3 деңгейлі смж құжаты поәК поәк- 042-14-4-02. 01. 20


Жараланған қан тамырын өзара біріктіріп тігу



бет6/7
Дата16.06.2016
өлшемі475 Kb.
#138506
1   2   3   4   5   6   7

Жараланған қан тамырын өзара біріктіріп тігу. Қан тамырын тігудің өзіне тән өзгешелігі бар. Егерде қан тамырының ішкі қабығы тігілмесе, сол жерге қан түйіршіктері жиналып, тромб пайда болуы мүмкін. Ал осындай тромба операцияны жоққа шығарады, себебі, сол жерден қан жүруі тоқталады. Осы жәйді ескере отырып жараланған. кесілген тамырды тігіп бірікгіргенде, ішкі қабыққа асқан ыждағаттылықпен қарау ләзім. Кейбір ірі тамырлар жараланғаңда оны байлап тастауға болмайды, себебі, жаралы жердің төменгі жағы қансыз қалады. Кесілген тамыр, осы себеті де біріктіріледі, ал біріктіруге жағдай болмаса, алдын-ала дайындалған жасанды қан тамырынан жамау жасайды. Жамау ретінде көптеген күре тамырлардың бірін, аяқтың ішкі не сыртқы жағынан сылып альш, пайдаға асырады. Кейде жамау ретінде өлген малдан алынған тамырларды да арнайы әдіспен дайындайды. Оны лиофильдік құрғату дейді. Яғни өлген малдың қан тамырын тастай мұздатып, қатырып барып дайындайды. Тамыр жамауын пластмассадан да, басқадай заттардан да жасайды. Соңғы жылдары жараланған тамырлардың өзегін тікпей-ақ желім арқылы біріктіріп жүр. Көбінесе тігу әдісі қолданылғандықтан, тігу үшін атравматикалық иненің көмегімен операция жасалады.

Қан қысымын төмендету әдісі. Ауру малдың ірі қан тамырларына, бас миына операция жасалған кезде немесе қан қысымы жоғары ауру малға, қандай да болсын операция жасалынған кезде, операция жасалып жатқан жерден қан көп мөлшерде кетпес үшін, ағзаға ганглиоблокатор тобына жататын дәрілер енгізіледі. Дәрілердің осы тобына арфонад, гагроний, гексаметоний дәрлері жатады.

Ауру малдың операция кезінде қан қысымын төмендету ушін арфонад дәрісі кең қолданылады. Ол үшін арфонад дәрісінің 0,1 % ерітіндісінен ауру малдың әрбір 1 кг салмағына, осы дәрінің 0,1-0,2 грамын алып, оны натрий хлорид тұзының изотоникалық ерітіндісімен сүйық жағдайыға келтіреді. Сонда 60 кг салмағы бар ауру жануарға (60x0,2) -12 грамм арфонад дәрісін алып, оны тұзды суға еріткеннен соң ағзаға енгізгенде, ауру малдың қан қысымы бірталай төмендеп, операцияны құрғақ (қансыз) жағдайда жасауға мүмкін туады.

Операцияны ауыртпай жасау үшін, жансыздандыруды құрастырылған дәрілермен өткізуте де болады. Операция жасалып жатқан жерде ауырсыну сезімі пайда болмас үшін әрбір дәрінің тек қана пайдалы қасиеттеріне сүйене отырып, соларды қосып, құрастырып наркоз беріп отырады.

Қазіргі кезде ауру малға құрастырылған наркоз беру үшін, ең алдымен оған вена қан тамыры арқылы не тиопентал-натрий, не гексенал дәрісін жіберіп (ингаляциялық емес наркоз), ауру малды ұйықтатады. Енді ауру мал терең ұйқы жағдайына жеткеннен соң, оның веналық қан тамырына курареге ұқсас дәрілер егіп, ауру малдың бұлшық етерін босаңсытады. Бұлшық еттері босағандықтан, кеуде тыныс алу процесіне қатыса алмайды. Кеуде қозғалмай қалады. Ауру малдың аузына ларингоскоп аспабын енгізіп, соның көмегімен, кеңірдекке наркоздық аппаратқа жалғасқан резеңкелі түтік енгізіп, кеңірдек ішіне не эфир оттегі, не азоттың шала тотығы (наркоздық зат ретінде) беріліп отырады. Ауру мал осыдан кейін наркоздық терең ұйқы жағдайына ұшырайды. Ауру мал осындай жағдайда жатқанына қарамастан, жүйке жүйесі кесілер алдында естен танып қалмау үшін, сол жүйке жүйесіне қосымша новокаин дәрісінің не 0,25% не 0,5% ерітіндтсін енгізу керек. Мысалы, ауру малдың аяғын кесіп алып тастар алдында санның жүйке жүйесіне алдын-ала новокаин дәрісін егіледі.



Ауру малға қан алмастыратын заттарды және қүю. Кеткен қанның орнын толтыру үшін тамырға, қан айналымына қан, қызыл түйіршіктер қосылады. Жан-жануардардың көк етінен және есімдіктердің қабығынан өтпейтін, кристалданбайтын химиялық затты коллоид десе, осындай коллоид ерітіндісін, тұздың изотониялық ерітіндісін, глюкозаны енгізіп, қан құрамын, оның көлемін бірқалыпта келтіреді.

Қан құюдың тарихы. Қан құю туралы ілімді үш дәуірге бөлуге болады. Бірінші дәуір — сонау ескілік заманнан 1628 жылы Гарвейдің қан айналым заңы шыққанға дейін. Екінші дәуір - 1628 жылыдан 1901 жылыға дейін, яғни агглютинация заңы ашылғанға дейін. Үшінші дәуір - бүгінгі күнге дейін.

1666 жылы ағылшын ғалымы Лауэр иттерге қан құйғанын жариялады, ал 1667 жылы француз ғалымы Дени мен хирург Эмерец қозының қанын өте қиын жағдайда жатқан ауру жануарға құйып, сол ауру малдың осыдан жазылып кеткенін мәлімдеген. Келесі жолы осындай қан құйған науқас өліп қалды. Сот болған кезде бұл екі дәрігерді жақтаған Франция Ғылым академиясының өкілдері өте ақылды шешімге келіп, әрбір қан құю алдында академиядан дәрігерлер рұқсат алуы керек деген.

1679 жылы Мерклин және 1682 жылы Этген-мюллер деген дәрігерлер өз бетімен екі түрлі қанды, яғни екі адамның қанын біріктірсе, қан ұйып қалады, ондай қандарды құюға болмайды деген шешімге келді. Зерттелмеуіне қарамай, сәтті қан құю операциясын 1819 жылы ағылшын дәрігері Блондель жасады. Ол бір адамның қанын екінші адамға сәтті құйды.

Қанның ұюы, қан құюға кедергі жасайды. Сол себептен қанның фибрининін жоғалтуды 1835 жылы Бишофф ұсынды. Бұл пікір де кең өріс ала алған жоқ. Қансыраған ауру адамның өлімі тек қан жетпегендіктен және сондай адамды өлімнен алып қалу үшін тек қана қан құю керек деген Гайемнің пікірі ғылыми тұрғыдан өте дұрыс пікір болатын.

Россияда 1830 жылы С.Ф. Хотивицкий босанған әйел қанды көп жоғалтса, оны қолайсыз жағдайдан алып қалатын, тек қана қан құю деген. Ал 1832 жылы Санкт-Петербург қаласының дәрігері Вольф, босанған кезде қансырап өліп бара жатқан әйелді тек қана қан құю арқасында ажалдан алып қалған. 1865 жылы орыс ғалымы В. Сутугин қанды ұйытпайтын амалдарын тауып, тамырдан алған соң, ұзақ уақытқа дейін сақтауға болатынын мәлімдеді. Қан құю мәселелеріне көңіл бөлген орыс ғалымдары — Х.Х.Саломон, Н. Раутенберг, С.П. Коломнин, И.В. Буяльский болған.

Қан топттры. Ұзақ зерттеулердің арқасында кез келген адам қанының құрамында басқа адамның эритроциттерін жабыстырып тастайтын агглютинация үрдісін жүргізетін ерекше заттардың болатыны анық-талған. Австрия ғалымы 1901 жьшы К. Ландцггейнер 1901 жылы адам эритроциттерінің құрамында екі түрлі антигендер - аглютиногендер, ал плазмада екі түрлі антиденелер - аглютининдер болатынын дәлелдеді. Агглютинагендер латын әліпбиі бойынша А және Б әріптерімен белгіленеді, ал агглютининдер грек әліпбиі бойынша альфа (а) және (Ъ) әріптерімен белгіленеді.

Бір малдың қан құрамында агглютиноген және агглютинин екеуі бірдей болмайды. Себебі бір әріптес агглютинин, мысалы А-агглютиногенімен кездессе, олар өзара жабысып қалады. Сол себептен бір малдын қанына агглютиноген А болса, басқа агглютинин түрі Ъ болуы керек.

Агглютиногендер тек қана эритроциттердің құрамына ғана кіріп қоймай, сонымен бірге сілекейде, асқазан сөлінде, басқалай сұйықтарда да кездеседі. Осы күндері агглютиногендердің үш жүздей түрі ашылған.

Агглютиниңдер белоктың бір түрі -г- глобулиннің молекулаларынан құралған. Агтлютининдер өз құрамына қарай екіге бөлінеді. Бірі өмір бойы өз қасиетін жоғалтпай - өзгермесе, екінші түрі эритроциттердегі агглютиногендерге қарсы, плазмадағы лейкоциттерге қарсы, сонымен бірге тромбоциттерге қарсы күресетін қабілетке ие.

Бір малдың қанын екінші малға құйғанда қандар . өзара жабысып қалмау үшін, қан, төрт топқа бөлінген. Мал қаннының топтарына келсек, әлі күнге дейін белгісіз жайлар көп. Мал эритроциттерінде көптеген агглютиногендер болады. Сондықтан оларды 4 топқа бөлу мүмкін емес.Әрбір топта бірнеше агглютиногендер түзеді, сол себептен мал қаны генетикалық жүйеге бөлнеді, Мәселен,ірі қарада 85 агглютиноген боландықтан, оларды 11 генетикалық жүйеге бөледі. Жылқыда 16 агглютиноген 8 жүйе, қойда 26 агглютиноген 7 жүйе, шошқада 50 агглютиноген 14 жүйе, тауықта 60 агглютиноген 14 жүйе болады (Т.Несіпбаев,2005).

Қанның құрамында қандай агглютиноген, қандай агглютинин барын білуіміз керек.

Ғылымның өсіп-өрлеуіне байланысты қаны I-ші топқа жататын малдардың қанында агглютиноген жоқ - 0, ал плазма сарысуында а жэне Ъ -агглютининдері бар. Бірінші топқа жататын малдардың қан формуласы Оа деп белгіленеді.

Қаны II топқа жататын малдардың эритроциттерінде А-агглютиноген, қан сарысуында Ъ -агглютинин болады. Формуласы А,

Қаны III топқа жататын малдардың эритроциттерінде Ъ - агглютиноген, қан сарысуында а-агглютинин болады. Формуласы Ва.

Қаны IV топқа жататын малдардың эритроциттері екі бірдей А және В агглютиногендері болса, қан сарысуында агглютининдер жоқ (О).

Төрт топқа бөлген қандарды формулаға түсірсек, сонда I топқа жататын малдардың қаны I аһ), II топ (Ай), III топ (А,), IV топ болып жазылады.

Соңғы жылдары қаннын тобын қысқартып жазу үшін топтың санын цифр арқылы және эритроциттерге агглютиноген белгісімен ғана көрсетеді. Қысқартылған түрде қан тобы: 1(0); П(А): ІІІ(В); ІҮ(АВ) деп жазылып жүр.

Агглютиногендер мен агглютининдердің қосылып жабысуына қан құрамына кіретін гемолизиннің де қатысы бар. Комплемент бар жерде гемолизин қанның торшаларын, эритроциттерді бұзып, ерітіп жібереді.

Төл дүниеге келгенде оның қаны төрт топтың біріне жатады да, ол өмір бойы өзгермейді. Барлық қанды пайдаланады. Әртүрлі топқа жататын малдардың қанын екіге бөліп, оның сүйық бөліміндегі белгілі агглютининдер арқылы, қанның қай топқа жататынын айыруға болады. Сол сияқты , стандартқа сәйкес эритроциттердегі агглютиногендер белгілі болса, белгісіз агглютининдерді табуға болады.



Стандартқа сәйкес қан сарысуын дайындау үшін мал қанынан эритроииттерді шығарып тастайды. Сонда осы қанда тек қана агглютинин қалады. Агглютининнің титрі белгіленеді. Титр дегеніміз - қан сарысуының күші. Яғни қан сарысуы 2 рет, 10 рет, 50 рет сумен ерітеді. Ең көп ерітілген кездің өзінде де қан сарысуы өз қасиетін жоғалтпайды. Осындай сарысуды бор қышқылын немесе тимол дәрісін қосып, шыны сауыттың ішіне енгізіп, өзегін қыздырғыш арқылы бітеп тастайды. Шыны сауыттың сыртына жабыстырылған кағазға осы агглютининнің титрі көрсетіледі.
Тақырып № 8. Жануарлардың жарақаттануы және жарақаттанудың түрлері.
Жарақаттану – «жарақат» сөзінен туындап тұр. Жарақат жануарлар денесінің бір жеріндегі зақымдалуды білдірсе, жарақаттану жануарлардың денесінде болуы мүмкін жарақаттар жиынтығын қарастырады. Көбіне жануарлар денесінде бір емес бірнеше жарақаттар жиынтығы кездеседі. Ол ашық немесе жабық жарақаттардан тұруы мүмкін. Сонымен қатар ол жарақаттардың себептері де сан алуан боуы мүмкін. А.С Макаров бойынша ауыл шаруашылық малдарында жарақаттанулары келесі түрлерге жіктеледі:

  1. Малдарды дұрыс бағып – күтпеуден болатын жарақаттанулар,

  2. Көліктермен (теміржол, автокөлік) тасымалдаудан болатын жарақаттанулар,

  3. Азықтан болатын жарақаттанулар.

  4. Табиғи апаттар кезіндегі жарақаттанулар,

  5. Соғыс кезіндегі жарақаттанулар.


Тақырып № 9. Жануарлардың азықтан және бөгде заттардан жарақаттанулары
Азықтандырудағы жарақаттанудың негізгі себебі ірі қара мал жем-шөппен бірге темір заттарды жұтқаннан болады, олар көбінесе жұмыршақ қарынды және соның маңайындағы ағзаларды зақымдайды. Ғылыми деректер бойынша ірі қара маддың үштен бірінде ішкі ағзалар аурулары темір затгардың жарақатынан туады екен. Оның себебі: жем-шепке темір-терсек араласуы, шаруашылықтың жері мен жайылымының ластануы. Шошқаларда бұл жарақаттану негізінен ас қалдығын пайдаланудан болады. Алдын алу үшін төменгі мәселелерге көңіл бөлу керек: жем-шөпті темір заттармен ластамау, жайылымда улы шөптердің өсіуіне жол бермеу, азық дайындау бөлімдеріне үнемі бақылау жүргізу, комбикормды магнит қондырғысынан өткізу. Мал фермаларының маңайынан машина жөндеу орындарын, ауылшаруашылық машиналары мен техника тұрақтарын орналастыруға болмайды. Тақия қарын мен құрсақтың сірі қабығының қабынуы (ретикулоперитонит) жиі кездесетін шаруашылықтарда әр малдың қарнына магнит шығыршық енгізген жөн. Қарымға түскен темір заттар сол шығыршыққа жабысып, қарынды зақымдамайды. Кейін шығыршықты Меликсетян зонды арқылы сыртқа шығарады. Шығыршықты малдың қарнына бірнеше апта ұстауға болады. Ретикулоперитонитгің клиникалық белгілері пайда болса, темір затгарды оперативтік тәсілмен алу керек, сондықтан барлық малдәрігерлері шаруашылық жағдайында месқарынды тілу (руменотомия) операциясын жасай білу қажет.

Улы жыландардың шағуы. Мал жылан шаққанда тыныс орталығының салдануынан мерт болады. Жылан шаққан жер удың әсерімен ісіп қызарады, ауырады, ал денеге тараса қанның тұрақтылығына әсер етеді, қан тамыры салданады, гемотоэнцефальды тосқауыл өтімділігі жоғарылайды. Көбінесе жылан малдың аяғын, желінін, ұмасын және бас аумағын шағады. Жылқы 12 сағат ішінде немесе бірнеше тәуліктен соң, ал қой мен қозылар - бірнеше минуттан кейін мерт болады. Ірі қара мал мен шошқалар жылан уытына төзімді болады.

Емі: жылан аяқтан шақса, шаққан жерден жоғарырақ қатты буып тастап, тістеген жерді тілу немесе қыздырылған темірден күйдіру керек. Шағылған жердің төңірегіне 0,25-1% жаңа дайындалған калий перманганат ерітіндісін немесе 2% хлорлы әк ерітіндісін егу керек. Жылан уына қарсы жасалған қан сары суының әсері өте жақсы нәтиже береді. Ұсақ малға өте қатгы уланғанда тері асты 60-90 мл: орташа түрінде 40-70 мл; жеңіл уланғанда 15-30 мл егеді. Ірі малдардың өлшемі жоғарыға сәйкес 500-800 мл; 300-400 және 150-200 мл болады.

Алдын алу: жыланның шағуы көктем және жаздың бас кезінде жиі кездеседі, сондықтан осы уақытга жыланы көп жайылымдарға мал бақпаған жөн.

Улы өрмекшілердің шағуы. Елімізде улы өрмекшінің 2 түрі кездесіді, олар қарақұрт пен бүйі. Бүйі малды сирек шағады, қауіптісі қарақүрт. Қарақұрттың уытына түйе мен жылқы өте сезімтал келеді, басқа малдар төзімді, ал қойларға әсері жоқ. Улану белгісі 6-7 сагаттан соң байқалып, мал тырысып-бүрісіп, тұншығып, көзінен көп жас ағып мерт болады.

Емі: жылан шаққандағы емдерді қолданады. Одан басқа көк тамырға жайлап 1% калий перманганатын (жылқыға 200-300 мл) тері астына 5% эфедрин ерітіндісін егеді. Жылқы мен ірі қара малға 0,05-0,4 мл.

Алдын-алу: жайылымдарды күзде өртеу немесе қой мен шошқаны жаю арқылы құрттарды жояды.
Тақырып № 10. Кешендік шаруашылықтардағы жануарлардың жарақаттанулары
Мұнда қолдаңатын шаралар: 1) малды механикалық және басқа жарақаттардан сақгап қалу, оны күгіп бағу, сауу, көң-қоқысты тазарту, мал қораның едені, мал байлайтын орындар т.б. технологиялық процесстердің талабына сай болуы керек; 2) уақытылы тұяқ кесу, жылқылар мен жегін өгіздерін тағалау, 3) малды дезинфекциялық ванна мен бөгеттерден өткізіп тұру; 4) малшаруашылығы жұмысшыларына малға қарау, азықгандыу, механизация, автоматизация тетіктерінде істеуді оқытып үйрету және әрдайым тексеру.

Шошқалардың жаракаттануына алдын-ала қолданатын шаралар

Хирургиялық аурулар өнеркөсіптік типтегі мал шарушылығында технологиялық процесстермен, мал тұратын орындардың құрылысымен, еденнің саңдауымен, малды жасына қарай іріктеп топтаумен, транспортқа тиеп-түсірумен, тасымалдаумен және шошқаның жыртқыштық (каннибализм) т.б. себептерімен тікелей байланысты болады. Алдын-ала қолданатын шаралар осы конструкцияларды, технологиялық процесстерді мейілінше жетілдіру, жарақатганудың себептерін жою, малдарды жоғары құнарлы жем-шөппен қамтамасыз ету, зоогигиеналық және малдәрігерлік-санитариялық талаптарды бұлжытпай орындау болып табылады.



Репродукторлық цехінде, туу белімінде мегежіндердің торайларды жарақаттап, тұншықтырып тастауы көп кездеседі. Мүндай жағдай жылынатын орын талапқа сай болмаса немесе жоқ болғанда, торайлар жылыну үшін мегежіннің бауырына тығылатындығынан болады. Торайлар азу тісімен мегежіннің емшегін (желінін) жарақаттамау үшін, тістің шытынап, сынбауы үшін оны жоғарғы жағынан 1,0-1,5 мм етіп қыршып қиып тастайды. Сапалы және қүнарлы жемшөппен қамтамасыз ету, дер уақытында іш өту, іш қату сияқты ауруларды емдеу, әр түрлі жарықтар мен тік ішектің айналып кетуін (алдын алады) болдырмайды.

Өсіру бөлімінде торайларды тығыз орналастырғанда олар бірін-бірі аяқтарымен, тістерімен жарақаттайды, мал дәретінің бөкпесі (жижа) ағатын тор саңылаулары кең болса, торайлардың аяқтары мен тұяқтары зақымданып сынуы да мүмкін.

Бордақылау бөлімінде де осы жарақаттар кездеседі, бұған қосымша мал көп қимылдамағандықтан, еден суық, бетон немесе цементтен болса ревматикалық аурулар пайда болады.
Тақырып № 11. Жануарлардың тасымалдау кезінде жарақаттанулары.
Транспорттық жарақаттанудың негізгі себебі, маддардан дұрыс топтар мен үйірлер сүрыптамаудан болады. Тасымалдау алдында малдарды клиникалық тексеруден өткізу керек, мұнда малдың аяғы мен тұяқтарына көңіл аудару қажет. Егер керек болса түяқтарын тазалап кеседі, мүйіздерін доғадцап қысқартады. Малды тиеп түсіретін жерлерде арнайы баспалдақ болу керек. Оның машинамен немесе вагонмен қосылып түйіскен жерінде мал аяғы түсіп кететін санлау, тесіктер болмау шарт. Жылқыларды вагонмен ұзақ жолға тасымалдайтын болса, поезд ұзақ тұратын жерлерде сыртқа шығарып бой жаздырған жөн. Егер ондай мүмкіншілік болмаса, қан іркілуіне жол бермей, артрит, бұлшық еттің қабынған дертінің (миопатоз), сіңір-тарамыстың қабынуын, тұяқ ауруларының дамуын болдырмау үшін, малға жүйелі түрде денесіне, аяқтарына есілген сабанмен массаж жасау керек. Су транспортымен тасымалдағанда борттан секіріп кетуіне сақ болу, трюмдегі малдарды таза ауамен қамтамасыз етуге әрекет жасау керек. Машинамен тасығанда ірі малдың басын алға қаратып байлайды, ал жас малдармен шошқаға алдын-ала стресске қарсы тері астына аминазин немесе басқа транквилизаторлар егеді.
Тақырып № 12. Жануарлардың ветеринариялық – санитариялық және зоотехникалық шараларды жүргізу кезінде жарақаттанулары.
Қойлардың жарақаттануы көбінесе жүн қырқу, мал тоғыту науқандарында кездеседі. Сондықтан жүмысшыларға қырықтық машинасымен жұмыс істеуді дұрыс меңгеруді, қойдың мойын, шап, қолтық маңайын қалай қырқу керектігін үйрету керек. Мүмкіндік болса қырқу науқанына да көп мән бөліп, неғүрлым жарақат аз болуына әрекет жасау керек.

Егер қойдың азығында витамин-минералды заттар аз немесе жоқ болса, онда олар бір-бірінің жүнін жалап, қүйрықтарын шайнап тастайды. Сөйтіп қойдың қарнында пилобезоар (жүн түйірі) пайда болады. Бұның алдын алу үшін қойларға витамин-минералды заттары толық, сапалы азықпен қамтамасыз ету керек.



Қойда ең жиі кездесетін жарақаттар тұяқ аурулары - тұяқ құртын, сарып (некробактериоз) болдырмау үшін, қоралар кең, құрғақ болу керек. Малды сазды жерге, тікенді бұталардың арасына жаймау, жылына 1-2 рет тұяқтарынан тазартып, қысқартып кесу қажет.
Спорттық жылқылардың жарақаттануының алдын-алу шаралары. Неғүрлым жылқы жақсы жатыққан және спортшы тәжірибелі болса, соғүрлым спорт жарақаттануы аз кездеседі. Жаттықтыру кезінде әр малдың физиологиялық ерекшелігіне көңіл аударып, жаттығуды аздан ақырындап көбейтіп қиындату қажет. Жарысқа қосылатын жылқының жабдығы өзіне тән сай болуы, дұрыс тағалануы, жарыс жолы және ауласының сапалы болуы маңызды шарт.
Тақырып № 13. Жануарлардың электр тогынан жарақаттанулары.
Элекртожарақаттар – сирек те болса жануарларда кездесіп тұрады. Оның себебі жануарлар денесене электр тогы әсер етуі. Элект тогы, электрлі құрал жабдықтар қазіргі шаруашылықтарда кеңінен пайдаланылады. Егер әсер еткен ток күші 0,1 амперден, ал ток кернеуі 45 вольттан жоғары болса ол жануарлар ағзасына қауіпті, егер ұзақ әсер етсе тіпті өлтіруі мүмкін. Әсіресе 120 вольттан жоғары кернеулі ток қауіпті, ол өлтіре алады. Токтың жануарларды жарақаттауы сонымен бірге әсер ету уақытының ұзақтығы мен қоршаған орта жағдайына (су, құрғақ, ағаш еден немесе жер т.б.) да байланысты. Ток әсеріне әсіресе жылқы сезімтал, 120 вольттан жоғары кернеулі ток оны өлтіреді. Ток ағзаға электромеханикалық, температуралық және биологиялық әсер етеді.
Тақырып № 14. Жануарлардың соғыс кезіндегі жарақаттанулары.
Соғыс жағдайында жануарлар да сан алуан жарақаттар алды. Олар механикалық, термикалық немесе олардың қосындасанан тұруы мүмкін. Ол жарақаттар атпақарудан, ядролық, термикалық немесе химиялық қару әсерінен болуы мүмкін. Сонымен соғыс кезіндегі жануарлардың жарақаттанулары соғыс жарақаттары және жануарларды пайдалану барысында болған жарақаттанулар деп бөлуге болады. Бірінші дүниежүзілік соғыста атты әскер аттары көп жарақаттанса, екінші дүниежүзілік соғыстааттар мен қоса басқа шаруашылық малдары да жарақаттанды. Соғыс жарақаттары қолданылғын соғыс қаруына тікелей байланысты. Бірінші дүниежүзілік сағыста жылқылар көбіне оқтан болған жарақаттар алса - 92 – 96 %, екінші дүниежүзілік соғыста ол бар болғаны 5 - 9 % - дан аспаған. Керісінше сняряд жарқышағынан алған жарақат 90 - 93% - ды құраған. Қазіргі заманғы соғыста сонымен қатар жануарлардың ядролық қарудан радияциялық, термикалық және дыбыс толқыны жарақаттарын жаппай алу қаупі бар. Ветеринария мамндары соғыс қимылдары кезінде жарақаттанған жануарларға ветеринариялық көмек көрсетуге дайын болулары қажет.

Тақырып № 15. Жануарлардың табиғи апаттар кезіндегі жарақаттанулары.
Табиғи апаттар (жер сілкінісі, өрт, топан су) кезінде жануарлардың жарақаттануларының ерекшеліктері олар көбіне жаппай, көптеген және қабаттасқан жарақаттануға ұшырайды. Арменияда жер сілкінгенде 70% жануарлар әр түрлі жарақат алған.

Көптеген жарақаттанулар – дененің бір сызығы бойында орналасқан (бір жағындағы) екі және одан көп ағзаларының бірдей зақымдалуы. Мысалы өкпе мен бауырдың немесе соған қоса жүректің зақымдалуы. Оң немесе сол аяқтың жамбас сүйегі мен асықты жілігінің қабаттаса сынуы.

Қосарланған (комбинированный – дененің әр аймағында орналасқан екі және одан көп ағзаларының бірдей зақымдалуы. Мысалы бастың және ішкі ағзалардың немесе ішкі ағзалардың және аяқтардың бірдей зақымдалуы. Бұл жарақаттар табиғи апаттар кезінде 60% жануарларда кездесетіні белгілі.

Қабаттасқан жарақаттану – жануарлар ағзасына екі және одан көп зақымдаушы факторлардың әсер етуінен болған жарақаттану. Мысалы механикалық және термикалық әсерлерден болған жарақат.

Өрт кезінде жануарлар күйсе, топан су басқанда (әсіресе суық кезде) және жазда ауа райы күрт суытқанда, қыста қарлы борандарда жануарлар үсіп қалады.

Ветеринария мамндары табиғи апаттар кезінде жарақаттанған жануарларға ветеринариялық көмек көрсетуге дайын болулары тиіс.
Тақырып № 16. Жануарлардың жарақаттануларының алдын алу.
Жалпы талаптар. Жарақат мал арасында өте жиі кездеседі, ресми мәліметтер бойынша ол тек таза хирургиялық аурулардың 25-30% иеленеді. Ал бас кезінде хирургиялық ауру емес, кейіннен хирургиялық ем қажет ететін аурулар санын қосса (трахеомотомия, руменотомия-центез, месқарында тілу-кесу, кесарев операциясы және т-б.) жарақаттың пайыздық саны одан да жоғары болады. Бұдан басқа негізгі ем – хирургиялық жолдармен емделетін кейбір жұқпалы аурулар (актиномикоз, некробактериоз, сіреспе, айналма т.б.) да бар. Жалпы алғанда барлық ауру малдардың 50% хирургиялық емді қажет етеді екен.

Жарақаттың мал арасында тарауын, онан келетін зияндықты бірталай ғалымдар зерттеген. Г.Әбішовтің деректері бойынша ірі қара малда жарақат 37,8%, 3 жастығы таналарда - 26,5%, қойда жайылым кезінде 44,6%, қыстауда 7,3%, шошқада 28,4%, жылқыда 26,4% кездеседі. М.В.Плахотин мен Щитов бордақылау комплекстерінде бұқашықтар да жарақат 12-30% дейін кездесетінін бақылаған.

Жарақаттың жиі кездесуі шаруашылықтарға орасан зор экономикалық зияндық келтіреді. Малдың өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, кеп дәрі-дәрмек, бағып қарауға адам күші кетеді. Осының бәрін ескерсек, ауру малды емдегеннен жарақатгың алдын алуға әрекет жасау өте маңызды. Мұнда малдың организімінің биологиялық заңына сүйеніп, оның табиғатқа байланысты өмірін ескеру керек. Ол: "организм + табиғи орта + адамның малға қолдан жасаған жағдайы". Адам малдан неғүрлым мол өнім алу үшін, малға әр түрлі жақсы жағдай жасайды, малдың жеген азығын толық қорытуға энергиясын (күш-қуатын) толық пайдалануға қарсыласу қабілетін төмендетіп, адам жасаған жағдайға бейімделеді. Сондықтан неғүрлым ауыл шаруашылық малдарының өнімділігі жоғары болса, соғүрлым олардың күтімі жақсарып, тиісті жағдай жасалу қажет. Малдарды жабық кешендерде баққанда оның сыртқы орта мен динамикалық тепе-тендігі бұзыльш, әр түрлі ауруға шалдығады (артрит-буын қабынуы, тендинит-тарамыстың қабынуы, түяқ аурулары т.б.). Мұнымен қатар мал қимылсыз көп қалған жағдайда терінің, бұлшық еттің, ішкі секреция бездерінің, жүйке жүйесінің қан қозғалысы нашарлап төмендейді. Көп қимылдамаған малдың бұлшық еттерінде, сүйектерінде, буындарында, ұлпаларында, ағзаларывда қан ағысы 10-15 рет төмен болады. Организмде гипотония дамып, зат айналысы және нейроэндокрин жүйесінің қызметі төмендейді. Мал шаруашылық комплекс-теріңде хирургиялық және басқа жарақаттарға қарсы алдын ала шара қолдануда, сол комплекстің инженерлік-құрылыс, зоогигиеналық және малдәрігерлік талаптарына аса кеңіл белу керек.

Алдын ала қолданатын шараларды дер кезінде іске асыру үшін, аурудың бас кезіңде білінетін алғашқы клиникалық белгілеріне көңіл аудара білу керек. Мысалы: азық қабылдау тәбетінің нашарлауы, сүт т.б. өнімділігі азаюы, күйістің жоқтығы, мес қарынның қозғалыс санының азаюы, тұмсығының қүрғауы, іш өтуі және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет