Өткір тұмау. Мұрын кілегей қабатының өткір қабынуы, немесе өткір тұмау жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Өткір тұмау жеке ауру түрінде, немесе жалпы жұқпалы аурулардың (қызылша, скарлатина, дифтерия, грипп және т.б.) бір белгісі ретінде байқалуы мүмкін.
Көп жағдайда өткір тұмаудың пайда болуына кілегейлі қабатқа енген ауру тудыратын микроорганизмдер себеп болады. Тұмаудың Кеңсірікті операциялық жолдармен түзетеді. Көп жағдайларда бөгде заттар мұрынның төменгі бөлімінің басында қалып қояды, тәжірибелі дәрігердің көмегімен ол заттарды алып шығуға болады. Мұрыннан бөгде заттарды тез арада алып тастауға асықпаған жөн, оның мұрында бірнеше күн болуында ешқандай қауіптілік жоқ.
Сондықтан бөгде заттарды өздігінен алуға тырыспау қажет. Пинцет немесе әр түрлі ұстағыштар арқылы мұрындағы бөгде заттарды алу оның әрі қарай тереңірек итерілуіне мүмкіндік береді. пайда болуында суық тиюдің маңызы зор, ол ылғалды, желдетілген бөлмеде болғанда пайда болады. Өткір тұмаудың белгілеріне осылар жатады: мұрын мен мұрынжұтқыншақта құрғақ және ашу сезімдердің болуы, түшкіру, дене қызуының сәл көтерілуі.
Мұрын қуысын осы кезде бақылағанда кілегей қабаттың ісініп, қызаруы байқалады. Бірнеше сағаттан кейін (кейде 2-3 күннен кейін) мұрындағы құрғақ сезім жойылып, сұйық бөліністер бөлінеді. Олар біртіндеп қоюланып, кілегейленеді, содан іріңді болады. Кілегейлі қабаттың ісінуі мұрынның бітелуін тудырады, сырқат адам дем ала алмай басын ауыр сезінеді, әлсіздік пайда болады.
Қандай болмасын ауа райында ашық ауада балаларға серуендеу
қажет. Киім сондай жұқа немесе қалын болмау керек. Ауада гимнастикалық жаттығуларды жасаған жөн, сонымен қатар жазғы және қысқы спорт түрлерімен айналысу организмді одан сайын шынықтырады.
Созылмалы тұмау. Өткір тұмау бірнеше рет қайталанса, созылмалы түрге ауысуы мүмкін. Мұрынның кілегей қабатының созылмалы қабыну процесстері өткір аурудың салдарынан ғана емес, зиянды әсерлердің ұзақ әсер ету салдарынан да дамиды. Ондай зиянды әсерлерге осылар жатуы мүмкін: суық немесе ыстық ауамен ұзақ уақыт бойы дем алу; мұрынды қатты тітіркендіретін ауа құрамындағы шаң, тозаң, газ түрінде болатын бөлшектер.
Созылмалы тұмау тыныс алу жолдарының көршілес бөлімдеріндегі қабыну процестерінің нәтижесі болуы да мүмкін, мысалы, мұрынжұтқыншақта аденоидтардың шығуы. Созылмалы тұмаудың үш формасын ажыратады: 1) қарапайым созылмалы тұмау; 2) гипертрофикалық тұмау; 3) атрофикалық тұмау.
Төменгі мұрынның ұзақ уақыт бойы ісінуі және артқы ұштарының гипертрофиясы есту түтігінің өткізгіштігін бұзуы мүмкін, ол ортаңғы құлақтың созылмалы катарасының дамуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |