313
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі Қазақстан
Республикасының Кодексі (2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ, ҚР 24.11.2021
№ 75-VII толықтырулар енгізілген) 148-бапына белгіленген талаптарға сәйкес
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш,
негізгі орта, жалпы
орта
білім
алуын
ұйымдастыру
жүзеге
асырылады
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000234
.
157-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру талаптарына сәйкес
сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік
білім алуы Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады (2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ бекітілген Қазақстан
Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексінің 157-бабы (ҚР 24.11.2021 №
75-VII толықтырулар енгізілген).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі Қазақстан
Республикасының Кодексі (2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ, ҚР 24.11.2021
№ 75-VII толықтырулар енгізілген) 127-бап. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім алуды ұйымдастыруға сәйкес:
1) мекемелерде отыз жасқа толмаған сотталғандардың бастауыш, негiзгi
орта, жалпы орта бiлiмді мiндеттi түрде алуы ұйымдастырылады;
2) отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектер бастауыш, негiзгi орта,
жалпы орта бiлiмдi өздерiнiң қалауы бойынша алады;
3) емтихандарды тапсыру үшiн оқушылар
Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылады;
4) өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген, емдеу-
профилактикалық мекемелерінде, тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық
камераларда, уақытша оқшаулау үй-жайларында жатқан,
сондай-ақ
мекемелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас
мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға өз бетінше бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білім алу үшін жағдайлар жасалады.
«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18
тамыздағы № 516 бұйрығына сәйкес (Қазақстан
Республикасы Ішкі істер
министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 573 бұйрығымен толықтырулар
енгізілген) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм алуын ұйымдастыру тәртібін
айқындайды.
Сабақ кезеңдерінде білім алушыларды сабақтан қол үзумен байланысты
мерзімнен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынады.
Мектепті бітірген сотталғандарға мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Осы
құжат, сондай-ақ үлгерімі және сабаққа қатысу табелі сотталғандардың жеке
істерінде
сақталып, жазасын өтеуден босатылғаннан кейін қолдарына беріледі.
Тәртіптік изоляторға қамалған, бір адамдық камераға ауыстырылған,
қауіпсіз жерде болу кезеңінде, сондай-ақ жазаны өтеудің қатаң жағдайларында
болу кезеңінде мектептің білім алушылары мектепке шығарылмайды. Оларға
дербес оқу және оқытушылардан консультациялар алу мүмкіндігі беріледі.
314
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде емдеу-профилактикалық
мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы,
уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін
қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған өмір бойына бас бостандығынан
айыруға сотталғандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өз бетінше
алуы үшін жағдайлар жасалады.
Сотталғандарға өз бетінше оқу және оқытушылардан
консультациялар
алу мүмкіндігі беріледі. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға
сотталғандарға оқытушылар қажетті әдістемелік және консультациялық
көмекті жеке тәртіпте көрсетеді.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде емдеу-профилактикалық
мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы,
уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін
қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға әдістемелік және
консультациялық көмек жеке не топтарда ұйымдастырылады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен
бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық
және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы
білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім
беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларына» сәйкес Мектептің білім беру
процесін Қазақстан Республикасының білім беру
саласындағы қолданыстағы
заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Республиканың мектептеріндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен
бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12
тамыздағы № 365 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің
Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен
бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары, үлгілік оқу
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге
асырылатын қысқартылған оқу
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта
білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау,
оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының»
14-тармағына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды
тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының
мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау
нысанында педагогтер жүргізеді.