3-7 I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері



бет5/6
Дата01.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#170972
1   2   3   4   5   6

Нәтижені өңдеу.

Зерттеу нәтижесін өңдеу келтірілген «кілт» көмегімен өңделеді. Оқушылардың экстрарлығын Э-И шкаласы бойынша 12 баллдан жоғары көрсеткіші, 12 баллдан төмен шкала интровертивтілігін көрсетеді. Бейтарап жағдай 12 баллдан жоғары шкаланы көрсеткен жағдайда болады. 4-5 баллдағы көрсеткіш жалған (Ж) шкаланы көрсетеді. Ол тек шеткі (критический) жағдайларда ғана қолданылады. Ж шкаласы оқушы мінез құлқын көрсеткіш индикатор болып табылады көруге болады.Оқушының арманы мектеп қабырғасын бітіріп оқу орнына түсу, мамандық таңдау. Ол қай мамандықты таңдасам екен деп адасуы мүмкін. Осы жерде тағы бір - әдісті ұсынуға болады. Осы жерде оларға, олардың ата-аналарына бірден-бір бағыт беруші кәсіптік икемділігін, мамандыққа қызығуын зерттеуге арналған кәсіптік бағдарлама кітапшалары (қосымшалар - 4, 4.1.) жәрдем бере алады. Кәсіптік бағдарлама кітапшасының мақсаты, оқушыларға, олардың ата-анасына кәсіп таңдауына нақтылы ұсыныстармен жәрдем беру. Оқушының қызығушылығын, дүниетанымын және т.б. мүмкіндіктерін айқындау. Мектеп қабырғасын бітіргенде оның мамандықты саналы таңдауына көмек беру. Кітапша барлық пән мүғалімдермен сынып жетекшілері, ата-аналар бақылауымен зерттеледі. Мұнда оқушыларды жан-жақты зерттеу қарастырылған. Кәсіптік бағдарлама кітапшаларын зерттеу жұмысымызда да қолданып оң нәтижелерге қол жеткіздік.

Оқушылармен жүргізілген, сұхбаттар, анкеталық, диагностикалық сауалнамалар, әдістемелердің қажеттілігі зерттеу барысында тиімді екені анықталып, нақтыланды.

Оңтүстік Қазақстан облысында 12 аудан (ауылдық); Қазғұрт, Арыс, Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара және 8 қала; Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан, Жетісай, Сарыағаш, Ленгер және Шардара бар.

Бүкіл облыстағы мектептер санын - 967 болатын болса оның 801-і ауылдық жерлерде орналасқан, оның ішінде орта мектеп - 689; ішкі оқыту мектебі - 143; бастауыш мектеп - 135 құрап отыр. Оларда барлығы 515 871 оқушы, орта мектептерде - 474 855; ішкі мектептерде - 31915; бастауыш мектептерде - 8 353 сандықты көрсетуде. Орта мектептегі оқушылар саны -34479, үздік бітіргендері - 1115, ішкі мектептер - 49380, үздік бітіргендері -2029.

Мектеп жасына дейінгі орындары - 103, ондағы балалар - 13953. Кешкі мектептер - 5 оларда балалар - 2610;

Шағын мектептер - 240, оның ішінде - 131 орта, ішкі - 27, бастауыш - 82 құрайды.

Кәсіптік техникалық мектептер - 21, оларда 9096 бала оқиды. ( 10 көмекші қосалқы мектер бар. Облыс бойынша 3 Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттары бар. Оның екеуі Шымкент қаласында, біреуі Отырар ауданында.

Соңғы жылдары облысымызда дипломды жұмыссыздардың көбейіп кеткені жөнінде жиі жазылып та айтылып та жүр. Сонда да бір бірінен аумай қалған мамандарды даярлауды және сол мамандық бойынша оқуды да қоймай келеміз. Былтыр облысымызда меншіктің түрлі формасындағы 29 оқу орны мен олардың филиалдары, 24 колледж, 21 кәсіптік-техникалық мектеп бар-ды. 2007 жылы Жоғарғы Оқу Орны (ЖОО) 11176, колледжде 3210, кәсіптік мектептерде 3212 жас қабылданып оқыды. 2001 жылы 1 қаңтарында жоғарғы оқу орны 47427, колледждерде 11687, кәсіптік-техникалық мектептерде 8520 жас білім алды. Жалпы бұл жылы облыстағы мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарында 61782 жас оқыған екен. Ал биылғы жылы 2002 жылдың өзінде атары белгісіз қаншама оқу орындары ашылды.

Даярланып жатқан кадрлар қазіргі еңбек рыногінде сұранысқа ие ме? Мамандықтар мен кәсіптер тізіміне жасалған талдаулар бірқатар жоғарғы оқу орындары мамандықтарының бірін бірі қайталайтындығын көрсетеді. Олардың көпшілігінде кадрлар гуманитарлық бағдардағы экономикалық және заң мамандықтарына басымдылық беріле отырып даярланады. Мемлекеттік оқу орындарын алып көрелік. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша 7 ЖОО-ның алтауында, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша үш ЖОО-да даярланады. «Экономикалық бухгалтерлік және бақылау» мамандығы бойынша 13 колледждің алтауында. «Қаржы және несие» мамандығы 4 ЖОО мен 2 колледжде, «Кеден-ісі» мамандығы бойынша 54 ЖОО мен 3 колледжде, «Құқықтану» мамандығы бойынша 5 ЖОО мен 3 колледжде, «Банк-ісі» 3 колледжде даярланады екен. Бұл жерде тек мемлекеттік оқу орындарын айтып жатырмыз. Осы жоғарғы оқу орнын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналасып кете ала ма?

Университеттен болсын мектептен болсын белгілі бір мамандық алғандар қазіргі еңбек рыногы жағдайына бейімделмей шығуы, содан барып дипломды жұмыссыздар қатарын толықтыра түсуде. Қазір шамамен 193 бухгалтер, 202 инженер, 159 мұғалім, 182 мейірбике, 83 экономист жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр екен. Бұл тек ресми мәліметтер.

Үстіміздегі жылы Республика мектептерін 140031 түлек бітіріп шықты оның 122-і «Алтын белгі» иегері болса, 75-і халық шаруашылығы және республика пән олимпидаларының және ғылыми жобалардың жүлдегерлері. Соның биыл Республика бойынша 124415 түлек ЖОО-на құжаттар тапсырды (2006 жылы - 43 мың, 2000 жылы - 103 мың, 2007 жылы - 142 мың). Күндізгі оқу нысаны бойынша - 104300 өтініш, сырттай оқу нысаны бойынша - 11269 өтініш, оқудың жеделдетілген нысаны бойынша - 8846 өтініш берілген. Бұл сандарға үңілсек талапкерлер биыл түлектер санының - 88,8% құрайды. (2006 жылы - 53%, 2007 жылы - 68%) Осы түлектердің 25 мыңы грант және несие жүйесі бойынша ЖОО-на түсуі тиіс.Олардың 30 %-і екі деген бағаға алды. Тек 311 талапкер ғана өте жоғары деген балл жинады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы мамандығына сұраныс біршама артқанын көрсетеді.

Мамандықтар ішінде конкурсы ең жоғары болған мыналар; қаржы және несие - қазақ бөлімінде бір орынға 57,3 талапкер, орыс бөлімінде - 66,7; бухгалтерлік есеп және аудит - 28,5 және 34,8; кеден-ісі - 29,4 және 22,6; әлемдік экономика - 13,1 және 24,5; ақпараттық жүйелер -9,6 және 15,8.

Педагогикалық мамандықтар бойынша; тарих және география - қазақ бөлімінде бір орынға 25,6 талапкер. Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі - 23. Шет тілі (ағылшын тілі) - 19,3.

Биылғы жылы талапкерлердің жол қатынасын ұйымдастыру (әр бір орынға 32,3 қазақ бөлімі, 17,5 - орыс бөлімі. Есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету (6,8 және 15,4), мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы (16,4 және 5,8) сондай-ақ„мұнай мен газ кен орындарын игеру. Мұнай мен газ геологиясы сияқты инженерлік -технологиялық мамандықтарға да қызығушылықтардың артқанын байқауға болады.

Қысқасы Республика бойынша бір орынға 4-9 үміткерден келеді. Ендігі мақсатымыз осы болашақ мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі тұр. Оңтүстік Қазақстан облысында дәл бүгінгі күні 73 біріккен және шетелдік кәсіпорындар 9415 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындар негізін мұнай өңдеу, цемент, фармацевтік препарат, киім, жиһаз, темекі өнімдері, тоқыма бұйым, сусын шығарудың технологиялық жабдықтарын, монтаждау мен құрылыс жұмыстарына қызметке шоғырландыруда.

Облысымыз жұмыс қолы жетіп артылатын аумақтың бірі болып саналады. Кәсіптік бағдар беру кезінде аудан, аймақ ерекшеліктерінде де есепке алу керек. Әр ауданның өзіне қажетті мамандары даярлануы қажет. Мысалы, Арыс қаласын алатын болсақ, ол жерге негізінде теміржол станциясы болғандықтан (қаласының өзінде) түрлі механиктер мен жөндеушілерді талап етеді. Ал, ауылдық жерлеріне келетін болсақ ол аймақ егін, малшаруашылығымен айналысатын болғандықтан жерге түрлі ауыл шаруашылық мамандықтары қажет (Мал дәрігері, Фермер, Ауыл шаруашылық, силикатты қосындылармен жұмыс жасайтын және т.б.).

2006 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облыстағы еңбек ресурстары 1019,2 мың адамды құрады. Бұл жергілікті тұрғындардың 51,6 %-і. Облысымызда жүз мыңнан астам жұмыспен қамтылмаған адам бар. Жұмыспен кемуі мен еңбек рыногындағы проблемалардың негізгі себебі-бос жұмысшы күштеріне деген сұранстың азюынан болып отыр. Айталық, 2001 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша әрбір бос орынға 19 жұмыссыздан келген екен. Облыстың еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту департаментінде 2007 жылдың 1 шілдеге дейін тіркелген жоғары білімді жұмыссыздар саны 16324 адам, олардың арасында мамандығы, жұмыс стажы бола тұра жұмысын еріксіз жоғалтқандар 2600 адамға жеткен.

Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайында жастарды жұмыссыздық мәселесі ұдайы алаңдатуда. ҚР-да ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2007 жылдың аяғында 251381 адамды немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 3,9 пайызын құраса, оның ішінде жастар 72679 адамды немесе 28,9 пайызды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіштері жөнінен Қызылордада алда болып отыр (4187 жұмыссыз жастар немесе облыс бойынша ресми жұмыссыздардың 42,3 пайызы), Атырау (4387 адам және сәйкесінше 33,1 пайыз), Маңғыстау (6681 адам немесе 36,8 пайыз), Жамбыл (3154 адам немесе 32,5 пайыз), Шығыс Қазақстан (11130 адам немесе 31,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (5606 адам немесе 29,9 пайыз) және Қарағанды (5726 адам немесе 29,6 пайыз). Негізінен жұмыссыздар қатарын кәсіби жұмыс тәжірибесі шамалы жастар толықтыруда. Мысалы, жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыссыз жастар 22,3 пайызды құраса, 5-10 жыл арасындағылар 22,6 пайыз, 10 жылдан жоғарғылар 10,4 пайызда құрайды. Жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 2007 жылдың 1 жарты жылдығында өтініш білдірген жастар арасынан 17,7 мыңы (салыстыру үшін 2006 жылдың осы кезеңінде 10,5 мыңы) жұмысқа орнасатырылып, жастарды жұмысқа орналастыру деңгейі 26,2 пайызды көрсетіп отыр және бұл Республика бойынша тұтас алғандағы көрсеткіштен 0,5 пайызға төмен. Жұмыссыз жастарды әлуметтік қолдаудың тағы бір белсенді нысаны кәсіби дайындық, қайта даярлау мен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру болып табылады. 2000 жылдың бір жарты жылдығында жұмыспен қамту қызметінің көмегімен бар болғаны 2,3 мың жұмыссыз жас азамат оқумен қайта даярлаудан өтті.

Президентіміз Н.А. Назарбаев соңғы қойылған талаптарының бірі - ол ауылдық жерлерді көтеру. Жұмыссыздық мәселесі ауылдық жерлерді айналып өтпеген. 2007 жылдың бір жарты жылдығында ауылдық жерлерде жас жұмыссыздардың саны 21,1 мың болып, барлық жас азаматтардың 31,2 пайызын құрады.

Жастардың жұмысқа орналасуына кедергі келтіретін негізгі себебіне (жастардың бағалауынша) мынаны: тұрғылықты аудандар жұмыс орындарының жоқтығы (49,3 пайыз) жатқызылды. Мұндай бағалау әскери қызметшілерге 59 пайыз, мемлекеттік қызметшілерге 53,7 пайыз, жұмыссыздарға 53,6 пайыз, ғылым, білім және мәдениет саласының қызметкерлеріне 54,5 пайыз және ауылдық аумақтар мен шағын қалалардың жастарына 54 пайыз қатысты болып отыр.

ЖОО-ның 2006-2007 жылдар арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындардың саны 99535 адамды құрайды. Статистика мәліметтері жоғары білімді адамдардың анағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 2006/2007 оқу жылының өзінде-ақ ҚР-ның жоғары білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 3675 адамға өскенін байқатты. Бірақ та «саны бар да, сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғары білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғары білім ұяларында алған білімінің сапасына күмән тудырады. Алайда бұл мәселе әлі де болса шешімін табуға қажетті.

Колледж саны 2007 жылы 274 бірлікті құрап, 2006/2007 жылдары колледждер түлектері 51913 адам болды. 2000-2007 жылдар аралығындағы өзгерістер динамикасы арнайы орта кәсіби орта білім бар мамандар санының 9510-ға кемігенін көрсетеді. Ал кәсіби мектептердің жай күйі қуантарлық жағдай тудырмады. 2000-2007 жылдар арасында кәсіби мектептер саны 146-ға кеміп, 2000 жылы 304-ті құрады. Ол аздай кәсіби мектептерді бітірушілердің саны тұрақты әрі үздіксіз (2000 жылы 79017-ден 2006 жылы 41527-ге дейін) азаю үстінде.

Жастардың заңгер мамандығын 20,2 пайызы, экономист мамандығын 14,8 пайызы, банк қызметкерлігін 9,6 пайызы, шетел тілдерінің аудармашылығын 5,7 пайызы, электрондық есептеуіш машинаның операторлығын 5 пайызы және салық инспекторлығын 4,5 пайыз иеленгісі келетіні мәлімденді. Бұл мамандықтарды таңдауда жастардың гедонистік және шығармашылық -ал туристік бағыттарындағы материалдық жағдайды жақсарту, қамтамасыз етілген өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, өзін-өзі тұрақты жетілдіру мүмкіндігінің болуы, т.с.с. факторлары әсер етті.

Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсетіп тұрғандай кәсіптік бағдардың жүргізілуі, оқушылардың қазіргі кездегі сұранысқа сай еңбек етуі болып отыр. Ол мектеп қабырғасын бітірісімен белгілі мамандық алмаса да мамандыққа бағыт-бағдар алып шығуы қажет. Яғни, оқу орнына бармаған жағдайда жұмыссыздар санын көбейтпей өзінің кәсібін жасау. Ал оқу орнына барған жағдайда өзінің икемділігіне, қызығуына, қоғам қызығуына сай мамандықты дұрыс әрі, саналы таңдауы. Өмірде өз орнын табуына өте қажетті кәсіптік бағдар жұмыстары әлі де болса күрделі зерттеуді, оны жеке ғылым саласы ретінде қарастыруды талап етеді.

Қорытынды.

Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асырудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істелген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ"-дейді.

Соңғы кездері 12 жылдық білім беру туралы мәселесі қолға алынып жатыр. Осы орайда бірінші кезекте кәсіптік білімге көңіл бөлінеді, яғни оқушылар мектеп бітірісімен сұранысқа сай маман болып шығуы қажет. Ал, мамандық иесі болу үшін баланың икемділігі, қызығушылығы, білімі жан-жақты зерттелуді қажет етеді.

Біздің зерттеу жұмысымызда осы кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізудің, оқушыларға, олардың ата-аналарына мамандықты саналы таңдауына көмектесу барысында жүрді.

Диплом жұмысымызда кәсіптік бағдарды жүргізудің бірнеше тәсілдерін жүзеге асырудың тиімділігі көрінді. Нақтылап айтсақ №2 МОӨК-да №51, 52, 53, 54, 56, 60 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген зерттеуде оқушылардың мамандыққа деген икемділіктері мен қызығулары анықталды. Енді осы кәсіптік бағдарлама кітапшаларын қолдану аймағын кеңейтуді мектептерге ұсынып отырмыз. Яғни, мұндай кітапшаларды тек жоғарғы емес төменгі сыныптардан бастап қолға алу қажеттігі бар екені айқындалды.

Зерттеу жұмысымыздың дәлелділігі, мектептердің іс тәжірибесіне енуімен нақтыланып, кәсіптік бағдарлама кітапшаларының оқу-тәрбие барысында қолданылуы болып отыр.

Атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов; «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек»,-деп ұлы өсиет қалдырғаны белгілі. Сондықтан әр оқушыға өз орнын табуға ұстаз ісімен нақтылы көмек көрсетсек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.Алматы, 2007.

2. Жолмұқан Түрікпенұлы. Кәсіптік бағдар. -Алматы: Санат, 1995-145 бет.

3. Мектеп және мамандық таңдау. Мектеп баспасы, Алматы: 1973-207 бет

4. Витиньш В.Ф. Реформа школы и профессиональная ориентация

школьников; - М.: Педагогика, 1988-120 с.

5. Захаров Н.М. Профессиональная ориентация школыников. - М.:

Просвещение, 1988-272 с.

6. Климов Е.А. Как выбрать профессию. - М.: Просвещение, 1990-160-с.

7. Клосова Л.А. Профессиональная ориентация учащихся и труд семейные

династии. - Воронеж: Изд. Вор. универ, 1992-136с.

8. Чистяков С.Н., Захаров Н.М.Профессиональная ориентация школьников.

- М.: Педагогика, 1987-160 с.

9. Шадиев Н.Ш. Венкласная и внешкольная профессиональная

ориентация учащихся. - Ташкент: Фантазия, 1988-112 с.

10.Калугин Н.И. и другие. Профессионалыная ориентация учащихся. - М.:

Просвещение, 1983-190 с.

11. Кальней В.А. и другие. Основы методики труда и профессионального

образования. - М.: Просвещение, 1988-179 с.

12. Сейтешов А.П. Пути профессионального воспитания учащихся

молодежа. - Алматы: Мектеп, 1988-189 с.

13.Чистяков Н.Н. жәнө т.б. Еңбек пәні мұғаліміне оқушылардың

кәсіптік бағдары туралы. - Алматы: Мектеп, 1988-176 бет.

14.Мудрик А.В. О воспитании старшеклассников. - М.: Просвещение,

1981-146 с.

15.Дьяченко Н.Н. О профессиональном орентации молодежа. - М.:

Высшая школа, 1969-135с.

16.Профессиональная орентация учащихся. / А.Д. Сазонов, В.Д.

Симоненько, С.В. Аванесов, Б.И. Бухалов; Под. ред. А.Д. Сазонов. - М.:

Просвешение 1988-235 с.

17. Профессионалыная орентация и обучение труду в сфере обслуживания.

- М.: Высшая школа. 1979-137 с.

18. Профессиональная орентация молодежи. /Сб. ст. Науч ред. и автор К.К.

Платонов. - М. Высшая школа. 1978-199 с.19. Профессиональная

орентация молодежи. / (А.Д Сазонов, Н.И. Калугин, А.П. Меныциков

и другие). -М.: Высшая школа, 1989-223 с.

20. Человек и профессия. - Под. общ. ред. Е.А. Климова. -Ленинград,

1979-147 с.

21. Шевченко Ю.А. Край удивительных профессии. - М.: Просвещение,

1981-123 с.

22. Школа и выбор профессии. - Педагогика, 1987-121 с.

23. Трудовое обучение, воспитания и профессиональная ориентация

учащихся средных общеобразовательных школ. / Под. ред. В.М.

Каратова. - М.: Просвещение, 1980-237 с.

24. Мир профессии: Человек - техника. / (Составитель Р.Д. Коверина).- М.:

Мол. гвардия, 1988-335 с.

25. Мир профессии: Человек - знаковое система. (Сборник/ сост. С.Н.

Левиева и др.) - М.: Мол. гвардия, 1988-351 с.

26. Мир профессии: Человек - художественный образ: (Энцикл. идз. / Сост.

А.И. Смирнова.) - М.: Мол гвардия, 1987-383 с.

27. Школа и труд. / Под. ред. П. Р. Атутова, В.А. Кальней. -М.: Педагогика,

1987-276 с.

28. Раиса Коверина. Изучение способностей школьников

- основа профориентации.//Народное образование N 5, 2001, 129-136 с.

29. Раиса Коверина. Изучение способностей школьников

- основа профориентации. // Народное образование N 6, 2001,111-114

30. Күнпейіс Ж. “Еңбекке баулу” пәнін оқыту әдістемесі. -А., 2005.

31. Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно - воспитательного процесса

(метод. основы). -М., 1982.

32. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы:

Мектеп, 1998.

33. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ тәлім - тәрбиесінің ғылыми - педагогикалық

негіздері. – Алматы, Рауан, 1996.

34. Шукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в

процессе обучения. -М., 1979.

35. Бастауыш сыныптардың типтік оқу бағдарламалары. - Астана: Қ.Р.

Білім және ғылым министрлігі, 2003..

36. Поляков С.Д. О новом воспитании. -М. 1990. 143 с.

37. Әбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика оқулығы. – Алматы: РБК,

1999. – 254 - 283 б.



ҚОСЫМШАЛАР.

Қосымша-1


Диагностикалық сұхбаттың жауап парағы.

Оқушының аты-жөні________________________________



Сынып___________Мектеп №___________Күні____________


























3 б














66









76





















10 а







10 б




11 а

11 б

12а

12 б

13 а

13 б

14а

14 6

15 а

15 б

16а




166




17а




17б

18а




18 б




19а




19 б




10 а







20 б




Т

Тех.

A

ТЖ

КБ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет