№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
21-21

Гаухар ЖАҚЫПБЕКОВА, 
Жезқазған қаласы білім бөлімінің
тәрбие жұмысы жөніндегі бас маманы
Жобада «Мәдениет және спорт» 
аталымы бойынша бақ сынаған оны 
көптеген тыңдармандары жақында 
ғана «Грэмми» жүлдесін иеленген Иманбек 
Зенкеевпен жиі салыстырады. Әзірге «Грэм-
миі» болмаса да Еуразия жұртшылығы-
на кеңінен танымал «Black Star», «Sony 
Music», «ПМИ» сынды ресейлік талантты 
музыканттарды іздеп, олардың шығарма-
ларын жұртшылыққа ұсынатын музыкалық 
орталықтар, яғни леблдардан ұсыныстар 
түскен. Бүгінде музыкалық тректі мен ка-
верлары жастар арасында танымал Арыстан 
өз тыңдармандарына «Colorit», «The simba» 
деген есімдермен белгілі. 
2002 жылы Қарағанды қаласында 
музыканттар отбасында дүниеге кел-
ген Арыстан футболшы болушы ар-
мандаған екен. Дегенмен, джазмен әкесі мен
дирижерші анасынан дарыған саз өнеріне 
деген қабілеті арқасында Нұр-Сұлтан қа-
ласында өнер мектебіне оқуға түседі. Осы 
тұста жазғы сабаққа ішінара ғана қатысқан 
ол оқудан шеттетіліп, шахтерлар қаласы-
на қайта оралады. Дегенмен алған бетінен 
қайтпаған ол музыкалық колледжге оқуға 
тапсырып, сольфеджио бойынша емтихан 
тапсырғандардың алдыңғы қатарынан орын 
алып, кәсіби барабаншы мамандығына қа-
былданады. 
2018 жылдан бастап әкесі жұмыс істей-
тін заманауи музыка жазу студиясында 
түрлі тректер жазып, каверлар орындап 
«Инстаграм» әлеуметтік желісіне жүк-
теп жүрген оның, оқырмандары көбей-
іп, жастар арасында танымалдығы арта 
бастайды. Кейіннен өзге музыканттардың 
әндерін орындап қана қоймай, өз туынды-
ларын да жарыққа шығарып, көпшілік на-
зарына ұсынады. Бүгінде «Colorit», «The 
simba» есімдері бойынша 10-нан аса төл 
туындыларын шығарған ол, заманауи му-
зыка құрылғыларын пайдалана отырып,
қазақстандық музыканы әлемге танытуға 
болады деген пікірді айтады. Оның кавер-
лары әлемге белгілі 
әндер 
топтасқан 
«Shazam» музыка-
лық платформасы-
на енгізілген. 
Жастайынан 
облыстық, рес- 
публикалық дең-
гейдегі түрлі ән 
байқауларының жеңімпазы атанып жүрген 
ол алдағы уақытта музыканттық шеберлігін 
әлемдік деңгейде сынап көргісі, шетелдерді 
бағындырғысы келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет