24 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы



жүктеу 121.47 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі121.47 Kb.

24 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ



Қаржы нарығындағы ахуал туралы
2015 жылғы 13 мамыр Алматы қ.

1. 2015 жылғы сәуірдегі инфляция

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2015 жылғы сәуірде инфляция 0,1% (2014 жылғы сәуірде – 0,6%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға (1,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,2%-ға (0,6%) өсті. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,1%-ға (0,2%-ға өсті) төмендеді.

Азық-түлік тауарларының ішінде 2015 жылғы сәуірде көп дәрежеде жемістер мен көкөністер 2,4%-ға, оның ішінде орамжапырақ – 17,7%-ға, пияз – 14,2%-ға, сәбіз – 10,8%-ға, кондитерлік өнімдер – 0,6%-ға, балық және теңіз өнімдері – 0,4%-ға, макарон өнімдері – 0,3%-ға, нан – 0,2%-ға қымбаттады. Жұмыртқаның бағасы 2,4%-ға, қант – 2,0%-ға, күріш – 1,1%-ға, жарма – 0,9%-ға, май және тоң майлар – 0,7%-ға, ет және ет өнімдері – 0,4%-ға, сүт өнімдері – 0,1%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында киім және аяқ-киімнің, тұрмыстық үй заттарының және дәрі-дәрмектің бағасы 0,6%-ға өсті. Бензиннің құны 0,4%-ға, дизель отыны – 1,2%-ға төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу 0,3%-ға төмендеді. Бұл ретте сұйытылған газ тарифтері 9,0%-ға, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ – 1,9%-ға, электр энергиясы – 0,4%-ға төмендеді. Тұрғын үйді ұстау тарифтері 0,3%-ға, тұрғын үйді жалға алу 0,2%-ға өсті. Бұдан басқа, амбулаторлық қызметтің бағасы 1,0%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер – 0,2%-ға, байланыс қызметі – 0,1%-ға өсті. Көлік қызметінің құны – 1,5%-ға төмендеді.

2015 жылғы қаңтар-сәуірде инфляция 1,2% (2014 жылғы қаңтар-сәуірде – 3,9%) болды. Азық-түлік тауарлары 2015 жылдың басынан бастап 1,9%-ға (4,3%-ға), ақылы қызмет көрсету – 2,0%-ға (3,5%-ға) қымбаттады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,4%-ға (3,8%-ға өсті) арзандады (1-график).

1-график

2014 және 2015 жж. қаңтар-сәуірдегі инфляция және оның негізгі топтары

2015 жылғы сәуірде инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 4,6% (2014 жылғы желтоқсанда – 7,4%) болды. Азық-түлік тауарлары соңғы 12 айда 5,5%-ға (8,0%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,4%-ға (7,8%), ақылы қызмет көрсету 4,8%-ға (6,4%) қымбаттады.

2. 2015 жылғы сәуірдің аяғындағы халықаралық резервтер мен ақша агрегаттары

2015 жылғы сәуірдің аяғында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 28,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 28,0 млрд. АҚШ долларын құрады.

Елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (69,9 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 98,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

2015 жылғы сәуірде ақша базасы 4,0%-ға кеңейіп, 3418,6 млрд. теңге болды (жыл басынан бері 0,1%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4,2%-ға кеңейіп, 3242,5 млрд. теңгені құрады.

2015 жылғы наурызда ақша массасы 12322,1 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға кеңейді, айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1037,1 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға өсті, банк жүйесіндегі депозиттер 0,2%-ға өсіп, 11285,0 млрд. теңгені құрады. Ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі депозиттер көлемінің төмендеу қарқынымен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақшаның қысқару қарқынының 2015 жылғы қаңтар-наурызда тіркелген басым болуы салдарынан 2014 жылғы желтоқсанның соңындағы 91,2%-дан 2015 жылғы наурыздың соңында 91,6%-ға дейін өсті. 2015 жылғы наурыздың соңында ақша мультипликаторы 3,75 болды.
3. 2015 жылғы сәуірдегі валюта нарығы

2015 жылғы сәуірде теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы номиналдық көрсеткіш бойынша 0,1%-ға әлсіреді. 2015 жылғы сәуірдің соңында теңгенің ресми бағамы және теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 185,8 теңге болды.

2015 жылғы сәуірде қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда 70,4%-ға ұлғайып, 5,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда 1,4%-ға өсіп, 2015 жылғы сәуірде 0,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы алғанда ішкі валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда 62,2%-ға ұлғайып, 6,3 млрд. АҚШ долларын құрады.
4. 2015 жылғы сәуірдегі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2015 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша аукциондар жүргізілген жоқ.


Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттары

2015 жылғы наурызда Ұлттық Банктің ноттарын орналастыру бойынша аукциондар өткен жоқ.


5. 2015 жылғы сәуірдің соңындағы жағдай бойынша банкаралық ақша нарығы.

2015 жылғы сәуірдің соңындағы жағдай бойынша орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда 26,0%-ға ұлғайып, баламасында 3853,3 млрд. теңгені құрады.

Орналастырылған банкаралық теңгедегі депозиттердің көлемі 2,1 есе ұлғайып, 92,2 млрд. теңгені құрады (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен 2,4%). Бұл ретте, орналастырылған банкаралық теңгедегі депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2015 жылғы наурыздағы 6,0%-дан 2015 жылғы сәуірде 8,82%-ға дейін өскен.

Депозиттердің АҚШ долларында орналастырылған көлемі 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда 23,7%-ға ұлғайып, 19,6 млрд. АҚШ долларын (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 94,7%-ын) құрады. АҚШ долларында орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,095% құрады.

Ресей рублімен және еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі шамалы болып сақталды – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің тиісінше 2,9%-ы және 0,004%-ы.

Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 97,6%-ын құрайды. Шетел валютасында бейрезидент банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінің 96,2%-ын құрды.

Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2015 жылғы сәуірдің соңындағы жағдай бойынша 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда 31,2%-ға ұлғайып, 42,9 млрд. теңгені құрады.
6. 2015 жылғы наурыздың соңындағы жағдай бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 11 285,0 млрд.теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 7 023,6 млрд. теңге, жеке адамдардың депозиттері – 4 261,4 млрд. теңге болды.

Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 6 015,2 млрд. теңге, ұлттық валютада – 5 269,8 млрд. теңге болды. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 46,7%-ды құрады.

Халықтың банктердегі салымдары (бейрезиденттерді қоса алғанда) 4 297,9 млрд. теңге болды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттер 1 395,4 млрд. теңге, шетел валютасымен депозиттер – 2 902,5 млрд. теңге болды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 32,5%-ды құрады.

Мерзімді депозиттер 7 776,0 млрд. теңге болды. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен салынған депозиттер 3 246,6 млрд. теңгені, шетел валютасымен депозиттер – 4 529,4 млрд. теңгені құрады.

2015 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен салынған мерзімді депозиттерінің орташа алынған мөлшерлемесі 12,7% ( 2015 жылғы қаңтарда – 11,3%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,2% (2015 жылғы қаңтарда – 8,6%) болды.


7. 2015 жылғы наурыздың соңындағы жағдай бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеудің жалпы көлемі 12 045,4 млрд. теңгені құрады. Теңгемен берілген кредиттер көлемі 8 420,7 млрд. теңге, шетел валютасында – 3 624,7 млрд. теңге құрады. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 69,9%-ды құрады.

Ұзақмерзімді кредиттеу көлемі 9 705,9 млрд. теңгені құрады. Ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы 80,6% -ды құрады.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 8 103,5 млрд. теңге, жеке тұлғаларға – 3 941,9 млрд. теңге болды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 32,7%-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 0,7%-ға артып, 1 813,7 млрд. теңгені немесе экономикаға кредиттеудің жалпы көлемінің 15,1%-ын құрады.

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым басым сомасы 2015 жылғы наурыздың соңындағы жағдай бойынша сауда (жалпы көлемдегі үлесі - 19,6%), өнеркәсіп (11,4%), құрылыс (9,6%), ауылшаруашылығы (3,9%) және көлік (3,8%) сияқты салаларға тиесілі.

2015 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 18,1%-ды, жеке тұлғаларға – 18,5%-ды құрады.
8. Экономиканың нақты секторының кәсіпорындарына 2015 жылғы 1-тоқсанда жүргізілген мониторингтің нәтижелері туралы
2015 жылғы 1-тоқсандағы экономиканың нақты секторындағы ахуалды бағалау мақсатында 2015 жылғы сәуірде кәсіпорындардың кезекті мониторингі жүргізілді. Ел экономикасының негізгі салаларын құрайтын мониторингке қатысушы кәсіпорындардың саны 2014 жылғы 4-тоқсанмен салыстырғанда ұлғайып, 2782 (2014 жылғы 4-тоқсанда – 2766) болды, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындар – 1636 (2014 жылғы 4-тоқсанда – 1594) болды.

2015 жылғы 1-тоқсанда теңгенің АҚШ долларына, еуроға және Ресей рубліне қатысты бағамының өзгеруінен шаруашылық қызметіне теріс ықпалын сезінген кәсіпорындардың үлесі төмендеді және тиісінше 23,9%, 11,5% және 17,8% (2014 жылғы 4-тоқсанда тиісінше 25,1%, 16,2%, 18,2%) болды. Теңгенің АҚШ долларына және еуроға қатысты бағамының өзгеруінен шаруашылық қызметіне оң ықпалын сезінген кәсіпорындардың үлесі 4,8%-ға дейін (2014 жылғы 4-тоқсанда тиісінше – 6,8% және 5,7%) азайды. Бұл ретте, теңгенің Ресей рубліне қатысты бағамының өзгеруінен шаруашылық қызметіне оң ықпалын сезінген кәсіпорындардың үлесі 22,6%-ға дейін (2014 жылғы 4-тоқсанда 19,2%) ұлғайды.

2015 жылғы 1-тоқсанда кредит алған және/немесе бұрын ашылған кредиттік желі бойынша траншы бар кәсіпорындардың үлесі 2014 жылғы 4-тоқсандағы 21,4%-дан 17,1%-ға дейін азайды. Банктердің кредиттері бойынша мерзімі өткен берешегі бар (90 күннен астам) кәсіпорындар үлесі 7,23%-ды құрады. 2015 жылғы 1-тоқсанда кредит алуға кәсіпорындардың 23,5%-ы ниетті болып отыр.

2015 жылғы 1-тоқсанда кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі нашарлады: инвестицияларды қаржыландыру мақсатында меншікті қаражатын және банктердің кредиттерін (оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар есебінен) пайдаланған кәсіпорындар үлесі тиісінше 59,9%-ға және 5,8%-ға дейін (2014 жылғы 4-тоқсанда тиісінше 62,9% және 6,3%) төмендеді. Инвестицияларды қаржыландырмаған кәсіпорындардың үлесі 2014 жылғы 4-тоқсандағы 31,9%-дан 36,4%-ға дейін артты.

Кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелер деңгейі теңгеде 13,6%-ға дейін (2014 жылғы 4- тоқсанда – 11,8%), шетел валютасында 8,9%-ға дейін көтерілді (2014 жылғы 4-тоқсанда - 8,4%).

2015 жылғы 1-тоқсанда «құрылыс», «ауыл, орман және балық шаруашылығы», «өңдеу өнеркәсібі» және «көлік және қоймада сақтау» салаларында дайын өнімге бағаның төмендеуі байқалды. Бұл ретте «электрмен қамту, газ, бу беру және ауа баптау», «ақпарат және байланыс» және «сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау» салаларында дайын өнімге бағаның өсу қарқындарының ұлғаюы белгіленді.



2015 жылғы 2-тоқсанда «электрмен қамту, газ, бу беру және ауа баптау» саласынан басқа экономиканың барлық салаларында дайын өнімге деген сұраныстың өсуі күтіледі. Көбінесе «қайта өңдеу өнеркәсібі», «сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау», «ауыл, орман және балық шаруашылығы» және «ақпарат және байланыс» секілді салаларда сұраныстың өсуі күтіледі.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 2704 639,

+7 (727) 2704 585,

+7 (727) 3302 497,

e-mail: press@nationalbank.kz,

www.nationalbank.kz


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет