Зерттеудің мақсаттары:
- Мектепке дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау әрекетінің икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау әрекетін дамыту әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектепке дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау;
- Мектепке дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау әрекетін игеру жұмысының мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
Зеттеудің әдістері:
Мектепке дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау әрекетін дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
-Мектепке дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау дағдысын анықтауда қазіргі қолданылып жүрген оқу құралдары мен тәрбиешілер тәжірибесін зерттеу;
-Зерттеу жұмысы барысында, бақылау, әңгіме, балалардың көптеген әдістерді қолдану.
Теориялық қолданылымы:
Мектепке дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау әрекеттерінің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы ойын әрекеттерін жүзеге асыру.
Практикалық қолданылымы:
Мектепке дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау әрекетіндегі зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін балабақшаның оқыту процесінде енгізілген жағдайда, балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды. Зерттеу материалдарын балалар бақшасындағы оқу пәндерін оқыту үрдісіне кеңінен пайдалануға, сондайақ жоғары және орта педагогикалық оқу орындарында тәрбиешілерді даярлауда, тәрбиешілердің білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.
Ι тарау. Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі.
Достарыңызбен бөлісу: |