Созылмалы тонзиллит. Миндалиннің созылмалы қабынуы,
немесе созылмалы тонзиллит (латынның tonsilla – миндалина)
ангинаның қайталану нәтижесінде дамып, жиі кездесетін аурулардың
бірі болып табылады.
Кейбір жағдайларда созылмалы тонзиллит ангинаның
қайталануынсыз-ақ пайда болады. Созылмалы тонзиллит кезінде
байқалатын белгілер: жұтқыншақтың аздап ауруы, кейде ауыздан
иістің шығуы, кешкі уақытта температураның ұзақ бойы сәл көтерілуі
(37,2-37,5º). Миндалиннің қызаруы байқалады, оны қысқанда одан ақ
түсті жағымсыз иісті ірің бөлінеді.
Созылмалы тонзиллит кезінде ангина түрінде асқыну жиі болады. Созылмалы тонзиллиттің қауіптілігі – оның үнемі организмге түсетін инфекция мен токсиндердің көзі болуында, ол ангина кезінде пайда болған асқынуларды (ревматизм, эндокардит, бүйрек аурулары және т.б.) ұстап тұрады.
Миндалинді әр түрлі дезинфекциялық ерітінділермен жағу
арқылы немесе шаю арқылы созылмалы тонзиллитті емдеуге болады.
Кейінгі жылдары пенициллин ерітіндісімен шаю қолданылады.
Миндалинді күйдіру және рентгенотерапия әдістері емдеуде
қолданылады, егер осы барлық емдеу әдістері нәтижесі бермесе, онда
миндалинді толықтай алып тастайды, оны тек ауруханалық жағдайда
жасайды.
Миндалиндер организмге ауыз бен жұтқыншақ арқылы түсетін
инфекцияларға қарсы тұрып, қорғаныштық қызмет атқаратының
білеміз. Миндалинді толықтай алып тастау қауіпті емес пе? Деген сұрақ туындауы мүмкін. Қалыпты қызмет атқарып тұрған миндалинді
жоюға болмайды; бірақ миндалиннің созылмалы қабынуы тек өзінің
қорғаныштық қызметінен айырылып қана қоймай, ол инфекция
ошағына айналады. Таңдай миндалинінен басқа қорғаныштық қызмет
атқаратын ұлпалар мен мүшелер бар, сондықтан миндалинді алып
тастау организмнің жағдайына қауіп төндірмейді.
Жұтқыншақ миндалинінің гипертрофиясы. Жұтқыншақ миндалинінің қалыпты дамуы мұрын арқылы тыныс алуға кедергіболмайды. 10-12 жасқа қарай ол кішірейіп, содан толығымен жоғалып
кетуі мүмкін, көп жағдайда ересек адамдарда байқалмайды. Бірақ қабыну процестерінің қайталануына орай жұтқыншақ миндалині үлкен болып ісінуі мүмкін. Жұтқыншақтың мұндай гипертофиясын аденоидтар (гректің aden – без және eides –түр) деп атайды (44 сур.). Кейде аденоидтар мұрынжұтқыншақты толтырып, мұрын арқылы тыныс алуды қиындатады. Горизонтальды қалыпта ұйықтаған кезде жұтқыншақ миндалинінің қан тамырлары қанға толып, оның көлемі Көбнесе аденоидтар мектепке дейінгі кезеңде және төменгі мектеп жасындағы (4-8 жас) балаларда жиі байқалады. Аденоидтарды операциялық жолмен жою арқылы емдейді. Операциядан кейін мұрын арқылы тыныс алу қалпына келеді, бірақ ауызбен тыныс алуға үйреніп алған балалар тыныс алу кедергілері болмаса да, бірден мұрын арқылы тыныс алмайды. Сондықтан аденоидтарды алып тастағаннан кейін ондай балаларды мұрын арқылы тыныс алуға бейімдеу қажет. Тыныс алу гимнастикаларын ұсыну өте тиімді болып келеді.Проф. Б.С. Преображенский осы мақсатта арнайы гимнастикалық жаттығуларды жасауды ұсынады (45сур.).
1 жаттығу. Түзу тұрып, ішті тарту; өкшені бір-біріне қосып, аяқ басы 90º бұрыш жасап тұруы қажет. Алақанды төменгі қабырғаларға қысып, мұрын арқылы баяу дем алу, іш алдына қарай шығып тұрмауын қадағалау керек; осы кезде қол арқылы қабырқалардың ажырауы сезіледі. Демді мұрын арқылы баяу шығарады.
2 жаттығу. Сондай қалыпта тұрып, қолды артына қарай созып, екі алақанды бір-бірінің үстіне қойып, ішті тарту. Мұрын арқылы баяу
терең дем алу; осы кезде кеуде клеткасы кеңейеді. Демді мұрын
арқылы баяу шығарады.
3 жаттығу. Сондай қалыпта тұрып, қолды шүйде бөліміне
қояды, саусақ ұштары бір-бірімен жанасады; шынтақ жаттығудың
басында алға қарай бағытталады, содан мұрын арқылы терең дем
алғанда бір уақытта біртіндеп екі жаққа созылады. Баяу дем шығарған
кезде шынтақ бастапқы қалпына оралады.
4 жаттығу. Дененің қалпы сондай; қол бос түрде салбырап тұрады. Мұрын арқылы баяу терең дем алғанда, қол артқа қарай созылады; бір уақытта асықпай аяқ ұштарымен көтеріліп, ішті тарту. Дем шығарған кезде де асықпай бастапқы қалыпқа оралу қажет. Әрбір жаттығу кезінде 10 рет дем алып, 10 рет дем шығарылады. Жаттығуны 1-2 ай бойы әр күн сайын таңертең және кешкі уақытта жасау қажет.
45 Сурет. Тыныс алу гимнастикасы (Б.С. Преображенский бойынша).
Таңдай миндалинінің гипертрофиясы. Балаларда таңдай миндалині ұлғаяды (гипертрофияға ұшырайды), кейде жұтқыншақтың кіре берісін жауып, бір-бірімен жанасқанға дейін үлкейеді (46сур.).
Осы кезде жұту және дем алу қиынға соғады, түнде бала қорылдап, жиі оянады, кейде түнде миндалина гипертрофиясы аденоидпен бір уақытта байқалуы мүмкін. Егер таңдай миндалинінің гипертрофиясы дем алу, жұту және сөйлеу қызметтерін бұзуға дейін жетсе, онда хирургиялық емдеуге жүгінеді.
Егер миндалиннің ұлғаюы созылмалы тонзиллит құбылысымен жүрмесе, онда миндалинді толық алып тастау қажеттілігі жоқ. Осындай жағдайларда миндалиннің бір бөлігі алып тасталады. Мұндай операция амбулаторлы түрде жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |