Зерттеудің деректік негіздері: 1991-2016 ж.ж. республикалық қазақ іскерлік басылымдар болып табылатын: БизнесLife», «Деловой Казахстан», «Партнер. Бизнес справочник», «Kazakhstan Business Magazine», «Бизнес&Власть», «National Business», «Эксперт Казахстан», «Бизнес спектр Казахстана», «Forbes Казахстан», «PR-Партнер» т.б. көптеген басылымдарында жарияланған ғылыми-танымдық, публицистикалық материалдар қамтылды.
Зерттеудің жарияланымы. Зерттеудің негізгі мазмұнын айшықтайтын мақалалар арнайы ғылыми журналдарда, жинақтарда жарық көрді. Сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар ЖОО-да өткен халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда «Салалық басылымдардың қоғамдағы рөлі», «Қазіргі кәсіби басылымдардың ерекшелігі», «Іскерлік журналистика және ғаламтор», «Іскерлік басылымдардың зерттелуі мен ерекшелігі» атты тақырыптық баяндамалар жасалды.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы: Зерттеу барысында анықталатын қазақстандық іскерлік басылымдардың типологиялық және жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері бұдан өзге де ғылыми зерттеудің жүргізілуіне себеп болуы мүмкін, сонымен қатар, редакторларға, іскерлік журналистерге және іскерлік ақпарат құралдарының журналистеріне пайдалы болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен мақұлдануы. Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз және баспа ісі, телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедраларының бірлескен мәжілісінде қаралып, талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды.
Зерттеудің құрылымы: Магистрлік диссертация 2 бөлімнен және әр бөлім екі бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі 81 бет.
ҚАЗІРГІ ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАР: ТАРИХ ПЕН ТӘЖІРИБЕ
1.1 Іскерлік басылымдардың қалыптасуы, дамуы
Іскерлік баспасөздің бастауы Ресей журналистикасында бізден ертерек басталғанын көреміз. XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресейде мақалаға энциклопедиялық сипат беретін және оқырман талғамымен сәйкес келетін экономика, мәдениет, сауданың дамуы тақырыптарында сөз қозғайтын ғылыми-танымдық және әдеби журналдар таратыла бастады. Сол уақыттағы журналдар экономикалық реформалар мен ғылыми жетістіктерді насихаттау үшін жарық көрді. «Қалың журналдардың» жеке-жеке бөлімдері, сонымен қатар, сол кездегі кейбір маманданған басылымдарды алғашқы ресми журналдар ретінде қарастыруға болады («Ведомости»; басып шығарушы Ғылым Академиясы («Комментарии», «Ежемесячные сочинения» және т.б.); «Экономический магазин» және «Труды Вольного экономического общества»).
XIX ғасырдың басында Ресейде ведомостволық баспасөз пайда болды: «Санкт-Петербургский журнал», «Периодическое сочинение об успехах народного просвещения», «Сенаторские ведомости». Сонымен қатар, маманданған басылымдар санының көбеюі де осы кезеңге жатады. Маманданған және салалық журналдар жиынтығының кеңеюі Николай І кезінде де жалғасын тапты. Ресейлік баспасөз құрылымы дамуының басты дерегі әкімшілік, экономикалық, ғылыми-техникалық қызметтерді көрсететін, салалық басылымның пайда болуы және дамуы болды. Бұл басылымдар мамандар аудиториясына бағытталған еді, бірақ онда жалпы халыққа арналған бөлімдер пайда бола бастады.
Александр ІІ билікке келгеннен кейін ресейлік басылымдарға жаңа серпіліс әкелді. Ресми журналдар да белсенді түрде дамыды, мәселен, «Журнал для акционеров» – мемлекеттік қорлар мен әртүрлі қоғам және компаниялар акционерлері мен иегегерлеріне арналған орган, «Вестник промышленности» – Ресейдегі кәсіпкерлерге арналған алғашқы журнал. Бұл басылым ұлттық сауда-өндірістік буржуазиясының, Ресейдегі темір жолдар құрылысына жәрдемдесу, өндірістің дамуы, банк ісі сынды салалардың қажеттіліктері мен талаптарын қамтамасыз етіп, қорғауға бағытталды.
Осы уақытта аграрлық баспасөз тарала бастады – «Сельское благоустройство», «Журнал землевладельцев», «Практический сельский хозяин», «Русское сельское хозяйство». Экономикалық журналдар: «Технологический журнал» - орган АН, «Новый магазин естественной истории, физики, химии и сведений экономических» – шетелдік кітаптар мен журналдарға; «Купец» және «Коммерческая газета» газеттері – «Посредники между промышленниками и публикой»; «Мануфактурные и горнозаводские известия», «Земледельческая газета» және т.б. маманданған басылымдар.
XIX ғасырдың соңында – Ресейдегі өндірістің көтерілу кезеңі. Сонымен қатар бұл кезеңге мерзімдік басылымдардың дамуы жатады. Әсіресе, арнайы, анықтамалық және ғылыми басылымдардың өсуі байқалды. Осы уақытта, ресми басылымдар типтері, бизнес саласындағы қызығушылықтар, мемлекеттік элита, кәсіби қауымдастықтар қалыптаса бастады. Бұл баспасөз типі, сол уақытта әртүрлі жағынан танылды – универсалды және мамандандырылған ресми газеттер мен журналдар таратылды, сонымен қатар, ведомостволық, салалық және т.б.
«Биржевые ведомости» К.В. Трубникова – акционерлік – биржалық істер саласына мамандандырылған алғашқы газет пайда болды. 1912-1914 жж. Санкт-Петербурте акционерлік істерге қатысты оншақты газет, журналдар жарық көрді, сонымен қатар, «Биржевые ведомости», «Биржа», «Биржевая спекуляция и акционерное дело» және т.б.
Іскерлік журналистика – өткен өмірде мейілінше тәсілмен табуға феномен. Мысалы белгілі американдық ғалым Д.Форсит XVIII-XIX ғасырдың америкалық іскерлік журналистикасы туралы өзінің кітабында іскерлік баспасөздің тарихын үңгір адамдардың, Ежелгі Вавилон мен Мысыр кезеңінен бастайды: «Бизнес қатынас жолының тарихы адам мұқтаждығының тарихынан басталады. Адам тамақта, суда және жылуға экономикалық мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін алғашқыда сөйлеу (немесе жазу) мағынасында. Оның мұқтажы тым кешенді, күрделі және коммуникациялық болған сайын жазу коммерциялық арнаулардың барлық түрлеріне әсер етті» [6,152-б.]. Бұл көзқарастан шыға келе қазіргі іскерлік басылымдардың негізін қалаушылар ретінде көне уақытындағы құжаттарды (мысалы, іскерлік қатынас хаттар) есептеуге болады.
Форситтің соңынан ере отырып, зерттеушілердің көбі бұқаралық ақпарат құралдарының іскер деп есептеуге болатын сол уақыттағы құжаттар мен үлгілердің арасындағы байланысы бар екендігі айтады - ағылшын «баға көрсеткіштері» (price-currents) XVII ғасырдағы және соңында олардың үлгісі мен түрі бойынша жаратылған американдық басылымдар. Бұл тәсіл қоғамдық өмірде іскерлік баспасөздің маңыздылығын көрсетеді, бірақ бизнес коммуникация құралдары мен іскерлік баспасөздің арасына тепе-тендік белгісін қояды [6,152-б.].
Біздің ойымызша іскерлік басылымдардың отаны Еуропа болып табылады (XVI-XVII жүз жылдық). Дәл сол уақытта кейбір еуропалық елдерде (Голландия, соннан соң Британия) өнеркәсіптік революциясы үшін алғышарттар пайда бола бастады.
XVI ғасырдың ортасынан каптиал мен белсенді іскерлік қызмет шоғырландырылған қалаларда іскерлік ақпараттық ішкі құрылымның екі түрі дами бастады: ықпалды көпестер мен кәсіпкерлердің қолдауымен жеке меншіктік ақпаратық желілер және экономикалық ақпаратты ұсынатын көпшілік басылымдар пайда болды. Бұл екі түр экономикалық өмірдегі көрнекті оқиғаларды жазып алатын және болып жатқан оқиға туралы жалпы мағлұмат беріп тұрған. Деректер талдауы мен түсіндірілуі тәжірибеде мүлдем болмаған [6,152-б.].
Нарықтық қатынасқа өту, экономика мен бизнестің жоғары қарқынмен дамуы, тұрғындардың жаңа қажеттіліктері ресейлік іскерлік газет, журналдар жүйесінің құрылуына тікелей әсер етеді. ХХ ғасырдың басында Ресей өз заманына сай қуатты баспасөзге ие болды – бұл кезде Ресейде мерзімді баспасөздің тармақталған жүйесі, барлық негізгі әлеуметтік сословиелерге, кәсіби және жас пен жыныстық бағыттағы топтар қызмет етті. Ресейлік экономиканың тұрақты дамуы ресми газет, журналдардың көбеюіне алып келді. Ведомостволық, экономикалық, қаржылық, салалық, аграрлық бағыттағы журналдар да кеңінен тарала бастады. Дәл осы уақытта Ресейде алғаш рет көп бөлігін журналдар құрайтын, мерзімдік іскерлік басылымдар жүйесі құрыла бастады.
Қазан революциясынан кейінгі алғашқы екі жылда 170 журнал және газет жабылған екен. Қалған басылымдардың көбі партиялық органдар мен жергілікті кеңестік қарамағындағы басылымдарға айналды. Журналдар саласында әртүрлі қозғалыстар болып жатты. Революцияға дейінгі жарық көрген жалпы қызығушылық тудырған ресми басылымдар өз жұмысын тоқтатты, себебі оларды қаржыландырып отыратын, бағытталған (кәсіпкерлер, қаржылық элита және т.б.), басты мақсатты аудиториясы жоғалып кетті. Большевистік органдарға тиесілі басылымдарға орын беріп, революцияға дейінгі ведомостволық және мамандандырылған журналдар жабылып қалды.
ХХ ғасырдың 20 - 30 жж. соңында Кеңестік билік арқылы құрылған орталық салалық және маманданған журналдар интенсивті түрде дами бастады. Экономика мен қаржы тақырыбындағы аймақтық басылымдар пайда болды. Ресми баспасөздің экономикалық басылымдарға ауысуы жүзеге асты.
Ұлы Отан Соғысынан кейін журналдың мерзімділігі біртіндеп қалыпқа түсе бастады. 1956-1985 жж. жыл сайын 30-40 жаңа атаулар- журналдар мен журнал типтес басылымдармен толықтырылды, алайда іскерлік журналдар жеке тип ретінде қарастырылмады.
Қазақстанда ХХ ғасырдың 90 жылдарында отандық баспасөзде маңызды типологиялық өзгерістер болды. Біртіндеп қазақстандық баспасөзді коммерциялау жүзеге асырылды. 1991-2016 жж. Қазақстандағы іскерлік газет, журналдардың классикалық жүйесінің құрылу уақыты деп атауға болады. Осы уақытта БизнесLife», «Деловой Казахстан», «Партнер. Бизнес справочник», «Kazakhstan Business Magazine», «Бизнес&Власть», «National Business», «Эксперт Казахстан», «Бизнес спектр Казахстана», «Forbes Казахстан», «PR-Партнер» сынды іскерлік басылымдар пайда болды. Осы кезеңде жаңа кәсіби, салалық және корпоративтік іскерлік журналдардың белсенді түрде дамуы басталды. ХХ ғасырдың соңында Қазақстанда ресми журналдық кезеңнің салаланған жүйесі қайта құрылды.
Посткеңестік республикалардың іскерлік баспасөзінің тарихы – жалпы отандық медиатарихтың ең аз зерттелген және қызықты беттері. Өкінішке орай, қазақстандық бизнес – БАҚ-тың дамуына арналған материалдардың көп бөлігінің қол жетімділігіне қарамастан, олардың көпшілігі біртұтас картинаны құрамай, оқиғаның бірнеше бөліктерін ғана қамтитынын мойындау қажет.
Аздаған әлемдік өлшемдерге бола қазақстандық БАҚ-тың даму оқиғасында бірнеше жыл бұрын пайда болған кейбір тенденциялар мен процесстер заманауи БАҚ-ның нарығы мен іскерлік журналдардың қызмет модельдеріне белсенді түрде әсер етіп келеді. Қазақстандық іскерлік БАҚ-тың дамуының негізі кезеңдері Ресейдегі бизнес-басылымдарының кезеңдеріне ұқсайды (кейбір ауытқулармен қоса есептегенде, біріншіден, экономикалық нарықтық даму моделі бойынша өте қысқа мерзімде - 25 жылда және екіншіден, Қазақстандағы кейбір бизнес-орталардағы даму ерекшеліктерімен қоса, мәселен, ірі капиталисттердің кішігірім топттарына экономикалық және әлеуметтік өміріне үлкен әсер ететін, нарықтың әртүрлі сегменттерінде қызығушылыққа ие болатын).
Заманауи қазақстандық іскерлік БАҚ-ның тарихын төрт кезеңге бөлу орынды, олардың әрбіреуі өзіндік артықшылықтарымен сипатталады.
1) 1987-1995 жж. қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуы. Нарықтағы классикалық бизнес-баспасөзінің алғашқы үлгісінің пайда болуы. «Деловой мир Казахстана» баспа үйінің дамуы.
2) 1995-1999 жж. Іскерлік журналистиканың, яғни баспасөздің ұлттық моделінің дамуы, нарықтағы бәсекенің артуы. «Forbes Казахстан» журналының пайда болуы Қазақстанның іскерлік баспасөзі қайта құру жылдарында нарықтық қатынасқа ауысса ғана, журналистиканың әлеуметтік-экономикалық түрлендіруіне интенсивті әсер еткен жағдайда ғана құрылады және расталады.
Жаңа тенденциялар күшімен кез келген ақпарат, оған қоса қаржылық-экономикалық ақпарат белгілі бір бағытталған сұранысқа ие болды. 90-шы жылдардың басында қазақстандық нарықта қаржылық-экономикалық ақпараттарға бағытталған оншақты ақпараттық агенттіктер пайда болды. Алғашында ақпарат көбінесе басылым күйінде таратылды. 90-шы жылдардың ортасында құрамында ақпараттық агенттіктердегі мерзімдік баспасөзден басқа, экономикалық ақпараттарды жинайтын және тарататын ресми баспасөз жүйесі құрылды: республикааралық ақпараттық агенттік, экономикалық жаңалықтар агенттігі, «Internews Kazakhstan», аймақтық және аймақтар аралық агенттіктер. Ақпараттық агенттіктер трансляциямен коммерциялық ақпарат тарату арқылы кәсіби мамандардың шын қызығушылығын туғызатын өнім жасай алды. Алдымен, «Интерфакс Казахстан» және «Финмаркеттерді» пайдаланбас бұрын радиосигналдар арқылы мәлімет тарату мүмкіндігі туды.
1997 жылы жаңалықтардың интеграциясы қаржының саудалық жүйесі, жаңалықтардың нарыққа деген әсері байқалатын алғашқы жоба жүзеге асты. Шамамен осы уақытта, нарыққа кәсіби түрде ақпарат жеткізуші ортаға айналған Интернет те кең аудиторияға тарала бастады. Жеке инвесторларға мәліметтерді жеткізуге байланысты (негізінен тегін), web-технологияға үміт арта отырып, РБК лидер атанды.
Соңғы жиырма жылдықта нарықта қазақстандық қатысушылар тобы қалыптасты: «Интерфакс Қазақстан», «ALM kz», «Internews Kazakhstan», «РИСК-Бизнес», «Kapital.kz.» іскерлік ақпараттар орталығы. Бұған қоса, 1998 жылғы дағдарысқа дейін әрбір агенттік өз нарықтық сараланымына бағытталды. Сонымен, жаңалықтар саласында «Интерфакс Қазақстан», «ALM kz» көшбасшылық танытты, ең танымал фундаменталды ақпарат мен жаңалықтарды жеткізуші «Kapital.kz.» іскерлік ақпараттар орталығы» агенттігі, қаржылық ақпарттар секторында танымал болды. Соңғы жылдары ақпараттық бизнесті бақылау барысында, 3-5 көшбасшыларды (Reuters және Bloomberg қоса есептегенде) және бизнес шоғырланушыларын бөліп қарастырамыз.
3) 1999-2003 жж. қазақстандық ресми баспасөз жүйесінің ұлттық медиажүйе элементі ретінде, түбегейлі қалыптасуы. Нарықтағы толық спектрлі іскерлік баспасөз түрлерінің пайда болуымен ерекшеленеді. «Деловой мир» журналының пайда болуы және дамуы да заңды құбылыс.
4) 2003 ж. – бүгінге дейін. Іскерлік баспасөз өкілдері санының күрт артуы. Бизнеске арналған БАҚ мультимедиалық холдингтардың дамуы. Нарыққа шетелдік брендтердің белсенді түрде енуі. Жеке дара қаржыға арналған ресми баспасөз түрлерінің жедел дамуы.
2004 жыл – «Наши деньги» желілік шығарылымдық журналы таратыла бастады. Forbes (американдық «Форбс» журналымен келісім бойынша немістердің Axel Springer концернінің «қосымшасы» ретінде саналды) журналы жарық көрді. Шағын және орта бизнеске арналған, күн сайын жарық көретін «Бизнес» ресми газеті шығарылды.
2005 жыл – апта сайын «Forbes.kz» журналы жарық көрді.
2008 жыл – «Бизнес Life» журналы апта сайын жарық көрді. Ай сайын бұл бизнес-журналы шығып тұрды.
2007 жыл – «жеке қаржыға» арналған «Личный бюджет» журналы ай сайын жарық көрді.
Қазақстанның аймақтарында іскерлік газет-журналдар бұл кезеңде, мерзіміне, таралымына, аудиториялық бағытына, қаржыландыру әдісіне қарай, форматы әртүрлі, салаланған желілік басылымдарға жіктелді. Іскерлік баспасөз құрылымына газет, журнал, мерзім сайын жарық көретін бюллетеньдер жатады. Басқа басылым түрлерінен іскерлік өмірді, бизнес әлемін, сонымен қатар, басылымның қаржыландыру сипатын көрсету артықшылығымен ерекшеленеді.
Іскерлік баспасөздің барлық сегменттері бірдей дамымайды. Қазақстанда ресми БАҚ «дәстүрлі» формаларда (баспа ісі, аудиовизуалды), сонымен қатар, «жаңа» форматта (онлайн нұсқасында) да көрінді. Іскерлік медианарықтың негізгі бөлігін құрамындағы бизнес-медианы вертикалды (Издательский дом «Эксперт Казахстан», «Экономическая газета») және «Эксперт» бизнес қағидаларға бағындыра отырып, ірі медиатоптар бақылайды. Газет-журнал саласында іскерлік баспасөз мерзіміне, таралымына, аудиториялық бағытына, қаржыландыру әдісіне қарай, форматы әртүрлі, салаланған желілік басылымдарға жіктелді. Іскерлік баспасөз құрылымына газет, журнал, мерзім сайын жарық көретін бюллетеньдер, ғаламтордағы желілік басылымдар да жатады.
Басып шығарылатын іскерлік БАҚ-тың ішінде күнделікті «Бизнес Казахстана», «Эксперт Казахстана» және т.б. «Business& Markets» атты жаңа басылым шығарылды – алғашқы және жалғыз қазақстандық биржалық газет), оған қоса апталық және айлық журналдар «Деловой мир», «Аstana Innovations» сонымен қатар соның ішіндегі кейбіреулері тек жазылым бойынша «KAZAKHSTAN», «Деловой Казахстан» т.б.
Іскерлік баспасөз шығарылатын ақпараттың, аудиторияның сипатына байланысты салаға бөлінеді. Бүгінгі таңда менеджерлер мен басқарушылар аудиториясына бағытталған мамандандырылған басылымдар жеткілікті дәрежеде жарыққа шықты.
Іскерлік медиа нарығындағы корпоративті БАҚ-тың әртүрлерін айқындап көрсетуге болады. Газет-журналдардың тұтынушыларына арналған басты мақсаты - тұтынушымен байланыс орнату, компанияның имиджін қалыптастыру, өндірістің белгілі бір саласына назар аударту. Бұл басылымдар тегін таратылады. Корпоратив ішіндегі басылымдар, сәйкесінше, компания ішінде таратылады. Ресми БАҚ аймақтық қазақстандық нарықты белсенді түрде игеріп жатыр. Кейбір баспа үйлері арнайы аймақтық шығарылымдарға ие. Мысал ретінде, «BizMedia», «Бизнес&Власть», «Деловой Казахстан», «Деловая Неделя» арнайы шығарылымдар жарияланады. «Экономическая газета» баспа үйінде сонымен қатар аймақтық басылым шығаратын, «Эксперт» тобы журналының онға жуық аймақтық шығарылымы бар екен.
Іскерлік БАҚ, сонымен қатар, ғаламторда да жақсы дамыған. Ресми ақпарат жан-жақты түрде қарастырылып, жедел түрде беріледі. Ресми медианы екі типке бөлуге болады: тек қана ғаламторда ғана көрсетілетін онлайн шығарылым (Forex Magazine), және басып шығарушы БАҚ-ның электронды нұсқасы.
Мысалы, Ресейдегі ресми телевизия бүгінгі таңда мамандандырылған ресми арна «РБК ТВ» арқылы 2003 жылдан бері жалғасып келеді. 2008 жылдың 1 желтоқсанында «Эксперт» медиахолдингі тәуелсіз ресми ақпараттық-аналитикалық арна «Эксперт-ТВ» жарыққа шығарды.
2007 жылдың 1 наурызынан бастап 87.5 FM арқылы алғашқы ресми радиостанция «Business FM» эфирге шықты. Бұл «Московские новости» баспа үйінің кезекті жобасы еді.
Осылайша, бір жағынан, ресейлік іскерлік журналистиканың жағдайы ұлттық медиажүйенің салалық құрылымы түсіндірілді, екінші жағынан, Ресейдің жарнама нарығы өсті. Жарнама нарығы елдегі, экономикасындағы болып жатқан жағдайдың көрсеткіші болып табылады. Қоғамдағы ресми журналистиканың орны мен рөлі тұрақты емес. Экономикалық ортаның ерекшелігі, ресми қатынастардың деңгейі қоғамдағы бизнес-прессаның қызметі мен құрылымын анықтайды. Қорытынды ретінде, әртүрлі шаруашылық түрлері бар елдерде, бизнес-қатынастың қоғам өміріне енуінің әр түрлі деңгейінде, әртүрлі іскерлік мәдениет арқылы ресми баспасөздің мүлдем ұқсамайтын модельдері қалыптасады. Қазақстандағы іскерлік БАҚ-ты дамыту үшін де осы модельді қалыптастыру қажет.
Экономика туралы жазатын басылымдарға тоқталмас бұрын экономикалық ақпарат, іскерлік ақпарат деген ұғымдарға қысқаша тоқталған дұрыс сияқты. «Экономикалық ақпарат дегеніміз – экономика және оны басқару аясында туындайтын, сондай-ақ осы аяны зерделеу нәтижесінде жасалатын мәліметтер, деректер. Экономикалық ақпарат макроэкономикалық үдерістерді, еңбек, тауар мен капитал қозғалысын, нарықтың, өндіріс пен тұтынудың жай-күйін көрсетеді» [7, 189-б.]. Статистикалық, өндірістік-экономикалық, коммерциялық, іскерлік, жағдаяттық, банкілік, биржалық, анықтамалық (соның ішінде, салық, баға, тариф туралы), ғылыми-экономикалық, нормативтік (экон. аядағы құқықтық қатынастарды реттейтін), т.б. Экономикалық ақпарат түрлеріне ажыратылады. Экономикалық ақпараттың аталмыш түрлерінде айқын шекара жоқ. Айталық, «іскерлік ақпарат» ұғымы серпінді қатарлар, үлгілер мен бағалаулар түрінде экономикалық және статистикалық ақпаратты (сандық экономикалық, демографиялық, әлеуметтік) қамтуы мүмкін. Коммерциялық ақпарат компаниялар, фирмалар, олардың бірлестіктері туралы, сондай-ақ баға, компанияның қаржылық жағдайы, олардың байланыстары, мәмілелері, өнімдері, т.б. туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін, биржалық және қаржылық ақпаратта валюталардың бағамы, есептік мөлшерлемесі, бағалы қағаздардың баға белгіленімі, инвестиция, баға туралы мәліметтер қамтылуы мүмкін.
Статистикалық ақпаратта мемллекеттік статистика, халық санағының деректері, серпінді қатарлар, әлеуметтік зерттеулердің, қоғамдық пікірді сұрау салу жолымен анықтаудың нәтижелері қамтылады. Банк ақпараты мәліметтердің кең ауқымын біріктіреді, олар: банкілердің беделін бағалайтын ақпарат, банк жұмысында пайдаланылатын анықтамалық ақпарат – клиенттер мен серіктестердің мекен-жайлары, шоттары, т.б. биржалық және қаржылық ақпарат бағалы қағаздардың баға белгіленімі, түрлі банкілердегі валюта бағамы туралы ағымдағы және ретроспективті ақпараттан тұрады. Мамандандырылған ақпарат - жалпы мақсаттағы коммерциялық ақпарат мекенжай-анықтамалық деректерді, негізгі басшылар туралы мәліметтерді, жалпы қаржылық мәліметтерді – жарғылық қорлардың, активтердің мөлшерін, т.б. қамтиды [8, 248-б.].
Экономиканың өзгеруі іскерлік баспасөздің экономикалық жүйенің мұқтаждықтарын қамтамасыз ететін инфрақұрылым элементіне айналуына алып келеді. Жаһандану болған жағдайда, әртүрлі елдердегі экономикалық жүйе моделі біртіндеп жақындап келгенде, ал бизнес-қарым-қатынастың формалары көптеген елдерге ұқсас болып келеді, іскерлік баспасөздің модельдері біріккенше күтуге тура келеді. БАҚ толықтай сенімді түрде бизнес БАҚ-тың жаңа елдердегі бұрын таныс емес қызмет формасымен, жаңа нарықта, жаңа экономикалық форматта таралатыны туралы толықтай сенімділікпен айтуға болады.
«Личные деньги» журналы – Қазақстандағы жеке капиталды басқаруға арналған алғашқы журналдардың бірі. Саяси және экономикалық ортадағы реформаларды еңгей-тегжейлі түсіндіруімен ерекшеленеді. Азаматтарды түрлі қаржы құралдарын пайдалану, тәуекелге бару, сақтау, көбейту және жеке капиталды басқару туралы біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «2007-2011 жылдарға арналған ҚР халқының инвестициялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру» [9, 28-б.] бағдарламасында бастама жасаған болатын.
Бұл бағдарлама іскерлік БАҚ үшін дамудың жаңа кезеңі болып саналады, себебі, мемлекеттік қаржыландыруды іске асыру бағдарламасы БАҚ-қа жаңа инвестиция тартады және қолданыстағы білім беру жүйесі мен халықты ақпараттандыруға қолдау көрсетеді. Баспалық БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат үшін қызмет көрсететін қоғамдық тендерлері жаңа серпінге ие болды. Бұл жерде дизайн бюджетті реттеу пунктерінің бірі болып табылады. («Заманауи дизайн - жылтыр қаптамалы іскерлік басылымдардың соңғы дизайндық үрдісіне сай келетін басылым макеті»). Осыған байланысты баспагерлер шетелдік аналогтарды белсенді оқу туралы қорытындыға келді және тәжірибе алмасу процесін күшейтті. Мысалы, «Личные деньги» журналының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде бас редакторы А.Егорченко Ресей журналдарының модельдеріне жүгінді. «Редакция журналды шығарар алдында әріптерін, шетелдік басылымдарды, соның ішнде Ресейдің басылымдарын оқыды. Кез келген нәрсені оқыған пайдалы, бірақ сол тәжірибені сапалы түсіну бәрінен де маңызды» [8,58-б.], - дейді ол. Баспагер «Популярные финансы», «Семейный бюджет», «Smart money» журналдарын талдауға үлкен назар аударды. Оған «Личные деньги» журналы тұжырымдамасының инвестициялық сауаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатпен байланыстыруға және қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алуға тура келді. Іскерлік баспасөздің барлық талаптарына сай келетін және аудиторияны толық қанағаттандыратын графикалық модель әзірлеу журнал редакциясы үшін бірінші реттен бола қоймағандықтан, әрбір журнал номірі сайын редакция журнал дизайнының жаңа талаптарын қоя берді. Алғашқыда журнал банктердің фотосуреттерімен ғана безендірілген болса, бірнеше жылдан кейін редакцияның өзінің кәсіби фотографтары мен менеджерлері пайда болды. «Личные деньги» журналы - күрделі ақпаратты қарапайым, әрі түсінікті тәсілмен жеткізудің әдісі ретінде инфографиканы қолданған іскерлік журналдардың бірден бірі.
«VOX POPULI» басылымы салыстырмалы түрде қысқа мерзім өмір сүргеніне қарамастан, бұл басылымды қарастыру қызықты. Бас редактор қызметіне Гаэль Гишар - Щербина шақырылды, арт-директоры болып дизайнер-график, карикатурист Николо Журну келді (екеуі де Франциядан). «VOX POPULI» - кең ауқымды оқырмандар үшін интерактивті және ақпараттық алаң ретінде саналады. Саяси және экономикалық оқиғаларға жан-жақты және терең талдау жасау үшін авторлар экономика, саясаттану, әлеуметтану саласындағы сарапшыларды тартуға тырысты. Жарияланған материалдарының сапасына байланысты журнал тез арада оқырмен сенімі мен қызығушылығына ие болды. Бірақ «VOX POPULI» сапалы мазмұнымен ғана ерекшеленбейді. Директорлар кеңесі бас редакторға ерекше тапсырма береді: «Сапа принциптеріне тамаша сәйкес келетін журнал жасау». Контенттің дизайнына сәйкес, журналистік көзқарастың сапасы байқалады. Редакция тобы журналды сапалы ету үшін не істеу керек екенін түсіну және әртүрлі тәсілдерін игеру мақсатында халықаралық тәжібибелерге талдау жасады. Нәтижесінде, қолыңызға «VOX POPULI» журналын алатын болсаңыз, кез келген көзге британдық «Экономист» журналымен принциптері және сыртқы дизайны ұқсас екенін байқау қиын емес. Гаэль Гишер-Щербин мұны былай түсіндіреді: «Біз 20-дан аса газет-журналды зерттедік және біздің ойымызша «Экономист» журналының дизайны жақсы безендірілуімен ерекшеленеді. Бұл журналдың сыртқы келбеті біз жасағымыз келген журналға өте ұқсас болды, бірақ мазмұны әртүрлі. Басқа да журналдардан әртүрлі идеялар алынды. «Ex Mundi» айдарының идеясы француз журналынан алынды, бірақ біз беру түрін өзгерттік. Мен жай ғана көшіріп алмаймын, батыс нарығындағы журналдардың типін анықтай отырып, біздің нарықта қандай болуы керек екенін анытап талдау жасаймыз. Маған келіп, еурапалық журнал жасап шығардыңыз деп айтқандарға, мен: «Жоқ, қазақстандық журнал шығару үшін еуропалық дағдыларды пайдаландым» - деп жауап беремін»[10,74-б.],-дейді. Бұл тәсіл өзінің өміршеңдігін көрсетті - алғашқы жарты жалда айына бір рет шыққан «VOX POPULI» кейіннен айына екі рет шығатын болды (дағдарыс кезеңіне қарамастан).
Біз қарастырған барлық іскерлік газет-журналдардың арасында «VOX POPULI» - иллюстарцияларды ең көп қолданатын басылым. Әрбір номірінде 15-тен бастап 50-ге дейін иллюстрациялар қолданылады. Суретшілердің басым бөлігі журналмен тұрақты ынтымақтастықта болды, мысалы, 2009 жылдың қаңтарындағы номірінде арт-директоры ерекше безендіруге жол берген. Журнудың басшылығымен беттеуші, дизайнер, 3 фотограф және 6 суретші қызмет етті. Сыртқы қаптамасына әрқашан ерекше назар аударылады. «Экономист» журналының сыртқы бетіндегі иллюстрациялар идеясы оқырманды тартып, оның ойлануына мәжбүрлейді. Бас редактор болып Гаэль Гишар - Щербинді алмастырған Рашид Дюсембаев былай растайды: «Біз дизайн үшін көп қаржы бөлеміз, арт-директордың позициясы, иллюстрацияға арналған бюджет және инфографиканың арнайы мамандары бар» [10,29-б.].
Қазіргі заманғы оқырман үлкен көлемді мәтіндік материалдарды сирек оқиды, журналда олар аз, бірақ бір-бірімен логикалық жүйемен байланысқан мақалалар көруге болады. Басылымның құрылымында тұрақты айдарлар нақты белгіленген және олар нөмірден нөмірге тәртіппен сақталып отырды.
Түйіндей келе, «VOX POPULI» жақсы жобаланған, онда бәрі өзара байланысқан, графикалық әдістердің жиынтығы журналды тұтас қабылдауды қамтамасыз етеді және тұрақты құрылымын қалыптастырады деп айта аламыз. Қағаздың тығыздығы (51 г/ м²) батыстың бизнес-апталықтары сияқты, журналды «жеңілдетеді». Жалпы, басылым оқырман қызығушылығына сай ойластырып жасалған.
Журналдағы елеулі өзгерістерге байланысты, оқырмандар журналдың дизайніндегі өзгерістерге аса сезімтал болып келеді. Мысалы, «VOX POPULI» журналының шығуы интернеттің әртүрлі алаңында - блог, форум, мақала комментарийлерінде кеңінен талқыланды.
«VOX POPULI» «Экономист» журналымен ұқсастығы толығымен аудиторияның мақұлдауына ие болды және бұл оқырмандар арасындағы визуальді сауаттылығының жалпы деңгейі артқанын көрсетті.
Бизнес-баспасөз жүйесінің өз қызметін орындай отырып өзіндік оқырман аудиториясы қалыптасқан ажырамас бөлігі ресми журналдар болып саналады. Журнал басылымының ерекше сипатына байланысты өзіндік зерттеуге арналған кең аудиториясы қалыптасады.
Нарықтық даму жолында салыстырмалы түрде, көптен бері келе жатқан елдерде ресми журналистиканың пішіні мен механизмі қалыптасқан, алайда бұл теориялық шешімдер мен практикалық апробациясы қиын мәселелердің пайда болуына тосқауыл бола алмайды. Дәл осы уақытта, нарықтық экономикаға өткен мемлекеттерде, шаруашылық түрлерін белсенді түрде үгіт жасап жатқан батыс елдерінде, ресми баспасөз институты қызметінің оптималды механизмін өңдеу барысында бір қатар қиындықтар кезігуі мүмкін. Бизнес-БАҚ-тың қызметінің теориялық негізінде сұрақтар қалай пайда болса, практикалық бөлімінде де солай. Мысалы, Ресейде журналистика тәжірибесі бойынша, ресми ақпарат (оның жинақталуы, өңделуі, интерпретациясы және верификациясы) пен жұмыс әдісін апробациялауға, мәлімет көзімен өзара арақатынас, ресми журналистикада қызмет ететін журналист этикалық негіздерді анықтауға және енгізуге, барлығын нөлден бастауға тура келді. БАҚ менеджерлері мен басқарушыларының алдында - ақпарттық өнімнің дамуы мен оларды өңдеу және оптималды әдістер қолдану сынды міндеттер тұр.
Бұрын іскерлік БАҚ экономикалық БАҚ құрылымында қарастырылды. 1990 жылдың ортасынан бастап әртүрлі ғылыми тәсілдердің көзқарастары бойынша іскерлік баспасөзді талдайтын басылымдар шыға бастады.
Соңғы екі он жылдықта БАҚ-тың іскерлік жүйесі қалыптасты. Олардың құрамынан іскерлік басылымдарды (тек қана іскерлік ақпарат – жаңалықтар және экономика саласынан шолулар) және іскер адамдар үшін басылымдар (іскер адамдарды іскерлік және басқа да қажетті ақпаратпен қамту).
Бүгінгі күні іскерлік басылымдарды шығарумен келесі ұйымдар айналысады:
Медиа-топтар;
Баспасөз қызметіне бейінді болып табылатын бизнесмендер;
Өкімет органдары;
Экономика саласында жұмыс істейтін ұйымдар мен қорлар [11,152-б.]. Іскерлік басылымдар аймақтарда да дамиды. Бұған аймақтардың экономикалық өмірі, бизнестің әртүрлі саласында әрекет ететін ұйымдар мен құрылымдардың жұмыстары (банктер, сақтандыру компаниялар, сауда және көрме фирмалары, әртүрлі қаржы институттар, өндірушілер, логистика, менеджмент, кәсiпорынды басқару, салық салу, жылжымайтын мүлiк, сапаны басқару, электронды коммерция, құрылыс, көлiк, сауда, бағалы қағаздар, қор нарығы, туризм, құқық, бухесеп және аудит, кәсiпкерлiк, электронды коммерция және т.б.). Аймақтық басылымдар шығарулар аймақтық инфрақұрылым секторлардың бiрi ретiнде - ақпараттық болып табылады. Талай жергілікті газеттер өзекті ақпаратты жариялай отырып, нақты аймақтың жалғыз қанағаттандыру көзі болады - мейрамханалардың рейтингтернен банктердің ұсыныстарына дейін, бірақ жарнама берушілер үшін таптырмайтын ресурс болып табылады.
Аймақтық іскерлік басылымдар келесі көрсеткіштер бойынша ажыратылады:
нұсқаның материалы (қағаз, электронды);
шығу жүйелілігі (мерзімді, мерзімді емес);
ақпаратты падалану мақсаты [12,152-б.].
Іскерлік журналдардың оқырмандары - компаниялардың, өндірістік кәсіпорындардың басшылары, орта буындағы менеджерлер, өкімет органдарының өкілдері, өз бизнесін ашқысы келетін адамдар. Жаппай басылымдар осы аудиторияны қажет етеді. Жиірек бұл аудитория ұйығарылады, бірақ үнемі анықталмайды – әсіресе 35-50 жастағы ер адамдар, тұрақты жоғары кірісі бар қоғамның белсенді бөлігі. Басылымдардың айналы шойында тақырыпшалары болады «Іскер таңдаулылар үшін журнал», «Алғашқы тұлғалар үшін», «Ауқатты адамдар үшін», «Тұлғалы адамдар үшін». «Кеңінен таралған журнал» ретінде өзін есептейтіндер мен кәсіпорындардың мамандары мен басшыларына жүгінулер кездеседі [13,39-б.]. Іскерлік баспасөз феноменінің барлық зерттеушілері оның мазмұны іскерлік ақпарат болып табылады деп есептейді, кәсіпкерліктің дамуы мен қамтылуы туралы мәтіндік және сандық материалдар. Іскерлік ақпаратты орналастыратын арнайы тұрақты айдарлар мен бөлімдер «Эксперт», «Деловой мир», «Финансовая газета», «Экономика и жизнь» басылымдарында бар.
Шартты түрде іскерлік БАҚ келесі көрсеткіштерге бөледі:
- Жалпы профильдің іскерлік басылымдар-жеткілікті тақырыптық жан жақтылығымен ерекшеленетін, осы типологиялық модельдің сөзсіз белгілерін сақтап қалатын басылымдар;
- Саяси-экономикалық бағыттағы іскерлік басылымдар – теориялық саяси - экономикалық компоненттері күшейтілген басылымдар және оның призмасы арқылы маңызды әлеуметтік саяси оқиғалар қарастырылады;
- Қаржылық бағыттағы іскерлік басылымдар – банк капиталының динамикасы, қаржы мекемелерінің іс әрекеттері, кредиттеу үрдісі мен деңгейлері, валюталардың курсы және т.б. жарияланатын басылымдар;
- Биржалық іскерлік басылымдар - құнды қағаздардың сауда саттығы, акциялардың бағасын белгілеу және т.б. биржалық өмірдің жақтары байқалатын басылымдар;
Сапалы басылымдар - әлемнің ең жақсы іскерлік басылымдардың ұзақ эволюция жолымен бірте-бірте даму салдарын пайда болған және барлық типологиялық модельді аяқтайтын күнделікті газет мерзімінің ерекше түрі. Сапалы басылымдар жоғары талдамалы, журналистикалық және полиграфиялық деңгейді сипаттайды. Онда газет өнімінің шапшандылығын, жан-жақтылығын, нақтылығын қажет ететін саудагер, қаржы маманы, банкир, өнеркәсіп иесі оқырмандары тарапынан өздігінен басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы және экономикалық ақпарат жарияланады. Бұл басылымдар бизнес туралы жазып қана қоймайды, олар оны қамтамасыз етеді. Мұнда журналистердің публицистикалық пайымдамалары ғана емес құзыреттi мамандардың пiкiрлері бағаланады. Мұндай басылымдарда ақпараттың үлкен көлемін шапшаң жинап, өндеу үшін құрылымдық қызметтік қатынасында дамылған редакциялық аппарат бар.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша мынадай қорытындыға келуге болады:
Қазақстанның іскерлік БАҚ жеткілікті дәрежеде дамыған жүйені көрсетеді. Ресми БАҚ нарығындағы көптеген потенциалды орындар сәйкес келетін масс-медиамен басыбайлы;
Қазақстандық іскерлік БАҚ-тың қызметінің аз мерзім ішінде қалыптасқанына қарамастан, көптеген кезеңдердің ұқсастығы, батыстық медиа жүйе бойынша дамуы (мысалы, нәтижесінде ауқатты халықтың көбеюі мен жеке инвесторлардың көбеюіне алып келген, жеке қаржыға арналған басылымдардың пайда болуы);
Ұлттық экономика мен іскерлік БАҚ қызметтері ерекшеліктерімен арасындағы қарым-қатынас өзгермейді;
Қазақстанның іскерлік БАҚ жүйесіндегі болып жатқан белсенді әрекеттер болашақтағы үлкен өзгерістеріне алып келуі мүмкін.
Бүгінгі таңда Қазақстанда белгілі бір аудиторияға - іскерлік қоғамға арналған, яғни, бизнесте қоғамдық өндірісті басқарумен айналысатын адамдарға арналған ресми газет, журналдар типі қалыптасты. Заманауи іскерлік газет, журнал міндеттері - нарықтық экономика принциптері мен идеяларын насихаттау, оқырмандарды бизнес әлемінен ақпараттандыру, экономика, өндіріс, заңдық нормативтік, салалық және кәсіптік ақпарат тарату, оқырмандардың кәсіби және іскерлік ой-өрісін кеңейту, бизнес идеясын қалыптастыру, отандық бизнестің имиджін қалыптастыру. Мұндай басылымдар шығарылымының жоғары болуы іскерлік баспасөзге билікті, қаржылық құрылымды, интеллектуалды қоғамның назарын аудартады.
Іскерлік газет, журналдар жүйесі БАҚ-ғы негізгі жүйелік талаптарға сәйкес келеді: тұтастай сипатының сақталуы, компоненттердің жиынтығы, қажетті элементтер мен функциялар жиынтығы, жүйелерді ұйымдастыру. Іскерлік газет, журналдардың басты функциясы бизнес коммуникацияларды қамтудан тұрады. Аталмыш функция іскерлік басылымға - сенімді ақпарат көзі болу талабын қояды. Іскерлік газет, журналдар компоненттер жиынтығын қамтиды. БАҚ заңнамасына тән әрбіреуі белсенді түрде өз ортасымен және өзгелерімен өзара қарым-қатынаста болады. Ол қазақстандық іскерлік баспасөздің бір бөлігі ретінде қызмет етеді.
Қазақстандық іскерлік газет, журналдар жүйесі элементтері басқа басылымдарға қарағанда өзгешеленеді:
1) Жалпы қызығушылықтағы іскерлік газет, журналдар – бизнес-ұйымдар мен мамандардың, бизнес саласындағы тақырыптарға арналған басылымдар. Мұндай газет, журналдардың көп бөлігін жаңалықтар, сараптамалық және экономика, бизнес, қаржы, менеджмент саласындағы анықтамалық ақпараттар құрайды. Мұндай БАҚ сонымен қатар, бос уақытты өткізу, хобби, спорт және т.б. тақырыптарға қатысты бөлімдерден тұрады.
2) Мамандандырылған (салалық және кәсіби) іскерлік газет, журналдар - мазмұны тек өндірістік және коммерциялық қызметке қатысты белгілі бір салаға ғана байланысты тұлғалар қызығушылығын тудыратын БАҚ.
3) Корпоративті іскерлік газет, журналдар - нақты бір кәсіпорын, корпорация, компания өкілдеріне ақпараттық әрекет ету үшін, сала қызметкерлері (бәсекелестерді қоса есептегенде), орындаушы және заңнамалық билік өкілдері үшін таратылатын басылымдар. Олардың айрықша ерекшелігі - салалық тақырыптардағы редакциялық саясатқа тәуелсіздік, пікір таныту.
4) Іскерлік газет, журналдар – мемлекеттік билік органдарының басылымдары (Governmental title) – мемлекеттік биліктің тапсырмасын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес орындайтын журнал.
Іскерлік газет, журналдар жүйесінің келешегі бар, алайда объективті сипатқа ие және Қазақстан медианарығы жағдайын анықтайтын кейбір шарттарды ескеру қажет. Маңызды шарттардың бірі – Қазақстан экономикасының ары қарай жалғасуы, іскерлік газет, журналдар мен қатар, іскерлік БАҚ маңызының нарықтық шаруашылықтағы нығаюы мен артуы.
Бүгінгі таңда, Қазақстандағы іскерлік басылымдар рейтингінің көшін бастап тұрған – «Эксперт Казахстана» жалпыұлттық іскерлік апталық журналын жатқызуға болады.
Сапалы баспасөзде сараптамалық, журналистік және полиграфиялық жағынан жоғары деңгейде шығарылады. Бұл қайта құруға дейінгі болған экономикалық насихат жүргізілген және еңбекшілерді экономикалық тәрбиелеу жүргізілген бұрынғы баспасөз емес. Бұл жерде оқырман – банкир, қаржыгер, саудагер тарапынан өзіндік басқарушылық шешім қабылдау үшін экономикалық және қаржылық ақпараттар жарияланады, олар үшін газет өнімінің нақтылығы, жан-жақтылығы, жеделділігі қажет. Бұл басылымдар бизнес туралы жай ғана жазып қоймайды, олар оған қызмет етеді. Бұл жерде тек журналистердің публицистік пайымдары емес, сонымен қатар білікті мамандардың пікірі де бағаланады. Осы түрге мынандай газет-журналдарды жатқызуға болады: «БизнесLife», «Деловой Казахстан», «Партнер. Бизнес справочник», «Kazakhstan Business Magazine», «Бизнес&Власть», «National Business», «Эксперт Казахстан», «Бизнес спектр Казахстана», «Forbes Казахстан», «PR-Партнер» және т.б. Мұндай басылымдардағы ауқымды ақпараттар көлемін жинап, өңдеу үшін құрылымдық-функционалдық қатынаста дамыған редакциялық аппарат қызмет етеді.
Осы тұста Ресейдегі іскерлік басылымдарға шолу жасағанды жөн көрдік. Мысалы, федеральды масштабтағы сапалы іскерлік басылымның жарық үлгісі ретінде 1992 жылы «Financial Times» және «Известиямен» ортақ басылым ретінде шыға бастаған «Финансовые известия (Қаржылық хабарламалар)» газетін атауға болады. Мәскеу аумағында ол «Известияға» қосымша ретінде таратылса, Ресейдің басқа аймақттарында жеке басылым ретінде таратылды. Таралым 164 мың дананы құрады. Бұл екі жақ үшін де табысты кәсіп болды: басшылықтың айтуы бойынша 1995-1996 жылдары (салық салғанға дейін) газеттің біржылдық табысы 4 миллион долларды құрады. FT оның негізгі назары АҚШ-та екендігін алға тартып, 1998 жылы «Қаржылық хабарламалармен» келісімді үзді. Басқа деректер бойынша «Қаржылық хабарламалар» мен оның ағылшындық серіктестері арасындағы қарым-қатынастың сууы «Известияның» ірі акционерлері Лукойл мен онэксимбанк болуымен байланысты. FT өзінің басты ерекшелігін алпауыт компанияларға тәуелсіздігі деп есептеді.
«Қаржылық хабарлар» FT құрамынан шыққан соң, газет «Financial Times»-тың логотипінен және материалдарынан айырылып қалды. Бірақ, газет редакторының бірінші орынбасары П.Голубтың айтуы бойынша олардың қарым-қатынас үзуі тіпті пайдалы болды: ағылшындықтар қағаз жеткізетін, өз журналистерінің материалдарын беретін және осы үшін басылым табысының 50 -ын алатын, бұл П.Голубтың пікірі бойынша, ағылшын тарапының материалдық және интеллектуалдық шығындарынан айтарлықтай көп болды. (Коммерсантъ, 24.01.1998). «Қаржылық хабарламалар» жоғарыда айтылғандарға орай экономиканы, экономикалық қатынастарды батыстық стандарттар бойынша қарастырғанын айта кету керек.
«Бизнес&Власть» апталығы да жалпы қазақстандық газет, ол да нарықтық экономиканың тәжірибелік сұрақтарын басты мақсатқа алған. Ол макро және микроэкономика, тек қана орталықта емес, аймақтардағы шаруашылық өмірдің мәселелерін жариялайды. Газет «Бизнес&Власть» салалық және мамандандырылған басылым. Аудиторияның кең ортасын қамту үшін, әртүрлі оқырман топтарын қажет ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, редакция бухгалтерлерге есептелген, сақтандырушылардың, салық инспекторларының, бағалаушылардың, банкирлердің, қорлық нарықта жұмыс істейтін, кеден қызметінде жұмыс істейтін, жылжымайтын мүлікпен, инвестициялармен, сыртқы экономикамыен айналысатын тұлғаларға арнап газетке қосымша шығарады. Ортақ таралымы да көп. Апталықтың жазылушыларының саны басқа іскерлік басылымдарды бірге алғандағыдан қарағанда 2,5 есе көп, бұл оның қазақстандық баспасөз нарығында көш бастап тұрғандығын куәландырады.
«Эксперт Казахстана» (1990 жылдардың басынан бастап шығады) бизнес, менеджмент және экономика саласындағы мамандарға арналған сапалы журнал үлгісін бере алады. Оның бағандарында заңнамаға, қауіп туралы ескерту, табыс сырын зерттеуге, нарықтағы жағдайды сараптап, болжауға арнайы орын беріледі. Материалдар экономика саласында жақсы дайындалған аудиторияға бағытталған. Оның аудиториясын қазақстандық және шетелдік топ-менеджерлер, коммерциялық және мемлекеттік құрылымдардың басшылары құрайды.
«Эксперт Казахстана» журналының дамуына ықпал жасаған Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы десек артық болмас. Іскерлік баспасөз нарығында жиырма жыл бойы көш бастап тұрған бұл басылымға деген қызығушылық осы күнде де бәсеңдеген емес. Осы басылымда жұмысын бастаған көптеген журналистер өздерінің іскерлік және қоғамдық-саяси басылымдардың негізін салды. Оның бірінші жолағында бұл «сауда-индустриялық және қаржылық өмірдің жаңалықтарымен таныстыратын ең жақсы хабардар ететін, тәуелсіз баспасөз» деп хабарланған.
Қазіргі «Эксперт Казахстан» қоғамдық-саяси өмірді, батыстық газет-журналдардың мазмұнды және көркемдеу моделін жоғары деңгейде меңгерген басылым. Оның қалыптасу және даму тарихы отандық қайта құрылған және реформаланған журналистикаға жігер бере алады.
Газеттік формадағы «Бизнес&Власть» апталығы саясат, экономика және мәдениет әлеміндегі негізгі оқиғаларды жариялауға ойысты. Өз аудиториясын ол саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, кәсіпкерлер, әртүрлі мамандықтағы адамдармен, жоғары және орта буын менеджерлерімен дөңгелектеп алды. 1996 жылғы әлеуметтанушылардың сауалнамасы бойынша журналдың аудиториясының көп бөлігін 25 пен 44 жас аралығындағы адамдар құраған, некедегілер басым, жартысынан көбінің жоғары білімі бар және әйелдерге қарағанда ерлер көп кездеседі. Оқырмандардың төрттен үш бөлігі экономиканың мемлекеттік емес секторында жұмыс істеді. Фирмалар мен кәсіпорын басшылары жиі кездесті (43,9 ), еркін мамандық адамдары (заңгерлер, дәрігерлер, журналистер) – 27,7 және орта буын менеджерлері (19,8 . Оқырмандардың бесінші бөлігін компаниялардың иелері және серіктестері құрады. Сенім рейтингі бойынша жарнама берушілер арасында «Бизнес&Власть» бірінші орында болды, «Қаржылық газет», «Қаржылық хабарламалар» және «Экономика мен өмір» рубрикалары ең көп оқылатын бөлігі. Егер бұрын мұндай газеттерді шығаруға бастамашы журналистер болса, ал енді бұл рөл берілген өнімді тұтынатындарға көшті, ол бизнесмендер және коммерциялық құрылымдар. Ірі коммерциялық кәсіпорындардың инвестициялық жобаларының арасында іскерлік баспасөзге де орын жиі табылып келеді. Жақсы газетке құйылған қаражат банкке салынған қаржыдан көп пайда әкеледі. Дегенмен, басқа да кәсіптегі сияқты бұл жерде де қауіп бар – шексіз газеттер санының табысына нарық кепілдік бере алмайды.
БАҚ зерттеушілері Қазақстанда іскерлік баспасөздің дамуы тікелей басылым бизнесінің дамуына байланысты деп есептейді, ал ол өз кезегінде нарықтық фондта іскерлік белсенділікке тәуелді. Іскерлік газет жарнама берушіге жарнама орналастыруға мүмкіндік беруге қабілетті параллель жобалардың дамуынсыз автономды өмір сүре алмайды. Бір басылым ұтылса да, баспа үйі екінші басылым есебіне аман қала алады. Іскерлік баспасөз экономикалық, қаржылық жақтарда болып жатқан өзгерістерге қатты назар аударады, демек, мерзімді басылым үшін басқа тип пен бағыттың «пионері» болып табылады.
Қоғамның экономикалық өміріне, оның көлемі мен бағытына журналистиканың әсері баспасөздің экономикалық ақпарат арнасы мен көзі ретіндегі рөлімен анықталады. Бұл көзқарасты В.В. Ворошилов (Санкт-Петербург), Е.А. Блажнов, С.М. Гуревич (Москва) және тағы басқа көптеген зерттеушілер ұстанды. Жоғарыда аталғандай ақпараттар болмаған жағдайда заманауи экономика «өмір сүре алмайды». Олардың басқа да дереккөздерімен қатар, баспасөз, оның ішінде мерзімді басылымдар экономиканың барлық салаларының дамуы мен қызмет етуіне қажетті экономикалық мәліметтердің, ақпараттардың маңызды, әрі үлкен бөлігін үздіксіз экономикалық құрылымға арнайды. Бұл мемлекет аумағында жүз мыңдап, миллиондап таралатын іскерлік газет-журналдарға, сонымен қатар, өндірістік және сауда мекемелерінің, фирмалардың басшыларына, кәсіпкерлерге, биржа мен банк қызметкерлеріне арналған іскерлік басылымдарға да – газеттерге, апталықтарға, журналдарға қатысты. Аталмыш басылымдардың рөлі артып келеді. Іскерлік газет-журналдар қоғамдық-саяси басылым беттерінде орын мен мамандардың жетіспеушілігі салдарынан шыға бермейтін толық детальді ақпараттар жариялайды. Баспасөздің экономикаға әсер етуінің басқа бағыттарына сыни материалдардың шығарылуы, экономикалық құрылымдағы жақсы тәжірибелердің насихатталуы, баспасөз беттерінің құрастырылуы мен экономикалық даму мәселелерінің талқылануы жатады. Сыни мақалалар мен корреспонденциялар мемлекет пен оның жекелеген аймақтарындағы ауыл шаруашылық пен өндірістің әртүрлі салаларында орын алатын дағдарыстық жағдайлар туралы жылдам ақпарат таратып қана қоймай, оған себепші болатын қателіктерді, сәтсіздіктер мен есептік жаңылысуларды сараптап, оның қорытындысын да хабарлайды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі жиырма бес жылдық тарихы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі саласында әлдеқандай біріктірулер жүргізіп, олардың ел экономикасының қалыптасуы мен тұрақталуындағы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманауи іскерлік баспасөз туралы үш басты қорытынды шығаруға болады: бұл басылымдар жай ғана бизнес туралы жазып қоймайды, олар оған қызмет етеді; бұрын мұндай газеттерді, журналдарды шығаруға бастамашы журналистер болса, ал енді бұл рөл берілген өнімді тұтынатындарға көшті, ол бизнесмендер және коммерциялық құрылымдар; оларда тек журналистердің публицистикалық пікірлері емес, арнайы мамандардың пікірлері де бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |