оқытудың алдынғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдау арқылы қалыптасатын теориялық білімнің болуы;
компьютерлік технология мен модельдеуді қолдану арқылы жүргізілетін оқу және оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы жүйесін жасауға оқушылардың белсенді араласуы;
компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім сапасының анықталуы.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің сипаттамасын, оның бөліктерінің қалыптасу дегейлерін жалпылау деп қарастыруға болады.
Біздің пікіріміз бойынша, мазмұндық-амалдық бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуына мынадай деңгейлермен сипатталады.
Дағды онша маңызды емес мәліметтерді қабылдау және оны қайталау деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаты игерілетін тақырыптың мазмұнына сай келмейді, олар тапсырмалар мен есептеуде нақтыланбайды. Сондықтан жоспарлау қойылған мақсатқа сәйкес келмейді.
Дағды хабардың жалпы мазмұнының негізгі идеясы анықталмай тұрып, қабылдау мен еске түсіру деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық белсенділіктің мақсаты тақырыпқа сай келгенімен, қойылған тапсырмаға сәйкес нақтыланбайды. Жоспарлау жұмыстың барлық кезеңін толық қамтымайды.
Дағды хабардың негізіг мазмұнын мен мақсатын танып, қабылдау деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекеттің мақсаты анықталады және есептерді шешеуге нақты айқындалады. Осыларды есепке ала отырып, жұмыстың нақты жоспары жасалынады.
Процессуалды-жігерлі бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының келесі деңгейлерінен тұрады.
Танымдық қиындықтарды жеңу дайындығы төмен. Оқушылардың ерік-жігері әлсіз, сабақ үстінде өздерін босаң ұстайды, жұмысты аяғына дейін атқармайды, оқу-танымдық іс-әрекетке өз бетінше белсенділік, жүйелік танытпайды, т.б.
Танымдық кезеңіндегі қиындықтарды жеңуге дайындық оқу- танымдық іс-әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар сабақ кезінде ынталанып, жұмысты аяғына дейін атқаруға тырысады. Бірақ үлкен қиындықтарды жеңуде табансыздық танытады.
Танымдық қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар кез келген тапсырманы аяғына дейін орындап шығады. Жыл бойы жүйелі түрде жұмыс істейді.
Танымдық белсенділіктің қалыртастыруының осы анықтаған сипаттамаларының негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі үш деңгейге бөлінеді: төменгі, орташа, жоғары.
Төменгі деңгей белгілі бір көлемде теориялық білімнің толық еместігіне күрделі емес тапсырмаларды игеру дәрежесімен, үлгі бойынша тапсырмаларды орындауына өз бетінше жұмыс істеумен, оқушылардың оқуға тиісті көңіл қоймауымен сипатталады.
Орташа деңгей білім негізінің болуы, оқушылардың білімге, өзіндік жұмысқа құштарлығының қалыптасуы, орта дәрежедегі тапсырманың игеру және оны орындау алу қабілеті арқылы анықталады. Яғни, оқушылардың оқу танымдық белсенділігі даму үстінде деп саналады.
Жоғары деңгей терең теориялық білімнің болуы, өзіндік жұмысқа деген қажеттіліктің қалыптасуы арқылы танылады. Яғни, оқушылардың оқу танымдық белсенділігі жеткілікті дәрежеде дамығандығы мен сипатталады.
Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол оқушы жастардың дербес танымдық іс-әрекетін жандандыруға ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықытру құралы деп есептеуге болады. Олай болса, оқушылардың дербес танымдық іс-әрекеті олардың танымдық белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы.
Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы деңгейіне көтеру деп санайды.
Біздің зерттеудің нәтижесі қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларында кездесетін негізгі кемшіліктер мектептердегі білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау біліктерінің төмендігінен деген қорытынды жасауға тіреп отыр. Бұлай деуге негіз, теориялық тұрғыдан алғанда оқу үрдісін дамытатын кез келген мәселені шешу арнайы ұйымдастырылған өзіндік жұмысынсыз жүзеге аспайтындығымен түсіндіріледі. Ендеше жоғары сынып оқушылары мен студенттерінде танымдық белсенділікті қалыптастырудың біз тағайындаған психологиялық-педагогикалық, дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттың бірі – сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар беру және т.б.) пайдалану. Екіншісі – оқу үрдісінде сабақтың барлық түрін жекелендіруге, оқушының өзіндік жұмысын дамытуға мүмкіндік беретін компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін колдана білу.
Осыған байланысты біз оқушылар өз бетінше компьютерлік техниканың көмегімен орындауға арналған фихикалық негізгі бөлімін қамтитын тапсырмалар мен деңгейлік есептер жүйесін жасадық. Айта кетерлік бір жайт, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар оқушымен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берліген мәліметті қайта жаңғыртуға қабілеті әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл кезде оқушының танымдық белсенділігін дамытудың негізгі қажетті шарты – оқу үрдісін дараландыру.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшын біз мынандай көрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
Танымдық белсенділігі төмен оқушылар білімдерінің төмен екендігін көрсетті: игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды. Мұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды.
Танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерін, деңгейлерінің өзгеруін бағалау үшін тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі. Оның нәтижелерін төмендегі кестелерден көре аласыздар.
Қоғамдық прогресс пен ғылымның ықпалынан, оқытудың жаңа міндеттері мен озат тәжірибесінің жинақталуынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі.
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдылық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастыра, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, белсенділік – адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Белсендірудің қандай да бір тәсілі мен әдістерін пайдалануға оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушылар ғана тапсыра алады. Оқышуға оның таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.
Жаңа технология, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдердің де маңыздылығы жоғары. Бірақ, көп жағдайда әсіресе ауыл мектептерінде бүгінгі күні әлі де болса өз мәнін жоймаған, оқу үрдісінде пайдаланып жүрген, қазіргі қалыптасқан оқыту жағдайында танымдық белсенділікті қалыптастыру – оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында, шығармашылық сипаттағы сабақтарды өткізуде үлкен мәнге ие. Мысалы: сот-сабақ, баспасөз мәслихаты сабағы, объектіні зерттеу сабағы, тарихты „өзгерту сабағы”, сындарлы түсінік сабағы (ереже, заңдылық, болжау), іздену сабағы, түпнұсқамен жұмыс істей сабағы, пәнаралық сабақ, модельдеу сабағы, эвристикалық сабақ, саяхат сабақ, шығармашылық әңгіме сабағы, топпен жұмыс сабағы, консультация-сабағы, сынақ-сабақ, талдау сабағы, сайыс-сабақ, көрме-сабақ, сабақ-олимпиада, сабақ-конференция, сабақ-спектакль, шығармашылық есеп, дөңгелек үстел сабағы, шығармашылық жұмысты қорғау сабағы, болашақ мектеп сабағы және т.б. Осы сабақтар ішінен іскерлік ойынын мысалға алайық. Іскерлік ойын сабағын өткізу жоспары алдын ала дайындалады; сценарий құрылып, мақсаты көрсетіледі; рөлдер бөлініп беріледі, кеңес беріледі. Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер әзірленеді.
Іскерлік ойындар: оқу, өндірістік, зерттеушілік болып бөлінеді. Оқудағы іскерлік ойындардың негізгі белгілеріне мыналар кіреді.
Мамандардың басқарушылық әрекеті үрдісін модельдеу.
Ойынға қатысушылар арасында рөлдерге бөлу, рөлдеріне сәйкес өзара әрекеті.
Ойынға қатысушылардың ортақ мақсаттарының болуы.
Ойынға қатысушылардың ұжымдық шешім шығаруы.
Шешімдердің көп нұсқалығы.
Ойын соңында талдау жасау.
Әдетте, ойын элементінің екі түрі қолданылады:а) белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жалпы жағдаяттық тапсырмалар (міндеттер); ә) арнайы тапсырмалар.
Іскерлік ойындар күрделі шешімдерді қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты айқындап, оқушының білімі, білігі мен жеке қасиеттерін тексеруге мүмкіндік береді. Іскерлік ойыны оқушылардың жеке қасиеттерін: жауапкершілік, іскерлік, шыншылдық, шешімпаздық, мақсаткерлік, белсенділік сияқты қасиеттерін дамытады.
Қазіргі кезде оқушының оқу әрекетінің жемісті, нәтижелі болуына, танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың түрлі тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіру аса маңызды міндет.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуге даңғыл жол ашылды.
Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп-жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда „білуге құмарлық, әуестікте” байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте баларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік).
Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір іске оп-оңай-ақ тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбаластары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқтғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Егер мектеп жасына дейінгі балалрдың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысы болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтар зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын (мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) және т.б.
Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында-ақ оны ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады.Бала күнделікті осы тітіркендіргіштерді үзіліссіз қабылдайды және оларды қайта-қайта қабылдауға тілек білдіреді. Алайда, объектіге деген бұл бағыттылықты оның эмоциялық тартымдылығына сәйкес уақытша оны қызығудың алды деп те есептеуге болады.
Білуге құмарлық – бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оған терең енуіне көмектеседі. Баланың мұндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені көруге, білуге, ұстауға деген қызығуынан байқалады. Балалардың өте ерте балалық шағында „қайда?”, „неге?”, „бұл не?”, „неліктен?” және т.б. сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығуының пайда болуымен байланыстыруға болады. Әрине, кішкентай баланың қойған мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік, білуге құмарлықты көрсетеді. Мұны танымдық қызығудың бастауы десек болады.
Балалардың қызығуы өз бетімен пайда бомайды, ол әлеуметтік ортаның, ересектердің әсерінен пайда болады. Балалардың қызығулары олдардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда әр түрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру қажет.
Адамның бар қасиеті: мінез-құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде дамиды. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып, бір шешімге келеді. Балада белгілі білім жүйесі қалыптасады.
Баланың танып – білсем деген ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейту үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал танымдық қызығуын ояту үшін зат болсын, әрекет болсын, соны жақсы білуі керек, оны үйрететін бірінші кезекте үлкендер.
Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылудың бір көрінісі – балалардың сұрақ қойғыштығы. Есейе келе балалар тек заттар туралы ғана емес, әрі айналасындағы әлеуметтік көріністер жөнінде нақты білім, хабар, түсінік алғысы келеді. Ересектерден балалар өз сұрақтарына жауап күтеді. Осыдан келіп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі туады.
Балалардың қоғамда алатын орны, үлкендермен қарым-қатынасы әлеуметтік өмірге араласуы, олардың өзіне ғана тән ішкі әлемі, қазығуы, қабылдауы, ойлауы, қиялы, тағы басқа да көптеген мәселелер ғылымның сан-саласын тоғыстыратын күрделі әлем.
Балада мектеп жасына дейінгі жастың соңына қарай үлкендердің әсерімен мектептегі оқуға деген қызығу қалыптаса бастайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп жасында балалардың алғаш мектепке келген күнінен бастап оларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндік ерекшеліктері қандай болатынын, сабаққа қалай қызығатынын жан-жақты білу үшін оқу-тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгірімін арттырудың маңызы зор. Бала оқуға, сабақты үлгіруге, жалпы білімге қызығып тұрса, оқудағы іс-әрекеті сәтті болады, білімді де сапалы меңгереді. Баланың оқу пәніне, тәрбие жұмысына қызығуы болмаса, онда „оқудың да, тәрбиенің де” нәтижесі дұрыс болмайтыны түсінікті. Сондықтан қызығудың балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, оларды дұрыс тәрбиелеуде, олардың бойында адагершілік қасиеттерді қалыптастыруда ықпалы зор.
Белгілі бір дәрежеде танымдық іс-әрекетте белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс-тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін қажетті барлық шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажетсіндіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Енді таным үрдісінің әрбір сатыларын қарастыралық: жоғарыда айтылғандай, таным үрдісі бағыт сілтеуші буыннан басталады. Бұл сатыда мұғалім оқушылармен біріге отырып, танымдық міндеттерді түсіне бастайды, олар бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, мүмкіндігінше проблемалық болмыстар мен жағдайларды меңгереді. Бұл ретте мұғалім әртүлі оқу құралдарымен және материалдардың көмегімен өтілетін материалдарға оқушылардың қызығушылығын туғызады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің жеке-жеке әр пәнге арналғандығынан бұл құбылыс оқушыларды әрбір пәннің әлеміне енгізеді, олардың құндылықтарын айқындап ашады, оқушыларды осы аталған құндылықтарды түсінуіне жағдай жасайды, адамзат жинақтаған білім қорының қол жететін, маңызы зор құндылық екендігін түсініп, сезіну басталады. Осы жағдайдан келіп жасөспірімдердің таным қызығушылығы арта түседі.
Оқу-танымдық іс-әрекет қоғам дамуы, ғылыми-техникалық үрдіс пен халықтардың рухани дамуы талаптарына сәйкес келетін білімді адамдарды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса-қабат оқу-танымдық іс-әрекет оқушы үшін объективті қиыншылықтарға толы күрделі үрдіс. Осы қиыншылық мұғалімнің оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды да күрделендіреді.
Оқу-танымдық іс-әрекет үрдісі ой еңбегі мен күш-қуатының баршама шығындалуын қажет етеді, ал оны жүзеге асыру әрбір оқушының қолынан келе беретін нәрсе емес, өйткені, интеллектуалдық іс-әрекетке барлық оқушылар бірдей жақсы дәрежеде даяр бола бермейді. Сондықтан оқу-танымдық іс-әрекет барысында тек қана білім қоры жинақталып қана қоймай, ұзаққа созылған зейін аудару, ақыл-ой күшін, ерік күшін жұмсау, ең маңызды нәрсеге назар аудару сияқты күрделі үрдіс те жүзеге асырылады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижелері еңбек іс-әрекетінің нәтижесі сияқты нақты көрініс таба алмайды. Мұғалімнің өз жауабына қойған бағасына қанағаттанбаған оқушы «Мен оқыдым-ғой»,– деп наразылығын білдіреді. «Мен оқыдым, мен білемін», – деген сенімі оның жетістігі аз болғанымен, көп уақыт пен күш бөлген еңбегінің нәтижесінде болып отыр. Оқушының үлкен еңбегі мен оны мұғалімнің бағалауының арасындағы мұндай сәйкессіздік оқушы үшін қосымша қиыншылық туындатады. Оқушының ұмтылыстары мен іскерліктері арасындағы сәйкессіздік көп жағдайда оның оқуға деген кері қатынасын қалыптастырады, тіпті оқушы мектепке келуге де ынтасыз болады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің барысын күрделі әрі қызықсыз ететін осындай қиыншылықтар оқыту үрдісінің ішкі мазмұны мен сыртқы сипатының арасындағы сәйккестікті туындатуды қажет ететіндігін айқын көрсетеді.
Осы кезде оқу-танымдық іс-әрекетке оқушының өзінің қатынасы қандай болмақ деген мәселе бой көрсетеді. Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетіне үнемі мұғалім басшылық жасайды. Оқушы оқыту үрдісіндегі оқыту объектісі, ал мұғалім оның субъектісі ретінде бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Осындай кезде сырттан мұғалім оқушы басына білім құюмен шектелетін таным үрдісі оқушыға оқу үрдісіне бей-жай қатысушы ролін ұсына алады. Ал, мұндай жағдай оқушының оқушының жалпы ролін төмендеткенімен қоймай, оның танымдық мүмкіндігін де төмендетіп алады. Сондықтан, оқушының өзі оқу-танымдық іс-әрекеттің белсенді субъектісіне айналуы қажет. Нақ осы жағдай қазіргі кездегі мектептегі білім берудегі жаңашылдық бағыттардың негізін құрап отыр.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару шеберлігі көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Олардың ішіндегі ең негізгісі – мұғалімнің өз пәнінен өткізілетін сабақтарды қызғылықты етіп өткізе алуынан бастау алады. Бұл үшін мұғалім сабақ пен оқыту түрлерін саналуандандырып, өзінің қызметін шығармашыл етуі, оқушыларға да шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды көбірек беруі, сабақ үстінде өзбетінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі, сабақ үстінде мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыстың үнемі жанданып отыруына, үй тапсырмасының орындалуын үнемі тексеріп отыруы қажет.
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Педагогикада оқушылардың «оқу танымдық іс-әрекеті» ұғымдары «ойлау іс-әрекеті» ұғымдары жиірек пайдаланылады. «Ойлау» және «таным» ұғымдарына анықтама берер болсақ, философиялық инциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласының танымының жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан «таным» ойлауға қарағанда әлде қайда кеңірек ұғым философиялфқ сөздікте «таным объективті шындықтың бейнеленуінің жоғарғы формасы» ретінде сипатталса, ал бейнелеу-материяның жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші объектінің белгілнрін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп көрсетуде болып табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Таным – ол адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәжірибе жинақтау , оны қорыту арқылы терең де тиянақты білім негізінде пайда болады. Танымдық іс -әрекетке баланың ақыл –ойын өсіру үшін олардың елестеулерін дамытуға көбірек зер салу керек. Егер бала ойын, оқу әрекеттері арқылы айналасындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық ойын арқылы түрлі объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу – ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін С.Жақыпов өз еңбегінде «сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты – графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың бірден – бір тәсілі болып табылады» деп көрсетті [1].
Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс. Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады. Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға , білімге деген ынта – ықыласының, қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі. Оқушылардың өзіндік белсенділігін қалыптастыру мәселесінің маңызы өте зор. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан – жақты жетіктігін аңғарту қажет. Оқушының өзіндік ынта – ықыласы болмаса, ол сол пәнді жан – жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.
Төменгі мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым – қатынас шеңберінің көбеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтердің бүкіл оқыту – тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс түрі – оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту үрдісінің қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі - өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, оқушылардан мидың белсенді жұмыс істеуін қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда болады.
Оқушылардың өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлану біліктері .
2. Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.
3. Өз ойының дербестігі.
4. Өз бетімен жұмыс жүргізуі.
Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі – үй жұмысы, оны оқушы мұғалімінің көмегінсіз жасайды. Әрбір оқу пәні оқушылардың алдына көптеген міндеттер қояды және оқушылардың әрекеттерінің жиынын, олардың алған білімдерін, арнайы біліктерді пайдаланып, жұмыс істеуді талап ететін, әр түрлі сипаттағы өзіндік жұмыстар түрінде анықтайды.
Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы деңгейіне көтеру деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |