3 Қазіргі іскерлік басылымдар: тарих пен тәжірибе


ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ



бет8/14
Дата10.06.2023
өлшемі0.51 Mb.
#474915
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
901014450238 kz 6M050400 Али Салтанат Файзуллаевна 2017

2 ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ


2.1 Іскерлік журналистика және ғаламтор

Қазақстандағы іскерлік баспасөздің дамуына ненің түрткі болғандығы жайында бірнеше пікірлер қалыптасқан. Біреулер, оның пайда болуына посткеңестік кезеңдегі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың қажеттілігіне негізделген десе, басқалары іскерлік баспасөз Қазақстанда одан ерте кезде де болғанын айтады және оған КСРО-ның салалық баспасөзін мысалға келтіреді. 90-ы жылдардағы қазақ қоғамындағы өзгерістер, жаңа әлеуметтік топтардың және қоғамның, сонымен қатар іскерлі қоғамның, бизнеспен айналысатын адамдардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Жаңа қауымдастық іскерлік баспасөз болып табылатын қатынастың жүзеге асырылу механизмінің жаңа типін туғызды. 1991 жылдан бастап 1996 жылдар аралығы Қазақстандағы іскерлік баспасөздің жүйесін құрастыру жылдары болып қабылданды және іскерлік газет, журналдар басылымы пайда болды. Сол кезде корпоративті іскерлік және салалық журналдар дамуының белсенді әрекеті болды.


Зерттеушілер «іскерлік басылым» ұғымының бүгінгі күннің өзінде екіұшты екенін мойындайды. Әртүрлі бағыттағы іскерлік мерзімді баспасөзді басылымының түрі, типі немесе тегі ретінде атайды.
Бастамас бұрын анықтама берейік: «Іскерлік журналистика (англ. Business journalism) – журналистер бақылап жүретін, ақпараттарды жинақтап, жазып және талдап жүретін, бизнеске де ақшаға да қатысы бар, басшылық өкілердері мен іскерлі орталардың маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін жанр» [23, 321-б.]. Бизнесті жазатын журналистер ақпарттар алаңын құрастыру мақсатында материалдарды басып шығару арқылы кәсіпкерлердің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бейімді. (Соның ішінде статистикалық, жарнама-ақпараттық, заңнамалық).
Іскерлік ақпарат нақты бір аудиторияға есептелген. «Оның басты мақсаты – кәсіпкерлердің қалауын қамтамасыз ететін, ақпараттық инфраструктураны қалыптастыру, нарықтық экономиканың идеяларын және принципін насихаттау, заңнамалық және нормативті ақпараттарды тарату, отандық бизнес имиджін қалыптастыру, оқырмандарға бизнес әлемінен кеңінен ақпарт беру» [24, 24-б.].
Осындай басылымдардың басты қызметінің бірі деп елдегі болған оқиғаларға және сол оқиғаның ісерлік әлемге әсеріне талдау жасау. Халықаралық экономикалық жаңалықтардан ақпарат беріп отыру, экономикаға байланысты әлеуметтік проблемаларды талдау, кәсіпкерлерді өзекті ақпарттармен қамтамасыз ету т.б. атауға болады [16, 28-б.]. Шынына келгенде іскерлік баспа саны жағынан алғанда ақпарат нарығында айтарлықтай орын алмайды. Нарықтың басқа да сгемнеттері сияқты бұл басылымның құрамында нақты аудиториялық топтарға есептелген баспалардың әртүрі бар. Бұл ережеге сәйкес, интелектуалды элитаға арналған салалық сараптамалық және корпоративтік сапалы басылым.
Сапалы басылымдар сараптамалық ақпарттың жоғары деңгейімен сипатталады. Бұл жерде мамандардың пікірлері бағаланады. Экономикалық және қаржылық ақпарат осындай баспаларда басылып шығып, басқару шешеімін қабылдауға арналған. Ғаламторда бұл жанр биржалық, статистикалық, экономикалық ақпарат ретінде көрсетіліп жүр.
Сонымен, іскерлік баспа – соңғы жылдардағы неғұрлым қарқынды дамыған баспаның түрі. БАҚ бір бөлігі ретінде жаппай ақпарат беру құралы деп орын болу керек. «Іскерлік баспа ерекшелігі бағытталған аудитория сипатына байланысты. Ұйымның қызметінің шешімін қабылдайтын адамға бағытталған деп есептелінеді. Оқырмандар базасы болып халықтық шаруашылық саласында, білім саласында, мемлекеттік қызметте қызмет жасайтын білімді әлеуемттік адамдар болып табылады» [25, 58-б.].
Іскерлік басылымдардың басты қызметі – анықталған ақпараттың дереккөзі болып саналады. Өз кезегінде материалдардың таратылу стандартын анықтайды, жалған мәләметтерді тарату (тексерілмеген) салдарын есепке алған жөн, әсіресе егер ол құралдарды жауапкершілік шешімдерді қабылдау мақсатында пайдаланғанда. Бұл стандарттар, қатаң форманы ұстанды. Ақпаратты тарату сипаты аудитория сияқты, сапалы баспа параметрлеріне сай келу керек. «Іскерлік БАҚ жататын жоғары саты, өзін-өзі тежеу. Тіпті жекеменшік құқығы қол сұғушылық құқығынан айырылады. Мысалы этикалық кодекстерде кәсіби қызметкерлер қызығушылығының арасында шиеленіс тудыруы мүмкін болған жағдайда да банк қызметіне арналған америкалық газеттер қатары банк акцияларына ие болуға тыйым салынған. Осындай тыйымдар жоқ жерде тілші редакторға өзіне жазуға тапсырылған компания акцияларына иелік ететіні туралы баяндау керек [25, 18-б.].
Осыншама этикаға қатысты қатаң ережелер экономикаға негізделген. Іскерлік басылымдардағы барлық бизнес жалғыз маңызды негізге негізделген ол – ақпараттың шығу тегіне оқырмандардың көзін жеткізу. Сондықтан осы типтегі барлық баспалар беделін арттыру үшін барынша күш салады. Ақпараттың шығу сапасын жоғалтатын болса оның іскерлігі тоқтап, баспаның басқа түріне ауысады.
Іскерлік баспасөз қызметін анықтаушы болып тақырыптар табылады. Осы баспалардан таратылатын ақпараттар экономика мен саясат мәселелерімен ғана шектелмейді. Капитал мен тауардың нарық қозғалысына әсер ететін кез келген ақпарат іскерлік бағыттағы басылым болып табылады. Іскерлік баспасөз журналистерінің білімі қазіргі немесе болашақтағы нарықтағы өзгерістерге әсер ететін деректерді жиынтықтап ала алумен анықталады. Дегенмен, тіпті кеңінен тараған тақырыптардың өзінің шегі бар. Яғни, оның сипатын басқарушы белгі ретінде қарауға болады. Осылардан келіп баспасөздің бес түрін атап көрсетуге болады: әмбебап, мамандандырылған, тар шеңберде мамандандырылған, кәсіби және нақтыланған.
Әмбебап бизнес журналдар жалпы экономикалық қана емес, сонымен қатар биржалық ақпарды да хабарлайды, олар әлеуметтік мәселелер саясатын, мәдениет және т.б. да жазады. Бірақ, әскерлік ақпарат басты болып табылады. Сондықтан адамның барлық қызметі, тіпті мәдениет финанстық қызығушылық арқылы қарастырылады. Қазақстанда әзірше толыққында әмбебап бизнес басылымдар баршылық. «Әмбебап іскерлік баспалар келбетінің титулы бойынша «Экономика және өмір» атты апталықты жатқызуға болады. Дегенмен, газеттің мазмұнына қарағанда мамандандырылған іскерлік басылым жақын келеді. Әмбебап іскерлік басылым ретінде «Бизнес Журнал», «Деловая Хроника», «Эксперт», «Коммерсантъ-Деньги», «Популярные Финансы», «Профиль», «Компания» және «Итоги» сияқты журналдар нарықта өз орындарын тапқан.
Біржақты мамандандырылған іскерлік журналдар Қазақстан басылымдарында «Индустрия Рекламы», «Финансы и кредит», «Директор info», «Искусство управления», «Бухгалтерский учет», «Свой бизнес» сияқты журналдар ай сайынғы және апта сайынғы баспасөз ретінде кең тараған. Атауы айтып тұрғандай олар аудиторияның нақты сегментіне арналған және баржақты ақпараттар береді.
Мамандандырылған басылымдар – атауы айтып тұрғандай мысалы «Финансист», «Юрист» т.б. нақты бір амандыққа арналады. Оны мамандандырылған іскерлік басылым түрінде қарастыруға болады, бірақ өз тақырыбында олар әмбебап. «Олар, ережеге сәйкес мамандықтың барлық жақтарын ғана қамтып қоймай, мамандық саласанығы барлық жақтарын қамтиды. Дәл осы жағдай өзіндік басылым түрінің мамандандырылған баспаны белгілеп көрсетуге мәжбүрлейді.
Соңғы нүктелі басылым – біржақты аудиторияға бағытталған. Мұнда нарық сегментінің соңғы сатысы жетеді. Тағы бір атау newsletters» - ішкі қоғамға арналған басылым түрі. Корпоративті газет, буклет, парақшалар және т.б. ағылшынна аударғанда жаңалықты хат. Журнал корпоративті басылымдардың бірнеше атауын атап көрсетуге болады. Д.А Мурзин төртке бөледі.
Бірінші «ішкі корпоративті» деп аталады. Олар тегін таратылады және тек тұлғаны немесе сол немесе компания ішіндегі басқа да корпорацияның даму мәселесесі бойынша қызмет ететін, жеке мақсатты категорияны ақпараттандыруға арналған. Ережеге сәйкес, одан тыс таратылмайды. Олардың арасында редакциялық саясаттың мазмұны мен сипаты бойынша принципикалық өзгешелігі бар екі өлшемді атап айтуға болады:
- барлық тұлғалараға арналған басылым (мбидизация және консолидация заты) тек компания көзқарасы байқалып тұрады, яғни басшылық.
- корпорация басшылығына арналған басылым.
Екінші түр – корпоративті басылымыдар, ішкі және сыртқы корпорация таратылымы. Корпорация клиенттеріне бағытталған. Оларға басылым ақылы болуы мүмкін немесе оның төлемі корпорация қызметінің төлеміне жатуы мүмкін. Мұндай басылымдар, редакциялық саясаттың тікелей тәуелсіздігін ерекшелеп көрсетеді. Корпорацияның өзінің қызығушылығы жанамалы болуы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін. Корпорация көзқарасы қандайда бір мәселеге қатысады, бірақ үстемделмейді. Олардың арасында сонымен қатар, осы басылымдарға мақсатталу бойынша екі түрді атауға болады, яғни көздеген аудиториясы бойынша:
- компания қызметкерлеріне бағытталған басылым, (бәсекелестер қоса) атқарушылық және заңнамалық билік өкілдері;
- корпорация клиенттеріне тағайындалған басылым.
Үшінші түр – аралас. Олардың құрамына алғашқы екі түрдің белгілері кіреді. Басылым корпоративті таратылым шегінде шығарылады, бірақ, ішкі мәселелер арнайы бөлімге орналастырылады. Осындай басылымға мысал ретінде «Нефть Казахстана» — «Қазмұнайгаз» компаниясының басылымы. Ақырғы түрді «клиенттік басылым» деп атауға болады. Сыртқы тұтынушыларға ғана бағытталған. Сату өсіміне мақсатталған және іс жүзінде жарнамға арналған.
Корпоративті журналдар сапалы басылым шығаруға талпына отырып, басқа да іскерлік басылымдар алдында бәсекелі артықшлықтарды таба алады. Ол мамандандырылған ортадағы сияқты, адамдар арасында да экономика мен саясат саласындағы жауапты мәселелерді шешетін ықпалды журнал болуы мүмкін. Ықпалды журналда өз кезегінде объективті түрде стратегиялық мәселелерді талдауда, басқару, технология, әлемдік тәжірибе саласындағы тың идеялардың аккумуляторын көрсететін салаға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілері бойынша дискуссия үшін орнықты мінбе ретінде ерекше құрал болып барады. Ережеге сай, мұндай басылымдар компаниядан қосымша шығындарды талап етпейді.
Қазақстандық іскерлік журналдардың даму жүйесі БАҚ маңызды бір бқлігі ретінде анықталады. Іскерлік газет, журналдар жүйесі кейбір талаптарды танып ұғынып есепке алғанда ғана келешекте де дами береді. Басты талаптардың бірі болып – Қазақстан экономикасының ары қарай дамуы, нарықтық шаруашылықтың нығаюы және іскерлі БАҚ ролі мен мәнінің өсуі болып табылады. Соның ішінде – іскерлік газет, журналдар. Басқа талаптар – БАҚ аудиториясының іскерлік ақпаратардағы қажеттілігінің артуы. Бизнесмендерден тұратын оқырмандардың, кәсіпорындар басшыларының, нарықтық басылымға қатысушылардың санының, тауарды және қызмет түрерін шығару туралы объективті ақпараттарға дәру адмдардың артуы. Талаптардың тағы бір түрі және іскерлік журналдардың болашақта даму жүйесінің алғышарты ретінде, басылым редакциясының қаржылық саясатын оңтайландыру болып табылады. Кадр қызметкерлерін даярлау - басты талап болып табылады [26, 69-б.].
«Іскерлік журналистика» түсінігінің ауқымы кең. Іскерлік ақпарат пен іскерлік журналистика жайлы айтқанда көбінесе кез келген оқиғаларды, белгілі бір бизнестегі тенденцияны, экономика мен өнеркәсіп мәселелерін қамтиды. Оның қызметіне болып жатқан экономикалық процесс қана жатпайды, сонымен қатар аудиторияға ақпаратты жеткізу, іскерлік әлемнің толық бейнесін құру, кәсіпорындар мен экономикалық нарықтың жұмыстарын бақылап қарау және өнеркәсіп саласына жаңа технологияларды енгізу көзделеді.
Іскерлік жаңалықтарды тұтынушылар бизнесмендер, менеджерлер, банк қызметкерлері, қор нарығының мамандары, жылжымайтын мүлік брокерлері, сонымен қатар қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өмірінде қаржы нарығының атқаратын маңызды рөлін түсінетін білімді, оқыған адамдар болып табылады. Іскерлік басылымдар оқырмандары тек қана Астана мен Алматыда ғана емес аудандарда да бар. Әрқайсысы «ұлттық» сапаға ие.
Журналистика дамуында ойып тұрып орын алған ғаламтор іскерлік ақпаратты жеткізуде оны жеделдете және «кепкен мәтінге» «дәстүрлі іскерлік ақпарат жеткізу» гипермәтіндік мағына бере түсті.
Бүкіләлемдік желі шегінде іскерлік баспасөздің мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар. Заманауи адамның өмірінде ғаламтор үлкен рөл ойнайды. Гаджеттердің және жаппай таралған ғаламтордың арқасында біз, адамдар, кез келген сәтте валюта бағамын біліп, ең өзекті, соңғы жаңалықтардан хабардар болып, тез арада бірдеңені сатылымға қойып, сатып ала және тапсырыс бере аламыз. Бүкіл әлемдік желі – адам қолданатын және тарататын ақпараттың ажырамас тетігі. Сонымен қоса ықпал жасаудың мықты құралы. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары шегінде баспасөзді дамыту журналистиканың жемісті жұмысының салмақты кепілдігі болып табылады.
Журналдар мен газеттердің онлайн нұсқасы қалыпты құбылыс болып кетті. Заманауи адамға бүгінгі тез жүріп жатқан өмір ағысымен, әсіресе әрбір секунд маңызды болғанда, қалалар мен мегаполистерде бұл нұсқалар көмекке келеді. Себебі, соңғы, қызықтырып отырған жаңалықты білу үшін газет немесе журнал алуға дүкенге барудың қажеті жоқ. Қолға ыңғайлы гаджетте гуглға қажет етіп отырған газеттің атын енгізіп, жаңалықтар легін көзбен жүгіртіп өтіп, керек шолуды таңдау керек, мәне екі минуттан соң сен ақпарат алып шығасың, демек енді сен қарулысың. Керісінше, үлкен газет беттерін рөлде отырып немесе толып тұрған транспортта парақтап отыру өте ыңғайсыз. Көлемі кішкентай журналдар да бар, алайда олар қажет ақпаратты қолдануда гаджетпен салыстыруға келмейді. Сондықтан іскерлік интернет баспасөзді әйгілі РБК интернет журналы негізінде меңгеруді ұсынамыз. Ең алдымен, бұл БАҚ-тың тарихымен таныс болайық.
Өз миссиясын РБК компаниясы аудиторияға іскерлік ақпаратты беру деп анықтайды, тәжірибе және білім алмасу үшін қолайлы қызметтер мен алаңдар ұсыну арқылы мансап пен бизнеске байланысты шешімдер қабылдауға жәрдемдеседі.
1995 жылы меншікті ғаламтор-сервері іске қосылды, 1996 жылы ол ресейлік сауда алаңдарының саудасын трансляциялайтын ақпараттық онлайн-жүйеге айналады.
1998 жылы Ресейде орын алған экономикалық дағдарыс кезінде қаржылық ақпаратқа тегін қол жеткізу мүмкіндігі бар интернет-портал ашылды, ол оның қатысушылар санын және әйгілілігін арттырды.
2000 жылдардан бастап РБК сайты орыс ғаламторындағы ең қолданбалы ақпараттық ресурс болды (көптеген бәсекелестердің айтуынша «сатып алу тарфигінің» де көшбасшыларының бірі болды). Бірнеше жыл қатарынан компания ұсынған интернет-жарнамалар басқа ірі жарнама алаңдарының сатылымынан бірнеше есе асып түсті, соның ішінде «Яндекс», «Mail.ru», «Rambler» т.б. сияқты ірі интернет-алпауыттарды басып озды деп 2006 жылы жарыққа шыққан «SmartMoney» журналының зерттеуінде жазылды (Википедияны қарау).
Интернет-журналдың мүмкіндіктері мен артықшылықтарына шағын зерттеу жүргізейік.
«Google» іздеу жүйесінде пернетақтадан «РБК» үш әрпін терейік, «іздеуді» басамыз, тағы бір басу және сен журналдың бас бетіндесің. Бұл жерде сен керек ақпараттың бөлімін оңай таба аласың, ол сені келесі бетке бағыттайды, ол жерде сен тағы бөлімше таңдайсың. Осылайша сені қызықтырған ақпарат сенің көз алдында тұрады.
«РБК» іскерлік БАҚ-ның сайтында бөлімдер мен бөлімшелер келесі жолмен бөлінеді:

  • Телеарна: тікелей эфир, телебағдарлама, бағдарламалар

мұрағаты, телеарна туралы.

  • Газет: жаңа саны, жоба туралы.

  • Журнал: жаңа саны, жоба туралы.

  • Ақша: табу, жұмсау, сақтау, рубльді не істеу керек, АҚШ-тағы

акциялардың инвестидеяларының рейтингі.

  • Quote: қорлық нарық, валюталар, баға белгіленімі,

контрагенттерді тексеру.

  • Авто: жаңалықтар, драйв-тесттер, сату мен сатып алу, жаңа

үлгілер, пікірлер.

  • Спорт: футбол, хоккей, баскетбол, бокс, биатлон және басқалар.

  • Жылжымайтын мүлік.

  • Стиль: мырт келбет, гид, дүниетаным, нысандар.

Айдан анық мәселе осы іскерлік баспасөздің онлайн-нұсқасы өте ыңғайлы заманауи, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланушының сұраныстарына жауап беретін құрал. Оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері жоғары және өте маңызды.
Қазіргі таңда желілерде іскерлік басылымдар көбеюде. Іскерлік ақпарат жан-жақты ақпарат беруімен қатар, жан-жақты сараптамалық материалдар бар. Іскерлік тақырыбындағы барлық сайттар «экономикалық» журналистика аясында экономика, өнеркәсіп немесе қаржы салаларына басқалаларға қарағанда көбірек көңіл бөледі. Сол арқылы іскерлік ақпаратты түрлендіруде.
Іскерлік тақырыбындағы басылымдар ғаламторда ақпаратты әртүрлі көрсетеді. Олар ақпаратты жеткізуде жедел болғанымен қатар бірі тек қана желілік басылым болса, ал екіншісі БАҚ баспасөзінің ғаламторлық түрі. Көптеген сараптаулардан кейін Қазақстанның аймақтық іскерлік ғаламтор журналистикасының типологиялық ерекшеліктерін сөз етуге болады.
Ғаламтордағы іскерлік журналистиканың типологиялық ерекшеліктерін анықтап, келесідей тұжырымдарға келдік:
Ғаламтордағы іскерлік журналистика экономикалық, биржалық, қаржылық, коммерциялық, статистикалық ақпараттар, сонымен қатар жалпы қазақстандық және аймақтық іскерлік жаңалықтарды қамтиды.
Экономика, бизнес, қаржы, маркетинг, жарнама мен PR тақырыбындағы іскерлік басылымдар коммерциялық және іскерлік ақпараттарға тұрақты көңіл бөлуді талап ететін кәсіби қызметті талап ететіндерге бағытталған және олар келесі басты қызметтерді жүзеге асырады:
- мемлекеттегі басты оқиғаларға сараптама, олардың іскерлік өмірге әсері;
- жедел коммерциялық ақпаратпен аудиторияны қамтамасыз ету;
- экономика саласындағы өзгерістермен байланысты әлеуметтік мәселелерді саралау;
- іскерлік тәжірибемен бөлісу;
- іскерлік білімді көбейту;
- бизнес идеологиясын құрастыру.
2. Ғаламтордағы іскерлік журналистиканың типологиялық ерекшеліктері дәстүрлі баспасөз типологиясымен байланысты. Ғаламтор типологиялық сипаттамалары электронды іскерлік БАҚ-қа әсер етеді.
3. Аймақтық іскерлік басылымдардың құрылуында келесі белгілер әсер етеді:
• аудитория;
• тақырыптық бағыт;
• таралымы;
• шығу кезегі;
• көлемі;
• форматы;
• құрылтайшысы.
Ғаламтордағы іскерлік басылымдардың типологиялық сипаттамасына баспасөздегі іскерлік мамандандырылу түрі ғана әсер етпейді, алайда ғаламтор сипаттамасы веб-басылымдары (соның ішінде іскерлік баспа БАҚ-тың ғаламтор түрі) бөлінеді:
• монотақырыптық, политақырыптық
• кәсіби
• жаңалықтар мен сараптамалық
• ақылы және тегін
• мемлекеттік медия группаларға тиесілі, бизнес-группалар, жеке меншік
• жалпы (ұлттық) және аймақтық
• веб және сілтеме жаңалықтар арқылы тарайтындар
• көп тілді және бір тілді.
Аймақтық іскерлік ғаламтор-басылымдарын зерттей келе нәтижесінде шартты түрде былай бөлдік:
Жеке меншік желілік:
– күнделікті іскерлік ғаламтор-газеті «Начальник+7» республикалық қоғамдық-ақпараттық журналы сізді іскерлік әлемінде болып жатқан барлық жаңалықтардан хабардар етуге әрқашан дайын. Бұл бизнес туралы басылымның ғаламтор түрі:
– іскерлерге арналған газет «Панорама», «Деловая неделя» «Капитал», кейінірек жарық көрген «Бизнес & Власть» газеттері.
– іскерлік апталық «Деньги».
Начальник+7» (№15867-Ж 26.02.2016ж.) республикалық қоғамдық-ақпараттық журналы еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан тұлғаларға, басшыларға, кәсіпкерлерге, іскер адамдарға арналады. Журналдың әр беті шығармашылық пен тарихқа толы. Сонымен қатар, журналда «Білім және ғылым», «Ұлт саулығы», «Мәдениет және спорт», «Заң және қоғам», «Өркениет өкілі» сынды әр түрлі айдарлар бар. Бұл тақырыптарда, өнер немесе спорт, әдебиет пен өткен тарихта жеке тұлға болып қалыптасқан, өз ісінің шебері, ел таңдауы болған, ең бастысы, өмір тарихы жетістіктерге толы, болашағы жарқын жандар журналдың әр бөлімін өзіндік ой-пікірімен, әр айдардың мән-мағынасы болып, сондай-ақ, қазақ елімен қатар әлемдік деңгейде кәсіби жеке тұлға болып қалыптасқан жандар жайында болмақ. Журналдың мақсаты – бизнес пен биліктің арасында алтын көпір болып, Қазақстанның экономикалық әлеуетін ашып көрсету, республиканың ғылыми-негіздеме стратегиясын әзірлеу, отандық өнімді қолдау, ел туризмін насихаттау. Журнал қазақ, орыс тілдерінде шығады.
Аймақтық іскерлік БАҚ ғаламтор типологиясының анықтайтын фактор аудитория мен тақырыптық бағыты болып табылады. Қарастырылған басылымдар - моно тақырыптық. Оларды іскерлік тақырып біріктіреді, бірақ бір тақырып поли тақырыптық ақпаратпен: басылым бір тақырыпта өзіндік іскерлік нишасын таңдайды. Сондай «нишасы» болуының артықшылығы мамандандырылған ақпаратпен жұмыс істейді, сәйкесінше нақты аудиториясы болады. Іскерлік басылымдар бұқараға және арнайы аудиторияға бағытталу аудитория сипаты бойынша келесідей группаларды қалыптастырады:
- іскерлік ақпаратқа қызығатын ортаға;
- кәсіпорын иелеріне, кәсіпкерге, менеджерге бағытталған.
Барлық ғаламтор басылымдар мақсаттық нысанына сәйкес жарнамалық-ақпараттық элементі бар жалпыұлттық бағытындағы барлық салаларына даму тәжірибесі мен перспективасын көрсететін ақпараттық-танымдық басылым болып табылады.
Электронды БАҚ «ұлттық» ерекшелігін анықтайтын, экономикалық, онымен қоса республиканың іскерлік бейнесіне әсер ететін өндірістік аймақты республикалық аймақтық таралымдар. Басылым көлемі басылымның желілік немесе баспа басылымының ғаламтор түріне тәуелді. Біріншінікінің ақпараттық көлемі көбірек. БАҚ желілерінің жаңартылу мерзімділігі онлайн түрде жүзеге асады, ал баспа газетінің веб түрі шағатын нөмірге тәуелді. Сараптама жүргізетін басылымдарда ақпарат тегін беріледі. Веб арқылы таралады.
Қарастырылған барлық дерлік іскерлік басылымдардың құрылтайшысы мен иелері әртүрлі бизнесс-груптар немесе жеке тұлғалар.
Іскерлік БАҚ-тағы жарнаманың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген адам тұрақты түрде бір нәрсеге мұқтаж, бұл табиғи жағдай. Мұқтаждықтың пайда болуына белгілі бір себеп болып табылады. Яғни сол немесе басқа материалдық немесе идеалды объектке бағытталған ояту қызметі. Басқаша айтқанда, себеп – адамдардың іс-әрекетін шарттандыратын субъективті ояну сезімі. Жарнамада сондай іс-әрекет таңдау мен белгілі бір тауарды сатып алу және жарнаманы орналастыру таңдауы бар.
Жарнаманы баспасөзде орналастыруда әртүрлі қызметтерді ескеру қажет. Мысалы, мамандандырылған анықтамалықтарды бәсекелестеріңіз немесе эрудацияны көтеретін мамандар немесе қызмет көрсету нарығы мен тауарды зерттейтіндер ғана оқитын болады. Сондықтан мамандандырылған анықтамалықтардағы жарнама баспасөздердің имиджін көтеруге септігін тигізеді. Баспасөздегі жарнамалық анықтама оқылатын, яғни негізгі мәтін немесе баспасөздегі макетіңіздің атауы мен басланыс ақпараты басқа мәтінге қарағанда ерекшеленіп тұруы және аз дегенде 2-3 есе ірі болуы тиіс. Сонымен қатар, баспасөзде жарнаманы орналастырғанда сауатты дұрыс жасалған жарнамалық макет кем дегенде өзінде 30% бос орны болуы керек деген пікір бар. Баспасөздегі жарнама басқа жарнама түрлері сияқты «таныс» болуы тиіс. Оның баспасөздегі жұмыс іздеу туралы анықтамасына қатысы жоқ. Бірақ баспасөздегі жарнаманың толық жұмыс істеуі үшін кейде 2-3 айдан бастап жарты жылға дейін күтуді талап етеді. Баспасөздегі жарнама қызметі барлық қызмет түріне қарай ерекшеліктері бар.
Ең кең таралған баспасөздегі жарнама кірістірілген хабарландырулар мен кескін блоктар. Егер кірістірілген хабарландырулар координаталары бар кішкентай мәтін болса, кескін жарнама блогы мәтіннен басқа графикалық объектіні, ол сол тауап суреті немесе хабарландыруыңыз орналасатын мәтініңізге арнайы құрылған фон болуы мүмкін. Көп жағдайда кірістірілген хабарландыру арнайы басылымдарда, мысалы «Из рук в руки» немесе қарапайым басылымдарда арнайы берілген беттерде орналасады. Кірістірілген хабарлама көлемі көп жағдайда 100 баспа белгісі мен кәсіпорын атауы, қызмет саласы немесе тауап атауы мен байланыс ақпаратынан тұрады. Кірістірілген хабарландырудың бағасы көп жағдайда белгі санына байланысты, ал кейбір басылымдарда стандартты көлемі тым шектеулі, яғни жарнама мәтініңіз екі-үш сөзде сөйлеміңіздің мағынасы ашылып тұруы тиіс. Егер негізгі басылым массасында кірістірілген хабарландыруларды арнайы бөлімде орналастырылса, жарнамалық графикалық блокты кез келген бетте және кез келген жерде орналастыруға болады. Одан басқа графикалық ақпарат көзге көбірек түседі.
Графикалық блок баспасөздегі кең таралған жарнама түрі болғандықтан басқа жарнамалардың фонында ерекшелену қиынға түседі. Сондай-ақ, ондай жарнаманы орналастыру кірістірілген хабарландыруға қарағанда әлдеқайда қымбат. Соған байланысты баспасөзде стандартты емекс жарнама түрлері кең қолданылуда. Оларға басылымның арнайы құрастырылған беттерге жарнаманы орналастыру сияқты әртүрлі ұсыныстары байланыстыруға болады.
Баспасөзде негізгі жарнама құралы кірістірілген хабарлама болып табылады. Бірақ қысқа және нақты сөйлеміңіздің мағынасын көрсететін кірістірілген хабарламамен графикалық блокты салыстырғанда өзіне көптеген қасиеттерді кірістіре алады. Ол үшін бастапқыда жарнаманың қандай мақсатта анау немесе мына басылымда болатынын анықтап алу керек. Егер жарнама компаниясы бірінші кезекте брендті алға қарай дамытуға бағытталған болса, графикалық хабарландыру аз дегенде бір жолақты және бір бетті қажет етеді. Осындай көлемді толтыру үшін көп ойлану қажет емес, себебі көбінесе онда компанияның логотипі аз дегенде бар көлемнің 50%-ын алады, слоган мен компания туралы қысқаша ақпарат пен байланыс құралы 50% көлемді алады. Танымал брендтер бір логотиптің өзі жеткілікті. Егер жарнаманың мақсаты компанияның белгілі бір өнімін алға қарай жылжыту, дамыту болса, графикалық блокқа өнімнің суретін де, негізгі қасиеттер сипаттамасын және компания туралы ақпаратты орналастырған жөн. Аталмыш жарнама хабарландырулар үлкен көлемді болмағандықтан оның потенциялды клиенттерге эффектісі тікелей дизайнге байланысты. Егер сіз өзіңіз жарнама блок дайындағыңыз келсе, біріншіден, басылымның мүмкіндіктері жайлы ақпараттануыңыз керек. Бірінші кезекте қанша түс көлемін қолдана алатыныңыз, қандай қағаз форматы және т.б. біліп алғаныңыз жөн. Сонымен қатар, сіздің жарнама блогыңыз қасында қандай жарнамалар орналасатынын білген жақсы және алдағы нөмірді қарап шығып, жарнама бәсекелестерін және хабарландыру дизайн түрлерін қарастырып алу керек. Сондай-ақ, басылымның дизайна көңіл аудару тиіс. Бірдей дизайндағы жарнама блогы іскерлік және заманауи басылымды жақсы көрінбесі анық.
Құрылыс кәсіпорындарының жарнамалары кез келген жыл мезгілі уақытында көз алдымызда. Сыртқы және баспасөзде құрылыс жарнамалары 365 күні бойы кетпейді, тек сөйлемдері ғана өзгеріп отырады. Құрылыс кәсіпорындарының жарнамасын имидждік және бөлшектік сауда ретінде бөледі. Имидждік жарнама аз болып келеді. «BI GROUP» алпауыт құрылыс компаниясы тұрғын үй № 1» деген хабарламаны тарылтуларда көруге болады. «Біз ең сапалы үйлерді саламыз» суперсайттар мен динамикалық постерлерде ең аз хабарламаны таратады, ал «Будущее строится сегодня» деп кілтті сілтіп тұр.
Негізгі жарнама легі – бөлшектік сауда жарнамасы. Құрылыс кәсіпорындарындың жарнамасы қалыптасып қалған. Ол шамамен бірдей – құрылыс объектісінің үлкен суреті (үй, тұрғын үй кешені, элиталы квартал), объектінің атауы, кәсіпорын логотипі мен жазуы. Ол жазу «Продажа квартир» болуы мүмкін немесе қысқаша жазылған спецұсыныс, мысалы, «Ваш взнос - $4500», «Летние цены – до Нового года» немесе «Последние квартиры». Уақыт өте жарнама постерінде қуанышты адамдар суреті пайда болады.
Көптеген құрылыс кәсіпорындар креативтен қорқады және имидждік жарнамалары көп емес. Адам таңдау жасағанда нақтылық (тауар жарнамасы) маңызды, бірақ ол білетін кәсіпорынды таңдайды. Сондықтан жаңа кәсіпорын пайда болғанда немесе ребрэндинг жүргізгенде имидждік жарнамаға қатты көңіл бөлу тиіс, алайда кәсіпорын орныққанда имидждік жарнама қайта жүргізілуі керек», - дейді «БАЗИС-А» компаниялар тобы жоғары күрделіктегі соның ішінде өнеркәсіптік құрылыс саласында да жобаларды жүзеге асырады, осы кәсіпорнының жарнама бөлімінің басшысы Галина Черкашена.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет