124
12. Зейнолла Қабдоловтың туғанына – 95 жыл;
13. Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл;
14. Төлен Әбдіковтің туғанына – 80 жыл;
15. Дүкенбай Досжановтың туғанына – 80 жыл;
16. Дулат Исабековтің туғанына – 80 жыл
17. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптағы және
сыныптан тыс жұмыстар
күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды
орындауға бағытталуы
қажет. Шығармашылық жұмыстар әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау
білігін
қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын оқушы
құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз. Міндетті оқытылатын әдеби
білім
мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби
шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру
оқушылардың нәтижелі білім
алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге
асады:
- мекемелерде, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері
бойынша сайыстар мен
олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу;
- мерейтой иелеріне арналған тәрбие сағаттарын, әдеби кештер, мәнерлеп
оқу сайыстарын, эссе,
мазмұндама, шығарма жазу сайыстарын және т.б.
ұйымдастыру.
Сыныптан
тыс
жұмыстар
білім
алушылардың
пәнге
деген
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім
алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: