3 Ι тарау. Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі


Дидактикалық ойындардың педагогикалық мазмұны



бет4/9
Дата20.06.2022
өлшемі135.5 Kb.
#459368
1   2   3   4   5   6   7   8   9
kur -didaktikalyq-oyyndar

1.2 Дидактикалық ойындардың педагогикалық мазмұны
Ойын- баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы , қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден- баланың танымдық, шығармашылық, жеке басы қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетте балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден- бір әдісі ол ойын.
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатын ертеден дәлелденген. Тіпте XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде байқау керек».
Балалармен жұмыс істеу ойындарында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты баланың өзін-өзі тану мен өзін-өзі басқарудан тұрады.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерден шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын – бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғнт автоматты түрде қарым-қатынастағы барьерді жылжыту.
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді.; өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипатта болады.
Жеке бастың даму және қалыптасу процесін туынды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салаларда ғалым- педагогтар, психологтар Ж. Аймауытов, Л.С.Выготский, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев,, С.Макаренко, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т.Сабиров, Г. Уманов т.б. арнайы зерттеу еңбектері бар.
Төменгі класс балалары негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде ойнауын бірден тоқтатпайды.
Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғыдай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ығыстырылады.
Бала табиғмтынан қимыл- қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала- құлыншақ бал-ұрыншақ», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді» - деп тегін айтылмаған.
Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін- бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады.
М.Жұмабаев халықтық педагогтка негізінде бала ойынына мынадай мән берген: «Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны әсерлене пайдаланады.
7-8 жас арасы анатомиялық, физиологиялық даму жағынан қауырт қимыл-әрекеті, қозғалысы, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан, бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі.
Балалардың ойыны мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің сюжеттік ойындарынан өзгеше мазмұнды болады. Шәкірттер енді әр алуан қимыл-қозғалыстар арқылы бойындағы күш-қуаты мен іс-қимылын жетілдіретін қызықты ойындармен шұғылданады. Ондай ойын түрлері балалардың сан қилы ситуациялық жағдайларға шапшаң икемделуін дамытып, олардың тапқырлығы мен оралымы болуын талап ететін жарыс түрінде ұйымдастырылады.
Ойын түрлерінің мұндай сипаттарын тәрбиелік мәні де зор, әрі адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол.
Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиені балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сапа тән: мазмұнның тәрбиелік – танымдық құндылығы, бейнелейтін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығын, ойын іс -әрекеттердің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білу; ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану; балалардың қарым-қатынастарының игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің жаттығуы.
Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігі не: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады.
Ойын процесінде балалардың білімі неғұрлым айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсысы бір рөлді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы білімдер мен түсініктер жеткіліксіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі шығады. Жаңа білім қажеттігі балалардың сұрақтарымен көрінеді. Ұстаз бұл сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезегіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінісуіне, келісуіне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет