3 І тарау. ОҚу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері



бет9/10
Дата04.07.2022
өлшемі262.5 Kb.
#459597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -mekteptegi-oqushylardyn-oqu-tanymdyq-is-areketin-basqarudy-uyymdastyru

Қосымша №1
Оқыту процесінде 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда экспериментальдық жұмысты жүргізі және оның нәтижелері.
Тәжірибелік экспериментальдық жұмыстың мақсаты оқыту үрдісінде 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жүйесін тәжірибелі тұрғыда тексеру.

  1. Оқыту процесінде танымдық белсенділікті арттыруда ықпал ететін жаңа үрдістегі құралдар мен әдістер, формаларды таңдауды жүзеге асыру.

  2. Эксперименттік түрде оқыту процесінде 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жүйесінің тиімділігін дәлелдеу.

Ұйымдастырушылық эксперимент барысында ғылыми-педагогикалық талдау негізінде 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етуші мектептің жалпы жағдайы үйренілді. Сонымен қатар, оқушылар арасында тест, сауалнама жүргізу арқылы олардағы танымдық белсенділіктің арттыру деңгейі анықталды. Ұйымдастырушылық экспериментте зерттеу мәселесінің алғашқы көрсеткіштерін сипаттайтын алғашқы мағлұматты алуға мүмкіншілік болды. Оқушылардың танымдық белсенділігінің арту деңгейін анықтаумен бір қатарда олардың білім деңгейі және мұғалімдердің жеке тұлғаның танымдық белсенділігі артуының мәні мен құрылымы туралы білімнің дәрежесі белгіленді.
Біздің ойымызша заман талабына сай бүгінгі күнгі мұғалімдер оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру бойынша кейбір мәліметтерді игерген болуы қажет еді.
Барлық білім беру жүйесінің оқу-тәрбие мекемелерінде өзекті деп табылды. Ұйымдастырушылық эксперимент барысында педагогикалық эксперименттік мына әдістері пайдаланылды: 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыра отырып оқыту деңгейін талдау, оқушылармен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу, сұрақ-жауап, әңгімелер, тесттік әдістер. Білім беру жүйесінде оқушыларды оқытудың дәрежесін талдау нәтижесінде мыналар анықталды: ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда мүмкіндіктері толығымен зерттелінбеген.
Ал мұғалімдер оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру негізінде жүйелі әдістерін қажет етеді. Іс жүзінде оқыту процесінде олар таным туралы қарапайым түсініктермен шектеледі. Озат тәжірибені үйрену және іс жүзінде 5-6сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесін зерттеу жаңалықты ашуға, кемшіліктерді жоюға итермелейді. Бұл жұмыс келесі мақсаттарды көздеді 5-6сынып мұғалімдерінің практикалық іс тәжірибесін үйрену арқылы оқыту барысында танымдық белсенділікті арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау оқушыларды оқыту процесінде танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар жасау.
Мұғалімдер іс-әрекетін білім беру саласында педагогика үлгілерін қолдану саласында жетілдіру мынадай іс-шаралар негізінде іске асырылды:

  1. 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда педагогикалық шарттар арқылы қалыптастыруда мұғалім іс-әрекетіннің теориялық негіздемесін жасау.

  2. Оқыту үрдісінде халықтық педагогика құралдарын пайдалану тәжірибесінде материалдар сапасын жетілдіру.

  3. Төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін қазіргі уақытта оқыту әдістері мазмұнына халықтық педагогика элементтерін ендірілуі тиіс.

Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстың екінші кезеңі қалыптастырушылық кезең деп аталады. Бұл басқышта біз белгілеген педагогикалық шарттарды негізге ала отырып мына міндеттерді анықтадық:

  • төменгі сыныптарда жүргізілетін оқу пәндері мазмұнын толықтыру;

  • оқушылардың білім алуға, оқуға деген жауапкершілігі мен ынтасын арттыруда оқыту әдістерін қолдануды қамтамасыз ету;

  • оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда жүйелі түрде педагогикалық шарттарын қадағалау.

Эксперименттік сыныптарда жүргізілген жұмыс мазмұнын талдау, яғни оқу бағадарламаларын күнтізбелік-тақырыптық жоспар, күнделікті сабақ жоспарын бақылау, сабақтарға ену, оқушылар мен мұғалімдер арасында әңгіме жүргізу жоспарланған болатын. Мұндай зерттеу жүргізу нәтижелері 5-6 сынып оқкушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруда жылжу бар екендігін көрсетеді. Сабақтарға ену барысында оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі көтерілгенінің куәсі болдық. Мұнда мұғалімдер белсенді түрде танымдық белсенділігін үлгілерін оқыту үрдісінде пайдаланады: танымдық белсенділікке байланысты жағдаяттар тудырады, таным нормаларын ұсынады, яғни қызыуғшылық, ынта-ықылас т.б. үлгілерін береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет