308
4) мектеп-интернат;
5)
санаториялық мектеп-интернат;
6) тірек мектеп жанындағы интернат (ресурстық орталық).
Санаториялық мектеп-интернат облыстық, қалалық туберкулезге қарсы
диспансер жанындағы жергілікті денсаулық сақтау органдарының комиссиясы
облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім және денсаулық сақтау
басқармаларының жолдамалары бойынша оқу жылы басталғаннан немесе
жартыжылдықтан бастап алты (жеті) жастағы балаларды қабылдауды жүзеге
асырады. Бос орындар болған жағдайда
оқу жылы басталғаннан кейін
оқушыларды қабылдауға рұқсат етіледі. Санаториялық мектеп-интернатта
ауыстыру емтихандары өткізілмейді. Сынып пен топтың толымдылығы 20
баладан аспайды, толық сауыққанға дейін (туберкулезге қарсы диспансерді
есептен шығарғанға дейін) оқу жарты жылдығынан кем болмайды. Балалардың
болу мерзімі ұзақтығы медициналық көрсеткіштер бойынша 5-10 айға
ұзартылады және оны Комиссия қарайды. 1-5 - сыныптардағы сабақтардың
ұзақтығы 35 минут, 6-11(12) - сыныптарда-40 минут. Әр сабақтың алдында дене
шынықтыру жаттығулары өткізіледі.
Білім алушылар «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік
көмектің
мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320
қаулысына сәйкес киіммен, аяқ киіммен, жұмсақ мүліктермен,
жеке гигиена
заттарымен, оқулықтармен, ойыншықтармен қамтамасыз етіледі (31.03.2022
жылғы өзгерістер мен толықтырулармен).
Арнайы мектеп-интернаттарға білім алушыларды қабылдау "Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы негізінде
(26.06.2021 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен) психологиялық-
медициналық - педагогикалық консультацияның (бұдан әрі-ПМПК) және
медициналық мекеменің дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан
әрі - ДКК) қорытындысына сәйкес жүргізіледі.
Арнайы мектеп-интернаттар болмаған жағдайда жалпы білім беретін
мектептерде жоғарыда аталған балалар үшін арнайы сыныптар құрылады.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2012
жылғы
23
тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (15.08.2017 жылғы өзгерістерімен
және толықтыруларымен) сәйкес жүзеге асырылады. Үлгілік оқу жоспарлары
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым
министрінің
2012
жылғы
8
қарашадағы
№ 500 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан
Республикасының нормативтік
құқықтық актілер тізілімінде № 8170 болып тіркелген). (26.01.2022 жылғы
өзгерістермен және толықтырулармен) Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 «Жалпы білім беру
ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер,
таңдау курстары және
309
факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»
бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін оқу бағдарламалары бойынша (өзгерістер мен толықтырулармен
01.04.2021 ж.) іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: