Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ баспасөзі бизнес, кәсіпкерлік, қаржы, банк салаларын насихаттауда, халықтың санасын оятып, мемлекеттің экономика саласындағы мүддесінің проблемаларын, іскерлік саланың барлық қырын жан-жақты қозғауда ерекше күш жұмсап отыр. Сондықтан да қазақ баспасөзіндегі іскерлік басылымдарды жіктей отырып зерттеу бүгінгі қазақ баспасөзіндегі өзекті тақырыптардың бірі деп білеміз.
Қазіргі таңдағы іскерлік журналистиканың – қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қарқынды дамып келе жатқан сегменті. Баспасөз құралдарының басымдылығына қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде іскерлік сипаттағы ақпараттармен жұмыс жасайтын түрлері көбейіп, БАҚ-тың болып жатқан қоғамдық және экономикалық процесстерге, бизнеске тигізетін әсері артып, қоғам мен журналисттік бірлестіктер іскерлік бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту туралы сұрақтарға назар аудара бастады. «Нарықтық қатынасқа көшу іскерлік, коммерциялық ақпаратқа деген сұранысты арттырды. Қазіргі уақытта қазақстандық топтардың барлығының дерлік экономикалық мәселелерге деген қызығушылығы артқандығын атап өтуге болады. Ақпаратты қолдану барысындағы теңгерім өзгерді: іскерлік және әлеуметтік ақпараттар көлемінің артуына байланысты идеологиялық саяси ақпаратқа деген сұраныс төмендеді» [5, 39-б.],-дейді сарапшылар. Арнайы БАҚ нарығындағы іскерлік ортаның тұрақтылығын ескерер болсақ, онда әмбебап іскерлік баспаханалар ұтымды жағдайда қалғанын атап өткен жөн. Іскерлік баспасөз құралдары экономика, бизнес және кәсіпорындар субъектілері мен қарапайым қоғам мүшелері арасындағы байланысты қамтамасыз ету барысында маңызды қызмет атқарады.
Қазақстанның заманауи іскерлік баспасөз құралдары БАҚ жүйесіндегі, дамыту барысында шешуші алғышарт ретінде «іскерлік өмір мен нарықтық қатынастар ортасында жаңа сапа мен коммуникациялардың болуын қамтамасыз ететін әлеуметтік тапсырыс» қолданылатын, негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осыған сәйкес, «Іскерлік журналистика – бұл жаңа қоғамдық күштер және әлеуметтік топтар талап ететін коммуникацияның түрін құрастыруға бағытталған әрекет болып табылады» [5, 89-б.]. яғни, іскерлік баспасөз құралдарының тарихи қалыптасуы қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік факторларға негізделеді.
Кәсіпкерліктің қоғамдағы мәні мен орнының артуы БАҚ коммуникациялық ортасына бизнестің қосылуына тікелей қатысты. Жыл өткен сайын ақпарат құралдары іскерлік өмірді түрлі қырынан көрсетіп келеді. Енді іскерлік сипаттағы материалдарды тек арнайы басылымдардан ғана көрмейміз. «бүгінгі таңда, бұрындары тек қана ерекше жағдайларда ғана жазатын, көптеген газеттер мен журналдар бизнес туралы жиі жазатын болған. Сонымен қатар, бизнес пен ақпарат құралдарының бірлескен әсері Қазақстандағы іскерлік ақпарат құралдарының, яғни журналистиканың жаңа сапалық стандартын құруға алып келеді, ол өз кезегінде жалпы журналистикаға да таралуы мүмкін» [2, 59-б.].
Қазақстандық іскерлік ақпарат құралдарының типологиялық құрылымының дамуы қарқынды жүріп келеді, баспалар потенциалды аудиториядан түскен сұранысқа сай өздерінің жанры мен стилін өзгерту үстінде. Мұндай жағдайларда қазақ журналистиканың іскерлік бағытындағы ең танымал және жақсы таралған шығарылымдарын зерттеу маңызды болып табылады. Аталған жағдайда, осы талаптарға сай деп «БизнесLife», «Деловой Казахстан», «Партнер. Бизнес справочник», «Kazakhstan Business Magazine», «Бизнес&Власть», «National Business», «Эксперт Казахстан», «Бизнес спектр Казахстана», «Forbes Казахстан», «PR-Партнер» басылымдарын атап өтуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |