3 І тарау. ОҚу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері


ІІ ТАРАУ. қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды ұйымдастыру



бет5/10
Дата04.07.2022
өлшемі262.5 Kb.
#459597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -mekteptegi-oqushylardyn-oqu-tanymdyq-is-areketin-basqarudy-uyymdastyru

ІІ ТАРАУ. қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды ұйымдастыру


2.1 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың формалары және әдістері

Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып отыр. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулері – сапа, жекелік білім деп ұғады. Берілген мәселеге «танымдық әрекет» және «танымдық белсенділік» ұғымдарының енуі тек әрекетті бірлікте қарайтын болсақ онда бұл жағдайда мәселе өзінен өзі шешілетін сияқты, себебі оқушылардың кез-келген әрекеті ойламды шешімді болуы керек. Тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған ортаға әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіре отырып оны өзгертеді және таниды. Бұл танымдық үрдістің ең жалпы үлгісі. Алайда, субъектінің санасында танымдық нақты әлемнің екі көрінісінің екі деңгейінің барын (репродуктивті және продуктивті), олардыың бір-бірінен танымдық үрдістің жүруі барысымен ерекшеленетіндігін атап өту керек.


Репродуктивті танымдық деңгейде (оқыту материалы) сырт қабылдауға берілген күйінше қабылданады. Танымның жоғарғы деңгейі – бұл продуктивті, белсенді таным. Бұған тән нәрсе – оқушының сабақ материалына деген өзгеше қатынасы. Белсенді таным кезінде оқушы үйреніп жатқан сабақ материалының мазмұнына жаңа сұрақтар қояды, оның мәселесін қалыптастырады, оны шешуге жаңа әдістер іздестіреді. Таным оқушылардың құбылыстар туралы терең білім алуына ғана емес, оны ерекше ұғынуға, меңгеріп жатқан білімге және танымдық үрдіске қатынасына бағытталған.
Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптасады. Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке тұлғаның сапасы ретінде келесі бөліктер ерекшеленеді:

  • Оқу тапсырмаларын орындауға әзірлік;

  • өзіндік әрекетке ұмтылыс;

  • тапсырма орындаудағы саналылық;

  • оқытудың жүйелілігі;

  • жеке өзінің деңгейін көтеруге ұмтылыс және т.б.

Материалды тікелей оқу немесе оқыту нақты пайымдаудан басталады. Бұл сатыдағы басты міндет, бейнелер мен фактілерді жинақтай отырып өтетін материалдар туралы оқушылардың түсінігін кеңейту және санасын өсіре түсу. Сонымен бірге, бұл сатыда оқушылардың байқағыштығын дамытуға көңіл бөлінеді. Ең бастысы, бұл сатыда материалды алғаш түсіну, оқушылар бойына енгізе бастау жүргізіледі. «Нақты пайымдау» алғашқы сатыда кең мағынаға ие болады. Ол – демек сезім пайымдауы, қабылдау, іс-әрекет пайымдауы болып саналады.
Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Баланың оқу әрекеті – күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңьегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.
Баланың ақыл-ой еңбегін белігілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек.
Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады.
Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға (бақылауға), бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар).
2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-амалдары).
3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы).
4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау — баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау — нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау — белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.
Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдау) т.б.
Оқушының оқу әрекетінің жемісті болуы ойлаудың осындай амалдарын қолдана алуына байланысты болады. Ойлаудың түрлері: көрнекі — амалдық, кернекі — образдық, сөздік — логикалық.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау — жанның өте бір қиын, терең iсі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың, ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:
1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер ашық суреттеулердің көп болуына ыждаһат қылу керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың ұғым, хүкім жасауы ой шығаруы қажет болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық болуы керек. Қанша дегенмен, адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қасиет жоқ. Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын.
2) Бала заттарды, көріністерді ұксас сандары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды топ-топқа бөлу сияқты. Бірақ, бала заттарды, көріністерді топ-топқа бөліп үйренсін. Топ-топқа бөліп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.
3) «Көріністердің, ойлардың араларындағы байламды, олардың қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже заң шығартқызып үйрету сияқты істермен болады» [4].
Оқушылардың сабақ кезіндегі танымдық іс-әрекетін басқару шеберлігі бірнеше факторға тәуелді болып келеді. Оның ең бастыларының бірі – өзінің сабағын оқушылар үшін қызғылықты етіп ұйымдастыру болып табылады. Өйткені, қызығушылық барлық психикалық үрдістер мен қызметтерге оң ықпал етеді: оның ықпалымен оқушылардың қабылдауы, зейіні, есте сақтауы, ойлауы жақсарып, ерік күші молаяды. «Оқыту барысында танымдық қызығушылық көптеген рольдерді атқарады: ол оқушыны өзіне тартып алып кететін қызғылықты үрдіс те болады, оқушының танымдық қызметінің сапалы әрі ұзақ болуын қамтамасыз ететін мотив те бола алады, сондай-ақ, оқушының жалпы бағыт-бағдарын айқындап беретін оның мінез-құлқы мен тұлғасының сипатты ерекшелігіне де айнала алады» [5].
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару ерекшелігі оқушылардың өздерінің психологиялық ерекшеліктері мен саналуандығымен тығыз байланысты. Әрбір оқушының танымдық мүмкіндігі мен қабілеті олардың психологиясына байланысты болғандықтан, орта мектеп мұғалімі әрбір оқушының осындай ерекшелігін есекере отырып олардың оқу-танымдық іс-әрекетіне басшылық жұмысын құрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, әрбір оқушымен жеке-жеке танымдық жұмыс жасау өте үлкен нәтиже берген болар еді. Дегенмен, орта мектеп жағдайындағы әр сабаққа бөлінетін уақыт мерзімі мен сыныптағы оқушылар санының көптігі мұндай мүмкіншілікті туындата алмайтын болғандықтан, сыныпты мұғалім шартты түрде үш деңгейге бөліп, «Деңгейлете оқыту» технологиясын пайдалануы бірқатар өз жемісін береді.
Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Казақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.
Мектептегі оқу жұмысынына сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру - қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.
Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш — түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол — педагогикалық міндет талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.
Танымдық әрекетінің негізінде оқушыда танымдық белсенділік қалыптасады. Олай болса, танымдық белсенділік дегеніміз, білімді меңгертуді тек байқаумен, сезумен ғана қабылдатып қоймай, керісінше, талданып отырған үрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың теория жүзінде қалай ашылғанын байқата, соны білдірте отырып, менгерген білімін практикада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс амал-тәсілдерін үйрету, сол арқылы іскерлігі мен дағдысын арттыру болып табылады. Яғни, оқушылардың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 ж.) балалар заттарды түсіне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Мектеп жасындағы бағалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарын терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімдердің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі бағыты бұрынғы «ойнау» кезеңінен оқу үрдісіне бет бұру кезеңі больш есептеледі. Мектеп кезеңдері ішіндегі ең негізгі кезең болып саналатын бастауыш кезеңі оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетінің дамуына ең тиімді де, қолайлы кезең бола отырып, осы кезеңде олардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасатын және елестету, армандау мен ойлау амалдары: талдау сияқты көзқарастары жоғары дөрежеде дамуына жағдай жасалу қажет.
Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі - өзіндік жұмыс пен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және өдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.
Бастауыш сыныптардағы қазіргі бағдарлама мен оқулықтар мұғалімдерге оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстары кеңінен ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді. Мұғалімдердің әр сабақта балаларға өздігінен жұмыс істетіп, олардың интеллектуалдық белсенділігін, еңбексүйгіштігін және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтіндей жұмыс жүргізуіне мүмкіндігі бар.
Өзіндік жұмысының тиімділігі мұғалімнің осы әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Тәжірибеден өз бетінше ізденуді, оқушылардың өзіндік жұмысын ебін тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде жағдайлар туғызып, олардың басты міндетін өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалімнің оқытуда ең жақсы нәтижеге жететіндігін көруге болады.
Іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру, оқу және тәрбие жұмысын одан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі. Бұл жұмысқа мұғалімдер жұртшылығы белсенділікпен қатысып, зор үлес қосуға тиіс.
Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекет. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Баланың оқу әрекеті – күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңьегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.
Баланың ақыл-ой еңбегін белігілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек.
Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады.
Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға (бақылауға), бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойллаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар).
2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-амалдары).
3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы).
4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау — баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау — нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау — белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.
Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдау) т.б.
Оқушының оқу әрекетінің жемісті болуы ойлаудың осындай амалдарын қолдана алуына байланысты болады. Ойлаудың түрлері: көрнекі — амалдық, кернекі — образдық, сөздік — логикалық.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау — жанның өте бір қиын, терең iсі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың, ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:
1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер ашық суреттеулердің көп болуына ыждаһат қылу керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың ұғым, хүкім жасауы ой шығаруы қажет болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық болуы керек. Қанша дегенмен, адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қасиет жоқ. Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын.
2) Бала заттарды, көріністерді ұксас сандары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды топ-топқа бөлу сияқты. Бірақ, бала заттарды, көріністерді топ-топқа бөліп үйренсін. Топ-топқа бөліп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.
3) «Көріністердің, ойлардың араларындағы байламды, олардың қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже заң шығартқызып үйрету сияқты істермен болады». (М. Жұмабаев. Педагогика, Алматы.
Балалардың дамуына ең алдымен, оқыту мазмұнының ерекшеліктері әсер етеді. Бастауыш мектептегі оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән — ана тілі. Ана тілін үйрену — сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін де менгереді.
Оқушылардың танымы — өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларды танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі.
Жалпы, орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауышта білім беруден басталады, ол жалпы білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы. Мектепте баланың оқу мен психикалық дамуының бастапқы негіздері қалыптасады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған сабақтар түрлері төртке бөлінеді:

  • Танымдық

  • Коммуникативтік

  • Шығармашылық

  • Әдіснамалық

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда мұндай шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі. Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:

    • оқушының танымдық белсенділігі қалыптасады;

    • сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;

    • шығармашылық ой-өрісі артады;

    • кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;

    • ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау — жанның өте бір қиын, терең iсі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың, ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:
1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер ашық суреттеулердің көп болуына ыждаһат қылу керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың ұғым, хүкім жасауы ой шығаруы қажет болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық болуы керек. Қанша дегенмен, адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қасиет жоқ. Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын.
2) Бала заттарды, көріністерді ұқсас сандары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды топ-топқа бөлу сияқты. Бірақ, бала заттарды, көріністерді топ-топқа бөліп үйренсін. Топ-топқа бөліп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.
3) «Көріністердің, ойлардың араларындағы байламды, олардың қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже заң шығартқызып үйрету сияқты істермен болады» /2/ (М. Жұмабаев. Педагогика, Алматы.
Балалардың дамуына ең алдымен, оқыту мазмұнының ерекшеліктері әсер етеді. Бастауыш мектептегі оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән — ана тілі. Ана тілін үйрену — сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін де менгереді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет