ҚОРЫТЫНДЫ
Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс. Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады.
Яғни, танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға , білімге деген ынта – ықыласының, қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылды.
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан – жақты жетіктігін аңғарту қажет. Оқушының өзіндік ынта – ықыласы болмаса, ол сол пәнді жан – жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.
Төменгі мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым – қатынас шеңберінің көбеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтердің бүкіл оқыту – тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.
Негізгі іс түрі – оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту үрдісінің қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі - өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, оқушылардан мидың белсенді жұмыс істеуін қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда болады.
Оқушылардың өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасты:
1. Өз бетінше ойлану біліктері .
2. Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.
3. Өз ойының дербестігі.
4. Өз бетімен жұмыс жүргізуі.
Осы іс-шаралар нәтижесінде туған ұсынысым:
Танымдық іс-шараларды оқушылармен бірлесе отырып өткізу.
Танымдық іс-шараларды оқушылардың жан-жақты дамуына бағыттау.
Білімді жетілдіруде ұлттық дүниетаным жөнінде дәріс беру.
Балалардың өздері ізденіс жүргізіп жатқан танымдық материалдарын
тереңінен анықтап білу.
Сабақта жаңа технологияларды кеңінен қолдану.
Қорытындылай келе, келесі гносеологиялық ой-тұжырымдарды негізінде жұмыс жасап отыру келешек ұрпақтың ізденімпаз, ойшыл, ой-танымдық іс-әрекеті өнімді болуына мүмкіндік береді деп ойлаймыз:
Оқытудың нәтижесі (белгілі бір дәрежеде) оқушының білім ала алу іскерлігіне тікелей байланысты;
Оқытудың өнімділігі оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің көлеміне тікелей тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |