3 І тарау. Қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті тілдің ішкі даму заңдылығы



бет20/27
Дата08.10.2024
өлшемі5.04 Mb.
#504437
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Тәуелдік жалғау туралы түсінік (4)

Ақыры мезгіл үстеуі. Бастапқы түбірі "ақыр" қазір қолданыста бар сөз, ал "-ы" — тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіші. Екеуі (түбір мен қосымша) бірігіп келіп, бір ұғымды, яғни "ең соңында, түптеп келгенде" деген мәнді білдіреді.
Бастапқы түбір мен қазіргі туынды сөздің арасында мағыналық байланыс жоқ, тәуелдік жалғауы да өз мағынасы мен қызметінен түгелдей айырылған. Демек тәуелдік жалғауы бұл тұста түбірге толық түрде кіріккен деп айта аламыз. Сөздікте біртұтас сөз ретінде берілген, орыс тілінде де дербес лексикалық мағынаға ие баламасы бар.
Әуелі мезгіл үстеуі. Бастапқы түбір "әуел" қазір де қолданылады, ал "-і" тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіші. Жаңа, туынды мағына мезгіл үстеу тобына қатысты "басында" деген мәнді білдіреді. Тәуелдік жалғауы бұл тұста сөзжасамдық дәрежеге жеткен, сөз түбіріне де толық түрде кіріккен. Жеке сөз ретінде түсіндірме сөздікте көрсетілсе, қазақша-орысша сөздікте де баламасымен қатар берілген. Бұл белгілер аталған сөздің жеке мағынаға ие дербес сөз екендігін көрсетіп, тәуелдік жалғауының сөзжасамдық деңгейге көтерілгендігін айқындай түседі.
Ғалым М.Томанов өзінің докторлық диссертадиясының авторефератында бұл сөзді құрамындағы тәуелдік жалғауының мағынасы көмескіленген үстеу деп көрсетеді [46, 46].
Ғұмыры, өмірі — мезгіл мәнді үстеулер. Екеуінің жасалу жолы мен беретін мағыналары бір, яғни синоним сөздер. Сондықтан да екеуін бірге қарастырғанды жөн көрдік. Тілде "қашан?" сұрауына жауап береді. Бастапқы түбірлер — өмір, ғұмыр өнімді түрде қолданылатын сөздер, ал "-ы, -і" тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштері. Сөз құрамындағы жалғаудың көнеленіп, түбірге кірігуінің нәтижесінде жаңа мезгіл мәнді иеленген. Бастапқы түбір де, тәуелдік жалғауы да өз мағыналарынан толықтай айырылған. Екеуі де сөздіктерде біртұтас сөз ретінде берілген, орыс тілінде де дербес лексикалық мағынаға ие баламалары бар.
Тілдегі қысы-жазы, жазы-күзі, жазы-қысы, күндіз-түні, күні-түні сынды сөздер тобы тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштерінің түбірге кірігуі арқылы пайда болған мезгіл үстеулері. Мезгіл мәнді білдіретін зат есімдер тәуелдік жалғауының кірігу әрекетінің негізінде үстеуге ауысқан. Бұл сөздердің құрамындағы -ы/, -і/ көрсеткіштерін тәуелдік жалғауы емес, таза үстеу тудырушы жұрнақ деп көрсетушілер де табылады. Демек ғалымдар аталған сөздердің жасалу жолы туралы екі жақты пікір ұстанады.
Алғашқы топтағыларға -ы, -і көрсеткіштерін үстеу тудырушы жұрнақ деушілерді айта аламыз. Бұл көзқарасты ұстанушы - ғалым С.Исаев. Ол 1973 жылғы еңбегіндегі "-ы, -і тұлғалы есімдердің қолданылу ерекшеліктері" атты арнайы тақырыпшада осы мәселеге қатысты ой қозғайды [47]. Ғалым -ы,-і көрсеткіштерін "үстеу тудырушы жұрнақ" деп көрсете келе, өз сөзін төмендегіше тұжырымдармен дәлелдейді:
1) Бұл қосымша әдеттегі тәуелдік жалғауы білдіретін
меншіктілік-тәуелділік мағынаны білдірмейді.
2) ... ілік септік жалғаулы сөзбен... байланысып тұрмайды.

  1. Ү-ҮІІІ ғасырларға жататын Орхон-Енисей, Талас жазба
    ескерткіштерінен бастап кейінгі кезеңдердегі жазба мұралар тілінде
    тәуелдік жалғау көрсеткіштерінің басқа ыңғайда қолданылуы
    кездеспейді.

  2. -ы, -і қосымшалы сөздердің... үнемі етістіктерге бағына
    тіркесуі.

5) Осы тұлғадағы сөздерге септік жалғауы жалғанса, онда
сөздердің құрамындағы -ы,-і қосымшасы түсіп қалады.
6) Бұл қосымша жатыс септігімен өзара синонимдес,
мағыналары жақын.
Тілдегі сол жолы, бұл күні, осы жылы, бір күні т.б. тәрізді толып жатқан сөз тіркестері де тәуелдік жалғауының көнеріп, түбірге кірігуінен пайда болған. Бұл тіркестер тобы да тәуелдік жалғауының үстеу сөз табын жасауда өнімді қызмет аткаратынын дәлелдей түседі. Келтірілген тіркестер синтаксис аясында изафеттің II түрі ретінде көрсетіледі.
Тағы бір айта кететін жайт, ғалымдардың бір тобы тілдегі ертеңгісін, кешкісін тәрізділерді -ы, -і көрсеткіштерімен тұлғалас деп көрсетеді. Мәселен, белгілі түркітанушы ғалым Н.К.Дмитриев "Тәуелдік категориясы" атты мақаласында тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштерінің шығу тегін, -ін, -сын, -сін формаларымен байланыстырады. Ғалымның бұл ойы қазақ ғалымы М.Балақаев талдауында кеңінен көрініс тапқан. Ашып көрсетсек; " 1. Жатыс жалғауынан бұрын ІП-жақтық тәуелдік жалғауы әруақытта -сын, -сін, -ын, -ін болады: қала-сын-да, көше-сін-де.
2. -дай, -дей, -ша, -ше қосымшаларынан бұрын да ол
жалғаудың жоғарғы тұлғасы сақталып айтылады: бала-сын-дай, әке-
сін-дей.
3. Кейбір қос сөздердің составында да тәуелдік жалғауының
жоғарғы тұлғасы сақталған: қысы-жазын, азын-аулақ... ".
Бұл ой Б.Сағындықұлы еңбегінде де айтылады. Ғалымдар пікірін басшылыққа алып, -сын, -сін, -ын, -ін көрсеткіштері тәуелдік жалғауының көне тұлғасы дер болсақ, тәуелдік жалғауының түбірге кірігу әрекеті де өз бастауын ертеден алатыны анық болады. Демек тілде тәуелдік жалғауының кірігу әрекеті үстеу тобын қалыптастыруда белгілі бір дәрежеде қызмет ететіні даусыз мәселе екендігі шешілді. Яғни, тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштерінің көне тұлғалары да, бүгінгі тірі тұлғалары да үстеу сөздерді тудыруға қабілетті екеңдігі дәлелді,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет