Мұрынжұтқыншақ фибромасы. Мұрынжұтқыншақты
фиброма (47сур.) дәнекер ұлпасынан және бірнеше қан тамырларынан тұратын ісік болып табылады. Ондай ісік 8-13 жастан басталып, тек ұл
балаларда дамиды. Мұрынжұтқыншақ фибромасы тез өсумен сипатталады. Бастапқы белгілерінің бірі – мұрынның бір жағының
бітелуі; бірнеше айдан кейін мұрын арқылы тыныс алу мүмкін емес, және кейде құлақ аурулары ( есту түтігінің катары, ортаңғы құлақтың қабынуы) туындайды. Ісік одан сайын өссе, көздің бақшаюы, мұрын, жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың деформациясы байқалады. Тек хирургиялық жолмен емделеді.
Жұмсақ таңдай параличі. Балаларда жұмсақ таңдай параличі жиі байқалады. Мұндай паралич көбнесе дифтерия кезінде туындайды.
Осындай жағдайда жұмсақ таңдай мүлдем көтерілмейді (толық паралич), немесе жартылай ғана көтеріледі (толық емес
паралич, немесе парез). Кейде паралич және парез бір жақты болады, онда жұмсақ таңдайдың бір жартысы қалыпты көтеріледі, ал басқа бір жағы қозғалыссыз қалыпта қалады.
Айтылып кеткен барлық жағдайларда жұмсақ таңдай өзінің қызметін атқармайды, яғни ауыз қуысы мен ауызжұтқыншақты мұрынжұтқыншақпен ортақтастырмайды, осыған байланысты дыбыстың дұрыс шығуы және жұту қызметі бұзылады (сұйық тамақ мұрынға кіріп кетеді).
Жұмсақ таңдай параличін оңай аңғаруға болады. Дифтериялы паралич уақытша сипатта болып, арнайы емдеуді қажет етпей өздігінен жазылады. Қалпына келтіру процесін электризация және
медикаментозды емдеу арқылы жылдамдатуға болады. Егер паралич тұрақты болса, онда логопедиялық жаттығуларды жүйелі түрде жасап отыру қажет.
Бақылау сұрақтары:
Ауыз қуысының аурулары
Жұтқыншақ аурулары
Ерін мен таңдайдың туа пайда болған саңылаулы дефектілері
Ерін мен беттің қалыпты қоғалысының бұзылуы
Созылмалы тонзиллит
Жұтқыншақтың бөгде заттары
Жұтқыншақтың деформациясы
Әдебиеттер:
1.Манжуова Л.Н. "Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы" пәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2015
2. Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
3. Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.
4. Ибатова Г.Б. Коржова Г.М. Дамуында түрлі ауытқуралы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерешеліктері. Оқу құралы 2014ж.
Достарыңызбен бөлісу: |