3 Қазіргі іскерлік басылымдар: тарих пен тәжірибе



бет7/14
Дата10.06.2023
өлшемі0.51 Mb.
#474915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
901014450238 kz 6M050400 Али Салтанат Файзуллаевна 2017

«Деловой Казахстан» республикалық экономикалық газетінің тілі орысша. Басылым іскерлік тақырыбында жазады. Таралымы 32100 дана және Қазақстан территориясында тарайды. 16 беттен тұрады. 2006 жылдың ақпан айынан бастап апта сайын шығады. Форматы: А2. Меншік иесі: «Бизнес Медиа» компаниясының тобы» ЖШС. «Деловой Казахстан» - республикалық іскерлік газет. Қазақстанның іскерлік әлеміндегі жаңалықтарын ел аумағында ғана емес, шет мемлекеттер арасында да жылдам, әрі сапалы түрде тарату. Баған саны – 1, 2, 3, 14, 15, 16 - түрлі-түсті, 4-13 – ақ-қара түсті. Шығатын күні – жұма.
Басылым Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігінде тіркелген. №6798-Г тізімге енгізу туралы куәлік 2006 жылы 13 қаңтарда берілді. 2006 жылдың ақпан айынан бастап шығарылады. Бас редакторы: Серік Қоржымбаев. Бас редактордың орынбасары: Жанна Сағади.
«Деловой Казахстан» - «Алтын» қоғамдық ұлттық жүлдесінің лауреаты, «Қазақстан элитасы» әлемдік бағдарламасының мүшесі. Басылым TNS Gallup Media және Media System апталық мониторингісіне кіреді. TNS Gallup Media Asia рейтінгісне сәйкес «Деловой Казахстан» Республикадағы ең үздік іскерлік басылымдар қатарында.
Алғашқы қадамның кемшіліктері болуы міндетті емес. Әсіресе, жұмысты өз ісінің шеберлері қолға алған жағдайда қателікке жол берілмейді. Бұл тұжырымның дұрыстығын жаңа басқарушы емес ұйым – «BizMedia» Іскерлік Журналистика Орталығы» қоғамдық форумының ұйымдастыруымен 27 маусым күні Алматы қаласында Журналистер күніне орай өткізілген Қазақстан бизнес-журналистерінің алғашқы форумы растап берді.
Форумға бизнес-журналистер ғана емес, түрлі бизнес-қауымдастықтардың, алдыңғы қатарлы компаниялардың, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, бір сөзбен айтқанда, еліміздегі іскерлік журналистика саласына қызуғышылардың барлығы дерлік келді. Форумда талқылауға түскен тақырыптар аз болмады. Бұның басты себебі ұйымдастырушылардың форумға берген атауында: «Қазақстанның іскерлік журналистикасы: Жинақталу кезеңі» (Деловая журналистика Казахстана: Время собирать камни).
Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Виктор Ямбаев, Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Серік Аханов, «Қазақмыс» компаниясының қоғаммен байланыс Департаментінің директоры Нұрлан Махмудов, Қазақстан қор биржасының вице-президенті Андрей Цалюк, қауіп-қатерді бағалаушы топтың (Группа оценки рисков) директоры Досым Сәтпаев секілді құрметті қонақтар форумның сәнін келтірді. Ямбаев мырзаның айтуынша, Қазақстанның іскерлік журналистикасы соңғы жылдары профессионалдық тұрғыда айтарлықтай өскен. Ал С.Аханов қазіргі таңда мықты және маманданған іскерлік журналистикаға, бұрынғымен салыстырғанда, өте мұқтаж екендігімізді ескертті.
Форумның «Қазақстан бизнес-журналистикасының іске асырылуы: тәжірибелері мен болашағы» деп аталған пленарлық сессиясының тізгіні бизнес-журналистерде болды. ««Bizmedia» Іскерлік Журналистика Орталығы (ІЖО)» қоғамдық форумының президенті, «Республика Деловое Обозрение» газетінің шолушысы Төлеген Асқаров отандық іскерлік журналистиканың 25 жылдық тарихына ретроспективті талдау жасай отырып, оның өткені, бүгіні мен келешегі турасында сөйледі. ««Bizmedia» ІЖО» қоғамдық форумының қамқорлық Кеңесінің мүшесі, «Rec-Studio» Орталық Азия масс-медиасын қолдау және дамыту қорының бас редакторы Тимур Жұмажанов «Іскерлік телеарна қаншалықты қажет? Телебағдарламалар сараптамасы» (Нужен ли деловой телеканал: Анализ телепередач) тақырыбында ой өрбітті. «Бизнес және Билік» газетінің бас редакторы Олег Хе еліміздегі мультимедиалық журналистиканың қазіргі жағдайы мен болашақта дамуы жайлы айтса, бұрынғы танымал бизнес-журналист, қазір «Каспий Банктің» БАҚ-пен жұмыс басқармасының басшысы Ботагөз Жұманова экономикалық өсімнің баяулаған тұсындағы іскерлік баспасөз бен кәсіпкерлік арасындағы байланысты сараптап берді.
«Кадр бәрінің шешушісі: Қазақстанда бизнес-журналистерді тәрбиелеуде кездесетін мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің басты спикері ««MediaNet» ІЖО» қоғамдық форумының президенті, отандық іскерлік журналистиканың негізгі беталысы мен кадрлық перспективасын жарыққа шығарған белгілі бизнес-журналист Әділ Жалелов болды. Бұл мәселені талқылауға фрилансер және PR-кеңесші Бақытжан Жұмалиева, «Қаржы әлемі» (Мир Финансов) журналының бас редакторы Ирина Галкина, бизнес-кеңесші Ерлан Сейтімов, «Resmi» инвестициялық қаржы үйінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Татьяна Кудрявцева, «Ирбис» қаржы нарығы ақпараттық агенттігінің бас директоры Евгений Мұхамеджанов, КИМЭП университетінің аға оқытушысы Салтанат Қажымұратова және т.б. белесене қатысты.
Форумның аяғында ««BizMedia» ІЖО» қоғамдық форумы іскерлік БАҚ пен бизнес өкілдері арасында сайыс жариялады. Ондағы мақсат – Қазақстанның іскерлік өмірін жариялау сапасын арттырудың кепілі болып табылатын өкілдер серіктестігін нығайту. Сайыс іскерлік БАҚ арасында келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Қазақстанның үздік бизнес-басылымы», «Стиль үшін!», «Аймақтық БАҚ-тың үздік бизнес-журналисті», «Оқырман ықыласы және көрермен көзайымы сыйлығы». Ал, іскерлік әлемнің белсенді өкілдеріне «Үздік бизнес-спикер», «Үздік баспасөз қызметі» және «Үздік корпоративті БАҚ» атағы берілді.
«Деловой Казахстан» газетінің мазмұндық сараптамасын тақырыптық ерекшелігінен бастаймыз, жанрлық бөлігі бастапқы тақырыбымызға тікелей
тәуелді. Қазіргі заманда іскерлік баспасөзге және жеке ақпарат саясатына қажеттілік артуына байланысты «Деловой Казахстан» жоғарыда айтылғандай, дәстүрлі іскерлік БАҚ-тағы тақырыптары әрқилы, көңіл көтеретін бағытта да жұмыс істейді. Қазіргі іскерлік басылымдар экономика, бизнес, саясат, қоғамдық орта т.б жайлы хабардар етеді. Мысалы, «Эксперт Казахстана» журналы нарықта өздерін ресми-әмбебап басылым ретінде танытады және ол тек қана бизнес-аудиториясына арналған. Ал, «Деловой Казахстан» басылымын басқа саладағы адамдар да оқи алады. Бұл дәлелді сатып алушылардың сараптамалық мазмұнымен де алмастыруға болады. Мысалы, «Деловой Казахстан» аудиториясы жас-өспірімдерді де қамтиды, демек оқырмандардың жасы 16 жастан басталады. Ал, «Эксперт Казахстана» басылымының оқырмандары 18 жастан басталады.
Қазіргі уақытта газетте сегіз күнделікті арнайы тақырыптық айдарлар: «Экономика», «Саясат», «Мәдениет», «Оқиға», «Әлем», «Бизнес», «Қоғам», «Спорт» жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, бұл айдарлардан басқа қосымша: «Автокөліктер», «Банк пен инвестициялық фондтар», «Мүлік», «Байланыс пен телекоммуникации» жайында да ақпарат таратады. Осы көріністен біз универсальды тақырыптар көпшілік қауымға қызық екенін білеміз. «Коммерсантъ» баспасы оқырмандарының талғамын шектемейді және бір жағынан қоғамдағы барлық салаға араласып жүрген, ізденістегі басылым.
Газетте экономикалық тақырыптар ортақ түрде көрсетілген. Сондықтан, осы айдардан біз «Деловой Казахстан» басылымынан әртүрлі тақырыпты таба аламыз. Мысал келтірейік:
«Арзан көлікті босқа күтесіздер. Президент Владимир Путин Ресей, Казақстан, Белоруссия базарын ашудан бас тартты. (П.Нетреба, Е.Попов «Ъ» №61 от 6.04.2015);
«Астық рекордты жаңартты. Бидай жақсы өтуде. Кеше (ИКАР) аграрлық нарық институтының сарапшылары ауылшаруашылығы жылының бітуіне екі жарым ай қалғанда рекортды жаңартқанын мәлімдеді. Жаңа рекорд 18,5 млн. тонна» (О.Сапожков, №68 от 17.04.2015);
«Зейнеткер инспектор Николай Власов демалысқа кетті» (О.Сапожков, №9 от 20.01.2016);
«Роберт Зеллик Бүкіләлемдік банктен кетті. Бүкіләлемдік банктың басшысы Роберт Зеллик 2012 жылдың жазында өз қызметінен босайды. Бұл туралы ВВ ақпарат таратты» (Т.Едовина, №27 от 15.02.2012).
Өзіміз көріп тұрғандай, «Экономика» айдарында «Деловой Казахстан» газетінде халықаралық, жергілікті, ресейлік, кадырлық, бүгінгі күндік жаңалықтар, мемлекеттегі заңның өзгеруі, басқа ел басышыларының қызметтік сапарлары жайында ақпараттар кездеседі. Осыған орай экономикалық тақырыптары кең ауқымды қамтыйтынын көруге болады. «Деловой Казахстан» басылымындағы әр журналистің мәтіні эксперттік бағалаудан, сараптаудан, нақты сұраққа жауаптан, комментариден тұрады. Бұл оқырмандарға қозғалған тақырыпты жан-жақты қарастыруға көмектеседі. Бизнес пен экономика тақырыбы бір-бірімен тығыз байланысты болса да «Бизнес» тақырыбы экономикадан бөлек қозғалады. Бұл түсінікті құбылыс және көп баспада екуін бөлектету жиі кездеседі. Бұған қарамастан, осы тақырыптаға басылымдар басқа мақсатты көздейді. «Деловой Казахстан» газеті бұл тақырыпты кең ауқым да қозғайды. (мысалы, «Эксперт Казахстана» журналында «Бизнес» және «Халықаралық бизнес» деп екіге бөліп қарастырады.). Мысал келтірейік:
«Mail.ru Group пен Skype сөйлеседі. Mail.ru Group Skypeпен бәсекелеспекші. 2012 жылдың басында-ақ Mail.ru Group компаниясы видеоқоңырау жүйесін іске қоспақшы.» (М. Казанцева, «Ъ» №214 от 16.11.2011);
«Деловой Казахстан» газетіндегі «Саясат» айдары тек Қазақстан билігінің проблемасын қозғайтындығымен ерекшеленеді, халықаралық жаңалықтар «Экономика» мен «Бизнес» айдарында жарық көреді, және жоғарыда қарастырған «Әлем» айдарынан да қызықты ақпаратқа қанығуға болады. Сипаттамалық мысал келтіруге болады:
«Мәдениет» пен «Спорт» айдары барлық баспасөздегідей, бірақ басқа универсальды басылымдардан өзгеше, өзіне тән ерекшелігі бар. «Спорт» айдарында әлемдік, жергілікті спорт жаңалықтарын, мәдениет айдарыннан мемлекет ішіндегі мәдени оқиғаларды, өзгерістерді оқуға болады. Бұл әдіс универсальды баспасөздің қолданған тәсіліне ұқсамайды. Бір жағынан «Коммерсанть» газеті жоғары дәрежені жоғалтып алмау үшін мәдениет саласындағы жаңалықтарын талдай қоймайды. Егер талдайтын болса сары прессаға айналып кетуі де мүмкін. Тілшілерге боямасы жоқ, болған мәдениетке қатысты іс-шара жайында жазған ұтымды. Бұл айдардағы ақпараттың қарапайым, өзектілігі аз болғандықтан мысал келтірмейміз.
«Деловой Казахстан» 1991-2016 жылғы тақырыптарын сараптап, мынандай шешімге келдік:

  1. «Деловой Казахстан» әмбебап іскер басылым болып табылады. Басылым өз аудиториясын дүниежүзіндегі болып жатқан барлық ақпаратпен қамтамасыз етуге талпынады, сондықтан газет беттеріне өзекті мәселені қозғайтын бизнес, экономика, саясат, спорт, мәдение те болып жатқан заманауи тақырыпты жазады. Баспа аудиториясы әртүрлі жастағы, қызығушылығы да әртүрлі адамдарды оқырман етуді көздейді, осы арқылы газеттің ізденісі өсіп, дәрежесі де көтеріледі.

  2. Басылым барлық тақырыпқа материалдарды жариялайды. Барлық айдар күнделікті басылым беттерін қамтылады. Қазақстандаңы және шетелдегі оқиғаларды жазады.

  3. Басылымдағы ақпарат ретімен орналасқан. Тақырыпшалары мәтіндегі негізгі ойды қысқаша сипаттайды. Шығарылымның мазмұны міндетті түрде тақырыпшасында қысқа түрде көрсетіледі.

  4. Іскерлік басылым болғандықтан, мынандай функцияны атқарады: аудиторияны жедел түрде ресми жаңалықпен қамтамасыз ету; мемлекеттегі басты оқиғаларды сараптау және тұрғындар өміріне өзгерістің әсер етуі жайлы айту;

Әрі қарай біз «Деловой Казахстан» басылымының жанрлық ерекшелігіне тоқталамыз.
«Деловой Казахстан» күрделі жанрдың барлық түрлерін беруімен ерекшеленеді. Негізінен іскерлік басылымдарда мақалалар ақпараттық, сараптамалық жанрларда жазылады. Біз іскерлік басылымдарда сараптамалық жанр басымдылық ететінін білеміз. Ал, «Деловой Казахстан» газетінің ерекшелігі ақпараттық жанрға да назар аударуында.
Хроника - журналистиканың ақпараттық жанрларына жататын шағын ақпараттық мақала [22, 25-б.].
Хрониканың басты ерекшелігі ретінде оның басына тақырып қойылмайтындығын айтуға болады. Шағын, кейде тіпті көлемі бірер жол ғана болатын ақпараттық сипаттағы мақалалар да кездеседі. Осындай қысқа сөйлемдерден тұратын бір-екі жолдық хроникалар болған оқиға жайында егжей-тегжейлі емес, тек деректер келтіріліп жазылады. Хроникада Кім? Қайда? Қашан? деген сұрақтарға жауап беріледі. Көптеген газеттерде хроникалар «Жер-жерден», «Қысқаша да бәрі», «Ел бойынша», «Мәдени хабарлар» т.б. бас тақырыптарға біріктіріліп беріледі.
«Деловой Казахстан» басылымында хроника көбінесе «Спорт» айдарында кездеседі, сирек көрініс табады. Іскерлік басылым болғандықтан толыққанды ақпаратты беруді мақсат етеді
Заметка – ең шағын және жедел жанр. Ол өмір шындығының нақты деректері, құбылыстары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлайды. Заметка көбінесе телеграфтық стильде жазылады. Баспасөздің бұл қарапайым да шағын жанры үгіт-насихатты дерек арқылы жүргізетін, оқушыға әсерлігі жағынан ең бір қонымды да ыңғайлы жанр боп саналады. Ол еліміздің, республика мен облыс пен ауданның өмірінде болып жатқан жаңалықтарды, өнеге боларлықтай жайларды, үлгі боларлықтай істер мен жаңа бастамаларды газет оқушыларына тұжырымды түрде жеткізеді. Заметка өмірдің жағымды жақтармен бірге, кейбір кемшіліктері туралы да оқырмандарға дер кезінде жария етіп отырады. Газеттердің қайсысын алсаңыз да, заметкасыз олардың бір де бірі жарыққа шықпайды. Газет окушыларының назарын аударарлық жақсы заметкалар жиі-жиі жарияланып тұрса, онда, ол газеттің өмірге терең араласып, газет қызметкерлерінің өмірді жақсы білетіндігін көрсетеді. Демек, газетте өмір ақиқатының шын ұшқындарын шебер керсететін заметкалар неғұрлым көп болса, соғұрлым сол газеттің ажарын ашып, көркемдігі мен мазмұнын байыта түседі. Заметканың негізінде бір оқиға, бір құбылыс, бір объект ғана жатады. Заметканың авторы өз пікірін байыптау мен қорытынды жасамайды. Тек бір мәселені, я құбылыс пен бір жақсы бастама, не бір аяқталған жақсы іс туралы үн қатады, соны газет оқушыларына асыға хабарлайды. Әрине, заметка жазу үшін көрген-білген, естігендердің бәрі бірдей, кез келген дерек негіз бола бермейді. Тек әлеуметтік мәні бар деректер ғана, өмірдің белгілі бір құбылысын, елесін көрсететін деректер ғана негіз бола алады. Заметкаға өзек болып отырған дерек пен құбылыс тың қоғамдық мәні мен маңызы салмақты болуға тиіс. «Деловой Казахстан» басылымы жедел арада заметка жанрында белгілі бір оқиғаны қысқаша жазып кетіп, газеттің келесі номерінде толықтырып оқырманға беруді үрдіске айналдырған.
Журналистикадағы репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі. Оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпарат, әңгіме. Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж - оқиғаның өзі. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі - өткен оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды, соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған космонавтар туралы да, іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәдениет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып болады деу дұрыс бола бермейді. Репортердің жазуға ықыласы ауған оқиғасының екінші бір жерде ешбір қайталанбайтын ерекшеліктері болады. Репортаждың мақсаты-болған оқиғаны бұлжытпастан суретке түсіру емес. Сол оқиғаның әлеуметтік мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж - шын деректер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. Сондықтан репортаж неғұрлым жедел болып, оқиғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде ой толғарлық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартымды болады. Репотажға тән нәрселер: репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт. Сол оқиғаны қаз қалпында суреттеп жазады, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен толықтырады. «Деловой Казахстан» тақырыптық репортажды көп жариялайды. Біздің ойымызша, осы жанрды газеттің белсенді пайдалануы басқа басылымдардан ерекшеленуінің бір тәсілі.
Публицистика жанрларының ішінде сұхбат әдісі әлеуметтік психологияны зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Сөйлеу әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды, өйткені зерттеушінің әнгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы да ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше түрге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (жеке сұхбат), сондай-ақ арнайы ұйымастырылған топтармен де (отбасы әулеті, дос-жарандар тобы т.б) жүргізіледі. Сұхбаттың стандарттық (алдын ала жасалған нақты бағдарлама бойынша), үлкен тақырыптық төңірегінде құрылған түрлері де бар.
Бұрынан келе жатқан есеп жанры бір оқиға, құбылыстың болуын анықтау, оның заттай және ақшалай тұлғада өлшенуі, сандық және сапалық жағынан тіркелуі; басқарылатын нысанның жай-күйі, оның айналысы, басқарушылық өкімдерінің орындалуы және қорытындылаушы мәліметтер туралы деректердің жиынтығы болып табылатын қажетті ақпаратты жинау мен тіркеу жүйесі. Есеп шаруашылық қызмет пен қоғамдық өмірдің түрлі аялары туралы тұрақты ақпаратты қамтамасыз етеді. Қоғамның (мемлекеттің, ұйымның) өндіргіш күштерінің дамуына байланысты есептік ақпараттың көлемі мен оның басқару ісіндегі рөлі арта түседі. «Деловой Казахстан» басылымынан есептің барлық түрін кездестірге болады. Саясат, экономика, бизнес тақырыбы көбінесе осы жанрда жазылады. Белгілі бір уақыт ішіндегі банктың, қаржылық, экономикалық есеп беру.
Сараптамалық жанрлардың ең белсендісі шолу журналистік мамандықтар қатарында репортерден, комментатордан кейінгі орынды шолушы алады. Бұл қызметтің болуына телевизия тәжірбиесіндегі жанрдың спецификалық берік қабылдануына тікелей қатысты. Шолу дегеніміз - маңызды элеуметтік оқиға, құбылыстардың байланысқан мазмұны десе де болады. Шолудың басты мақсаты - оқиғаның көрінісін қалыптастыру, онда автор деректер мен оқиғалар, қоғамдық өмірден жан-жақты хабардар ету көздейді.
Дерек, оқиға, шолудағы құбылыс жеке-дара қарастырылмайды, ол бүтіннің бөлшегі ретінде пайдаланылады. Шолушы дерек іздейді. Шолуда дерек басты зандылықтың бірі ретінде қолданылады. Шолудың нысаны және тақырыбы шектеусіз. Таңдалған деректер мен көрсеткіштер шолуда шындықты ашып көрсетеді. Шолу дерекгі іздеу, оларды тандау, жүйелеу, толық көріністі көз алдымызға келтіру сияқты әрекеттерімен ерекшеленеді. Деректерді жинақтау барысында ой пайда болады. Шолудың басты құрамы ол авторлық комментарий болып келеді.
Шолу - болған оқиға мен құбылысты қадағалау және ол туралы көпшілікке ақпарат беру. Шолу көпсалалы ұғым. Ол омір мен қоғамның барлық саласын дерлік оз бойына топтастырады. Қазіргі күндері газет беттері шолудың тек пішін емес, мазмұны бойынша да жіктелетінін дәлелдеп отыр. Газет беттерінен біз қазіргі таңда тақырыптық шолуды жиі кездестіреміз.
Шолу апталық немесе айлық басылымдарға да тән жанр. Шолу көбінде апталық немесе айлық оқиғаларға немесе қоғамның даулы мәселесінен туған оқиғаға құрылып жазылады. Шолу түрлі мақсатта жазылуы мүмкін. Бірі -хроникалық, яғни оқиғаның өрбуі, дамуы мен шиеленісуі. Екіншісі, белгілі бір хроника ескерілмейді, оқиғаға жалпы сипаттама беру. Үшіншісі, өзге ақпарат құралдарында шыққан мақалаларға шолу. Оның негізгі екі түрі жиі кездеседі: біріншісі мен екіншісі. Бірнеше басылымдардағы маңызды оқиғаларды хабарлайтын ақпараттық шолу, екіншісі, нақты бір тақырыпқа қатысты басылым беттерінде жарияланған кең спектрлі пікірлер топтамасын беретін тақырыптық шолу.
Байқау немесе шолу - талдау түсініктемесін қолдана отырып нақты оқиғалармен аудиторияны таныстыратын жанр. Басқаша шолуды «оқиғаның панорамасы» деп те айтуға болады.
«Деловой Казахстан» басылымында шолудың барлық түрі кездестіреді, әсіресе «Мәдениет» айдарында шолу жанрындағы мақалалар көп кездеседі.
Ең көп таралған жанрдың бірі мақала - журналистиканың сараптамалық жанрына жатады. Бұл маңызды мәселені көтеретін, шағын көлемдегі публицистикалық туынды. Сонымен бірге, мақала - бұл, жазу жағынан ең кең тараған және қиын жанр болып табылады. Мақалада автордың алдында әлеуметтік жағдайларды, өмірлік процесстерді жан-жақты қарастыру және сараптама жасау мақсаты тұр. Мақаланың жалпы және өзгешелік белгілері: нақты әлеуметтік бағыт, оқиғаның және оның деректерінің терең сараптамасы және жан-жақты қарастырылуы мүмкін.
Мақала журналистиканың бөлек жанры болып табылады. Бірақ, тақырыптардың алуан түрлілігіне және бағыттарына байланысты оларды бірнеше үш негізгі топқа бөледі:
Ақпараттық мақалада – белгілі ақпаратты жеткізетін түсініктемелік сипаттамадағы мақалалар. Оларға, ақпараттық мақалалар, ақпараттық корреспонденция, ақпараттық есеп, ақпараттық сұхбат, блиц-саулнама, сұрақ-жауап, репортаждар, некрологтар жатады.
Сараптамалық мақалаларда пайымдау, сараптау және қорытынды міндетті түрде көрініс табады. Оларға, сараптамалық есептер, сараптамалық корреспонденция, сараптамалық сұхбат, сараптамалық сауалнама, әңгімелер, комментарийлер, әлеуметтік резюме, анкеталар, мониторингтер, рейтингтер, рецензиялар, журналистикалық зерттеулер, шолулар, БАҚ-ды шолу, болжамдар, эксперименттер, ұсыныстар жатқызылады.
Көркем-публицистикалық мақалаларға эсселер, очерктер, суреттемелер, фельетондар, памфлеттер және т.б. жатады.
Мақсатты түрде бағытталған мақалаларды бас мақала, насихаттық, проблемалық, сыни, ғылыми, жарнамалық, ақпараттық деп бөледі. Бас мақала осы уақыттағы ең маңызды сұрақтар бойынша барлық редакцияның ортақ көсқарасын көрсетеді. Проблемалық мақала маңызды саяси және идеологиялық мәселелерді талдайды. Кейде проблемалық мақалалар диспут ретінде құрылады, белгілі тақырыпқа байланысты бірнеше пікір беріледі. Ақпараттық мақала ақпараттық-баяндамалық және ақпараттық-сипаттамалық болып бөлінеді. Ақпараттық-баяндамалық мақала – бұл, бір тақырыпты жазған кезде мәліметтің рет ретімен орналасауы. Ақпараттық-сипаттамалық мақалада ақпарат тақырыпты сипаттау түрінде ұсынылады. Хабарламалық мақала өзектілігімен, өткірлігімен, жаңашылдығымен сипатталады.
Сараптамалық мақала «Деловой Казахстан» басылымындағы басты жанрлардың бірі.
Коментарий жанры арқылы автор қоғамға өз ойын, көзқарасын білдіріп, оқиғаға баға бере алады алады. Комментарий ақпараттық жанрлардан сараптау арқылы ерекшеленеді.
Рейтинг әр жұмыс оқулығын (модульді) оқуды логикалық аяқтайтын және тыңдаушылардың алған жүйелеу дағдыларын инженерлік, экономиқалық, басқару шешімдерін талдау, жүйелеу және болжау іскерліктеріне ауыстыру қабілетін қалыптастыруға әкелетін жүйелі бақылау. Рейтингті бақылау оқыту және кері байланыс жасау құралы болып табылады, мотивациялық және тәрбиелік қызметті іске асырады, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау іс әрекетінің дағдысын дамытады.
Болжауда объективті пісіп-жетілген өзгерістерді тану процесі, келешекті анықтау. Үлгі жасау, сараптық бағалау әдістері, жүйелі жоспарлау, патентті хабарларды талдау және т.б. әдістер болашақты танудың ерекше әдістері болып табылады. Болжауды шындыққа айналдыру үшін бірқатар шарттар: болашақты танудың мақсаты, сипаты, мерзімдері және әдістеріне сәйкес бастапқы хабар, болжау объектісі туралы мәліметтер, болжаудың субъектісінің жоғары жалпы және арнайы дайындығы, т.б. болуы және сақталуы керек. «Деловой Казахстан» басылымы әртүрлі формадағы болжауды жиі жариялайды.
«Деловой Казахстан» басылымының жанрлық әртүрлілігін зерттеп, баспада сараптамалық жанрдағы газет екенін анықтадық. Тағы бір екрешелігі, статистиканы, ресми құжаттарды белсенді пайдаланатын басылым екеніне көзіміз жетті.
«Деловой Казахстан» басылымы барлық ресми тенденцияны сақтай отырып, тақырыбының кең ауқымдылығының арқасында өзінің оқырмандарының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жанрлық құрылысы қарапайым ресми газеттердікімен бірдей, ерекшелігі ақпараттық жанрға баса назар аударады, соның ішінде көп кездесетін жанр – репортаж жанры екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет