2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет104/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

17. 
«ГЕОГРАФИЯ» 
ПӘНІН 
ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ,
7-11- СЫНЫПТАР 
 
1 Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11 сыныптарда «География» оқу 
пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына 
қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған 
мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге жол беріледі. 
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 40 
және 41-тармақтарына сәйкес «География» жаратылыстану-математикалық 
және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі 
оқу пәндеріне жатады. 
 
2 Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен 
бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары 
қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары, үлгілік оқу 
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу 
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес «География» міндетті пән болып 
табылады. (өзгерістерімен және толықтырулар ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілді6, 87, 88-
қосымшалар). 
Оқу жоспарлары бойынша «География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;


190 
3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты; 
4) ЖМБ, 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
5) ҚГБ, 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
6) ЖМБ, 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты; 
7) ҚГБ, 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты 
құрайды. 
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 
«География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
2) 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
4) ЖМБ 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;
5) ҚГБ 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты; 
6) ЖМБ 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты; 
7) ҚГБ 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды. 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
 
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-
сыныптарда білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету 
мақсатында вариативті компонентте инвариантты компоненттен таңдалатын оқу 
пәндерінің (әрқайсысы 2 сағаттан) пән комбинациялары қарастырылған. 
Вариативті компонент есебінен инвариантты компоненттен «География» 
пәнін таңдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады: 
- оқу пәндері: «Алгебра», «География»" және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән; 
- оқу пәндері: «Биология», «География» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән; 
- оқу пәндері: «География», «Шетел тілі» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән; 
- оқу пәндері: «Қазақстан тарихы», «География» және инвариантты 
компоненттен таңдалатын бір пән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет