3. Жұтқыншақ аурулары
Жұтқыншақтың даму аномалиялары қысқару немесе жұмсақ
таңдай мен тілдің болмауы ретінде кездеседі; бұл дефектілер туа
пайда болған қатты таңдайдың саңылауланумен бірге байқалуы мүмкін. Сирек кездесетін аномалиялар ретінде таңдай доғалары мен
миндалиннің дефектілерін айтуға болады.
Жұтқыншақтың деформациясы. Кейбір ауыр жұқпалы
аурулар кезінде (скарлатина, дифтерия) жұтқыншақтың кілегейлі
қабатының терең зақымдануы байқалады. Осының салдарынан
жұмсақ таңдай, тілше және таңдай доғалары деформацияланады,
кейде жұмсақ таңдай қалдығы мен доғалар жұтқыншақтың артқы
қабырғасына қарай тартылады. Осы кезде жұмсақ таңдай толық
немесе жартылай жұтқыншақтың артқы қабырғасымен өсіп кетеді,
нәтижесінде ауыз қуысы және ауызжұтқыншақ толығымен немесе
жартылай мұрынжұтқыншақпен ортақтасады. Мұрын арқылы тыныс
алу осы жағдайда болмайды немесе қиынға соғады. Жұтқыншақ қышқылмен және сілтілі негіздермен күйгенде осындай ұқсас көріністер байқалады. Күшті қышқылдар мен сілтілерді дұрыс сақтамағандықтан, оны
ішіп қою жағдайлары кездеседі. Әсіресе бұл байқаусыз қалған
балалармен болады.Қышқылдармен және сілтілермен күйген кезде кілегейлі қабатта қабыршақ түзіледі. Ауыр күйік кезінде жұтқыншақ қабырғасының терең өлуі пайда болады, және өңештің күюі байқалады.
Күйіктен кейін жұмсақ таңдай мен жұтқыншақ қабырғасының деформациясы болады, оны уақытында және дұрыс емдемесе, өңештің тарылуына және толығымен жабылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Жұтқыншақтың бөгде заттары. Тамақты шайнап, жұтқан кезде жұтқыншақта балық сүйектері, ет сүйектерінің сынықтары мүмкін. Сирек кездесетін аномалиялар ретінде таңдай доғалары мен миндалиннің дефектілерін айтуға болады.
Жұтқыншақтың деформациясы. Кейбір ауыр жұқпалы
аурулар кезінде (скарлатина, дифтерия) жұтқыншақтың кілегейлі
қабатының терең зақымдануы байқалады. Осының салдарынан
жұмсақ таңдай, тілше және таңдай доғалары деформацияланады,
кейде жұмсақ таңдай қалдығы мен доғалар жұтқыншақтың артқы
қабырғасына қарай тартылады. Осы кезде жұмсақ таңдай толық
немесе жартылай жұтқыншақтың артқы қабырғасымен өсіп кетеді,
нәтижесінде ауыз қуысы және ауызжұтқыншақ толығымен немесе
жартылай мұрынжұтқыншақпен ортақтасады. Мұрын арқылы тыныс
алу осы жағдайда болмайды немесе қиынға соғады. Жұтқыншақ қышқылмен және сілтілі негіздермен күйгенде осындай ұқсас көріністер байқалады. Күшті қышқылдар мен сілтілерді дұрыс сақтамағандықтан, оны
ішіп қою жағдайлары кездеседі. Әсіресе бұл байқаусыз қалған
балалармен болады.Қышқылдармен және сілтілермен күйген кезде кілегейлі қабатта қабыршақ түзіледі. Ауыр күйік кезінде жұтқыншақ қабырғасының терең өлуі пайда болады, және өңештің күюі байқалады.
Күйіктен кейін жұмсақ таңдай мен жұтқыншақ қабырғасының деформациясы болады, оны уақытында және дұрыс емдемесе, өңештің тарылуына және толығымен жабылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Жұтқыншақтың бөгде заттары. Тамақты шайнап, жұтқан кезде жұтқыншақта балық сүйектері, ет сүйектерінің сынықтары сияқты бөгде заттар қалып қою мүмкін.
Кейде бөгде заттар жұтқыншақта көп уақыт болмай, өңеште
қалып кояды. Балаларда бөгде заттар ретінде түйме, тиындар, ұсақ
ойыншықтар; ал ересек адамдарда – балық және ет сүйектері, тіс
протездері және т.б. болады.
Кейбір жағдайда сүйектерді жұтқаннан кейін кілегейлі қабатта
жырықтар қалуы мүмкін, бұл сырқат адамда бөгде зат тұрып қалғандай мазалайды. Көп жағдайларда сырқат адамдар дәрігерге көрінудің орнына жұтқыншақта қалып қойған затты қарынға қарай нанмен итеріп тастайды. Осының салдарынан бөгде заттар кілегейлі қабатты зақымдап, ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Жұтқыншақтағы бөгде заттарды алу дәрігер-маманға сондай қиындық туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |