3 І тарау. ОҚу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері


Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару – педагогикалық мәселе



бет4/10
Дата04.07.2022
өлшемі262.5 Kb.
#459597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -mekteptegi-oqushylardyn-oqu-tanymdyq-is-areketin-basqarudy-uyymdastyru

1.2. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару – педагогикалық мәселе
Педагогикада оқыту теориясы (дидактика) үш негізгі сүйене отырып дамыды. Бірінші – оқыту теориясының шартты заңдарының философияға негізделіп дамитыныдғы, атап айтқанда, мектептерде оқыту теориясын дамытудың методологиялық негізі философиясы болғандығы.
Екінші – өткен заманнан қалған педагогикалық прогресшіл ұлы мұраның осы күнгі оқыту теориясын дамыту үшін бірден бір сарқылмайтын қайнар көзі болып табылғандығы. Мысалы, орыс халқының аса көрнекті педагогі К.Д. Ушинскийдің немесе қазақ халқының даңқты педагогі Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектерінде көрсетілген өте бағалы оқыту әдістері мен принциптері қазақ мектептерінде дамытылып қолданылды.
Үшінші – мектептердегі мұғалімдердің озат тәжірибелері оқыту теориясын аодан әрі дамуына ықпал етеді. Жан-жақты тәрбие беру міндеттері мектепте оқушылармен оқу уақытынан тыс жүргізілетін оқыту үрдістері мен тәрбие жұмыстары үрдістерінде шешіледі. Мұғалім мен оқушылардың бұл саладағы қызметтерінің әрқайсысының өздерінің ерекшеліктері болады, алайда олар өзара бөлінбестей байланысты, олар біртұтас оқу-тәрбие үрдісін құрайды.
Оқушылар табиғат пен қоғам заңдылықтарын, адамдардың рухани өмірін сабақ үстінде де, сабақтан тыс кезде ғылым негіздерін оқып үйрену үрдісінде танып біледі. Бұл жағдайда оқушы дайын білімдерге сүйеніп қана қоймай, өзі үшін жаңа болатын нағыз шын мәнісіндегі жаңа білім ретінде меңгереді. Мұғалім білім бере отырып балалардың сол білімді алу барысындағы мүмкіндіктерді зерттейді, қиындықтарды біліп оларды жою жолдарын іздейді. Оқыту үрдісі кезінде педагогтың өзіне тән даралық қолтаңбасы мен шығармашылығы қалыптасады. Оқыту – оқушы үшін де, сондай-ақ мұғалім үшін де таным білім үрдісі.
Оқушылардың «оқу-танымдық белсенділігі» мәселесі терең педагогикалық зерттеулер пәні болып табылып, онымен М.А. Данилов, Р.Г. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, А.Х. Аренова үлестерін қосқан болса, «оқу-танымдық іс-әрекет» мәселесі көптеген педагогтардың назарынан тыс қалмағанымен, дербес ізденіс мәселесі болып қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар педагог-зерттеушілер оқушылардың қызығушылығының қайнар көзі олардың танымдық мәселелердің мазмұнын анықтауға бар зейіні және ынтасымен толық түрде назар аударуында екендігін анықтаған (С.Л. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, И.Я. Лернер). Осы жерде классикалық зерттеу үлгісіне айналып кеткен Титченардың зерттеу-тәжірибесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл зерттеу-тәжірибе нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылығы мен оқыту үрдісіне тікелей қатысы бар оқушылардың назар аудару сәтінің үш сатысы анықталған.
Бірінші саты – еріксіз назар аудару – оқушыны селт еткізетін қызғылықты, немесе кенеттен оқыс, немесе, айтылып жатқан тақырыпқа мүлдем қатысы жоқ сөздің айтылуы оқушыны таңқалдырады, назарын аударады. Бұл кезеңдегі қызығушылық эмоциялы, осы қызығушылықты туындатқан жағдайға іле-шала жоқ болады (Б.Г. Ананьев).
Екінші саты – ерікті назар аудару – оқушының алдына қойылған мәселенің орындалуына бағытталған ерікті күш жұмсаудың нәтижесінде пайда болады. «Шешімін тап!» – деп талап етеді мұғалім. «Шешімін табуым қажет!» – деп бұййырады өзіне оқушы, осы кезде танымдық қызығушылық оқушының еркіне және мұғалімнің талабына бағынады.
Үшінші саты – ерікті назар аударудан кейінгі кез – танымдық қызығушылықтың жоғарғы деңгейі тән. Бұл жерде оқушының ішкі жандүниесінде болып жатқан үдерістер жоғарғы қарқынымен сипатталады: оқушы өзінің алдына қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін ерік-жігерін жұмсау нәтижесінде ол өзінің алған білімін кең әрі оңай қолдана алу мүмкіндігімен, қызығушылықтың жоғарылауымен, міндетті түрде себеп-салдарлық байланысты табуға ұмтылушылықпен, шешім қабылдаудың неғұрлым қысқа әрі тиімді жолын табуға ұмтылыспен сипатталады.
Танымдық қызығушылықты ұлғайтуға ықпал жасайтын бұл үрдістер оқушының өзінің белсенді дербес іс-әрекеті кезінде пайда болады. Егер оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті жақсы жетілдірілмесе, онда ол қызығушылық-зейіннің үшінші сатысына көтеріле алмайды. Нақ осы үшінші сатыда оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті оның өмірлік қажеттілігіне айналады.
Педагогикалық зерттеу әдебиеттерінің ішінде оқу-танымдық іс-әрекетті оқушылардың іс-әрекетінің бір бөлігі ретінде қарастыруды Г.Г. Щукина өзінің «Роль деятельности в учебном процессе» деген еңбегінде жүзеге асырған [2]. Осы аталған еңбектің ІІІ тарауын автор «Проблемы процесса обучения и познавательные интересы учащихся» деп атап ол жерде оқыту үрдісіндегі іс-әрекет ерекшеліктеріне, оқу үрдісі кезіндегі оқушылардың әртүрлі іс-әрекетінің танымдық қызығушылыққа жасайтын ықпалына талдау тұжырымдар жасап шыққан.
Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А. Коменскийдің еңбегінен басталып, оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д. Ушинский де назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық дамуу ерекшеліктерін айта отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынады:

  • оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі үрдіс;

  • оқыту кемелденуге негізделеді, оқытк мен даму үрдісінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

  • оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы үрдіс;

  • оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

  • Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін ізестіру керек деп есептеді;

  • Н.А. Меньчинская, Д.И. Богоявленская, Е.А. Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

  • Б.Г. Ананьев, А.А. Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;

  • Л.В. Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту үрдістерінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;

  • П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастыруының әсерін зерттеді;

  • Т.В. Кудрявцев, А.М. Мотюшкиноқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын дәлелдеді.

Отандық педагог-авторлардың ішінде К.Ж. Каракулов таным теориясына тоқталып, оның оқыту үрдісінің методологиялық негізі екендігін дәлелдеп, танымның педагогикалық үрдісінің сатыларына сипаттама беріп шыққан [3].
Г.А. Цукерман тұжырымдамасына сәйкес, баланың танымдық инициативасы оқу бірлестігінің үш басты сипаттамасының бірі болып есептеледі.
Қазіргі заманғы екі жақтылы оқыту мен оқу – оқытудың іс-әрекетін құрайды.
Т.С.Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әректтің ерекшелігінің біріне оның оқу құрылымы жатады. Оның құрылымына да кез келген іс-әрекеттің құрылымына жататынын компоненттік енеді. Алайда бұл іс-әрекеттің мақсаттылық және бағдарламалық сиапты міндетті түрде біліммен, білікпен, дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бір ізділікті талап етеді, әдіс-тәсілдермен, оның ұйымдастырумен шектеледі.Осы мағынада алынғанда танымдық іс-әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі.
М.А.Асылжанованың пікірінше, балалық шақта балалардың жас ерекшеліктері әрі алғашқы қабілеттіліктердің қалыптаса бастау факторлары да болып табылады. Төменгі сынып оқушысының танымдық іс-әрекеті жас ұрпақтың міндетті түрде меңгеруге тиісті, үнемі жетілдіріп отыратын іс-әрекеті болып табылады.
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде В.И.Лозоваяның докторлық диссертациясында зерттелінді. (Лозовая, 1990). Автор жеке тұлғаның белсенділігін талдай және жүйелей келе жеке тұлғаның мәні мен осы ұғымының әрекет ұғымына қатынасын ашуды түрлі көзқарастың орнына алып отырағынын атап өтеді. Оларды қысқаша келтіре кетейік.

  1. Белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша белсенділік ретінде көрініс табады.

  2. Белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі.

  3. Белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі.

  4. Белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.

Танымдық белсенділікті түсіндірудің түрлі нұсқаларына (оқуға ұмтылушылық пен, ерік-жігер көрсетуімен сипатталатаны шәкірттің хал-жағдайы; білімді жігерлі түрде игеруге дайын болушылық пен ұмтылушылық; ақыл-ой әрекеті; әрекет сапасы, т.б.) талдау жасай келе, В.И.Лозовая олардың бәрі осы ұғымның елеулі жақтарын толықтырады дегенге меңзейді.
Бұл көзқарастарды, - деп атап өтеді ол, жеке адамның білім алуды, қол жеткізген білімін тереңдетуді қоғамның рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсіну танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет