311
педагогикалық қолдау логопедиялық жұмысты, емдік дене шынықтыруды,
ортопедиялық жұмысты, физиотерапиялық процедураларды қамтиды.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-
интернатта қоршаған ортаны бейімдеу және түзету жұмыстарын жүргізу
қажеттілігі үшін пандустардың, кең есіктердің ойықтарының, мүгедектер
креслосының көтергішінің, баспалдақ
бойындағы көтергіштің, есіктердің
Автоматты
ашқыштарының,
сондай-ақ
емдеу
рәсімдерін
(массаж,
физиотерапиялық рәсімдер, бассейн) жүргізу үшін арнайы жабдықталған
кабинеттердің, Санитарлық ережелерге сәйкес дене шынықтыру, емдеу
кабинеттерінің болуы көзделеді.
Іргелес аумағы бар ғимараттардың және тірек-қимыл аппараты бұзылған
балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар үй-жайларының қолжетімділігі
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қолданыстағы мемлекеттік
нормативтерге сәйкес қамтамасыз етіледі.
Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттар
қызметінің тәртібі
Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа
балалар қабылданады:
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар;
2)үш жылдан кейін жұқпалы, интоксикациялық, жарақаттық аурулар
салдарынан бас миының зақымдануына
байланысты интеллектуалдық
жеткіліксіздікпен (жеңіл ақыл-ой кемістігіне теңестірілген);
3) эпилептикалық, шизофрениялық ақыл-есі кемдігімен, жеңіл ақыл-ой
кемістігіне теңестірілген интеллектуалдық жеткіліксіздігі бар аутистік спектрдің
бұзылуымен;
4) орташа ақыл-ой кемістігі және оған теңестірілген әртүрлі генезінің
интеллектуалдық жеткіліксіздігі бар жағдайларда жүргізіледі.
Санитарлық ережелерге сәйкес ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған
арнайы мектеп-интернаттардағы сыныптардың толықтырылуы:
1) ақыл-ой кемістігі бар балалар-12 баладан артық емес;
2) терең ақыл – ой кемістігі бар-10 баладан артық емес.
Арнайы мектеп-интернаттың мектепалды даярлық сыныбына оқуға
даярлық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады.
Арнайы мектеп-интернаттың бірінші сыныбына 7 жастан 9 жасқа дейінгі
балалар қабылданады.
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы мектеп-
интернаттар қызметінің тәртібі
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп-
интернатқа балалар қабылданады:
1) психикалық дамуы тежелген (оның ішінде кохлеарлық имплантпен);
2)психикалық дамуы тежелген аутистік спектрдің бұзылуларымен бірге
(топта немесе сыныпта аутистік спектрдің бұзылулары бар 2-ден аспайтын бала
оқи алады).
312
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп-
интернаттағы сыныптардың толықтырылуы Санитарлық қағидаларға сәйкес 12
баладан аспайды.
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп-
интернатта сыныптарды жасақтау оқытудың бастапқы сатысында – мектепалды
даярлық сыныбы, 1-сынып және ерекшелік ретінде 2-сынып жүзеге асырылады.
Он екі жастан кейінгі балаларда ақыл-ой дамуының тежелуі шекаралық
зияткерлік жеткіліксіздікке жатады.
Оқу күнінің тәртібі балалардың шаршауын ескере отырып белгіленеді:
бірінші ауысымда оқыту ұзартылған күн режимінде.
Эмоционалды-ерік саласы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға арналған
арнайы мектеп-интернаттар қызметінің тәртібі
Эмоционалды-еріктік саласы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға
арналған арнайы мектеп-интернаттарға эмоционалды-еріктік саласы бұзылған
балалар, оның ішінде аутистік спектрі бұзылған балалар қабылданады.
Санитарлық қағидаларға сәйкес эмоционалды-ерік саласы мен мінез-
құлқы бұзылған балалар үшін сыныптардың толықтырылуы 10 оқушыдан
аспайды.
Арнайы мектеп-интернаттың контингентін жинақтау және оқу-тәрбие
процесі білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге
асырылады.
Түзету жұмыстарының
мазмұны кешенді медициналық, психологиялық
және педагогикалық сипатта болады. Балаларды түзете-дамыта оқыту мен
тәрбиелеуді психолог, дефектолог, мұғалім-логопед жүзеге асырады.
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім
беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016
жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес (29.12.2017 № 662 өзгерістерімен
және толықтыруларымен) Ерекше білім беру қажеттіліктері
бар балаларды
оқыту мен тәрбиелеудің арнайы білім беру шарттары заттармен (оның ішінде
құралдармен) практикалық қызметті ұйымдастыруды, адам ортасына кіретін
заттармен іс-қимыл тәсілдерін пайдалануды және білім алушылардың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдардың, дыбыс
күшейткіш
аппаратураның,
соқыр-саңырау
балаларға
арналған
тифлотехникалық құралдармен қарым-қатынас жасау үшін телетакторлардың
бағытын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: