3 деңгейлі смж құжаты поәК поәк- 042-14-4-02. 01. 20


Жара процессінің биологиясы



бет3/7
Дата16.06.2016
өлшемі475 Kb.
#138506
1   2   3   4   5   6   7

Жара процессінің биологиясы. Пайда болғаннан бастап жарада жазылу процессі басталады. Жараның айналасында әр түрлі патологиялық өзгерістер пайда болады. Олар сол жердегі қан айналасының, жүйке қызметінің өзгерістері, осыған байланысты биохимия және биофизикалық өзгерістердің әсерімен жара бірте-бірте өлі еттерден тазарып, қуысы ұлпарларға толып жазылады. Осыны жараның басынан аяғына дейін болатын жазылу процессінің биологиясы дейді. Бұл процесстің белгілері жараның екіншілік жетілуімен жазылғанда айқын байқалады да, ал жара бірінші жетілуімен немесе қабыршықтанып жазылғанда сыртқы белгісіз өтеді.

Клиникалық белгілеріне қарай Н.П.Пирогов жара процессінің үш сатысын айырады: 1) ісіну, 2) тазару, 3) грануляция сатысы. Цитологаялық және патологиялық өзгерістеріне қарай Н.Ф.Камаев (1962) жара процессін келесі дәуірлерге бөледі:

1. Ерте пайда болған (12 сағат шамалы) - мнда қабынудың алғашқы белгілері біліне бастайды.

2. Дегенеративтік — қабыну дәуірі.

3. Регенерация дәуірі.

И.И.Кузин үш кезеңі, регенерация, тыртықтану және эпителийлену кезеңін ажыратады. Жарадағы биофизикалық - химиялық өзгерістеріне қарай И.Т. Руфанов жара процессін екі кезеңге бөледі: гидратация кезеңі немесе жараның биологиялық өздігінен тазаруы; дегидратация кезеңі немесе регенеративтік қалпына келу кезеңі. Осы соңғы жіктелу ең қолайлы деп саналады.



Гидратация. Бұл кезең жарада болатын морфо - функционалдық, биофизика-химиялық, иммуно-биологаялық процесстермен өтеді. Басты өзгерістер қан тамырларының зақымдалуларынан басталады, капиллярлардың қабы созылып, қанның белок бөліктері ұлпаның сыртына сүзіліп шығады, тотығу-қалпына келу процесстері нашарлайды. Осы жердегі патологиялық процесстердің үдеуіне жүйке жүйесінің қалыпты қызметінің өзгеруіне байланысты. Осылардың әсерінен жараның, оттегімен қоректенуі төмендейді. Қан тамыры арқылы оттегі зақымдалған жердің торша аралығына қаннан шыққан белоктармен байланысып, торшаның өзіне толық жетпейді, сондықтан зат алмасуы (көбінесе, бұзылып аяғына дейін жетпейді) толық тотықпаған заттар көбейеді. Көмірсутек алмасуының бүзылуы-нан сүт, пировиноград тағы басқа қышқылдар, белок алмасуы бұзылуынан — амин қышқылдары кетон заттары; майлар мен липидтер алмасуы бұзылғаннан — май қышқылдары көбейеді. Сөйтіп жараның ұлпаларында қышқыл заттар көбейіп жергілікгі ацидоз пайда болады. Егер қалыпты рн 7,0-7,1 болса, ацидоз рн 6,8-6,5 кейде одан да төмендейді. Осындай ацидоз және микробтар уыттары лейкоциттердің фагоцитоздық қасиетін төмендетеді, қырылуына себеп созылады. Өлген лейкоциттерден протеолдық ферменттер (протеаза, пепсиназа, оргиназа) бөлініп шығады. Осы ферменттердің және қышқылдардың әсерімен жарадағы өлі еттер ыдырап, езіліп сүйық затқа айналады, осылай ірің пайда болады. Ірің жараның қуысынан жара толық тазарғанша ағады. Жарадағы гистологиялық (ұлпаның ыдырауы) процесстер физиологиялық белсенді заттардың (гистамин, ацетилхолин т.б.) жиналуына әсер етеді. Осымен қатар ұлпа сүйығында жараланған торшалардан шыққан К йоны көбейеді. Ол жараның ауырсынуын өршелендіріп, капилляр қабырғаларының және торша мембраналарының (жарғағының) өткізу қабілетін жоғарылатады. Осы жағдай жараға сұйық заттардың жиналуына қосымша әсерін тигізеді. Белок, май және көмірсулар ферменттердің әсерімен ыдырап, молекулалары шоғырланып, жараланған жердің онкотикалық және осмотикалық қысымдары көтеріледі. Осмотикалық қысым 0,19 МПа дейін жетеді. Осындай өзегістер қан мен лимфа айналасын нашарлатып, ұлпалардың өлі еттенуін үдейтеді. Жараның көлемі үлкейіп, оның қуысы өлі еттен және іріңнен жөнді тазармаған жағдайда ол асқынып жара инфекциясына айналады. Мұнда ацидоз жағдайы ұлғая түседі, ұлпалар қосымша өлі еттеніп ірің көбейеді. Жараның іріңнен тазаруы қиындай, организмде іріңді резорбтикалық қызба немесе сепсис пайда болуы мүмкін. Осы айтылған биофизика-химиялық процесстердің әсерімен ол біртіндеп өлі еттерден, іріңнен толық тазартады, осы уақыттан бастап жараның жазылуының екінші кезеңі басталады.

Екінші кезең дегидратация. Бүл кезенде қабыну процессі бөсеңдейді, жараның айналасындағы домбығу қайта бастайды, жараның беті сәл дымқыл болып қызарып бүршіктелген үлпамен қапталып түрады, кейіннен толық жазылғанда жараның беті тыртықталады. Осындай өзгерістеріне қарай бүл кезең екі сатыға бөледі: 1 -сатысы — гранулды саты, 2-сатысы — эпидермис және тыртық пайда болу сатысы.

Дегидратация кезеңінде жарадағы бірінші кезендегі патологиялық процесстер бәсендеп, өлі еттерден тазарып, зат алмасуы қалыпты жағдайда өте бастайды. Осыған байланысты қышқылдық та азайып, ұлпалардың ыдырауы азаяды, Са йоны көбейеді, ол қан тамырлары және торша мем-браналарын тығыздатады. Экссудатта және ұлпа аралық сұйықтарда регенерация стимуляторлары және нуклеин қышқылдары (РНК, ДНК) көбейеді, олар белок құрастыруына қатысып, жазылу процесстерін жеделдетеді. Осы процесстердің әсерінен жараның қуысы жас дәнекер ұлпамен толықтырылады, кейіннен ол тыртыққа айналып беті эпидермиспен қапталады.



Мал түліктеріне қарай жара процесінің биологиялық ерекшеліктері. Түлігіне қарай малдардың жарасының тазаруының үш түрі болады; а) іріңді ферментативтік, б) ірінді-секвестрациялық, в) секвестрациялық.

Жараның іріңді-ферментативтік түрімен тазаруы. Мұнда гидратация айқын білініп, жараның айналасы ісініп тұрады, қолмен сипап, басып көргенде ауырсынады. Ферменттердің әсерімен жарадағы өлі еттер ыдырап-сұйылып, іріңмен бірге сыртқа ағады. Осымен қатар жара аумағында иммунобиологиялық процесстер үдейді, ұлпаның кедергісі құрылып, микробтардың жан-жаққа тарқалуына бегет жасалынады. Бұл түрдің ерекшелігі — жараның аузы жақсы ажырап, ірің сыртқа тоқтаусыз ағады, жараның тазаруы тез уақытта өтеді. Кейде жараның ауызы тарылып, іріңнің сыртқа ағуы нашарласа, ол денеге тарап іріңді-резорбтикалық қызба пайда болуы ықтимал. Жараның осындай жолмен тазаруы жылқыларда және иттерде кездеседі.

Жараның іріңді-секвестрациялық түрімен тазаруы. Ірі қара мал, ешкі, шошқаларда кездеседі. Алғашқы сағаттардан бастап жараның ішіне фибринді экссудат жиналады, ол өлі еттермен араласып фибринді-ұлпалық қоспаға айналады, біраз уақыт өткеннен кейін кеуіп қатайып қоспаға айналып, организмге әсерін тигізе алмайды. Көлемді, өлі еттері көп жараларда оған зардапты микробтар көптеп енгенде, фибрин - ұлпалық қоспа жара инфекциясын дамытуына себеп болады. Бірте-бірте қоспа секвестрге айналады, сау ұлпамен бірге шекаралас ірінді-демаркациялық қабыну үрдісі пайда болады. Мұндай гидратация бәсең өтеді, тез уақытта тазармайды. Ірі қара малдарда аз уақыттың ішінде жараның ауызы қабыршықтанып бітеліп қатады да, сырттан қарағанда жазылғандай болып көрінеді, бірақ жараның ішіңде ыдырау процесстері жүріп жатады, пайда болған ірің сыртқа шықпай іште қалып қояды. Қойларда фибринді-үлпаның қоспа грануляция ұлпасымен қапталып жараның орнында көпке дейін сақталып қатты болып тұрады.

Жараның секвестрациялық тазаруы. Мұндай тазару кеміргіштер мен құстарда кездеседі, ал басқа малдарда терінің беткі қабаты жырылып кеткенде ғана кездеседі. Бұл тазаруға жараның қуысы фибринге толып тығыздалып, ұйытқыға айналады. Кейіннен ол фибринді-ұлпалық қоспаға ай-налады, жараның қуысы тығындалып оны қосымша жарақаттардан, микробтардан қорғап жараның жазылуына әрекет етеді. Жараның қабырғаларынан өскен гранулды ұлпа пайда болған қоспаны, бірте-бірте итеріп жараның қуысын толық қаптайды. Процесстің аяғыңда жара қоспадан босап орны сәл тыртықтанып немесе тыртықсыз бітіп кетеді.

Жараның жазылуы. Жараның жазылуы үш түрде өтеді:

1. Бірінші жетілумен жазылуы.

2. Екінші жетілумен жазылуы.

3. Қабыршықтанып жазылуы.



Жараның бірінші жетілумен жазылуы өте құнды болып табылады, өйткені мұнда: жазылу мерзімі қысқа, іріңсіз жазылады; қабыну процесі бәсең өтеді; жараның орнында білінер-білінбес тыртық қалады немесе мүлде тыртық қалмайды. Жаралардың осылай жазылуына төменгі жағдайлар қажет: олар микробтармен ластанбау керек (асептикалық жара), бөгде заттардың болмауы шарт, жараның жиектері өлі етсіз болып, қаны толық тоқтатылып және жараның жиектері беттесіп тігілу керек. Мұндай жағдай операциялық жараларда және нақтылы хирургиялық өндеу жасалған кездейсоқ, көбінесе жаңа пайда болған, жараларда кездеседі. Жаралардың жазылуындағы даму процесстері өзіне тән болады. Жара тігілгеннен кейін немесе басқа жолмен оның шеттері бірікіірілгеннен кейін, оның қуысына қан және сарысулы-фиброзды экссудат жиналады, ұйыған қанның фибриногені қуысты толтырып, жараның қабырғалары бір-біріне жабыстырады, осыны алғашқы жабысу дейді. Бірінші тәуліктің ішінде сарысулы-фибринозды қабыну процесстері дамиды, қан торшалары және фибробластар жиналады. Қабыну процессінің әсерінен қышқылдың көбейіп протеолиз, фагоцитоз дамиды. Осымен қатар капиллярлардың ішкі қабаты ісініп, элекгропотенциялды айырымның әсерімен беткейлі тартылуының төмендеуімен екі жақтан бір-біріне қарсы өсіп, қосылады, сөйтіп капиллярға айналады. Осылай қан айналысы орнына келеді. Капиллярлардың айналасына лейкоциттер, моноциттер, макрофагтар тағы басқа торшалар жиналып, олар дами келе фибробластарға айналады. Бұл процесстер жараның 3-4 тәулігінде өтеді, мұны екінші жабысу дейді. 4-5 тәуліктерде фибробластар өсіп ұзарып бір ыңғайлы реттеледі, осылай талшықты дәнекер ұлпа, коллагенді талшықтар пайда болады. Кейіннен қабыну процессі бәсендеп, жаңа пайда болған дәнекер ұлпаның үсті терінің мальпигий қабатымен қапталады. Бірте-бірте дәнекер ұлпаның талшықтары ықшамдалады, жіңішкеленіп тығыздалады, тыртыққа айналады. Ол бас кезінде қызарып бұртиып білініп тұрады, уақыт өткен сайын қан тамырлары тартылып бозара бастайды, тартылып кішірейеді. Дәнекер ұлпалы жабысудың жетілуі иттерде 6-7 тәулігінде, жылқыларда 8-10, ірі қара малда, қой, ешкілерде 7-9 тәулікте жетіліп бітеді.

Жараның екінші жетілуімен жазылуы. Жазылудың бұл түрі кездейсоқ, асқынған операциялық жараларда және атпақару жараларында кездеседі. Бұл жазылудың ағыны екі кезеңде өтеді — гидратация кезеңі немесе жараның өздігінен тазару кезеңі немесе гранулды ұлпа және эпителиймен қапталу кезеңі. Осылай жазылудың өзіне тән ерекшеліктері — жазылу мерзімі ұзаққа созылады (3-4 апта), ірінді болып өтеді, жараның орнында тыртық қалады.

Гидрадация кезеңіндегі жараның клиника-морфологиялық өзгерістері. Жазылу процесстері жараның айналасы ісініп қуысына ұйыған қан жиналады. Ірі қара малында, қой, шошқаларда қан құрамында фибриноген ақуызы бекітіліп қалады, жараның қуысы фибринді ұлпалық қоспамен толады. Жараның қабырғалары жағынан іріңді-демаркарциялық қабыну дамиды, өлі еттер секвестрге айналады. Мұнда ірің көп болмайды. Жылқылар мен иттерде жараның ауызы жақсы ашылып, жараның қуысындағы экссудат, ірің тоқсаусыз сыртқа ағады, жараның айналасы ісініп, ауырсынады. Жергілікті өзгерістермен бірге организмде жалпы өзгерістер де байқалады: дене қызуы көтерілуі мүмкін, тамыр соғуы және тынысы жиіленеді, қан құрамында лейкоциттердің көбейгені, лейкоцит формуласында лейкоциттердің солға ығыстырылғаны байқалады. Неғұрлым жара көлемді, өлі еттер көп болса, соғұрлым ондағы процесстер ауыр өтеді, ірің көп болып организмде іріңді-резорбтикалық қызба пайда болуы мүмкін. Жара кедергісіз жазылса 3-4 тәуліктен бастап өлі еттен тазарған жағынан гранулды (бүршіктелген) ұлпа өсе бастайды. Жараның беті осылай тазара келе, гранулды ұлпамен толық қапталады. Гидрадация кезеңі осылай аяқталады.

Жараның дегидрадация кезеңіндегі клиника-морфологиялық өзгерістері. Жара өлі еттерден толық тазарып, гранулды ұлпамен қапталады, оның айналасындағы ісінуі қайтады, ауырсыну азаяды, жараның беті сұрғылт экссудатпен суланып тұрады.

Гранулды үлпаның өсуі. Жараның қабырғаларынан түйірленіп капиллярлар, оларды қоршап дәнекер ұлпасы өсіп дамиды. Капиллярлар көп болғандықтан, жараның бетін қаптаған ұлпалар біркелкі болмай бүршіктеліп тұрады, сондықтан оны бүршіктелген немесе гранулды (лат.бүршік-гранула) деп атайды. Гранулды ұлпаның белгілері: беті бүршікті болады, басып көргенде қатты, ашық қызыл түсті және сүрғылт түсті азғана экссудатпен жабылып тұрады. Гранулды ұлпа өсіп-өніп жараның қуысын толтырады, микробтармен уыттарға кедергі болып қарсы тұрады, жараның бетіне эпителий қапталуына себепкер болады. Осындай процесстер жараның қалыпты жағдайында кездеседі, ал жараның жазылуына кедергі кездессе, әлде жаңадан пайда болып өсіп келе жатқан гранулды ұлпа сыртқы әсерлермен зақымдалса, төмендегідей патологаялық ұлпалар өсуі мүмкін.

Гидремиялық грануляция. Мұнда ұлпаның бүршікгері ірі, ашық қызыл түсті, жұмсақ созылады, қанталағыш келеді, кейде беті өлі еттеніп, ұлпа артық дымқылды болады. Мұндай грануляцияның пайда болу себептері жарадағы бөгде заттар, сүйек сынықтары, жараның терең қалталарына жиналып қалған іріндер, уақытында алынбаған дренаж тағы сол сияқты жағдайлар.

Атониялық грануляция - бүршіктері болмайды, түсі ақшыл-боз, беті сәл дымқылданып тұрады, кейде құрғақ болады. Мұндай грануляция жазылуы ұзаққа созылған жараларда және ойылымдарда кездеседі.

Жара эпителизациялану процесстері. Гранулды ұлпаның өсіп дамуымен бірге жараның шетінен оның үстін эпителий қаптай бастайды. Ол мальпигий қабатының эпителий торшаларынан өседі. Жараның 5-7 күндігінде эпителий жараның айналасынан ағарып немесе көгілдір қызыл болып шеңберленіп байқалады. Клиникалық ерекшелігіне қарай жараның екінші кезеңінде Н.И.Краузе бойынша эпителийленудің екі түрі болады: 1) шоғырланып тыртықтану, 2) жазықталып тыртықтану.

Шоғырланып тыртықтану терең, ауызы ашық жараларда кездеседі. Мұнда тыртық жараның түбінен басталады. Гранулды ұлпаның коллагенді және эластикалық талшықтары тартылып, қысылып бір-біріне жақындалады, сөйтіп жара тыртықтанумен бірге эпителиймен жабылады.

Жазықталып эпителийлену терісі сыдырылып пайда болған көлемді жараларда кездеседі. Мұнда гранулды ұлпамен тыртықталудың алдында эпителиймен толық жабылып болмағандықтан, эпителийсіз жараның жазылуы ұзаққа созылады.

Жараның қабыршықтанып жазылуы. Жазылудың бұл түрі кеміргіштер мен құстарда кездеседі. Басқа малдарда терінің беткейлі жараларында кездеседі.

Жараның бетіндегі ұйыған қан, фиброзды экссудат және өлі еттер кеуіп, оның бетін қабыршықтанып жауып тұрады. Қабыршық жараға сыртқа механикалық әсерден және микробтардан қорғаныш болады, оның жазылуына жағдай туғызады. Жараның орны тегіс болып іріңсіз жазылады.

Коллапс - уақытша, кенетген пайда болатын жүрек қызметінің бәсеңдеуі және қан тамырының қысымының төмендеуі. Мұнда артериялық қысым бірден төмендеп, бүкіл организмнің өмірлік қызметтері бәсеңдейді.

Коллапс пайда болу себептеріне, жарақаттанған малдың көп қан кетіп қансырауы, қатты ауырып тітіркенуі жатады. Кейде ол ұлпалардың ыдырауынан пайда болған уыт денеге тараганда, қатгы қорыққаннан, бұлшық еттердің қажығаныңда пайда болады.

Клиникалық белгілері: организмнің кенеттен туатын жалпы әлсіздігі, малдар көбінесе жатып алады, қан тамырының соғысы әлсіз, жиі, болар-болмас білінеді, дем алысы сирек, үстіртін, көз шырышты қабығы ағарыңқы-көкшіл болады. Жалпы дене қызуы төмендеп, сыртқы ортаның тітіркенгіштеріне әрекеті бөсеңдейді. Аяқтары салқындап, бұлшық еттері босаңсиды.

Емі: коллапсты тудырған себептерді жою, организмнің бұзылған қызметін қалыпқа келтіру. Қан ағысын тоқтату (бұрау, салу, тампондау, қан тамырларын байлау, күре тамырға хлорлы Са ерітіндісін егу). Қанды толықтырып, оның қысымын көтеру үшін глюкоза және аскорбин қышқылын физиологиялык ерітіндісімен бірге күре тамырға жіберген жөн. Қан алмастырып құю немесе арнайы қаналмастырғыш ерітінділер (полиглюкин, реополиглюкин, гемодез, гидролизат, аминопептид) жақсы нәтиже көрсетеді. Уыт денеге тараған жағдайда күре тамырға 40% гексаметилентетралин ерітіңдісін кофеинмен қосып егеді. Жүрек қызметін және сыртқы қан айналысын жақсарту үшін, тері астына кофеин, камфора майын немесе күре тамырға камфора сары суын еккен жөн (күніне 2 рет ірі малға 250-300 г, ұсақ малға 25-30 г). Осыған қоса ауру малды есілген сабанмен ысқылап, қыздырғыш прибормен малдың денесін қыздыру керек.

Шок-естен тану: басында қысқа уақыт қоздырылып, кейіннен жүйке жүйесі мен бүкіл организмнің терең қиналуға ауысатын малдың жалпы ауыр күйі.

"Шок" деген сөзді XVIII ғасырдың басында Француз дәрігері Ле-Драм енгізген және шоктың негізгі ауру белгілерін анықтаған Пирогов дүниеде бірінші болып, аурудың даму барысына түсінік беріп, оның емі мен алдын-алу шараларын ашты. Естен танудың жіктелуі - себептеріне байланысты:

1. Жарақаттан пайда болған - әр түрлі зақымдалудан туатын;

2. Операциялық естен тану — шала немесе толық жансыздандырудан туатын түрі;

3. Гемотрансфузиялық - сәйкес емес қан құйғанда, сәйкессіз белок еккенде болады;

4. Анафилактикалық — алдын-ала бөгде белокпен немесе бактерия уытымен (сенсибизацияланған) сезімдендіру кезінде болады.

Бұлардың ішінде жарақаттың әсерінен туатын естен тану өте жиі кездеседі. Белгілері: пайда болатын уақытына байланысты естен танудың алғашқы және кеш болатын түрлері болады.

Алғашқы естен тану - мал жарақаттанған мезгілде немесе жарақатганғаннан кейін бірнеше минут пен бірнеше сағаттың ішінде пайда болады.

Кеш пайда болатын естен тану - жарақаттан, хирургиялық операциядан, акушерлік көмектен кейін немесе уланғаннан кейін бірнеше сағат әлде бірнеше күннен кейін пайда болады.

Алғашқы естен тану 3 кезеңде өтеді: 1-кезең кенет қозумен сипатталып, эректильді деп аталады; 2-сі торпидті кезең - қатты тежелу; 3-ші салдану кезеңі өліммен аяқталады.

Жарақаттан естен тану шошқаларда, мысықтарда, жылқылар мен иттерде кездеседі, ал ірі қара малда кездесуі сирек. Жүйке жүйесі тез қозатын, сезімтал малдар жиі естен танады. Мұндай малдарға операцияны жергілікті немесе жалпы жансыздандырып жасау қажет.

Этиологиясы — естен тану мына жағдайларда кездеседі: бұлшық еттердің көлемді жарақаты, оған қоса сүйектің сынуы, жүйке бағанасының қысылып қалуы; Ішкі ағзаларға операция жасағанда шажырқайдың қатты созылуы; кеуде қуысы жарақаттанғанда, әсіресе сол қуысқа ауа енгенде; мал туғанда дұрыс көмек жасалмағанда; күюдың 2,3,4,5 дәрежесінде және т.б.

Стресстік жағдайлар естен тануға себепкер болады. Мысалы: орталық жүйке жүйесінің алдын-ала қалыптан тыс қозуы; ұзаққа созылған іріңді аурулар салдарынан туатын бірінці — резорбтикалық жағдайлар; жарақат алдындағы ауыр дерттер; дененің аса суынуы немесе қызынуы, аш болуы, қансырау және т.б. Жас малдар естен тануға сезімтал болады. Жүйке орталығы алғашқы және соңғы қоздырушылардың әсерімен кеш пайда болатын естен тануға әкеліп соғады. Естен танудың ауыр түрлері малдың өлімімен аяқталуы мүмкін.

Патогенезі әлі толық анықталған жоқ. Бірақ Асратянның теориясы бойынша қатты ауру сезімінің әсерімен пайда болатын алғашқы эректильді кезеңде бас ми қабығының және қабық асты орталықтың қозуы арқасында пайда болады. Қозудың әсері күшейе келе эректильді кезең торпид кезеңіне ауысады.

Жүйке орталығының қалыптан тыс қажудан қорғау жолында бас ми қабығында қорғау - ем тежелуі дамиді, ол шектен тыс терең парабиотикалық жағдайға апарып, салдану кезеңіне оңай ауысып кетуі мүмкін. Орталық жүйке жүйесінде эректильді кезенде функционалдық өзгерістердің салдарынан гемодинамика бұзылып, қан мен ұлпалардың химизмін өзгертеді.

Бұл орталық жүйке жүйесіңдегі және гемодинамикадағы өзгерістерді тереңдетіп, қанның химизмына кері әсер етеді. Жүйке жүйесіндегі гемодинамикадағы және қанның химизміңдегі өзгерістер, естен тануды тереңдетіп ауырлатады. Жүйке жүйесі қажып астения дамиды. Гемодинамика одан әрі нашарлап, қан қысымы төмендейді. Оған капиллярдың атониясы мен жоғары өткізгіштігі, ұлпаға шыққан қан сұйығы айналасындағы қанды қоюландырып, көлемін азайтуы себепкер болады. Осымен қатар қан ұлпаларда гиперкалиемия, ацидоз, аноксемия, аноксия және фосфотемия дамиды. Бұған гистологиялық, метаболистік және бактериялды қанның улануы қосылып естен тануды тереңдетіп күшейтеді. Ол организмге және жүйке жүйесіне жарақаттан кейін 20-30 минутган, көбінесе 2-3 сағатган кейін әсер етеді.



Шушков ұсынған афферентті жолдардың тежелу теориясы. Бас ми қабығына бағынышты жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің қызметін реттейтін, осал да нәзік келетін тежеу процессі аса күшті тітіркенгіштердің әсерінен эректильді кезенде ең бірінші зиян шегеді. Бас ми қабығының тежеу процессі басым болып келеді. Ол төменгі қарауындағы жүйе мен ағзаларға әсер етеді де қозғалыс қозуы, тахикардия, қан қысымының көтерілуі т.б. естен танудың эректильді кезеңдегі өзгерістер пайда болуына әсер етеді.

Аса қауіпті тітіркендіргіштердің әсері әрі күшейіп ұлғайса, ол торпидтік кезеңге апарып соғады. Бас ми қабығы бұл кезенде аса күшті тітіркендіргіштерден қорғаныс — ем тежелуі арқылы емес, оған жүйке арқылы жарақатталған жерден келетін ауру сезімінің импульсі афференттік жолда тежеуге ұшырап парабиоз пайда болып сақталады. Парабиоз ошақтары рецепторлық аппараттарында, шеткері жатқан жүйкеде немесе жұлынның өткізу жолында және ретикуляция формациясында пайда болады. Бұған тежелуге жүйке жүйесінің афферентік бөлімі қосылады және неғүрлым шеткеріде болса соғүрлым парабиозбен тежелу тереңдейді. Осының нәтижесінде төмен жатқан әр афферентік бөлім, жоғары жатқан бөлімнен өтетін импульсті тежейді. Сондықтан естен танудың торпидтік кезеңіңде тек шеткері жүйке құрамы тежеледі, ал мидың қабы және астыңғы қабы өздерінің тірлігін сақтайды. Бірақ тежеліп өз қызметін толық атқара алмайды. Сондықтан паталогиялық процесске әсер ете алмайды. Негізгі өзгерістер қан тамырларының шеткі бөлімдерінде болады, ал жүрек қызметі мен коронарлық қан айналысы көп өзгермейді, өйткені олар астыңы қабық орталығымен тікелей байланысты. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің терең тежелуі салдарынан артериолдар, венулдар және капиллярлар кеңейді және прекапилляр сфинктері салданады.

Осы өзгерістердің әсерінен артериялық қысым төмендейді, қан айналысы бәсеңдеп, мүлде тоқтап қалуға дейін барады. Аққан қанның көлемі азайғаннан көк тамыр қанға толық толмайды, содан оның қысымы төмендейді. Гемодинамикадағы осы өзгерістер ағзаларда гипоксия тудырады. Бауырдың қақпа ағысы төмендейді, осыдан кейде зәр пайда болу тоқтап қалады. Ішкі секреция бездерінің де қызметіне кері әсер тигізеді, бірақ гипофизде мүндай өзгерістер аз болады. Осы жағдайлар торша метаболизмінің нейрогуморальдық реттеуін төмендетеді, ұлпалар мен ағзаларда гипоксин дамуына әсер етеді. Қанның қүрамында аяғына дейін қорытылмаған зат алмасу қалдықтары жиналып, буфер системасы тежеліп ацидоз пайда болады. Мұнымен қатар гипергликемия, гипо-протеинемия, азотемия дамиды, қанда кетон затгары пайда болады. Организмдегі осындай терең өзгерістер естен тануда қан тамырының көлемі мен ондағы қанның көлемі сәйкес келмегендіктен, (тамырдағы қанның көлемі аз) организм өте ауыр жағдайға ұшырайды. Эректильді кезеңге қарағанда бұл кезеңде емдеу қиынға соғады. Бұған организмнің әр түрлі ағзаларының дистрофиялық өзгерістері себеп болады. Миокардта, қаңқа бұлшық еттерінде, бауырда майлы эмболин, үстіңгі бүйрекшенің ми затында торшалардың вакуоль-дануы, хромофильдік заттардың жайылғаны байқалады. Қан тамырларында, бауырда және көк бауырда фибриндік ісіну болады. Гипофиздің безді бөлігінде ганглиозды торшаларында, жүйке талшықтарында орталық жүйке жүйесінде дегенеративті - некрозды өзгерістер кездеседі. Орталық жүйке жүйесінің синаптикалық аппараттарында да дистрофиялық және деструктивтік өзгерістер болады. Осы негіздерге сүйеніп Л.Смирнов естен танудың ауыр түрі синаптикалық аппараттың бұзылуына байланысты дейді. Сондықтан естен танудың бұл түрі салдану кезеңіне өтіп өліммен бітеді.

Клиникалық белгілері: эректильді кезең жарақаттанған уақыттан бастап дамып, бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады. Мал шүғыл еліріп қозу байқалады, қатты ыңырсып, қыңсылап тыпыршиды, босануға тырысып бұлқынады. Көзі бадырайып, көз қарашығы мен танауы ұлғайып, демалысы, қан тамырының соғысы жиілейді, қан қысымы көтеріледі, қатты терлейді.

Эректильді кезеңнің жеңіл түрінде және қатты тітіркену тоқтағанда мал есін тез жияды. Ал орта және ауыр түрінде торпид кезеңіне ауысады да малдың жағдайы нашарлайды. Рефлексі төмендеп, қосымша жарақатқа әсер етпейді, организмнің барлық қызметі төмендейді. Бұлшық еттері босаңсып, қозғалмай жатады, демалысы сиреп, кілегей қабаттары бозарады, қан тамырының соғысы жиілеп әрең білінеді, қан қысымы тез төмендейді. Дене қызуы 1-2^ С-қа төмендейді. Емі: жан-жақты болу керек.

1. Ауырсыну тітіркендіргіштерін жою, жүйке жүйесінің қызметін қалпына келтіру;

2. Гемодинамиканы қалпына келтіру;

3. Токсемия және заттар алмасуының бұзылуымен күресу.

Эректильді кезенде қозу себептерін жою және жүрек қызметін жақсарту, жүйке жүйесінің орталығы тұтас қозуын болдырмау, жарақаттанған жерді барынша жансыздандыру керек. Пневметоракс дамыса плеврепульмональдық естен тану Вишневский бойынша парасимпатикалық бағанды новокаинмен тежеу керек. Ішек сыртқа ақтарылып түссе, оны жайлап іш қуысына антисептикалық ерітінділермен шайып салып, қуысқа 0,25% новокаин ерітіндісін канамицинмен бірге енгізу керек. Трубкалы дренаж салып жараны тіккен жөн. Алдын-ала естен тануды болдырмау үшін, абдоминалды операция жасау алдында ауру малға Мосин бойынша эпиплевралды новокаинды тежеу жасау қажет. Сүйек сынғанда естен танудың алдын алу үшін және ем ретінде сынған жерге 30% этилді спиртке жасалған 2-3% новокаин егеді. Осыдан кейін күре тамырға ұсақ малға 10-15 мл, ірі малға 100-150 мл 10% натрий бромидін өз мөлшерімен қосылған кофеинмен бірге егеді, сосын жайлап Асратянның естен тануға қарсы сүйықтығын ит, қой, шошқа және бұзауға 200-300 мл-ге егеді. Асратян сұйықтығының орнына күре тамырға 1 кг малдың салмагына 1-1,5 мл есептеп 0,25% новокаин ерітіндісін әр 200 мл-ге 1 мл. 2% промедол және 1% димедрол, 30 мл преднизолон және 1 млн ӘБ. пенициллин араластырып еккен жөн. Бүдан кейін малды қыздырғыш аспаптармен қыздырып қымтау керек.

Естен танудың торпид кезеңінде Асратян бойынша шектен тыс тежеуден босату үшін симпатикалық (ганглин) жүйке түйінін немесе бағанасын новокаинмен тежеу керек. Шушков бойынша ең алдымен шеткі жүйке және соматикалық вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдерінің парабиотикалық жағдайын босаңдату қажет. Ол үшін тері ішіне, қысқа және айнала новокаинды тежеу жасаған жөн. Сонымен қатар күре тамырға сәйкес қан қүю керек. Ұсақ малға 50-100 мл, ірі малға 1500-2000 мл. Керекті қан болмаса орнына полиглюкин, респолиглюкин қолдануға болады. М\ұны 1 минутта 80-90 тамшыдан есептеп жібереді. Бастапқы 2-3 минутта малға еккен дәрінің әсерін байқап, өзгеріс болмаса емді жалғастырады. Қан тамырының жиелуіне қарсы күре тамырға адреноблокатор-фентоламин егеді. В өлшемі ұсақ малға 0,001, ірі малға — 0,03 есептеп, егу алдында ғана 1 мл таза суға ерітеді.

Операциялық естен тануда қан тоқтату үшін тері астына 5 % эфедрин ұсақ малдарға 0,1-0,2, ірі малдарға 5-8 мл егеді. Осымен қатар естен тануға қарсы Асратянның, Поповтың сүйықтығын және Плахотиннің камфорлы сары суын қолдануға болады.

Кеш пайда болған естен тану организм уланғаннан және инфекцияның әсерінен пайда созылады. Оны емдеуге камфораның сары суы немесе хлорлы кальций мен кофеин араластырған гексаметилентетраминнің 40% ерітіндісін қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет