3 деңгейлі смж құжаты поәК поәк- 042-14-4-02. 01. 20


Терминалдық жағдайға ушыраған жануарды емдеу принциптері



бет2/7
Дата16.06.2016
өлшемі475 Kb.
#138506
1   2   3   4   5   6   7

Терминалдық жағдайға ушыраған жануарды емдеу принциптері. Терминалдық жағдайга ұшыраған малға ветеринарлық кемек көрсету кезіндегі дәрігерлік көмек- организмге керегінше отгегін жіберіп, әлсіреп бара жатқан мүшенің қызметіне, әл беру болып саналады.

Жануарды терминалдық жағдайдан құтқару үшін кешенді емдеу әдістерін қолданып, жүректі тікелей немесе сырттай сылап (массаж), өкпенің вентиляциялық қызметін, жүрек фибрилляциясын қалыпқа келтіріп, қан тамыры арқылы, қан немесе қан орнына құйылатьш сүйықтар жіберіліп отырады.

1. Жүрек массажы ашық (тікелей - кеуде қуысы ашылып журекті саусақтармен қысып) немесе жабық (алақанмен кеудені сыртынан сылау арқылы) турлері қолданылғанда осымен бірге, бір мезгілде өкпені қосымша жасанды үрлеу әдісі және қан тамыры арқылы интен-сивтік дәрі құю емі жүргізіліп отырады.

2. Жүрек фибрилляция жағдайына үшыраған кезде ем - электрлік дефибриллятор аспабы арқылы жүргізіледі. Ол үшін дефибриллятор электродтарының бірін жануардың сол жақ жауырынының астына жабыстырып, екінші электродын кеуденің үстіне журек төңірегіне орналастырып, электр тоғын жібергенде, ессіз жатқан мал тітіркенеді. Жүректен өткен электр тоғын өз бетімен қалай болса солай жиырылып түрған жүрек еттерінің талшықтарын бірқалыпқа, барлық тарам еттер бірдей жиырылып, бірдей босаңситын жағдайға келтіріп, жүректің біркелкі қызмет атқаруына себепкер болады.

Дефибриллятор аспабын қолдана отырып, жануардың денесіне қан тамыры арқылы дәрілер жіберіледі. Ол үшін натрий хлорының 5 пайыздық ертіндісін және новокаин 1 пайыздық ертіндісін 5-10 мл мөлшерінде береді. Жүрек етіне зиянды әсер болғандықтан 5 пайызды натрий хлоры ерітіндісін қүйғаннан кейін, сол мезетте кальций хлорының 10%-тік ерітіндісінен жануардың әр килограмм салмағына 0,25 мл ерітіндісін қүйып отырады. Мысалы, жануардьщ салмағы 60 килограмм болса, сонда 60 кг 0,25 мл (СаСІ2 = 15 мл) құю керек. Соңғы жылдары жануардың кеудесіне арнайы электрлі қоздырғыш орнатып, осы қоздырғыш жүректің қызметін жақсартатындай жағдайға жетіп жүр.

3. Күре тамырдың өзегіне қысыммен қан жіберу әдісі. Бұл әдісті қолдану арқылы әсіресе талу, жанталас алдында, жанталас үстінде және клиникалық өлім жағдайында жатқан жануардың жағдайын тез арада жақсартуға болады. Күре тамыр өзегіне қысыммен енгізілген, қан тамырлары ішкі бетіңде орналасқан хемо- жене барорецеіггорларды қоздырып, жүрек тамырлары қызметінің өжептәуір жақсарып қалғанын, жүрек еті, қан айналымының өзгере түскенін байқауға болады, Сынап бағанасы бойынша қысымы 160-180 мл жеткізгенде артерия тамырына енгізілетін қан талып жатқан және жанталас алдындағы жағдайға үіпыраған жануар-дың жағдайын жақсартса, 200-220 мл жеткізгенде жанталас үстінде, яғни клиникалық өлім халінде жатқан жануарға жан бітіріп, тірілтіп алуға мүмкіншілік туғызады. Жүректің және қан тамырларыньщ қызметін жақсарту үшін құйылатын қанның 200 мл 1:1000 норадреналин дәрісінен 0,5-1,0 мл қосып отырған жөн. Қанды сан артерия-сына, иық артериясына немесе басқа артерияға 250-500 мл-ден енгізгенде жүрек қызметі өз қалпына келеді. Ал жануар қан жоғалтып, қансыраған кезде, оған қосымша веналық қан тамыры арқылы қан енгізу ауру малдың жағдайын айтарлықтай жақсартады. Артерияның өзегі арқылы құйылған қанның жалпы көлемі көп болмағаны жөн. Себебі, артық көлемнен қан қүйылса, жүрек фибрилляция жағдайына үшырайтынын есте сақтаған жөн. Ауру малдың жағдайына байланысты малдәрігері сол жануарға қан тамырларының өзегін жиырып, жіңіш-кертетін дәрілер, талмаға қарсы берілетін сүйық дәрілер, қанды алмастыратын сүйық заттар, гормоналдық заттар, витаминдер тағайындап отырады.

Сонғы жылдары, терминалдық жағдайга ұшыраған жануардарды емдеу үшін, сан және мойын көк тамыры арқылы түтік енгізіп, берілетін қанды "жүрек-өкпе" аспабының көмегі арқылы оттегімен байытып, осы аталған артериялар арқылы құйғанда жануардың жағдайын жақсартатыны байқалып жүр.

Анестезиология және реанимация бөлімшесінде әр түрлі зерттеулермен бірге, сан қилы емдеу процестері де жүргізіледі. Емдеу процестері жануардың қызуы қатты көтеріліп кеткенде, жүрек инфарктісі, талмалар (бауырлық, гипотермиялық) жағдайында, перитонит, суға кетіп тұншығу, электр тоғьшан жарақатгану, бас зақымдалғанда, химиялық затгармен уланғанда, іш жүрмей қаттанда, бүйрек қызметі әлсірегенде көмек көрсетуге арналған.

Сонымен бірге анестезиология және реаниматология бөлімшесі ауру мал талма жағдайына ұшырағаңда жедел көмек көрсетеді. Талманың неше түрлісі болады: кардиогендік талма, септикалық талма, анафилактикалық талма және жарақаттанудан пайда болатын талма. Осылардың бәріне тоқтамай тек қана жарақаттану талмасын тоқтағанды жөн көрдік.

Жарақаттану талмасы. Жарақаттану салдарынан жануардың бүкіл тіршілігіне қатысы бар мүшелерінің нашарлануын, өлсіреуін - жарақаттану талмасы деп атайды. Мал мүшелерінің мұндай нашарлауы алдымен бас миындағы орталық жүйке жүйесінің қалыптан тыс жағдайға ұшырауынан болады. Қиын және үзақ операциялар кезінде, операциядан кейінгі мезетте талма жағдайы байқалса, оларға дер кезінде көмек көрсетілмесе осындай жағдайға ұшырауы мүмкін.

Айта кеткен жөн, аурудың бұл түріне дәрігерлер ерте кезден өзінде-ақ көңіл белген. 1737 жылы француз ғалымы Ье Сгап оның неше түрлі белгілеріне сипаттама беріп, осындай жағдайға талма деген атау береді. Талма жағдайына малды емдеу үшін тыныштық керек деп, спиртті ішімдік және апиын (опий) ұсынған орыс дәрігері П.Савенко 1834 жылы мүңдай жағдайға ұшыраған ауру малдың ең әуелі орталық жүйке жүйесінде өзгерістер бар, соның қызметі нашарлағандығынан ауру малдың жалпы жағдайы төмендейтіндігін айтқан екен, "Әскери-далалық жалпы хирург бастамасы" атты кітабында Николай Иванович Пирогов талма жағдайына ұшыраған ауру адамның классикалық белгілерін анықтап, басқа ауруларға қарағанда өзіндік өзгешелік, айырмашылығы бар екенін көрсете білген. Н.И.Пирогов талма жағдайы екі түрге, яғни эректиль және торпид фазаларына бөлінеді деген. Мүндай жағдайға ұшыраған ауру адамның ағзасында болатын өзгерістерді анықтау жолында орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П. Павлов, Н.С.Введенский үлкен еңбек етті, айтарлықтай жаңалықтар ашты.

Дегенмен, осы мәселеге көңіл бөлгендер саны көп-ақ, бірақ ешқайсысы түжырымды шешім айтпайды, оның неден, қалай пайда болатынын, ағзада туатын өзгсрістерді ғылыми түрғыдан анықтап бере алмады. Сондықтан аталмыш мәселеде көптеген теориялар да пайда болды. Өйткені әртүрлі зерттеушілер мен ғалымдардың ой-пікірі біріне-бірі қайшы келіп, өрқайсысы өз ой-пиғылын өз түсінігі бойынша дәлелдеді. Енді сол ғалымдардың еңбектерін екі топқа бөлуге болар еді. Аналитиктер тобына жататын ғалымдардың еңбектерінің кейбіріне тоқтайтын болсақ, соның бірі Е.Кеню деген ғалымның улану теориясы. Кенюдің көзқарасы бойынша бұл ауруға ұшыраған ауру малдың қара еттері іріп, бұзылып кетіп, сол ерітінділер қанға сіңіп, ағзаны уландырады деген.

Уланған организмнің қан тамырларының қабырғалары босаңсиды, содан барып тамыр ішіндегі сүйық заттар сыртқа шығады да, маңайындағы ұлпалар, сол сұйықтан ісініп кетеді, қан тамырының ішіндегі сұйықтар азайғандықтан жалпы қан айналымы бұзылып, нашарлайды да, жүрек тоқтап қалады деп түсінік берген.

Крайль деген ғалымның ой-пікірін, қан тамырлары жансыздану жағдайына үшырайды деген теориясын жақтайтындардың түсінігі бойынша, жарақаттану салдарынан қан тамырлары рефлекторлық салдану жағдайына үшырайды да, тамырларда қан қысымы жедел төмендейді. Қанның әжептәуір көлемі веналық қан жүйесіне жиналып, тоқтап қалып, қан айналымына қатыспағандықтан, тіршілікке қажетті мүшелердің қызметі нашарлайды. Жүрек тоқтап, өлімге әкеліп соғады деген.

Джон Гендерсон және оның жақтаушылары өз теориясын үсынып, қан тамырларында көмір қышқылының (СО2) көлемі күрт азайғандықтан ұлпаларда, мүшелерде қан жиылып, қан айнылымы нашарлайды, сондықтан ұлпа, торша, мүшелерде ацидоз пайда болады деген сенімде болған.

А. Блелок және басқа ғалымдар қан және қанның сүйық бөлімі плазма жоғалту теориясын ұсынған. Осы теория бойынша талма пайда болуының бір себебі организм қансыраған жағдайда, қан айналымына қатысы бар қанның көлемі азайғандықтан, ауру мал қатерлі талмаға ұшырайды деген. Басқадай ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріне көз жіберсек, қансырау, қан көлемінің азаюы салдарынан талма пайда болмауы керек. Мүндай жағдайлар жануар талмаға ұшырағаннан кейін пайда болады, яғни соның салдары болып саналады.

Кин, Митчелл, Морхауз, Фишер сияқты ғалымдар талма жағдайы қан тамырының қызметін басқарушы - бас мидағы орталықгың қызметін нашарлағаңдықган; Гольц, Саюри атты ғалымдар қан тамырларының жүйке жүйесі салдану жағдайына ұшырағаңдықтан; Бильрот, Эриксон, Рихтер сияқты ғалымдар ұлпа торшарының молекулалары қозғалу, шайқалу жағдайына кездескендіктен, пайда болады деген түсінікге болған.

Талма жағдайының пайда болуы және оның өршуі эндокриндік жүйе қызметінің нашарлауы салдарынан деп Левинсон айтса, симпато-адреналин жүйесінің өзгеруіне мән берген ғалымдар есімі: Б.Кеннон, Н.А.Миславский, Л.А.Орбели, Г.Селье.

Орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.В.Павлов, Н.С.Введенскийдің еңбектеріне сүйене отырып, совет ғалымдары И.Петров, Э.А.Асратян, П.К.Анохин, Қазақстаннан шыққан академик А.П.Полосухин және басқалары осы аурудың пайда болуын зертгей отырьш, жүйке және рефлекгорлық теорияны ұсынды және соны күнделікті тәжірибемен толықтырып, тереңдетіп келеді. Жүйке және рефлекторлық теорияны жақтайтын ғалмдар, басқадай теорияларды біржола сырғытып тастамай, солардағы оңды көзқарастарды пайдаланады. Отанымыздың ғалымдары ұсынған теорияны д ұрыс деп тауып, оны қолдаушы шет ел ғалымдарының есімдерін атап өтсек, олар: Уиттерс, Говард, Туран және басқалары. Жүйке және рефлекторлық теориясының айтуына қарағанда сынған сүйек, жараланған денеден, мүшеден ауру сезімі орталық ми жүйесіне шабады да, осы орталық ми қызметін қалыптан шығарады. Орталық ми қызметінің нашарлауынан талма басталады. Ең бірінші болып орталық ми жүйесіне шапқан ауру, сондағы ұлпа торшаларын қоздырады. Осы мезет талманың күшею кезеңі деп аталады. Осы уақытта организмдегі зат алмасу процесі күшейіп, бас мидағы қан тамырларының өзегі жіңішкергендіктен, қан қысымы жоғарлап кетеді және эндокриндік мүшелердің қызметі терендей түседі. Мұздаған, әлсіреген ауру маддардың орталық ми жүйесіне шапқан ауру сезім импульстері, ми жүйесіндегі өзгерістерді тереңдетіп, ең қиын бәсеңсу кезеңіне ауады. Осы кезде шетте орналасқан қан тамырларында қан айналымы өзгеріп, бұзылып, нашарлағандықтан, бас ми торшаларына өкелінетін өте қажет оттегінің көлемі азаяды. Оттегісіз қалған ми торшалары әлсізденіп, тежелу процесі бүкіл бас миына жайылады. Бүл кезде жануар талманың бәсеңсу кезеңінде болады. Яғни ми торшалары өз қызметін атқара алмайтын жәйтке ұшырайды.

Осыдан бүкіл ағза қызметі бұзылады. Біріншіден, мидағы тыныс алу орталығы, сол сияқты мидағы қан тамырларының қызметін басқарып отыратын орталық бұзылып, эндокриндіқ мүшелердің қызметі, зат алмасу процесі нашарлайды. Осы себептерден бауыр, бүйрек, ішектерге келетін оттегі көлемі азайып, ағзадағы, қан тамырларының өзектерін кеңітіп, улы затгар көлемі көбейе бастайды. Бүйректе, бауырда, ішекте және бұлшық етгерде қан айналысы бұзылып, тоқтап қалғандықтан және қан айналы-мындағы қанның келемі азайғандықтан, қан қысымы төмендейді. Қан қысымының төмендеу мөлшеріне байланысты осы талма 4 дәрежеге бөлінеді. Ішкі мүшелердегі өзгерістер, енді келіп ми торшалардағы өзгерістерді әрі қарай тереңдете түседі.

Соңғы кезде пайда болған пікірлерге көңіл бөлсек, ауру мал талманың ең қиын дөрежесіне жеткен кезде ағзада төмендегідей өзгерістер байқалады:

1) Қан айналымына қатысы бар қанның көлемі азаяды. Орталық тамырдағы қан қысымы төмендейді. Жүрек еттері әрбір жиырылған кезінде кеуде қолқасына итеріп шығаратын қанның көлемі азайып кетеді.

2) Артериялық қан қысымы төмендей береді.

3) Қан айналым басқа мүшелерде азайғандықтан, ми төңірегіндегі ірі артериялық қан тамырларында жақсара түседі.

4) Бауыр мен бүйректердегі қан айналымы бұзылып, нашарлайды.

5) Ұлпаларға жиналған қышқыл әсерінен сол жерде ацидоз пайда болады.

6) Организмнің ұлпа, торшаларындағы жалпы сұйық заттардың көлемі азаяды. Осының бәрін біріктіргенде талма жағдайьша ұшыраған ауру малдың жағдайы шамалы болып қалғанына көз жетеді.



Талманың клиникалык белгілері. Жануар жарақаттанған кезде талманың белгілері не көрнекті, не көрнексіз болуы мүмкін. Жануардың реактивтік жағдайы, қосымша ауру немесе жасы үлғайғандығы, жарақаттандырған заттың күші,. жарақатганған жердің көлемі сйяқты жағдайларда талма белгілері байқалады.

Талманың күшею кезеңі жарақатқа ұшыраған мезетген бастап, бірнеше минуттен жарты немесе бір сағатқа дейін созылып кетеді. Күшею кезеңін Н.И.Пирогов суреттеп оны медицинада былайша сипаттайды: "Егерде жарақатганып қалған адамның, тамыр соғуы жиі болса, оның қай жері жараланғанына қарамастан, тез көмек керсетуге ұмтылу керек". Осы жәйді нақтылап түсіндірген Н.И:Пирогов жарақаттанған адам жөнсіз қимыл-қозғалыс жасайды. Көз қарашығы ұлғайып, тынысы жиілейді. Осы мезетте артериялық қан қысымы мен веналық қан қысымы тым жоғарылап кетеді. Осы теория бойынша ауру малға ветеринарлық көмек көрсетілмесе, онда талма күшею кезеңінен бәсеңсу кезеңіне көшеді. Оны білу үшін ауру малдың тамыр соғуын санап отыру керек. Бәсеңсу кезеңіне көшкенде тамыр соғуы жиілейді.

Ауру малдың жалпы жағдайына, ауру белгілеріне қатты көңіл бөлген ғалымдар талманың бәсеңсу кезеңіне көшкен ауру малдың жағдайын былайша суреттейді. "Жарақаттан сіресіп қатып қалған малдың қан тамырының соғуы әлсіз, біркелкі емес, біресе білініп, біресе жоғалып кетуі байқалады. Тыныс алу процесі де әлсіз.

Жарасы да, терісі де сезімсіз, бірақ жарадағы жүйке жүйесіне бөтен зат тиіп кетсе, ауру мал тітіркеніп қалады. Қоздырғыш дәрілерді мұндай жағдай бірнеше сағатқа шейін созылады. Бұл кезде ауру маддың орталық ми жүйесінің қызметі лезде нашарлап, қоздырғыштарға жауап беруі өте төмен жағдайда болады да, ағзаның барлық рефлекстері төмендеп кетеді.

Талманың бөсеңсу кезеңінде байқалатын өзгерістерді үш топқа бөлуге болады. Ауру мал, біріншіден, сұлық жатып қалады, екіншіден, оның ағзасында қан айналым процесі бұзылады, үшіншіден, ағзадағы зат алмасу процесі, нашарлап кетеді. Сұлық жатып қалған мал әлсіз. Қан айналымының нашарлағанын тамыр соғуынан байқап, фонендоскоп арқылы жүрек соғуын тыңдаса, қүлаққа бірде булыққан бұйығы дыбыс, бірде дүңкіген қатаң дыбыс келер еді. ЭКГ-нің қорытындысы бойынша синустық тахикардия -артериялық қан қысымы төмендеген үстіне төмендей береді. Қан айналымының жылдамдығы қан ұю процесі байқалады. Тамырдағы қан қүрамына енетін плазманың көлемі азаяды. Денесі бозарып, көгеріп, сұрланып жатқан ауру малды өлімнен алып қалу қиын болады. Ауру малдың тынысы тарылып, денесін суық тер жауып кетеді.

Зат алмасу процесі нашарлағандықтан организмнің барлық мүшелері мен жүйелерінің қызметтері күрт бұзылады. Әсіресе бүйрек қызметі нашарлайды. Сол себептен олигурия (бүйректің несеп бөлу қызметінің төмендеуі), сонан соң бәсеңсу кезеңінде ұсақ қан тамырларындағы қан айналымы бүзылғандықтан, бүкіл ағзаның үлпа, торшалары отгегінсіз қалады да, зат алмасу.процестері нашардап, ауру малдың жағдайы төмендейді. Организмнің компенсаторлық күші бітуіне байланысты талманың бәсеңсу кезеңі терминалдық жағдайға әкеліп соғады. Терминалдық жағдайға ұшыраған ауру малдың, тынысы бұзылыңқы. Содан соң тынысы жоғалып, жүрек қызметі тоқтайды. Осының бәрі ауру малды клиникалық өлім жағдайына ұшыратады.



Талманың жіктелуі. Ауру жағдайына келтірген себептерді еске ала отырып, талманы — жарақатгану талмасы, күйік талмасы, операциялық талма, анафилактикалық талма, гемолитикалық талма және басқа да түрлерге бөледі.

Уақытқа байланысты оны алғашқы талма (жарақатанған мезетге, немесе сәл уақытган соң пайда болуына байланысты), қайталама талма (жарақаттанған малға бірнеше сағат өткенде қанға улы заттар сіңгендіктен пайда болады) деп бөледі.

Жоғарыда айтылғандай талманың екі кезеңі болады. Бірі оның күшею кезеңі болса, бірі бәсеңсу кезеңі.

Қырғыз ғалымы И.М.Ахунбаев және ГЛ.Френкель осы кезендердің әрқайсысын компенсация және декомпенсация сатыларына бөледі.

Аурудың жағдайына қарай И.Петров оны жеңіл, орташа және ауыр түрлерге бөледі.

Талма жағдайына ұшыраған жануарды емдеу. Оған ветеринарлық көмек көрсету жан-жақты, кешенді болу керек. Жарақаттанған малға көмекті сол мезетінде, тез жасау мал дәрігеріне қойылатын бірінші талап. Жараланған мүшеге, ауру сезімінің бас миына шабу жолдарын еске ала отырып, жүрек және өкпе қызметгерінің жағдайын жақсартатын әрекеттерді жедел қолдану керек. Сондықтан талма жағдайына ұшыраған жануарға ветеринарлық көмек көрсетудің жалпы мәселелерін шешуге малдәрігері бар білімін, қолынан келер іс—әрекетін аямауы қажет. Сол жалпы мәселелердің кейбірін айта кетейік.

1. Сынған сүйектің, жараланған мүшенің төңірегінен ауру сезімі жүйке жүйесі арқылы, орталық жүйке жүйесіне, яғни бас миына бергенде малдәрігері сол сезімді орталық жүйке жүйесіне жеткіздірмей, жолына бөгет жасау керек. Ол үшін орталық жүйке жүйесіне апаратын жүйке талшықтарын жансыздандырып тастаған жөн. Мал дәрігерлері жарақатганған жерге, жүйке жолдарына неше түрлі новокаин дәрісі арқылы тосқауыл жасайды. Новокаин тосқауылының вагосим-патикалық, паранефральдық түрлері, сүйектің қабығына дәрі енгізу немесе аяқтарындағы ірі жүйке жүйесінің жүретін жолдарын мөлшерлеп, соның төңірегіне новокаин дәрісін еккенде, миға ауру сезімі жете алмайды да, талма жағдайы тумайды.

2. Орталық жүйке жүйесін қозу процесінен сақтау үшін, жануарға тыныштық керек, ауру сезімін азайтатын, жоятын дәрі-дәрмек тағайындау қажет, кейбір кездерде клиникаға жеткізілісімен оған наркоздық емдеу түрін тағайындап, жүргізген жөн.

3. Талманың күшею кезеңі қайткен күнде де бәсеңсу кезеңіне ауысьш кетпеуі үшін мүмкін болған әдіс-тәсілдерді жүргізген жөн.

4. Талмаға ұшыраған жануарды қосымша пайда болған өзгерістерімен күрес жүргізе білу керек. Ол үшін қаңсырап қалған малға қан қүйып, улы заттармен уланған жануарға сол заттардың уытын азайту үшін қан тамыры арқылы неше түрлі сүйық дәрілер беріп, сол дәрілердің мөлшерін ауру малдың жадпы жағдайына байланыстырьш, оттгінің көлемін үлғайтып, басқадай неше түрлі дәрі-дәрмектерді керегінше аямай жұмсап, жедел түрде жан-жақты кешенді емдеу жүргізіп, тез қимылдау керек.

5. Талма салдарынан пайда болған өзгерістерді емдеп, неше түрлі мүшелердің бұзылған, қалыптан тыс кеткен қызметтерін жөндеп, әсіресе қан айналымның өзгеруін қалыпқа келтіру мақсат деп білген жөн.

Мүндай жануардың эндокриндік бездерінің қызметін зерттеген ғалымдар қан айналымын қалпына келтіру үшін гидрокортизон, норад-реналин, преднизолон дәрілерін тағайындау жөн екенін дәлелдеп берді. Мысалы, норадреналин атты дәрі сыртқы мүшелердегі қан тамырларының өзегін тарылтқандықтан, артериялық қан қысым көрсеткішін жоғарылатады. Осы дәріні қолданар алдында организмдегі қан айналымына қатысы бар қан тамырларындағы қанның көлемін қан күю арқылы көбейту керек. Жүректің жиырылу күшін және жиілігін жақсарту үшін эфидрин, строфантин немесе коргликон дәрілерін тағайындайды. Сонымен қатар коразол, кордиамин, кофеин, камфора дәрілері құйылып отырады. Димедрол дәрісі, С, В тобына жататын витаминдер тағайындалады. Ацидоз жағдайына қарсы ем жүргізу үшін бикарбонатының 0,4 пайызды ертіндісінен веналық қан тамыры арқылы дәрі енгізіледі. Артериялық қан қысымын бір шамада, мөлшерде ұстап түру үшін қан тамыры арқылы новокаин дәрісінің 0,5 пайыз ертіндісі, 20 пайыз спирт ерітіндісін әлсін-әлсін жіберіп отырады.

Операциялық талма жағдайы болмас үшін наркоз беріп отырған малдәрігері ұзаққа созылған операция кезінде, операцияның әрбір кезеңінде наркозды тереңдетіп отырады да, жануардың жағдайы, қан айналымы және артериялық қан қысымын зерттеп, бақылап, операция кезінде әртүрлі дәрілерді керегінше қолданып отырады.



Коллапс жағдайы. Тез арада, аяқ астында жүрек қызметі әлсіреп, қан тамырларының соғуы, қызметі нашарлағандықтан артериялық қан қысымы күрт төмендеп кеткенді коллапс дейді. Осындай жағдайлар қан айналымындағы қанның көлемі азайғандықтан, жүрекке өрбір жиырылған кезінде қолқаға итеріп шығаратын қанның келемі аз болғандықтан, артериялық қан қысымы төмендегенінде байқалады. Коллапс жағдайына ұшыраған малдың миына келетін қанның қүрамыңда оттегі азайып кеткеңціктен, қажет мүшелердің қызметі нашарлап қалады. Коллапс жағдайы көбінесе химиялық заттармен уланған малға, айналадағы ауада оттегі жетіспегенде, көп қан жоғалтып, қансыраған малда, жарақаттану кезінде немесе жарақаттанғаннан кейін инфекциялық ауруға шалынған жануарларда байқалады.

Коллапс пен талманың өзара ұқсастығы да, айырмашылығы да бар. Айырмашылықтарын айта кетсек, коллапс жағдайы жүрек және қан тамырларының қызметі жедел түрде нашарлағандықтан пайда болс

а, талма жағдайы орталық ми жүйесі, бас миының қызметінің нашарлауы салдарынан пайда болады.
Тақырып № 4. Организмнің жарақатқа реакциясы
Организмнің жарақатқа жергілікті әрекеті (реакциясы, қабыну). Қабыну дегеніміз жоғары сатылы жануарлардың әр түрлі сыртқы зақымдаушы әсерлерге қарсы (механикалық, физикалық, химиялық, биоло-гиялық) жергілікті қорғаныс-бейімделу реакциясы.

Қабыну генетикалық және зат алмасу ауруларынан басқа барлық аурулардың даму барысының негізі болып табылады. Сондықтан да клиникалық тұрғыдан қабынудың биологиясын, кезендерін, даму сатыларын игеріп түсіну хирургиялық және басқа патологиялардың даму барысының негіздерін айқындауға жол ашады.

Қабынудың асептикалық және инфекциялық түрлерін айырады. Асептикалық қабыну механикалық, физикалық және химиялық әсерлерден пайда болып, ағымына қарай жіті және созылмалы, бөліну экссудатына байланысты сарысулы-фибринозды, фибринозды болып бөлінеді.

Егер сарысулы экссудатта қан түйіршіктері кездессе оны геморрагиялық дейді. Скипидар және басқа химиялық заттарды егуден асептикалық іріңді түрі дамиды.

Инфекциялық қабыну ұлпаларға әр түрлі аурулардың қоздырғыштарының енуінен пайда болып, асептикалық қабынуға қарағанда жіті және ауыр түрде өтеді. Стрептококк, страфилоккок және т.б. микробтар тудыратын аэробты инфекция ірінді қабынумен сипатталады, іріңнің түсі сұрғылт, сарғылт-сүр, көкшіл жасыл, сүйықтығы қою не сүйық, кейде қаймақ тәріздес болады.

Анаэробты факультативті микробтар шірікті қабыну тудырып, өлі ұлпалардың іріп-шіруімен бейнеленеді. Экссудат сұйық, кірлеу, сұрғылт немесе қызыл қоңыр түсті, жағымсыз иісті болады.

Қабыну біртұтас өзара байланысты 2 кезеңнен, альтерациялық және регенеративтік қалпына келу процесстердің қарқындылығына байланысты қабыну - нормергиялық, гиперергиялық және гипоергиялық түрде өтеді.

Нормергиялық қабыну организмнің механикатық, физикалық, химиялық және биологиялық зақымдаушы әсерлерге адекватты реакциясы сәйкес. Мұндай қабыну реакциясында организмге енген зиянды агент дер кезінде бейтараптанып жойылады, бөгде заттар сыртқа шығарылады немесе бойға сіңеді. Нормергиялық қабынуда регенеративтік қалпына келу процесстері басым болады, ал альтерациялық процесстер инфекциялық ошақты басып, өлі ұлпаларды сұйылтуға (ерітуге) бағытталады.

Гиперергиялық қабыну жүйке жүйесінің адаптациялық-трофикалық қызметі бұзылғанда, организмнің аллергиялық жағдайында, өлі үлпалар өте көп кездерде және қабынудың инфекциялық түрлерінде дамиды. Мұндай қабынуда организмнің қорғаныс әсері зиянды агенттің зақымдауы әсеріне сәйкес болмай, гистолиз және әдістену процесстері регенеративтік қалпына келу процесстерінен басым болады. Яғни, гиперергиялық қабынуда зиянды қоздырғышқа организмнің қарсы әрекеті өте жоғары болғандықтан, оған қосымша ұлпаларда көлемді әдістенулер кездеседі. Сондықтан торша және грануляциялық кедергіш құрылуы тежеліп, қан және сөл арқылы, өте көп мөлшерде денеге токсиндер мен қоздырғыштар (сіңіріліп) тарап организмнің ауыр улануын, кейде инфекцияның асқынуын тудырады.

Гипоергиялық қабынуда организмнің қарсыласу әрекеті зақымдаушы агенттің әсерінен төмен болады. Мүндай қабыну арық, көтерем, ауру малдарда организмнің қорғаныс-қарсыласу күші жеткіліксіз болғанда дамиды. Қабыну реакциясы жеткіліксіз, толымсыз болғандықтан организмде инфекцияның асқынып кетуі мүмкін.



Қабынудың даму кезеңдері. Қабыну 2 кезенді процесс болғандықтан, әр кезеңі өзіне тән жергілікті био-физико-химиялық, морфологиялық және клиникалық өзгерістермен ерекшеленеді.

1-кезең — гидратацияальтерация процесстермен сипатталады. Мұнда сөл және қан айналымы бұзылады, экссудат түзілу, торшалардың шоғыр-лануы, фагоцитоз, ұлпалардың гистолизі үдейеді және био-физико-химиялық өзгерістер дамиды.

Қабынудың 2-кезеңі - дегидратация-регенеративтік қалпқа келу процесстерімен сипатталады. Бұл кезеңде кедергі құру аяқталып, зақымдалған аумақ немесе инфекциялық ошақ толығымен оқшауланып бөлектенеді. Сонымен қатар организмдегі уытгар мен бөгде заттар жойылып сыртқа шығарылады, немесе сіңіріледі (бойға тарайды), осыдан кейін толығынан регенерациялық қалпына келу процесстері басталады. Мұның бәрі қабынудың бірінші кезеңінде болатын қабынудың клиникалық белгілерінің бәсеңдеуі мен био-физико-химиялық және функционалъдық (қызметгік) өзгерістердің қалпына келуімен сипатталады.

Қабынудың әр кезеңі өзара тығыз байланысты сатылардан тұрады. Біртұтас қабыну үрдісі кезеңдер мен сатыларға бөлу шартты емес, бірақ қабынудың әр сатысындағы өздеріне тән клиникалық және әр турлі емдеу тәсілдерін қолдану керектігімен туады.

Қабынудың 1-кезеңі 2 сатыдан: 1 - қабынған домбығу; 2 - торша шоғырлану және фагоцитоз сатыларынан құрылады. Ал жіті іріңді қабынуда бұған қосымша 3 - тосқауылдану және іріңдеу сатысы болады. Асептикалық қабынудың 2-кезеңі де 2 сатыдан: 1-биологиялық өздігінен тазару; 2-қалпқа келу және тыртықтану сатыларынан құралады.

Жіті ірінді қабынудың екінші кезеңі 3 сатыдан: 1 -жетілген абцесс және жоғарыда айтылған 2 сатыдан құралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет