317
2) мектептің халықаралық институционалды
аккредиттеуден немесе
Халықаралық Бакалавриат ұйымы тарапынан білім беру бағдарламаларының
авторландырудан өтуі;
3) қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты
қамтамасыз ету;
4) халықаралық аккредиттеу ұйымдарының
талаптарына сәйкес мектеп
оқушылары мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қорғалуын
қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының және халықаралық жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының
талаптарын есепке ала отырып, дербес әзірленген интеграцияланған білім беру
бағдарламаларын іске асыру;
6) мектептердің білім беру бағдарламасына қазақстандық құрауыш
пәндерін:
қазақ тілін, қазақ әдебиетін, Қазақстан тарихын, Қазақстан
географиясын қосу;
7) негізгі және орта мектеп бітірушілерінің халықаралық сертификаттар
мен дипломдарға ие болуы;
8) мектептің педагогикалық құрамында
халықаралық емтихан
алушылардың, жаттықтырушылардың, сарапшылардың болуы;
9) мектептің материалдық-техникалық және ресурстық базасының
халықаралық аккредиттеу ұйымдарының талаптарына сәйкес келуі.
Достарыңызбен бөлісу: