар таңдалады.
636. Бұрын мұнай өнімдерін, қышқыл, тұздар және басқа да оңай тұтанатын заттар тасымалданған болса, олардан тазартылып, кеме ішін ЖМ кіргізбес бұрын сілтілі сумен жуады.
637. Кеменің толқуы, соғу, борға отырып қалу жағдайларында ЖМ құлап соғылмауы үшін оларды жақсылап орналастырып бекітеді.
638. Өрт болған жағдайда немесе кемеге қауіп төнетін болса, ЖМ-ді одан әрі сақтау мүмкіндігін кеме капитаны шешеді.
639. ЖМ кемесін жағаға қойғаннан кейін бөгде кісілерге кемеге 50 метр жақын баруына рұқсат берілмейді. Осыған сәйкес жағалау тұрағы құрғақ жер арқылы арқан және тікенек сыммен қоршалады. Қоршау шеттері жағалаудан 3 метрден кем емес қашықтыққа суға кіргізіледі.
640. ЖМ сақтауға арналған кемелер жайдан қорғағышпен қамтамасыз етіледі.
641. ЖМ қолдану арқылы теңізде, өзен-көлдерде, су қоймаларында (тереңдету, геофизикалық және тағы сол сияқты) арнайы жұмыстар жүргізетін, мұздан өту үшін ЖМ қолданатын кемелерде, ЖМ мен қоса басқа да жүктерді тасуға рұқсат беріледі.
642. ЖМ кеме палубасында:
1) өзен кемелерінде немесе теңізге 3 тәуліктен артық шықпайтын кемелерде;
2) ЖЗ, бастамашыл құралдар және ату жару аппараттары бір-бірінен бөлек арнайы контейнерлерде сақтағанда контейнер нығыз бекітілген жағдайда сақтауға рұқсат беріледі.
643. Кемелердегі ЖМ сақтағышын жарықтандыру, өткізгіші, жарық беру арматурасы, қосқыштары сақтағыш сыртына орналастырылған жағдайда электр қуатымен жүргізеді. Апаттық жарықтандыру үшін аккумуляторлық шамдарды қолдануға болады.
644. Арнайы жұмыстар жүргізетін кемелерге, басқа жүктерді тиеп болған соң ЖМ тиеледі. Детонаторлар ең соңынан тиеледі.
645. ЖМ сақтағыш кемелері жүзу кезінде ЖМ жарылыс жүргізетін қызметкерлердің тұрақты бақылауында болады. Кеме портқа тоқтаған кезде, ЖМ сақтағышы жанына қарулы күзет қойылады.
646. Кеме рейстен оралған соң, ЖМ жағалауға шығарылып ЖМ қоймасына өткізіледі.
30. Автокөліктерде, тіркемелер мен арбаларда
ЖМ сақтау тәртібі
647. Жылжымалы сипаттағы жұмысқа (сейсмобарлау, орман және автомобиль жолдарын тазалау) ЖМ арнайы жабдықталған автокөліктерге, жалғамаларда, күйме және шаналарда (жылжымалы қойма) сақтауға болады.
Тасымалдау құралдарына, авто, арба-көлік құралдарымен ЖМ тасымалдау талаптары қойылады.
648. Жылжымалы қойма, автокөлікте, күймеде, жалғамада, шанада мықты қатайтылған, орнатылған қорап болып есептеледі.
Қорап дюралюменнен немесе ағаштан жасалады. Сыртынан темірмен қапталып, барлық жағына отқа қарсы құраммен қапталады.
Қораптың алдыңғы жағына (оң жақ төменгі бұрышына) Бастамашы құралдар салынған есігі бар жәшік орналастырылады. Жәшік іші жұмсақ материалмен (киіз, резина, поролон және тағы сол сияқты) қапталады. Жәшік құрылысы көзделмеген жағдайдағы көп мөлшердегі бастамашыл құралдар жарылғанда детонация берілмейтіндей етіп жасалады.
ЖМ тиеп-түсіру, қораптың оң жағында орналасқан есік арқылы жүргізіледі. Есікті қораптың артқы жағына орнатуға, есік ашылғанда белгі беретін дабыл құрылғысын көлік жүргізуші кабинасына орнатқан жағдайда рұқсат беріледі.
ЖЗ, бастамшыл құралдар және ату жару аппараттарының бөліктері есіктеріне құлыптар ілініп, қалып есіктің ашылып кетуін болдырмау үшін құлыптар ойылып орнатылады.
Қорап жарықпен қамтамасыз етіледі. Жарық плафоны қораптың алдыңғы үсті жағына орналастырылып, электр өткізгіштері қорғауыш арқылы жабылады және сыртта орналасады. Қорап ішінде электрлік өткізгіштер қойылмайды.
Жылжымалы қойма қорабына, темір толы терезе қойылады. Қораптың алдыңғы жағындағы терезе көлік құралының кабинасының артқы терезесі деңгейінде орнатылады.
Өздегінен жүрмейтін жылжымалы қойма, сүйрететін көлік құралына жалғайтын қатты жалғамалы құрылғымен жабдықталады.
Жылжымалы ЖМ қоймасының жабдықталуы, қондырғылары, техникалық жағдайы, оның қозғалысын ұйымдастыру және апаттық жағдайларды жоюға дайындығы техникалық регламентке сәйкес қамтамасыз етіледі.
Өздігінен жүрмейтін ЖМ қоймасын тасымалдағанда жалғама салмағы тасымалдау көлігінің салмағының жартысынан немесе тарту күшінің үштен төрт бөлігінен артық болмайды.
31. ЖМ үйшіктерде, үңгірлерде сақтау тәртібі
649. ЖМ үйшіктерде, шатырларда, үңгірлерде сақтаған кезде жаңбыр, қар және күн сәулесінің әсерінен қорғау шаралары қамтамасыз етіледі.
ЖМ ағаш төсеніште жерден 20 см төмен болмайтын биіктікте орналастырылады. Осы аймақ (сыммен, темір арқанмен, шарбақпен) қоршалады.
32. ЖМ сақтау алаңдары
650. Мұз жүру кезіндегі жарылыс жұмыстарын жүргізгенде ЖМ алаңдарда қысқа мерзімді (30 тәуліктен көп емес) сақтауға рұқсат беріледі. Жаппай жарылыс жұмыстарында геофизикалық және басқа да бірмәртелік жұмыстарда қысқа мерзімге ЖМ 90 күннен артық болмай сақтауға рұқсат беріледі. Сонымен бірге, барлық жағдайларда ЖМ 20 см төмен емес биіктіктегі ағаш төсемеге орналастырады және үстіне шатыр қойылады немесе брезентпен жабылады.
651. ЖМ алаңдарда уақытша сақтаудың тәртібі мен уақыты мелиораторлық құрылыстарды салу кезінде ұйым жетекшісі белгілейді және бірақ жыл сайын алаңды қайта тіркеу мен пайдалануға қабылдау кезінде екі жылдан артық болмай ішкі істер органымен келісіледі, қайта тіркеледі.
652. ЖМ алаңдарда сақтау кезінде бастамашыл құралдар бөлек алаңдарда немесе бастамашыл құралдарды белсенді құрал ретінде қабылдау шартымен ЖЗ детонациясын беру бойынша қауіпсіз қашықтықта орналасқан шатырларда орналастырылады.
33. Сейфтері бар үй-жайлар мен сейф – үй-жайлар
653. Ғылыми, оқу және 30 кг аспайтын ЖМ бір уақытта сақтауды жүзеге асыратын басқа ұйымдарда, сейфтері бар үй-жайлар немесе сейф – үй-жайларда жүргізіледі. Үй-жай жанбайтын қабырғалар мен жабындылардан тұрады. ЖМ сақтауға арналған іргелес бөлмелерді, жоғарыда және төменде орналасқан үй-жайларды адамдар тұрақты жұмыс жасайтын орындар ретінде жабдықтауға болмайды. Бұл бөлмелер көрші үй-жайдан қалыңдығы 25 см кем емес тұтас кірпіш немесе бетон қабырғалармен бөлінеді. Бөлме ішіндегі есік материалының отқа шыдамдылығы 45 минуттан кем болмайды.
Бастамашы құралдар сақтауға арналған сейфтер іші жұмсақ материалмен қапталып, жерге қосылады және ЖЗ бар сейфтен 2 метр жақын емес қашықтықта орналасады.
34. ЖМ жер асты және тереңдетілген қоймалары тәртібі
1-параграф. ЖМ жер асты қоймалары, тарату камералары,
учаскелік сақтау бекеттері
654. ЖМ жер асты жағдайында жабдықталған қазба-камераларда немесе ұяшықтарда олардың бірінде ЖМ жарылған жағдайда, екіншісіндегі ЖМ детонациясын тудырмайтындай етіп сақталады.
655. Жер асты қоймасы өндірулер мен қосымша камераларды жеткізетін ЖМ сақтауға арналған камералары немесе ұяшықтары бар бөлек қойма секілді өндірулерден тұрады.
Қосалқыға:
1) электр детонаторларды тексеруге немесе жандыру түтіктерін жасау мен детонатор таңбалауға арналған;
2) ЖМ беру;
3) тиеп-түсіру операцияларын механикаландыру құралдарын орналастыру;
4) кассеталар мен сөмкелер сақтау;
5) электр тарату құрылғылары және өртке қарсы құралдар орналастыру үшін камералар жатады.
Санамаланған камералар қоймаға баратын қазбалар тұйығына орналасады.
656. Жарылыс, бақылау және өлшеу аспаптары мен құрылғылары, кассеталар мен сөмкелер жер асты және тереңдетілген ЖМ қоймасының арнайы сөрелерінде немесе шкафтарына орналастырылады.
657. ЖМ әрбір қоймасы ұйыммен байланысу үшін телефон байланысымен қамтамасыз етіледі немесе диспетчерге тікелей шығатын телефон болады.
658. Жер асты қоймаларында аккумуляторлы тиегіш пайдалануға немесе жарылыс қауіпсіз орындалған басқа да тиеп-түсіру механикалық құралдарын пайдалануға болады.
659. ЖМ сақтаудың учаскелік пункті жобаға (технологиялық регламентке) сәйкес қолданылады.
660. Жарылыс жұмыстары қысқа жайлатылған және жайлатылған амалмен жүргізгенде, шахталарындағы жер асты шығыс қоймаларында және тарату камераларында әр сатылық жайлатуға бір жәшіктен кем емес электр детонатормен қамтамасыз етіледі. Детонаторлар осы жағдайларға пайдалануға арналған болады.
661. ЖМ жер асты қоймаларының орналасуына қойылатын талаптар:
1) қойманың ең жақын кез-келген нүктесінен шахта бағанасына және бағана маңындағы қазбаларға дейінгі, желдету есіктеріне дейінгі бұзылуы барлық шахта бойынша немесе оның бірқатар учаскелеріндегі таза ауа ағынынан үзетін ара қашықтық, камералақ қоймаға – 100 метрден кем емес, ұяшық түріндегі қоймаға – 60 метрден кем болмайды;
2) жақын орналасқан ұяшық немесе камерадан адамдардың тұрақты өтетін қазбаларына дейінгі ара қашықтық камералық қойма – 25 метрден, ұяшық типті қоймаға – 20 метрден кем болмайды;
3) қоймадан жоғарыдағы орналасқан камералық типті қойма ара қашықтығы – 30 метрден және ұяшық типті қоймаға – 15 метрден кем болмайды;
4) ЖМ сақтайтын камералар немесе ұяшықтар орналасқан қазбалар, негізгі қазбалармен үштен кем емес тікелей келетін немесе бір-бірімен тік бұрыштар түзетіп қиғаш қазбалар арқылы жалғасады.
Қоймаларға келетін қазбалар ұзындығы 2 метрден кем емес және қима көлемі 4 м2 кем емес тұйықтармен аяқталады;
5) тиегіш пайдаланатын ЖМ қоймасындағы негізгі қазбаның ені, олардың қозғалысы негіздегі 900 бұрылысын қамтамасыз етеді және тиеліп-түсіру механизмдерін жүгімен қоса ең үлкен көлемінен үлкен болады. Сонымен қоса қисық сызықты учаскелерді қоса алған тиегіш көлемінен қазба ені 60 см кем емес және биіктігі шамдар биіктігінен есептегенде 50 см кем емес ара қашықтықта болады;
6) әр қоймада адамдар үшін екі есік болады. Метрополитен және тоннель құрылысында, жерасты тау барлау қазбаларында сыйымдылығы 1 тоннадан артық емес ЖЗ бір есікті уақытша ЖМ қоймасын қолдануға болады;
7) метрополитен, тоннель құрылысын салғанда және геологиялық ұйымдардың жерасты тау барлау қазбаларын жүргізгенде жақын орналасқан ұяшық немесе камерадан шахта бағанасына дейінгі ара қашықтық, негізгі магистралдар (су ағу, желдету құбырлары, кабельдер) жүргізілген камералармен шахталарға дейін 15 метрден кем болмайды;
8) ЖМ қоймасындағы рельстік жолдар жалпы шахталық жолдардан оқшауланады.
662. Камера (ұяшық) орналасқан қазбаларды, сақтауышпен жобада анықталған болат есікті кіре беріс арасындағы сақтауышта жарылыстың алдын алатын құрылғы болған жағдайда, аз мөлшерлі кіре берісі бар негізгі қазбамен жалғауға болады.
663. Басты бағыттары бар негізгі қазбалар арасына ЖМ қоймасын орналастыруға болмайды.
664. ЖМ қоймасының барлық қазбасы жанбайтын тіреумен бекітіледі және әктеледі.
Қатты қыртысты қазбаларда бекітпе орнату міндетті емес.
665. Қоймаға берілетін таза ауа көлемі барлық қазбалардағы төрт есе сағаттық ауа айналымын қамтамасыз етеді.
Қоймадан шыққан ауа ағынына бағыттауға болмайды.
666. ЖМ қоймасы алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш, құмы бар жәшік, суы бар ыдыс) қамтамасыз етіледі. Автоматты өрт сөндіру құралдарымен жабдықтауға болады. Өрт сөндіру құралдары саны және көлемі кәсіби авариялық-құтқару командирімен келісіледі.
Келтіруші қазбаларының басында камераларға немесе қойма ұяшықтарына өртке қарсы есіктер орнатылады.
667. Келтіруші қазбаларында және газы немесе шаңы қауіпті шахталардағы (кеніштердегі) ЖМ қоймаларына орындалуы жарылыстан қорғалған электр қондырғылар, ал қалған шахталарда (кеніштерде) кеніштік, орындалуы қарапайым электр қондырғылар пайдаланылады. Қоймаларда және қазбаларда жарық беруге пайдаланатын электр өткізгіштер, қорғасынды қабықшадан немесе жанбайтын айырмалы және қабықшалы жұмсақ резиналы бронды кабельдер жасалады.
Жарық беру шамдарына қуатты бергенде күші 220 В артық болмайды. Жарық беру жүйесі тоқ қашуынан қорғалады.
Келтіруші қазбалары, қосымша камералар, қазба төбесіне ілінген шамдармен жарықтандырылады, ал ЖМ сақтау камералары (ұяшықтары) есік үстіндегі фрамуга арқылы өтетін қиғаш жарықпен қамтамасыз етіледі.
668. ЖМ жер асты қоймасы міндетті түрде дыбысты ұйымның кезекшісінің пультіне шығарылатын автоматты күзет дабылымен жабдықталады
669. Көмір шахталарында, шаңы жарылыс қауіпті көтерілу қыртысында, ЖМ қоймасына және тарату камераларына кіру қазбаларының екі жағынан қой тастық немесе су тоспалары қойылады, ал қазбалар уақытылы қатайтылады немесе қонған шаңнан тазаланады.
670. Қоймалардағы керу есігіне және ЖМ тарату камерасына телефон қойылады.
671. Жер асты тарату камералары күзеті мен қамтамасыз етілуі, ЖМ сақтау тәртібі жер асты ЖМ қоймасы тәртібіндей болады. Сонымен бірге ЖЗ мен бастамашыл құралдар, бір бірінен қалдығы 25 см кем емес бетондық, кірпіш қабырғамен бөлінген бөлімшелерде сақталады. Тарату камерасы жарғыштарға ЖМ беру орнымен жабдықталады.
672. Тарату камералары адамдардың көлік құралдарына отыру орнынан және тау сілемдерін тиеп-түсіру орындарына 200 метрден жақын емес жерде орналасады.
ЖЗ сыйымдылығы 1000 кг дейінгі тарату камералары қазбаның кеңейтілген, жалпы шахталық депрессия есебінен таза ауа ағынымен желдетілетін жерге орналастырылады.
Қалыңдығы 25 см кем емес кірпішті, бетонды тұтас қабырғамен қоршалады.
ЖЗ сыйымдылығы 1000 кг жоғары тарату камералары, бөлек орналасқан, желдетілетін, адамдар тұрақты жүретін қазбаларға 25 метрден жақын емес жерге орналасқан қазбаларда орналастырылады.
673. Тарату камералары жанбайтын қатаймалармен бекітіледі және бөлек жарық беру жүйесімен жабдықталады. Келетін қазбалар ұзындығы 5 метрден артық болғанда жанбайтын қатаймамен бекітіледі.
Қазбаларға, таратпа камерасына темір – тегіс (өртке қарсы) есіктер орнатылады және ЖМ беретін және қабылдайтын торланған терезе жағынан. Есіктер сенімді жабдықталады.
Тарату камераларына ЖМ орналастыруға сөрелер, ал жарылыс машинасын, өткізгіштерді, бақылау-өлшеу аспаптарын, гидротығын ампуласын және тағы сол сияқты сақтауға жәшіктер қойылады. Зауыттық қапталған ЖЗ штабельдеп жиналады.
Тарату камерасына таза ауа келер жағынан телефон қойылады және өртке қарсы құралдар сақтайтын пункт жабдықтары.
674. ЖМ учаскелік сақтау пункті – тормен қоршалып бөлінген қазба немесе арнайы темір шкафтар (жәшіктер) орналастырылған қазбаның бір бөлігі немесе құлыпқа жабылатын ЖМ сақтау контейнерлері. Пункт есіктері ішінен құлыпталады.
675. Учаскелік пунктерде ЖМ шкафтары (контейнерлері) есебінде, темір қабырғасының қалыңдығы 2 мм кем емес темір сейфтерді немесе жәшіктерді, темір қақпақпен жабдықталған шахта вагоншаларын коюға болады. Аталған ЖМ бар ыдыстар қазбаның бөлігінен бөлігіне немесе түбіне орнатылады.
676. ЖМ біріктіріп сақтайтын шкаф (жәшік) үш бөлмеге, ЖЗ және детонациялық сым орналастыру үшін, жарылыс және бақылау-өлшеу аспаптарын, өткізгіші бар қалта (кассета) және тағы сол сияқты, үшіншісі электр детонатор немесе жандыру түтіктерін сақтау үшін бөлінеді. Бөлімшеде детонатор сақтағанда барлық қабырғалары жұмсақ материалмен қапталады.
677. Учаскелік пункттерде ЖМ сақтайтын темір шкафтар жерлеріндегі өтпелі кедергілері 2 Ом көп болмайды.
678. Жарылыс орнына жақын орналасқан, жарылыс материалдарын сақтауға арналған, осы Қағидалардың 676 және 677-тармақтарына сәйкес келетін бөлек темір жәшіктер мен контейнерлер (сейфтер) ішінен құлыптанады.
679. ЖМ қоймасында, тарату камерасы немесе ЖМ сақтайтын учаскелік пунктерінде ЖЗ (бастамашыл құралдар) болғанда жарылыс жұмыстарын 30 метрден жақын қашықтықта жүргізуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |