Шылаулар
Бұл топтан тәуелдік жалғауының түбірге кірігуі арқылы пайда болған - мейлі, өйткені, себебі тәрізді санаулы сөздерді кездестіре аламыз. Аталған тәсіл шылау сөздерді тудыруда өнімді болып саналмаса да, жоғарыдағы сөздер осы әрекеттің нәтижесінде пайда болғандығы анық.
Мейлі — талғау мәнді жалғаулық. Түбірі "мейіл'\ ал "-/"тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіші. Осы тұлғада қолданыла-қолданыла келіп, түбір мен қосымша ажырамастай болып кірігіп кеткен. Қазіргі күні осы күйінде қолданылады.
Бұл құбылыс өзге түркі тілдеріне де тән. Мейлі жалғаулығы туынды мағына "немқұрайлылықты" білдіріп тұр. Ол бұл мағынаны түбірге тәуелдік жалғауының кірігуі арқылы иемденген. Себебі бастапқы түбір "мейіл " — ерік ,ырық, ықылас деген мәнді білдіреді. Екі мағынаны салыстырсақ, екеуі екі түрлі ұғымды береді. Бүдан тәуелдік жалғауының түбірге толық түрде кірігіп, сөзжасамдық қызметті атқарып тұрғандығы айқын танылады.
Өйткені — себеп мәнді жалғаулық. Сөздікте реестр сөз ретінде берілген. Бастапқы түбір - "өйт (олай+ет) " олай ет сөз, "-кен" - есімшенің жұрнағы, ал "-і" - тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіші. Етістік түбірдің шылау сөзге айналуына негіз болып тұрған да осы — тәуелдік жалғауы. Бастапқыда қимылдың біреуге тән екендігін білдіру мақсатында қолданылған сөз (оның өйткені) келе-келе түбірге тәуелдік жалғауының кірігуінің негізінде шылауға көшкен. Сөз құрамындағы жалғаудың етістіктен шылауды қалыптастыруы — оның сөз тудырушылық дәрежеге жеткендігін көрсетеді.
Себебі - себеп мәнді жалғаулық. Сөздікте "бір нәрсенің уәжін, себебін түсіндіретін шылау сөз" деген түсініктемемен берілген. Тілде жиі қолданылады. Бастапқы түбір "себеп"' — зат есім, "-і" тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіші. Сөз құрамындағы тәуелдік жалғауының түбірге кірігуі арқылы зат есім шылау тобына көшкен.
Көріп отырғанымыздай, себебі жалғаулығы бұл сөйлемдерде алдыңғы ойдың уәжін, себебін түсіндіру үшін қолданылған. Бастапқы түбір өзінің заттық мәнінен айырылып, түгелдей шылау сөз табына тән белгілерді қабылдаған. Мәселен:
1) Бүгінгі күні толық лексикалық мағынасы жоқ.
Сөйлем ішінде жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.
Сөйлемде немесе алдыңғы сөйлемде болған іс-әрекет, жай-
күйдің болу себебін көрсету үшін қолданылады.
Зат есімдер сияқты түрленбейді.
Келтірілген сөйлемдердегі себебі шылауының бойынан осы белгілерді толық таба аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |