2014 жылғы 30 желтоқсан №343 Астана қаласы Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»


ЖМ сақтау, пайдалану және есепке алу тәртібі



бет2/13
Дата17.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#141528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4. ЖМ сақтау, пайдалану және есепке алу тәртібі

1-параграф. ЖМ сақтау тәртібі

85. ЖМ бұл мақсатқа арналған арнайы бөлмелерде және жоба бойынша жабдықталған орындарда сақталады. ЖМ сақталу жоғалуын, ал сақтау шарты олардың бүлінуін болдырмайды.

ЖМ сақталатын орындарды (жарылыс жұмыстары жүріп жатқан жерге жақын орналасқан ЖМ қорабын және ауысымдық ЖМ сақтау сейфтерін қоспағанда) пайдалануға ие – мекеме, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органнын бөлімшесі және ішкі істер өкілдері кіретін қабылдау комиссия арқылы жүргізіледі. Қабылдау актімен ресімделеді.

86. Әрбір тұрақты, уақытша, стационарлық ЖМ қоймаларына, үлестіру камераларына осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша паспорттар әзірленеді. Паспорттың бір данасы ЖМ сақталатын орында сақталады.

87. Ғылыми және оқу ұйымдарда ЖМ осы мақсатқа арналған сейфтерде сақталады. Тұрақты пайдалануға рұқсаты бар ЖМ жаңадан жасалған ЖЗ немесе бастамашыл құралдармен бірге (бір сейфте) сақтауға рұқсат берілмейді. Электр детонаторлар мен капсюль-детонаторлар металл гильзаларда таңбалауды жүргізетін кәсіпорын таңбаланған ЖМ электр детонаторлар мен капсюль детонаторлар есебін жүргізеді, тұтынушыларға олардың мекенжайына жіберілген өнім нөмірлері туралы деректерді ұсынады.

88. ЖМ мен ЖЗ бар ашылған жәшіктер, қаптар, қораптар және контейнерлер сақтау орындарында қақпақмен жабылады немесе байланады. Электронды аспаптары бар ЖМ өнімдерінің зауыттық нөмірлерінің есебін жүргізуге рұқсат беріледі.

89. ЖМ қоймаларындағы ЖМ сақтағыштар құлыптанады, пломбыланады немесе мөр салынады. ЖМ бар қоймалары тәулік бойы күзетілетін жағдайда сақтауыштар пломбыланбайды немесе мөр салынбайды.

90. ЖМ пайдаланумен жүргізілетін жұмыстар алты айдан артық мерзімге тоқтатылған кезде қалған ЖМ тұрақты сақтау орындарына шығарады.

91. ЖЗ мен ЖМ сақтау және беру орындары бәрін өлшегіш жабдықтармен және сусымалы ЖЗ мен ЖМ, бау ұзындықтарын өлшеуге арналған өлшеуішпен жарақталады.
2-парагараф. ЖМ қабылдау, жіберу және есепке алу тәртібі

92. ЖМ сақталатын жерге жеткізілгенде кешіктірмей сақтау қоймаларына, алаңдарға орналастырылады, көліктік құжаттар, наряд жүк құжаттары немесе наряд-жолдама негізінде кіріске енгізіледі.

93. ЖМ кіріс және шығысының есебін ЖМ қоймасында осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Жарылғыш материалдардың кіріс және шығыс есебі журналында және осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналында қағаз және электронды форматта жүргізіледі.

ЖЗ сақтау орындары цифрлық және матрицалық кодты есептеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық құралдармен, сондай-ақ ашып жазуға және сәйкестендіру деректерін ЖМ есепке алудың электрондық нысанда енгізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақталады.

94. ЖЗ өнімдерін дайындаушылардың жеке зауыттық нөмірлері жарғыштарға таратқан кезде Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналында тіркеледі.

Бастамашыл құралдардағы электр детонаторларды және металлдық қауыздағы капсюл-детонаторларды лазерлік таңбалау тәсілімен сәйкестендіру санымен немесе матрикалық әдіспен таңбалайды.

Сәйкестендіру деректері сандық немесе матрикалық кодта мынадай тәртіпте ашылып жазылады:

алғашқы екі сан – капсюл-детонаторларды дайындаушының нөмірін көрсетеді;

үшінші сан – капсюл-детонаторлардың дайындалған жылының соңғы санын көрсетеді;

төртінші және бесінші сандар – капсюл-детонаторлардың дайындалған айын көрсетеді;

алтыншы және жетінші сандар – капсюл-детонаторлардың дайындалған күнін көрсетеді;

сегізінші сан немесе әріп – капсюл-детонаторлардың дайындалған (таңбаланған) жабдық кодын көрсетеді;

тоғызыншыдан он үшінші сандар өнім нөмірінің ретін көрсетеді.

ЖЗ бар өнімдерді таңбалауда көрсетілген сәйкестендіру деректері жарушыға беру кезінде Жарылғыш материалдарды беру және қайтару журналының сәйкес бөлімдерінде тіркеледі.

Таңбалау сәйкестендіру деректерінің ЖЗ бар өнімді пайдаланудың барлық мерзімінде сақталуын және сәйкестендіру деректерін техникалық құралдармен есептеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Капсюл-детонатор таңбаланған дайындаушы нөмірі, жабдық коды дайындаушының тауарға ілеспе құжаттарында көрсетіледі.

Егер электрдетонаторлар мен капсюль-детонаторлардың металл гильзаларының құрылымдық өлшемдері оған бірыңғай сандық немесе таңбалау кодтарын лазерлі таңбалау әдісімен енгізу мүмкін болмаса немесе мұндай таңбалау енгізу нәтижесінде таңбалау және бұдан кейін пайдалану кезінде электрдетонаторлар мен капсюл-детонаторлар қауіптілігінің дәрежесі артатын болса бірыңғай сандық немесе таңбалау кодтарын ынтагерлік білдіру құарлдарына немесе оларыдң корпусына берік бекітілетін биркаларға (стикерлерге) салуға рұқсат беріледі.

Металл гильзадағы электрдетонаторлар мен капсюл-детонаторларға салынатын бірыңғай сандық немесе таңбалау кодтары, ЖЗ бар өнімдердің корпустары мен биркалары (стикерлері) ЖЗ бар өнімдерді пайдаланудың барлық мерзімі бойында бірыңғай деректердің сақталуын және бірыңғай деректерді техникалық құралдармен санау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Тиісті таңбалау ЖЗ қорабына, сондай-ақ ЖЗ бар өнімдер қорабы мен корпусына енгізіледі.

95. Есеп нысаны:

1) ЖМ кіріс және шығысы есебі журналының қағаз нұсқасы нөмірленіп, тігіліп, мөрмен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің пломбасымен бекітіледі.

Қағаз және электрондық журналды ЖМ берілуі жүргізілетін базистік және шығыс қоймалардың меңгерушілері жүргізеді.

ЖМ әрбір атауы бөлек есептеледі.

ЖМ қалдықтары әрбір атаулары бойынша есептеледі және тәулік соңына қағаз және электронды журналға тіркеледі. Журналға тәулігіне саны өзгерген ЖМ тіркеледі;

2) ЖМ беру мен қайтаруды есепке алудың қағаз нұсқадағы журналы нөмірленіп, тігіліп, мөрмен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының өкілетті органының аумақтық бөлімшесінің пломбасымен бекітіледі.

Журналды ЖМ берілуі жүргізілетін немесе қалған қалдық қабылданатын қоймалар мен тарату камераларында қойма меңгерушісі мен үлестірушілер жүргізеді.

Әрбір тәулік соңына есеп жүргізіліп, қанша және қандай (атауларымен) ЖМ жұмсалғаны, сызықшаның астында шығыны тіркеледі (жіберілген жарғыш материалдар қайтарылғаннан шегергенде). Журналмен бөлінген, тәулік бойына жұмсалған ЖМ, ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналында күнделікті енгізіледі (жазылады).

Жаппай жарылыс жүргізгенде тікелей жұмыс орнында ЖМ таратуға және қайтаруға, арнайы дайындалған ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналында ресімдеу арқылы рұқсат беріледі. Жоғарыдағы көрсетілген ЖМ шығын мәліметтері ЖМ қоймасындағы журналда тіркеліп, 7, 11-бағанға жұмыс орнына жеткізген адам қол қояды.

ЖМ қозғалысы учаскелік сақтау пункттерінде осы Қағидалардың 9-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналында жазылады;

3) осы Қағидалардың 10-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес наряд-жүк құжаты жарылыс материалдардың сақталатын бір орнынан келесі орынға дейін жіберілуіне қызмет етеді.

Төрт данада жасалып, басшы мен бас бухгалтер қол қойып, белгіленген реттік саны, берілген мерзімі және алушының атауы көрсетіліп тіркеу Кітапбында белгіленеді.

Наряд-жүк құжатты бухгалтерия ЖМ алушыға сенімхатпен қоса қоймаға ұсыну үшін береді.

Наряд-жүк құжатының бір данасы қоймада сақталады, алушыға жолдама құжаты ретінде беріледі, екі дана алушының сенімхатымен бухгалтерияға беріледі. Бір данасы бухгалтерлік жүргізуде жарылғыш материалының қоймасынан есептен шығару үшін, ал екіншісі есептеу кезінде немесе растама ретінде алушыға жіберіледі.

ЖМ бір қоймадан екінші қоймаға берген кезде, бір мекемеге тиесілі наряд-жүк құжаты үш данада жазылып беріледі. Қойма меңгерушісі ЖМ беріп, екі данасын қоймада қалдырады, бір данасы алушыға жолдама құжаты ретінде береді.

Бір қоймадан екінші қоймаға ЖМ жеткізген кезде, ЖМ алған жеткізуші және қойма меңгерушісі (таратушы) жарылыс материалдарды бергенде, наряд-жүк құжатында ЖМ алғанына және берілгеніне қол қояды.

Жеткізушілерге ЖМ учаскелік сақтау пункттеріне және жаппай жарылыс орындарына тасымалдауына қоймадан наряд-жүкқұжаты арқылы жіберіледі. Бұл жағдайда наряд-жүк құжатына жарылыс жұмыстарының мекеме жетекшісі немесе ауыстырушы тұлға екі данаға қол қояды. Қойма меңгерушісі (үлестіруші) талап етілген ЖМ жіберіп, наряд-жүк құжатының бір данасын қоймада сақтайды, екіншісі жеткізушіге жолдама құжат ретінде беріледі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген жарылыс жұмыстарының өндірісіне наряд-жолдама жарғыштарға (шебер-жарғыштар) ЖМ жіберілуіне қызмет етеді.

Жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде бақылаушы адам наряд-жолдамаға қол қояды.

Газ немесе шаң қауіпті шахталар мен кеніштерде, наряд-жолдамаға жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жердің учаске бастығы немесе жарылыс жұмыстар мен желдету қызметі жетекшісінің орынбасары қол қояды және ұйымның техникалық жетекшісі қол қояды. Жарылыс жұмыстарынан кейін жарғыштың (шебер-жарғыш) атына жазылған наряд-жолдамасына жұмысқа жетекшілік еткен қадағалау тұлғасы наряд-жолдамасында жарылыс материалдарының дұрыс шығынын тағайындап, қол қоюмен растайды. ЖМ қалғанын және жұмыстың соңына жарғыштар наряд-жолдамасын ЖМ қоймасына (үлестіру камералары, учаскелік сақтау пункттері) жеке өткізеді.

Бұрын алынған ЖМ шығынның есебін бермеген жарғыштарға (шебер-жарғыш) ЖМ берілмейді.

Наряд-жолдаманы тарату және Жарылғыш материалдардың қайтарылу есебінің журналына ЖМ таратылуының жазылуына негізделеді, ал жұмыс аяғында толтырылған Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналында есептен шығарады.

96. ЖЗ көлік құралдарының, оның ішінде көліктік-зарядтық машиналардың ауысымдық тұтынуынан артық емес мөлшерде беруді ЖМ қоймасының персоналы жарғыштар (жеткізушілер) ауысым басында ұсынатын және ЖМ наряд-рұқсаттамасы немесе наряд-жолдамасымен қалдырылатын, жарылыс жұмыстарының жетекшісі мен ұйымның бас бухгалтері қол қойған ілеспе хат бойынша жүргізеді.

Тиеу люктерінің қақпақтары мен көліктік-зарядтау машиналары дозаторларының нүктелері ЖЗ берген қойма меңгерушілерінің (үлестірушілердің) ЖМ қоймасында жүргізушілердің (жеткізушілердің) қатысуымен пломбыланады.

Ілеспе хат ауысымның әр автомашинасы жүргізушісіне жазылып беріледі және оған сәйкес аға жарушы блокқа келген автомашинада пломбының болуын тексереді, ЖЗ түсіріп болған соң оларды алғандығын ілеспе хатта қол қоюмен растайды. Ілеспе хаттың жыртылмалы талоны аға жарушыға беріледі.

Ілеспе хаттар мен ілеспе хаттардың жыртылмалы талондары ауысым соңында ЖМ қоймасына немесе карьердегі ЖМ қоймасының учаскелік үлестірушісіне өткізіледі және наряд-рұқсаттаманы жабу мен ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналына сәйкес жазба жүргізу үшін қызмет етеді.

ЖЗ қалдығы болған кезде жалпы жарылыс өндірісінен кейін зарядтау машинасында аға жарушы ілеспе хатта тек ЖЗ блокта қалған санын ғана растайды және ЖМ қоймасының жұмыскері (учаскелік үлестіруші) немесе ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған бақылаушы тұлға дозаторлардың ағуын пломбылайды. Машина жүргізушісі (жеткізуші) қайтадан ресімделген ілеспе хат бойынша ЖЗ қоймаға қайтарады немесе оларды басқа блокқа міндетті түрде жаңадан енгізу орнын ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналында көрсетумен енгізеді.

97. Кіріс-шығыс құжаттарында қарындашпен жазуға, түзетулерге, өшірулерге рұқсат берілмейді және өшірілген жазуларды түзетулер жаңа сан қоюмен жасалады. «Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналының» 4 және 9-бағандарында осы журналдың 4 және 9-бағандарының басып шығарылған электрондық нұсқасының сәйкес ақпаратын желімдеуге рұқсат беріледі. Әрбір түзетуді енгізген тұлға түсіндіріп жазады.

95-тармақта санамаланған қағаз кіріс-шығыс құжаттар ұйымда үш жыл, электрондық – 5 жыл сақталады.

98. ЖМ қоймасына наряд-жолдамаға және наряд – жүк құжатына, ЖМ жіберілуіне қол қоюға рұқсаты бар тұлғалардың қол қою үлгілері ұсынылады. Қол қою үлгілерін мекеменің техникалық жетекшісі бекітеді. ЖМ құжаттары басқа адам қол қойған жағдайда рұқсат берілмейді.

99. ЖМ үлестіру камераларындағы реттік саны ЖМ қоймасы үшін белгіленгендерге сәйкес болады.

100. ЖМ базистік қоймасында жарылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті ЖМ жарғыштарға (шебер-жарғыштарға) беру және ЖМ қалдықтарын қабылдау операцияларын жүргізуге болады.

101. ЖМ алу үшін теміржол станциясына, кемежайға, басқа көлік пунктіне келгенде қабылдаушы адам сенімхатпен және қаруланған күзетпен жіберіледі.


3-параграф. ЖМ есепке алуды, сақталуын және бар-жоғын тексеру тәртібі

102. Қоймадағы жарылғыш матариалдардың дұрыс сақталуын, есебін және қоймада болуын ұйым басшысы тағайындаған адамдар ай сайын және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның мемлекеттік инспекторы кезең сайын тексереді.

103. Тексерілген кезде ашылмаған жәшіктерді, қаптарды, пакеттерді, қораптарды және контейнерлерді пломбасы бүтін болған кезде ашпауға болады.

104. Ашылған жәшіктердегі электр детонаторлар, капсюл-детонаторлар, пиротехникалық реле саны, басқада бастамашыл құралдар қойманың тамбурында, бөлек камерада немесе қойма сыртында тексеріледі. Бұл жағдайда өнімдерді осы Қағида талаптарына жауап беретін үстелге шығарылады.

105. Тексеру кезінде ЖМ кемдігі немесе артықтығы шыққанда, оқиғаға тергеу жүргізу үшін шұғыл түрде ұйым жетекшісіне хабарланады, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және ішкі істер бөліміне хабарланады.
4-параграф. ЖМ жұмыс орындарында сақтау тәртібі

106. Жұмыс орнына жеткізілген ЖМ, қалтада, кассеталарда немесе зауыттық қаптамада болады. Барлық жағдайда ЖЗ және бастамашыл құралдар бөлек сақталады.

107. Жұмыс орнындағы ЖМ, оқталған теспелерді, ұңғыларды күзетсіз қалдыруға рұқсат берілмейді. Қадағалау тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.

Жарылыс жұмыстары тұрғылықты жерлерде немесе ғимараттың ішінде (құрылыс) жүргізілгенде, ЖМ бөлек күзетілетін бөлмеде орналасады.

108. ЖМ жер астындағы қазбалардағы учаскелік пунктерде, құлыпталған қораптарда немесе контейнерлерде (сейфтерде) орналастырылған жағдайда, тұрақты бақылаусыз (күзетсіз) сақталу орындарында жайғастыруға рұқсат беріледі.

109. ЖМ жұмыс орындарындағы қауіпті аймақтан тыс және ауысымдық қажеттілікте қауіпті аймақ аумағындағы жерлерде оқтар алдында, жаппай жарылыс жүргізілетін қауіпті аймақтағы оқтауға дайындалған, күзетші бақылауындағы бастамашыл құралсыз және соққышсыз ЖЗ қоспағанда, екі тәуліктік тұтыну мөлшерінде сақтауға болады.

110. ЖЗ оқталатын көлікте (жылжымалы оқтау шеберханасы және перфораторлық зерттеу бекетінен бөлек) тәуліктен артық сақталуға рұқсат берілмейді.

111. Шахта оқпанында, ұңғыма аузында (тоннельдерде) тереңдету кезінде ауысымға керекті ЖМ мөлшерін, шахта оқпанынан немесе аузынан ұңғыма (тоннель), ғимараттан және жер бетіндегі құрылыстардан ара қашықтығы 50 метрден жақын болмайтын күркеде немесе бастырмаларда сақтауға рұқсат беріледі.


5. Жарылыс жұмыстарын жүргізу және ЖМ сақтау кезінде қауіпсіз қашықтықтарды анықтау тәртібі

112. Жарылыс жұмыстары өндірісі кезінде адамдарға арналған қауіпсіз қашықтық жобамен немесе паспортпен белгіленеді.

Қауіпсіз қашықтық әр түрлі зақымдау факторларының ең жоғарғысына сәйкес қабылданады.

113. Жарылыс жұмыстары кезінде ғимараттар мен құрылыстардың бүлінбеуіне, қалыпты жағдайда жұмыс жасауына, сейсмикалық кері әсерін болдырмауға ЖЗ қажетті мөлшері қабылданады.

114. Жер бетінде бірнеше ЖМ нысандары (қойма, ашық алаңдар, ЖЗ дайындау және жасау пункті) орналасқанда, олардың арасында нысандардағы ЖМ жару кезіндегі детонациялық қозғалыстың берілмеуін қамтамасыз ететін ара қашықтық сақталады. Қауіпсіз ара-қашықтық осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес анықталады.

115. Адамдарды, ғимараттарды, құрылыстарды талқандау және бұзу әсері бар ауа толқынынан қорғау үшін жарылу қаупі бар жерлерді (ЖМ сақтау), қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтық, қауіпті аймақтар осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Бұл ретте қауіпсіз қашықтықты жарылыс орындарына, ЖМ қоймасына, ЖЗ сақтау алаңына, бастамашыл құралдар және ату жару аппараттары орнына, ЖМ құралдарының тиеп-түсіру, тоқтау орындарына және басқа осындай нысандарға сәйкес анықтайды.

116. Ашық жерлердегі жарылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіз қашықтық осы Қағиданың 2-қосымшасындағы жарылыс жұмыстарының түрлері мен әдістері кестесінде көрсетілген шамадан кем болмай қабылданады.
6. ЖЗ кептіру, ұсақтау, елеу, қабықшасын

жарылғыш заттармен толтыру және еріту тәртібі

117. ЖЗ кептіру, ұсақтау, елеу, сыртқы қабықшасын ЖЗ толтыру және еріту жұмыстарын осы мақсаттарға жобалап салынған ғимараттарда, ЖМ қоймасының аумағында немесе сыртында орналасқан, оның ішінде ЖМ дайындау ғимаратында немесе бастырмасы бар ашық алаңда жүргізуге болады. Көрсетілген операциялар жасалған кезде ЖМ дайындау ғимаратында бір мезгілде 3 тоннадан артық ЖЗ болмайды.

118. Кептіру, ұсақтау, ЖЗ елеу және ашық ауада сыртын толтырылуы ауа райы құрғақ кезінде жүргізіледі.

119. ЖЗ патронды ылғалдылығы 1,5 пайыз (бұдан әрі – %) дейін аммиак селитралы негізде кептіруге зауыттық қабықшасында рұқсат беріледі. Ылғалдылығы 1,5 % асқанда оларды жайып кептіреді. Ауа температурасы ЖЗ кептіру үшін бөлмелердің ішінде Цельсийдін 50 градусынан (бұдан әрі – 0С) жоғары болмайды. Түтінді күкіртті кептірген кезде температурасы 40 0С жоғары болмайды.

Бөлмедегі үстел және сөрелер үстінде орналастырылған ЖЗ қыздырып кептіргенде, қыздыру беті мен қыздырғыш ара қашықтығы 1 метрден кем болмайды.

120. Өнеркәсіптік ЖЗ кептірген кезде жылу тасымалдағышы (ауа) 60 0С температурадан жоғары емес ауа кептіргіштерін (шкафтар, камералар) пайдалануға рұқсат беріледі.

ЖЗ, сенсибилизирленген тротил және сенсибилизирленген нитроэфирі бар ЖЗ үшін температура - 30 0С.

Калориферлі ауа үрлегішті оқшауланған жеке бөлмеде немесе жалғастыра салынған жерлерге орналастырады.

121. Гексоген және нитроэфирлерді ЖЗ ұсақтауға рұқсат берілмейді.

122. Жер үстілік қоймаларда зауыттық қаптамадағы ЖЗ еріту орындарындағы ауа температурасы 30 0С немесе ЖЗ жер асты ЖМ қоймаларында ерітеді. Еруді бақылау үшін әрбір партияның түскен уақыты және шығысы жазулары жүргізіледі.


7. ЖМ жою тәртібі

123. ЖМ, оның ішінде нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына жауап бермейтіндерді жою технологиялық регламентке сәйкес ұйымның техникалық жетекшісінің жазбаша өкімі бойынша жару, өртеу немесе суда еріту түрінде жүргізіледі.

Әрбір жойылған ЖМ саны және жойылған ЖМ атауы, себебі және жою түрі көрсетілген акт жасалады. Акт екі данада жасалады, актінің бір данасы ЖМ қоймасында сақталады, екіншісі ұйымның бухгалтериясына жіберіледі.

124. ЖМ жоятын орын жобаға сәйкес жабдықталады.

125. ЖМ жою кезінде:

1) ЖМ алаңдарда қысқа мерзімде (тәуліктің жарық кезінде) сақтауға;

2) ЖМ жабдықталған автомобильдерде сақтауға рұқсат беріледі.

126. Жарумен жою сапалы ЖМ көмегімен жүргізіледі: патрондалған ЖЗ бумамен жойылады, ал детонаторлар, детонациялық сымдар және пиротехникалық релелер кез келген қаптамада жерге көміліп немесе жарылмаған өнімдерінің шашылуын болдырмайтын басқа тәсілдер арқылы жойылады.

127. Жару арқылы бір қабылдауда жойылатын ЖМ саны мен жою орны полигонның жобалау құжаттамасында анықталады. Бұл ретте бір мезгілде жарылатын сыртқы зарядтардың шамасы 20 кг аспайды.

128. Ұнтақ тәріздес және ұсақ түйіршік ЖЗ қалыңдығы кемінде 200 миллиметр (бұдан әрі – мм) тегіс қабатты ұсақ жыныстармен жойылады.

129. ЖЗ мен бастамашыл құралдар бір мезгілде жоюға болмайды.

130. Жарылуға берілмейтін ЖМ өртеу арқылы жойылады. Детонаторларды және олары бар өнімдерді өртеу арқылы жоюға рұқсат берілмейді.

ЖМ өртегенде қауіпсіз қашықтықтар, тиісті мөлшердегі ЖЗ жарғандағыға сәйкес есептеледі.

131. ЖМ өртеу ауа райы құрғақ кезде бекітілген пайдалану ережесіне сәйкес жүргізіледі.

132. ЖЗ (от өткізгіш және детонациялық сымдар) өртелінеді, бір ретте 20 кг артық өртеуге рұқсат берілмейді. Күкіртті өртеген кезде олар соқпақпен ені 30 сантиметрден (бұдан әрі – см) аспайтын, 10 см қалыңдық қабатымен және арасы 5 метрден кем болмайтындай етіп төгіледі. Бір уақытта өртеген кезде күкірттік соқпақ үшеуден аспайды.

ЖЗ патрондары өртелген кезде бір-біріне тимес үшін бір қатар болып төселеді.

133. ЖМ олардың ыдысында өртеуге рұқсат берілмейді. ЖЗ өртер алдында ішінде бастамашыл құралдар болмағанына көз жеткізіледі. Бұдан пайдаланылмайтын жәшіктер, қораптар, қағаздар, қаптар және тағы басқалардың іші ЖЗ мен бастамашыл құралдар тазартылып олардан бөлек өртеледі.

134. ЖМ бар отты тұтандыру үшін жел жақ бетінен өт өткізгіш шнур жүргізіледі немесе оңай тұтанатын материалдан ұзындығы 5 метр кем емес соқпақ жасалады. Тұтандырғаннан кейін жарғыш тез арада қауіпті аймақтың сыртына немесе қорғаныш панасына жасырынады.

Тұтандыру дайындық жұмыстарынан және адамдарды қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін ғана жүргізіледі.

135. ЖМ өртеген кезде тағы да жанармай құймау үшін отты қатты жағады. ЖМ бар от толық жанып болғанша, өртеген орынды тексеруге рұқсат берілмейді.

136. Суға шыдамды емес аммиакті селитра негізіндегі ЖЗ және түтінді күкіртті суда ертуге рұқсат беріледі.

Ерітуді бөшкеде және басқа ұқсас ыдыстарда жүргізуге рұқсат беріледі.

Ерітілмеген тұнбаны жинап өртеу арқылы жойылады.

137. Аммиакті селитра негізіндегі аммиакті селитра мен ЖЗ металл ыдыстарда, құрамында мыс, мырыш, кадмий бар ыдыстарда ерітуге рұқсат берілмейді.

138. ЖМ жойылғаннан кейін қажетті операцияны орындаған қызметкер, оның ішінде жұмыс жетекшісі, ЖЗ өнімдерінің толық жойылғанына көзін жеткізеді.
8. Жару тәсілдері

1-параграф. Электр детонаторларды пайдалана отырып жару тәртібі

139. Барлық электр детонаторларды жіберу алдында ЖМ қоймалары бөлмелерінде немесе ашық жердегі бастырмалар астында технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі.

Электр детонаторларды тексеру, жарылыс болған жағдайда адам жарақатын болдырмауға көмектесетін қалқан немесе арнайы құрылғы артына, арнайы темір құбырға орналастырылады. Электр детонатор өткізгіштерінің кедергісі тексерілгеннен кейін олар қысқа тұйықталады және жарылыс жүйесіне қосылғанға дейін осы қалыпта қалады. Осы операцияны орындау кезінде тексерушінің жұмыс орнындағы үстел үстінде электр детонатор саны 100 аспайды.

140. Төмен, жоғары немесе адасқан қарсыласу табылған кезде электрдетонаторлардың барлық партиясы жарамсыз деп танылып дайындаушыға жарамды ету үшін қайтарылады.

141. Электрлік жарылғыш жүйелерінде бүлінбеген айырма және сенімді жалғама болады.

Өткізгіштердің шеті және кабельдер мұқият тазаланады, тығыз қосылады, жалғағыштар арнайы қыстырғыштың немесе басқа құралдардың көмегімен ажыратылады.

142. Қысқыштарды электр детонаторлармен бірге дайындаушы жеткізеді.

Газ немесе шаң қауіпті шахталардағы электр детонаторлар және электрлік жарылыс жүйесінің жалғамалары тек контактілі қысқыштар арқылы жалғанады.

143. Электрлік жарылғыш жүйесі екі өткізгіштік. Суды, жерді, құбырларды, рельстерді, арқандарды және тағы басқа өткізгіш ретінде пайдалануға рұқсат берілмейді. Оқтар алдына жарғыш жарылғыш магистралды, қосылғыш өткізгіштерді қарап жүйенің жарамдылығына көз жеткізеді.

144. Жарылу желісінің сымдарын басқа мақсаттарға пайдалануға, жарылғыш магистралдар мен басқа мақсаттарға арналған кабель сымдарымен бірге қосуға рұқсат берілмейді.

145. Электр жарылғышта ертеде дайындалған электр детонатор шынжырларын пайдалаунға рұқсат берілмейді.

146. Газ бен шаң қауіпті шахталарда (кеніштерде) мыс сымы бар электрлік детанаторлар ғана пайдаланады. Осы талаптар электрлік жарылу жүйесіндегі жалғамалар мен магистралды өткізгіштерге де (кабелдерге) таралады.

147. Электрлі жарылу жүйесі бағытындағы тоқ көздерін немесе қуатқа тоқты қосу құрылғысын жөндеуге болмайды.

148. Жарылыс жүйесін орнатып, қараған соң оның өткізгіштігі тексеріледі.

Тұрақты жарылыс магистралы жарылыс орнынан 100 метрден артық емес қашықтықта қалып қояды.

149. Ұңғымалық және камералық зарядтарды жару алдында барлық электрлі жарылыс жүйесінің ортақ кедергілері есептеледі, кейін қауіпсіз қашықтықтан электр өлшегіш аспаптармен өлшенеді. Өлшенген және есептік бірліктері алшақтығы 10 % артық болғанда, электрлі жарылыс жүйесінің есептік кедергісінен ауытқулары түзетіледі.

Электрлі жарылыс жүйесінің кедергісін өлшеу мүмкін болмағанда, жарылыс жұмыстарын басқарушы – қадағалаушы тұлғаның рұқсатымен, жалғаманың барлығына көз жеткізумен жарылыс жүргізуге болады.

150. Жарылыс жасаушы қуат көзі қауіпсіз жерден беріледі. Жарғыш құрылғы магистралды электрлік жарылу жүйесінің өткізгіштерінің қосуға арналған клеммамен жабдықталған.

Электрлік жарылу жүйесінің өткізгіштерін жарғыш құрылғымен қосу жарғыш қалқаны ішінде жүргізіледі.

Бірігіп жару жұмыстарында қуат көзінің берілуі жетекшінің белгісімен жүргізіледі.

151. Электрлік жарылу жүйесінің жөнделген бөлігінің ұштары келесі электрлік жарылу жүйесінің өткізгіштеріне қосылуға дейін өзара қысқа мерзімге тұйықталады.

Электрлік жарылу жүйесінің жөнделген бөлігінің ұштарын келесі өткізгіштері өзара тұйықталғанша жүргізуге болмайды.

Магистралды электрлік жарылу жүйесінің өткізгіш ұштары жаруға заряд беру аспаптарының немесе құрылғыларының қосқыштарына қосылғанға дейін өзара тұйықталады.

Қосалқы электр детонаторлар қолдану кезінде негізгі және қосалқы электрлік детанатор өткізгіштерінің ауысып кетпеуі үшін оларды бөлек орап қояды, жарылыс соңынан кейін бөлек бумаларға орайды. Жалпылама жару кезінде негізгі және қосалқы элетрлік жару жүйесі өткізгіштері таңбаланады.

152. Электрлік жару жүйесін орнату аумағындағы барлық электрлі қондырғылардан, кабельдерден, контактілік, ауа өткізгіштерінен және басқа электр қуаты көздерінен (сонымен қоса қауіпті электрмагниттік сәуле көздерінен), электрлік жарылыс желілерінің монтаждау орнынан кемінде 200 метр қашықтықта ажыратылады.

Жер асты жағдайындағы жару жүйесі аумағына жару жүйесі орнатылып жатқан қазбалар да қосылады.

Жер бетіндегі жару жүйесі аумағына, электр ток өткізгіш биіктігіне қарамастан, жару жүйесі сұлбасынан 50 метр, ұңғымаларда ату-жару жұмыстарында 10 метрден артық шектелу контур жатады.

Қажетті жағдайларда техникалық басшы бекіткен, адасқан токтардан қорғау шаралары қолданылады (қорғанышы бар электр детонаторлар қолдану, өткізгіштердің қайта пайдалануын болдырмау, арнайы қысқыштарды міндетті түрде қолдану, өткізгіштердің байлануын болдырмау).

Жер асты жағдайында электрлік жару жүйесін орнату кезінде адасқан токтардан қорғау шараларын қолданып, электрлік жару жүйесін орнату аумағындағы жергілікті желдеткіштерді, заряды 42 вольттан аспайтын шамдарды ажыратпауға болады.

153. Жару магистралдары өндірулерде электр кабельдерін орналастыру жағына қарама-қарсы жаққа төселеді. Бұл қағиданы орындау мүмкін болмаған жағдайда магистраль электр желілерінен 0,3 метрден жақын емес қашықтықта төселеді.

154. Жару құрылғылары оларға бөгде адам кірмейтін орындарда сақталады.

155. Электрлік жарылысты негізгі немесе жарық көздері арқылы жаруға, арнайы қондырғы болмаған жағдайда рұқсат берілмейді.

156. Электр детонаторларды қолданып жарылыс жүргізгенде, жарғыштың қорғаныш артынан электрлік жару жүйесін ток көзінен ажыратып және өзара тұйықтап, 5 минут уақыт өткеннен соң шығуына болады.

157. Егер заряд бергенде жарылыс болмаса, жарғыш электрлік жару жүйесінен жару аспабын (ток көзін) ажыратып, өзара тұйықтап, жару аспабы (жару аспабы орналасқан қораптың) кілтін алып және осыдан соң жарылмау себебін анықтайды. Қолданылатын электр детонаторлардың түріне қарамастан, 10 минут уақыттан ерте қорғаныш артынан шығуға болмайды.

158. Жару құрылғыларын жарғышқа берер алдында пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес ток импульсінің дамуына, газ және шаң жарылуға қауіпті шахталарда – ток импульсі ұзақтығына тексеріледі.

159. Көмір, тақта тас шахталарында, геологиялық барлау, газы және шаңы жарылу қаупі бар нысандарында, тұрақты жару пункттерінің жару құрылғыларын орнату орындарында он бес күнде бір реттен кем емес уақытта тексеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет