2014 жылғы 30 желтоқсан №343 Астана қаласы Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»


-параграф. Мұзды жару және су асты



бет7/13
Дата17.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#141528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

8-параграф. Мұзды жару және су асты

жарылыс жұмыстарының тәртібі

517. Мұз жарылысын тікелей жетекшілік ететін бақылаушы адам жүргізеді.

518. Қайықта жұмыс істеушілер құтқару кеудешесімен немесе сақтандыру белдіктермен қамтамасыз етіледі.

519. Өзеннің ортасынан жағасына дейін тік жардан жайпақ жағаға дейін ағындарға заряд кері қарай жарылады.

520. Жалғыз жарғыш мұзды майдалағанда бір ретте 12 жандырудан астам жандырылатын түтік жүргізуге рұқсат беріледі.

521. Зарядтарды жылжымалы мұзға тастау қалыңдатылған учаскелерге анжыр немесе кептелулері жағасынан не болмаса тікелей қорғаныш құралдарынан ерекше жағдайларда рұқсат беріледі. Бұл жұмыстарды мұз жарылыс жұмыстарында екі ауысымнан кем емес практикалық тәжірибесі бар жарғыш жасайды. Зарядтарды біртіндеп тастайды.

522. Лақтырылатын зарядтар от өткізгіш байламдардың ұзындығы (жандырғыш түтік) 15 см кем және 25 см артық болмайды.

523. Су асты зарядымен мұз жамылғысын жарғанда оларды ойыққа (шұңқыр) жіппен және тағы басқа заттармен мұқият қатайту арқылы түсіреді.

Зарядтарды ерітіп ашылған ойдым жерден және шайған шұңқырдан, мұздың үстінен түсіруге рұқсат берілмейді.

Зарядтарды суға түсірер алдында ойықтың (шұңқыр) көлемі тексеріледі.

524. Мұз жарылысында кемеден жарылыс заттарын берілуге тек қана жарылыс жұмыстарының жетекшісінің мәлімдемесімен және кеме капитанының жазбаша өкімімен беріледі.

525. Су асты жарылыс жұмыстарын жүргізгенде бригаданың құрамы жарылыс жұмыстарының жобасында анықталады. Зарядтардың салынуын тек қана жарғыш жүргізеді.

526. Егер зарядтың жалпы салмағы 40 кг асқан жағдайда жарылыс жұмыстарына арналып жабдықталған өзі жүретін жүзу құралдары қолданылады.

527. Жалынды жарылыс кезіндегі жалпы жарулар саны реттік жарғанда бесеуден артық болмайды.

528. Электрлік жарылыс жүйесінің ағыс күшінен жұлынуынан қорғау үшін зарядтарды өзара қабылдаушы және созылу күшін қабылдайтын құралдармен жалғайды.

529. Зарядтарды орналастырған жарғыш жарады.

530. Электр жарылыс жүйесінің дұрыстығын тексеріп, магистралдық өткізгіштерге зарядтарды өзара құралдармен тоқ көзіне қосылуы, су астындағы орналасқан қуаттарды жаруын, жүзу құралы жарылыс жерден алып кеткенде жобамен белгіленген қашықтықта, тек 100 метрден кем емес жерде ғана жүргізіледі.

531. Зарядтың құрылымы су астына батуында түбіне еркін түсуін қамтамасыз етеді.

Әрбір түсірген зарядқа кемеден (қайық) және орындардан жарылыс құралы көрінетіндей буй қыстырылады.

532. Зарядтар жарғыштың немесе арнайы белгіленген бақылаушы адамның бұйрығымен суға түсіріледі.

533. Салмағы 50 кг дейін зарядтармен жарғанда сүңгуірдің және басқа адамдардың 1000 метрден жақын радиусында суда болуына рұқсат берілмейді, ал 50 кг астам зарядтарда 2000 метрден кем болмайды.

Өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізген жағдайда қоршап алу және жоғарыға деген белгі өзеннің ағысымен арақашықтығы 500 метрден кем емес қауіпті жердің шекарасынан қойылады.

534. Тұманда және қараңғы уақытта және су толқыны 3 баллдан астам немесе жел жылдамдылығы 12 м/с астам болғанда жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді.
18. Металл бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізудің тәртібі

1-параграф. Металл бойынша жарылыс жұмыстарын

жүргізудің жалпы тәртібі

535. Металл бойынша жарылыс жұмыстары осы Қағидаларға және жарылыс зарядын пайдаланумен металл өңдеу нұсқаулығы кезінде технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

536. Металл өндеу жүргізетін бөлмелердің және алаңдардың құрылымы, зарядтың көп жарылыс мөлшеріне есептеледі.

537. Технологиялық жабдықталған зарядтар құрастырылған көтеру құралдары бір-бірімен байланыссыз әрекет ететін екі тежегішпен құрастырылып және автоматикалық тоқтату қосқыштарымен жабдықталады.


2-параграф. Металл және металл құрылымдарын бөлшектеу тәртібі

538. Әрбір бронешұңқырдың екі шеттен шығатын жері бар. Бронешұңқыр қақпағының және оның құрылғысының салмағы, жылжуының немесе жарылыс кезіндегі қақпақ бұзылуын болдырмайды. Бронешұңқырды пайдалануға қолданар алдында жөндеу немесе брондалған тақтаның бөліктерін қақпақ немесе қабырғаны ауыстыру үш есе заряд жарылысымен, екі есе (ең қолдануына қарсы) заряд салмағын бронешұңқыр мықтылығына тексереді.

539. 80 0С астам температуралы теспелерді оқтауға рұқсат берілмейді.

540. Тексеру, тасымалдау, сақталу және металл сынығының қауіпті жарылысын жою технологиялық регламент талабына сәйкес жүргізіледі.


3-параграф. Ыстық сілемдерді бөлшектеу тәртібі

541. Ыстық сілемдерді бөлшектеу технологиялық регламентпен келісіп жасалады.

542. Ыстық сілемдерде жару үшін тек Д тобының (түтіндігі күкірттен басқа) сәйкес ЖЗ қолдануға рұқсат беріледі. Электр жарылыс түріне рұқсат берілмейді.

543. 800 С температураға дейінгі теспедегі (ұңғыма, тармақта) термоизоляциялық қаптамасыз оқталуға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда соққыш қосымша пергамент, крафт-целлюлоза немесе қаптама қағазына оралады.

Соққыштың орамының мықтылығына тексеру жоғалатын түтік теспеге орнатылу арқылы жүргізіледі. Егер детонатор 5 минуттан бұрын жарылса, орама көлемі ұлғаяды.

544. 800С астам температурада барлық зарядты жалпы термоизоляциялық қаптамаға салынады. Жарылыс жандыру түтік арқылы ұзындығы 60 см кем от өткізгіш сыммен капсюль-детонатор ауыздығымен бірге бірыңғай бөлектенетін қаптама орналасып жүргізіледі. Домалақтау және орау от өткізгіш сымды бөлектеген қаптама патрон-соққы және жалпы қаптамада рұқсат берілмейді.

Ұңғымада зарядты зарядтау және жару 200 0С жоғары температурада жүргізуге рұқсат берілмейді.

545. Ыстық сілемдерде 80 0С жоғары температурада сыртқы зарядтарды пайдалануға рұқсат берілмейді.

546. 80 0С төмен теспедегі температурада оқтауға және жаруға бес зарядтардан артық емес қатар жаруға, ал 80 0С жоғары температурада біреуден артық жаруға рұқсат беріледі.

547. Барлық жағдайда оқтау және тығын екі жарғышпен, қадағалау тұлғасы, жарылыс жұмыстарының жетекшісінің қатысуымен жүргізіледі.

Егер 4 минут ішінде жарғыштар барлық теспелерді оқтап бітірмесе, бақылаушы адам жарылыс жұмыстарының басшысы дереу оқтауды тоқтауға және адамдарды қауіпсіз жерге алып кетуге бұйрық береді.
19. Ғимараттарды, құрылыстарды, фабрикалық құбырларды, іргетастарды құлату бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

548. Жарылыс жұмыстарының паспортында, басқа да сұрақтардың шешілуімен бірге құлату объектінің құлау бағыттары көрсетіледі және толық құлатылмаған жағдайдағы іс шаралар қарастырылады.

549. Құлату нысандарындағы сілемдегі ашылған кеңістіктері бар теспелерді (ұңғыма) оқтауға рұқсат берілмейді.

550. Бірінші белгіні зарядқа электр детонаторлы соққышты салар алдында, ал детонациялық байлам арқылы жару кезінде жарылыс жүйесін құрар алдында беруге рұқсат беріледі.

«Тоқтатылу» белгісі тек жарылыс жүргізуіне жауапты бақылаушы адам жарғышпен бірге жарылыс орнын қарағаннан кейін береді.

551. Қысымды қазандардың, құбыр өткізгіштер және басқа да нысандар қауіпті аймақта орналасқанда осы нысандарды пайдалану мекемесімен келісіліп шектік аймақтары шегеріледі.


20. Томарларды түбімен жұлу, орманды құлату, орман өрттеріне қарсы күрес, қатып қалған ағаштар мен баланстарды қопсыту, сал ағызуды жою кезінде жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

552. Тамыр жұлудағы бөлек жұмыс жасаушы жарғыштар немесе жарғыштар бригадасы бір-біріне 500 метрден жақын емес жерде орналасады және өздеріне көрші жұмыс істеп жатқандардың орналасқан жерін және қозғалу бағытын дәл анықтайды.

Бір ұйым құрамына кіретін тамыр жұлу жұмыстарындағы бөлек жарғыштар мен жарғыштар бригадалары ара қашықтығы, егер олардың қозғалу бағыттары бір жаққа бағытталса және жандыру түтікшесін тұтатқанда қорғанышқа баратын анық келіскенде бір-бірінен 300 метр қашықтықта орналасуына болады.

553. Жарылысқа дайындалған зарядтармен түбірді қазуға (түрткілеуге) болмайды.

554. Жарылыс жұмыстары арқылы тамыр қазғанда немесе жалынды тәсілмен бірнеше жарғыш ағаш құлатқанда, жарылыс жұмыстары басталар алдында аға жарғыш қалған жарғыштардың әрқайсысына қозғалу бағытын көрсетеді.

555. Тамырды жұлғанда және ағаштарды құлатқанда бақылау түтігі барлық жағдайда жандыру түтігінен тегіс алаңда жұмыс істегенде кемінде 85 см және қопалар мен қиылысқан жерлердегі жұмыс кезінде кемінде 1 метр қысқа болады.

556. Қатып қалған ағаштарды, аршылған ағаштарды тағы сол сияқты босату үшін жарылыс жүргізгенде тек сақтандырғыш ЖЗ ғана пайдаланылады. Сонымен қатар төмендегі жағдайлар орындалады:

1) бастамалау құралы ретінде электр детонаторлар қолданылады;

2) жарғыштардың ағаштармен жүргендегі қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі (жиналған ағаштардың және үйінділер арасында ажыратпа орнатқанда);

3) оқтау алдында керекті өртке қарсы шаралар жүргізгенде.

557. Орман ағаштарының сал ағысындағы кедергілерді жою тәртібі, жарылыс жұмыстарының тікелей жетекшісімен орнатылады.

558. Орман өрттеріне қарсы жарылыс жұмыстары, аумақтық өкілетті органмен келісілген, орман өрттерінен күресудегі жарылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу шараларына сәйкес жүргізіледі.

Орман өрттерін жою кезінде, бастамашы құралдар арнайы контейнерлерге қапталған, осы жағдайларға арналған және өртті жоюы жүзеге асыратын ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен қауіпсіздік шараларын сақтап ЖЗ және бастамашы құралдар ұшақтан лақтыруға болады.

559. Шымтезектегі (жер асты) өртті сөндіргендегі жарылыс жұмыстарын өрт шетінен 10 метрден жақын емес жерден жүргізеді.


21. Қатып қалған кендер мен кен қойыртпаларын,

тақта тастарды, көмірлерді, металл жоңқаларын қопсыту кезінде жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

560. Қатып қалған кен және кен құрамдарын, тақтастарды, көмірді, металл жоңқаларын және тағы сол сияқты қопсытуға сұйық нитроэфир құрамды ЖЗ қолдануға болмайды.

Темір жоңқаларды қопсытқанда электр жарылыс жұмыстар арқылы қопсытуға рұқсат берілмейді.

Минералды тыңайтқыштарды қопсытқанда аммиакты селитра негізінде қопсытуға рұқсат берілмейді.

561. Ас тұзын қопсыту үшін қағаз гильзадағы капсюль-детонаторды пайдаланып жарылу жұмыстарын жүргізуге болады.
22. Магистральдық құбыр жолдарды өткізгіштердің қорғау аймақтарында жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

562. Ашық немесе жабық (көмілген) магистралды құбыр өткізгіштердің қорғау аймақтарындағы жарылыс жұмыстары осы құбыр өткізгішті пайдаланушы ұйымның жазбаша түрдегі келісімі болғанда жүргізіледі. Осы жұмыстарды жүргізуге келісім алу үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуші құбыр өткізгішті пайдаланушы ұйымға жарылыс жұмыстарының паспортын келісуге ұсынады.

Паспорттың техникалық шешімдерінде құбыр өткізгіш, құрылғылар (айдау бекеттері және тағы сол сияқты) сақталуы және құбыр өткізгішті пайдаланушы ұйым орнатқан басқа шарттардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
3-бөлім. ЖМ қоймасының құрылысы және оны пайдалану тәртібі

23. Жалпы ережелер

563. ЖМ қоймасы – орнатылған тәртіппен рәсімделген жер телімінің ортақ аймағында орналасқан өндірістік және қосымша мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс кешендері, ал жер асты қоймалары – ЖМ сақтайтын ұяшықтар мен камералар және қоймаға тартылған қазбалары бар қосымша камералар. Жылжымалы ЖМ қоймасы, ол «фургон» түріндегі жабық қорапты, қойма меңгерушісі (үлестіруші) отыруға жабдықталған орны бар, ЖЗ, ату және жару аппаттары, сонымен қоса бастамалау құралдары орналасатын көлік құралы.

Барлық қоймалар және ЖМ сақтау орындары осы Қағидаларға сәйкес белгіленген жобалар бойынша жарақталады.

564. Жер үстінде орналасқан орны бойынша ЖМ қоймасы жер бетінде, жартылай тереңдетілікке, тереңдікке және жер астылық болып бөлінеді.

Жер бетіндегі қоймаларға, сақтауыштың негізі жер беті деңгейінде орналасқан қоймалар, жартылый тереңдетілген-жер қабатына карнизге дейін тереңдетілген сақтауыш қоймалар, тереңдетілген-жер қабаты сақтауыш ғимараты үстінен 15 метрге дейін биік болғандағы қоймалар, жер астылық жер қабатының сақтауыш ғимараты үстінен 15 метрден артық биіктікте болғандағы қоймалар жатады.

565. Пайдалану мерзіміне сәйкес қоймалар ЖМ кіргізген уақыттан бастап есептегенде тұрақтылар – үш жыл және одан көп, уақытша – үш жылға дейінгі, қысқа мерзімдік - бір жылға дейінгі болып бөлінеді.

Аттестацияланған ұйымның келісімі бойынша қысқа мерзімді қоймалардың пайдалану мерзімін бір жылға дейін созуға болады.

566. Мақсатына сәйкес ЖМ қоймасы базистік және шығыстық болып бөлінеді.

Сақтау кезінде ЖЗ жарылыс құралдармен (бастамалашы) және керісінше, жарылыс жылу коэффициентін есептеп, толық үйлесімділігіне сәйкес ЖМ бір-бірімен ауыстыруға болады.

567. ЖМ базистік қоймалардың жалпы сыйымдылығы шектелмейді және бөлек сақтағыштағы ЖМ салмағы 420 тоннадан артық болмайтынына байланысты орнатылады.

568. Жер бетінде және жартылай тереңдетілген шығыстық қоймасының жалпы сыйымдылығы барлық сақтағыштарға:

1) тұрақты шығыс қоймасында ЖЗ – 240 тоннадан, детонаторлар – 300 мың данадан, детонациялық сым – 400 мың метрден артық емес, от өткізгіш сым мен оны жағу құралдары шектелмейді.

ЖМ мезгілмен пайдаланатын мекемелер ЖМ контейнерлерде немесе сақтағыштарда сақтағанда тұрақты шығыс қоймаларының жалпы сыйымдылығы – шектелмейді;

2) уақытша ЖМ қоймасында: ЖЗ – 120 тоннадан, детонатор – 150 мың данадан, детонациялық сым – 200 мың метрден артық болмайды, от өткізгіш сым мен оны жағу құралдары шектелмейді;

3) қысқа мерзімді шығыстық ЖМ қоймасында: ЖЗ – жоба бойынша, детонатор – 75 мың данадан және детонациялық сым – 100 мың метрден көп болмайды, от өткізгіш сым оны жағу құралдары шектелмейді.

569. Тұрақты шығыстық жарылғыш материал қоймасының әрбір ЖЗ сақтағыштарының шектелуін сыйымдылығы 120 тоннадан, уақытша – 60 тоннадан артық болмайды, ал қысқы мерзімде – жоба бойынша.

570. ЖМ бар контейнерлерде тек арнайы алаңдарда сақтауға болады. ЖМ контейнерлердің алаңдары ЖМ қоймасы аумағында салынады және контейнерлік алаңдары бар дербес қойма болып салынады. Контейнерлік алаңдар сыйымдылығы ЖМ қойма сақтағышына бекітілген сыйымдылығындай болады.

571. Жер асты (тереңдетілген) шығыс қоймасының жалпы сыйымдылығы және бөлек камералар (ұяшықтар) сыйымдылығы жобамен анықталады. Сонымен қоса көмір және қатпар тас шахталарындағы қойма сыйымдылығы, үлестіру камералары сыйымдылығын есептелмегенде ЖЗ қоры жеті тәуліктен, бастамашы құралдардың қоры он бес тәуліктен аспайды.

Камералық қоймадағы камера сыйымдылығы 2 тонна ЖЗ, ал ұяшықты қоймадағы ұяшық сыйымдылығы 400 кг ЖЗ артық болмайды.

Жер асты қазбаларындағы бөлек тарату камерасының шектік сыйымдылығы 2 тонна ЖЗ және осыған сәйкес мөлшердегі бастамашы құралдар, ал бөлек учаскелік сақтау талабына – 1 тонна ЖЗ және осыған сәйкес мөлшердегі бастамалау құралдары.

572. Ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда, оқу орындарында ЖМ сейфтерде сақтауға рұқсат беріледі (әр сейфте 10 кг артық емес немесе 500 детонатор және 300 метр детонациялық және от өткізгіш сым). Бір бөлмедегі әр басқа сейфтерде ЖМ сақтауға болады. Сейфтер детонация берілмейтін ара қашықтықта орналастырылады.

573. Кәсіпорындарда ЖМ сынау және жою жағдайлары жасалады. Бұл мақсатта жобамен полигондар және зертханалар қаралады.

574. Базистік қоймадағы ЖМ жарғыштарға беру операциясын орындағанда және олардан пайдаланылмаған ЖЗ, бастамашы құралдар және ату жару аппараттары қоймаға кірер алдындағы осы мақсаттарға орнатылған ғимараттар, бірақ ЖМ сақтағышына 20 метрден жақын емес, жанбайтын материалдармен салынады. Олар ЖЗ және бастамашы құралдарды сақтайтын екі бөлікке бөлінеді. Тұтас жанбайтын қыштан немесе 25 см кем емес бетон қабырғалардан салынады. ЖЗ және бастамашы құралдарды қабылдау-жіберуге арналған екі тамбурмен жабдықталады.

Төмендегі жағдайлардың орындалуын қамтамасыз етеді:

1) көрсетілген ғимараттағы барлық түрдегі ЖЗ жалпы көлемі 3 мың кг артық емес, сонымен қоса детонатор саны 10 мың данадан көп емес;

2) детонаторлары бар жәшік сақтағыштың сыртқы қабырғасындағы сөрелерге орналастырылады.

575. Тұрақты және уақытша шығыс қоймаларындағы жарылыс материалдар ыдысын ашу және жарғыштарға беру, олардан пайдаланылмаған ЖЗ, бастамашы құралдар және ату жару аппараттарын қабылдауды бөлек ғимараттарда немесе сақтағыш тамбурларда немесе ЖМ дайындау ғимараттарында жүргізіледі. Сонымен қоса детонатор беруге березентпен, киізбен немесе қалыңдығы 3 мм кем емес резина мен қапталған үстел қойылады, детонациялық және от өткізгіш сым кесетін үстел қойылады. Электр детонаторларға статистикалық электр қуатының қауіпті әсерін жою үшін үстел тұйықтандырылады.

ЖМ базистік қоймада жіберу-қабылдау жүргізген жағдайда детонациялық байлам соққы жасау (дайындау) бөлек ғимаратта жүргізіледі.

576. ЖМ қоймасының сақтағыштарының едені тегіс және тесіктерсіз болады, ал қабырғалары әктеліп, сырланады.

ЖМ кез келген сақтағышы желдетіледі және судың, қардың кіруінен қорғалады.

ЖМ сақтағышы ағынды-тартушы өзіндік желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі.

Ғимарат ішіне термомлер қойылады.

577. Тұрақты және уақытша ЖМ қоймалары екі түрлі жарықпен қамтамасыз етіледі – жұмыстық және резервтік (апаттық).

578. Барлық ЖМ сақтау орындарындағы жұмыс орындарының еден деңгейіндегі жарықтандыру және бастамашы құралдар пайдаланғандағы жарық 30 лк кем болмайды.

579. ЖМ қоймасының сақтағыштарындағы ЖЗ және бастамашы құралдар сөрелері және ЖМ штабельдері қабырғадан 20 см кем емес ара қашықтықта қойылады, ал еденнен 10 см кем емес биіктікте орнатылады. ЖЗ бар жәшіктер, қаптар төсеніштерде орналастырылады. Штабель биіктігі 2 метрден биік болмайды. Штабельдер ені орын санауын жеңілдететіндей қылып, екі қатар қап (жәшік) қылып жайғастырылады.

Тиеп түсіру операцияларында механикаландырылған құралдарды пайдаланғанда ЖЗ қаптарын және жәшіктерін тұғыры бар түйіншектерде, шығыршықты контейнерлерде, екі қатардан биік емес қылып жинайды. Тұғырларды және шығыршықты контейнерлерді орналастыру тәртібі жобамен анықталады. Штабельдердің ең биік жиналуы 2,6 метрден аспайды.

Штабельдер арасында, соның ішінде шығыршықты контейнер және сөрелер арасында ені 1,3 және 1 метрден кем емес өту жолдары қалдырылады.

580. Сөрелердегі жәшіктер, қаптар (шығыршықты контейнер) және басқа ЖМ бар орындарда штабельдер биіктігі екеуден жиналады.

Топтары В,С және түтінді дәрі ЖМ ашылған орындарда биіктігі тек бір қатар болып жиналады. Аталған ЖМ жоғары сөрелері биіктігі 1,7 метрден артық, қалғандарына 2 метрден артық болмайды.

Екі сөре ара қашықтығы, ЖМ бар жәшіктер (қаптар) арасы мен жоғары сөре арасында 4 см аз емес кеңістік қалатындай қылып есептеледі.

Сөре енінде жәшіктерді екі қатардан көп қоюға болмайды, ал қабырға жанында орналасқанда және өту жолы болмағанда бір қатардан көп жиналмайды. ЖМ сақтағышындағы сөрелерді қатайтқан шегелермен бұрандамалар бастары толық батырылады.

Сөре тақтайлары ара қашықтықтары 3 см дейінгі ара қашықтықта төселеді. Төменгі сөре толық жабылады.

581. Камера, сөре және ЖМ қоймасындағы штабельдерге ЖМ, бастамашы құралдар немесе ату жару аппараттарының аты, көлемі, партия саны, жасалған уақыты, кепілдік пайдалану мерзімі көрсетілген белгілер ілінеді.

582. Электр детонаторлар, электр тұтандырғыш түтіктер және электрлік жанғыш құрамды ЖЗ қоймаларында және басқа ЖМ сақтау орындарында заводтық немесе арнайы ыдыста сақталады.

583. Жандырғыш және бақылау түтіктері ЖМ дайындау ғимараттарында жасалады. Бұл ғимараттар ЖЗ дайындау ғимараттарынан жанбайтын материалдардан салынған немесе сыланған және жанбайтын бояумен боялған қабырға арқылы бөлінеді, ал жер асты қоймаларында-жандыру түтігін жасау камераларда жүргізіледі.

Жандыру және бақылау түтіктерін жасау үстелінде бірнеше жарғыш жұмыс істегенде ұзындығы бірнеше ағаш қалқандар арқылы бөлінеді.

Жандыру және бақылау түтіктерін (от өткізгіш сымның бақылау бөлігі) жасайтын және сақтайтын орындардағы ғимарат едені жұмсақ кілемшелермен жабылады.

Дайындалған жандыру түтіктері темірден немесе ағаштан жасалған ЖМ қоймасының сақтауышысындағы (үлестіру камерасындағы) ішін жұмсақ төсенішпен қаптаған, сыртын темір қабатымен қаптаған жәшіктерде (шкафтарда), кассеталарда және тағы сол сияқты сақталады. Жәшіктер қақпақпен жабылады.

584. Аммиакті селитра негізіндегі ЖЗ қойма сақтауышында және контейнерлерде сақтағанда 300 С артық емес температура сақталады, ал басқа ЖМ техникалық құжаттарында көрсетілген көрсеткіштердегідей температурада сақталады.

585. ЖМ контейнерлерді сақтағанда алаң ішінде оларды екі қатар етіп қоюға болады.

586. ЖМ қоймасындағы тиеп-түсіру операциялары, осы мақсаттағы көтеру мүмкіндігі қаптамаланған ЖМ салмағынан кем емес механизмдермен орындалады, сонымен қоса қолдап жүргізуге болады. Жүк көтеруге арналған шығыршық (жебелік крандар және жебені көтеру шығыршықтары) екі тежегішпен қамтамасыз етіледі.

587. ЖМ қоймасы сақтауышының ішінде жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышты жүк көтеру механизмдері жанған газды залалсыздандыратын қондырғымен және ұшқын өшіргішпен жабдықталады, ал электрлік қондырғылар (электрлік жүк тиегіштер, тельферлер) В – ІІа классты ғимараттарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары талаптарына сәйкестендіріледі.

588. ЖМ сақтау орындарын жөндеу кезінде олар ЖЗ, бастамашы құралдар және ату жару аппараттарынан босатылып, басқа қоймаларда (алаңдарда) уақытша сақталады. Егер қойма тұтас қабырғамен бөлінсе жөндеу жұмыстары кезінде бір жағындағы ЖМ екінші жағына сақтауға болады.

589. Әрбір ЖМ қоймасына апаттық жағдайлар болған жағдайдағы өзара іс-қимылын анықтайтын апаттарды жою жоспары жасалады. ЖМ жер асты қоймаларындағы мүмкін болатын апаттарды жою шаралары апаттарды жоюдың ортақ жоспарына енгізіледі.


24. ЖМ жер үсті және жартылай тереңдетілген тұрақты

қоймалары құрылғыларының тәртібі

1-параграф. Аумақ

590. ЖМ жер үстілік тұрақты қоймасына қойылатын талаптар:

1) су кететін жыраның болуы;

2) жолдар және келу жолдарының таза және жарамды болуы;

3) сақтауыштардың әрқайсысына еркін жақындау мүмкіндігі және өту жолы болатындай орналастырылады;

4) бөлек сақтағыштардың арасында, сақтағыштар мен әр түрлі ғимараттардың, қойма аймағы мен одан тыс құрылыстардың ара қашықтықтар осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес анықталған өртке қарсы орнатылған ара қашықтықты ұстану;

5) қоймаларды қоршап, қоршаудан ені 50 метрден кем емес қашықтықта тыйым салынған аймақ болады. Тыйым салу шекараларында қоршау және ескерту белгілері қойылады;

6) қойма периметрі бойынша аумақ бейнебақылау жүйесімен жабдықталады. Барлық бейнеақпарат бейнежинағышқа жазылады: жазудың ұзақ мерзімді бейнемагнитофондары немесе ақпараттың цифрлы бейне жинағыштары.

591. Қойма аумағына мынадай ғимараттар мен құрылыстарды салуға рұқсат беріледі: ЖЗ, бастамашы құралдар және ату жару аппараттары, сақтағыштары, контейнердегі ЖЗ, бастамашыл құралдарды және ату жару аппараттарын сақтауға арналған алаңдар, ЖМ беру ғимараты (бөлмесі), қосалқы ғимараттар (қоймалар, алаңдар), ЖМ дайындау ғимараттары, қабылдау рампы және ЖМ қабылдау, сақтау және тиеп-түсіруге байланысты басқада нысандар, қарапайым түйіршіктелген және суқұрамды ЖЗ заттар жасау пункті, зауыттың ЖЗ механикаландырылған оқтауға дайындау пункттері, зертханалар, қарауыл мұнарасы, қарауыл итке арналған үйшік, шамдар орнатылған (бағана, діңгек) мұнаралар, өртке қарсы құралдар және жабдықтар сақтау орны, өртке қарсы қолданылатын су жинау ыдыстары, өту сарайы (бақылау-жіберу пункті).

592. Қауіпті аймақ шегіндегі, қойма сыртындағы тыйым салынған аймағында: ЖМ жою және сынау полигоны, ыдыстарды жағу, қарауыл ғимараты, қойма жұмысшыларына арналған әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, механикаландыру құралдарын қызмет қылу және толтыру пунктері, қазандықтар, отын қоймасы, су өткізгіш және канализациялық сораптық бекеттері, трансформаторлық бекеттер, әжетханалар салуға болады.

Ыдыстарды сақтау сарайларын немесе бастырмаларды тыйым салынған аймақ шегіндегі қойма қоршауына 25 метрден жақын емес қашықтықта орналастыруға болады.

593. Қоршау мен жақын орналасқан қойма ара қашықтығы 40 метрден кем емес. Таулы жерлерде бұл ара қашықтықтарды ішкі істер органдарының келісуімен қысқартуға рұқсат беріледі.

Қоршау темір бетон немесе металл торлы құрылымдардан (18 мм қалыңдықтан кем емес шыбықтан жасалған, шыбықтар арасындағы жарық 100 мм аспайтын), кірпіштен, металл табақтардан (қалыңдығы 2 мм кем емес), немесе тордан (диаметрі 5 мм кем емес және ұяшығының өлшемі 70 х 70 мм, бірақ ұяшығының өлшемі 150 х 150 кезде 10 мм артық емес арматурадан) жасалады.

Қоршау биіктігі жерге 200-400 мм тереңдетіліп енгізілген темір бетон ірге немесе арматуралы тормен қазылған қатынаста күшейтіліп, 2,5 метрден кем болмайды.

Қоршауға құлыпқа жабылатын дарбаза мен есіктер орнатылады.

594. Қойма аумағында және тыйым салу аймағы айналасындағы ағаштар мен бұталар, құрғақ шөп және басқа да оңай тұтанатын заттардан тазартылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет