Ойын тактикасыШабуылда және қорғаныста ойын тактикасы берілген ойын жағдайында ең тиімді жеке, топтағы және командалық іс-әрекеттерді таңдау ретінде қарастырылады. Қорғаныс тактикасына сонымен бірге қақпашының ойын тактикасы кіреді. Ойын тактикасы техникамен тығыз байланыста. Неғұрлым техника жетілген болса, шабуылшының қорғаушының тәсілдері алуан түрлі болса, соғұрлым тәсілді немесе әрекетті таңдау оңай болады.
Шабуыл тактикасы Жеке іс-әрекеттер. Шабуылда допсыз ойыншының және доп ұстаған ойыншының жеке іс-әрекеттері қарастырылады. Ойыншы қорғаушының
бақылауынан босатылуға тырысады, доп алу үшін ең ыңғайлы орынды алуды таңдау керек. Допсыз ойнай білу, ашылу, шығуды жасау шабуылшының тактикалық әрекеттерінің маңызды бӛлімдерін құрайды. Доп ұстаған ойыншы допты ойнатуға бағытталған немесе қақпаны алу үшін әрекеттерді орындайды. Ол дәл қазіргі жағдайда ең тиімді деген тәсілдерді таңдайды. Топтағы іс-әрекеттер шабуылшылардың сан жағынан артықшылықта немесе шабуылшылар мен қорғаушыларды сан жағынан тепе-тең болғанда топтағы іс-әрекеттер 2:1, 3:2, 4:3 және ойыншылар одан кӛп болғанда орындалады. Шабуылдың аяқталушы кезеңінде сан жағынан артықшылық жасай білу және қорғаушыдан бос ойыншыны шабуылды аяқтауға қосу, алдын-ала үйренген әрекеттерді қолданумен жүзеге асырылады. Сан жағынан артықшылық қорғаныстан шабуылға кӛшкенде және үлкен жылдамдықта уақытылы және дәл доп беруге байланысты жүзеге асырылады. Сан жағынан бірдей топтағы іс-әрекеттер доп беруді және шығуды үйлестіріп немесе шабуылшыны жапқышпен (заслон) босатумен орындалады. Шығумен үйлестірілген доп берулер ойыншыларға бос орынға шығуға мүмкіндік береді. Жапқыш қорғаушының қимылының жолында кедергі болып табылады. Шабуылшы бір аяғын алға қойып және денесін алға еңкейтіп, жанымен орналасады. Осы қалып арқылы қорғаушыға арналған кедергі қойылады. Жапқыш арнап қойылған шабуылшы қақпаға қарай ӛтеді. Жапқыштарды доп ұстаған немесе допсыз ойыншы жүзеге асыра алады. Олар орнында немесе қозғалыста орындалады. Жапқыштар жүйесінің кӛмегімен немесе жапқыштармен негізделген ойын комбинацияларының кӛмегімен, шабуылдың мүмкіндіктері кӛбейеді, кедергісіз доп лақтыруға немесе қақпашы алаңының сызығына ӛтуге мүмкіндік жасалынады. Шабуылда командалық ойын жүйесі жылдам алға шығу жолымен немесе ұстанымды (позиционный) шабуылмен жүзеге асырылады. Жылдам алға шығудың дамуы шет жақтармен немесе орталық арқылы ӛтеді. Шабуыл бір ойыншымен, топпен немесе команданың барлық ойыншыларымен орындалады. Ұстанымды шабуыл белгілі қойылымнан құралған ұйымдасқан қорғанысқа қарсы орындалады. Шабуыл ойыншылары қақпаны әр түрлі қашықтықтан және әр бұрыштан шабуылдайды; әр түрлі орында орналасқан, олар белгілі ойын қызметін (функция) орындайды. Қақпаға қарсы қақпашының алаңының сызығының қасында орын алатын ойыншыны сызықтағы (линейный) деп атайды. Бұл ойыншылардың міндеті: жақын қашықтықтан лақтырумен шабуылды аяқтау, ойыншы лақтыруды секіріп орындайды. Лақтыру қақпашының алаңына түсуімен немесе құлауымен аяқталады.
Ереже бойынша шабуылшы қақпашының алаңына түскенше қолдан допты жіберуі керек. Ол құлау арқылы қарсыласынан озуға және қақпаға дейінгі аралықты азайтуға тырысады. Шабуылды алаңның бұрыштарынан орындайтын ойыншылар шеткі шабуылшылар деп аталады. Олардың ойынының ерекшеліктері қақпаға шеткі бұрыштан лақтыру болып табылады, бұл арнайы дағдыны талап етеді. Сонымен бірге шеткі шабуылшылар денені еңкейту арқылы және сілтеу кезінде допты артқа әкетумен лақтырудың бұрышын үлкейтуге тырысады. Қақпашы алаңының үстінде допты секіріп тосып, барлық ойыншылар шабуылды аяқтай алады. Бұл жағдайда лақтыруды тосқаннан кейін немесе екі аяқпен итеріліп немесе бір қолымен орындайды. Шабуылшылардың әрекеттерін ұйымдастыратын немесе әр түрлі қашықтықтан оны лақтырумен аяқтайтын ойыншыларды ойнатушы және жартылай (полусредний) деп атайды. Ойнатушы ойыншы қақпаға қарсы орналасады, ал жартылай (оң және сол) – ойнататын және шеткі шабуылшылардың арасында орналасады. Ойын комбинацияларын орындау кезінде ойнатушылар және жартылайлар лақтыру қашықтығын қысқартуға тырысады, қақпашы алаңының сызығына шығуға асығады немесе әр түрлі қашықтықтан секіріп лақтырып шабуылды аяқтайды. Ойын комбинациясын орындау кезінде шабуылдағы ойыншылар орын ауыстыра алады, басқа ойын қызметін (функция) орындай алады. Ұстанымды шабуыл қорғаныстың нақты жүйесін ескереді және оның ойынына қарсы ең тиімді нұсқаларды алады. Шабуыл сызығында ойыншылардың ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін; екі сызықтағымен немесе екі ойнатушы ойыншылармен және басқа нұсқалар. Ойын комбинациялары бірнеше ойыншылармен орындалады. Тоғыз метрлік еркін лақтыру жапқышты комбинациядан кейін немесе қарсыласының қақпасын кезек-кезек шабуылдаған, бір-біріне доп берген ойыншылардан кейін орындалады. Жеті метрлік айып добын лақтыруға 2-3 ойыншы дайындалады. Олар тоғыз метрлік сызықта орналасады. Қалған ойыншылар ортаңғы сызықта орналасады және қорғану әрекеттерін ұйымдастырады. Қорғаныс тактикасы Шабуыл ойыншылары доптан айырылғаннан кейін, қорғану әрекеттерін орындауды бастайды. Бұл әрекеттер допты тартып алуға немесе шабуылды басуға бағытталуы мүмкін, ӛз қақпасының алдында ұйымдасқан қорғаныс жасауға бағытталады. Бұл үшін ойыншылар белгілі орындарға орналасады. Сызықтағы ойыншы алға шығып, шеткі, жартылай және ортаңғы қорғаушылар жақын қашықтықтан лақтыруға кедергі жасап қақпашы алаңының сызығының алдында орналасады. Алға әр түрлі санда ойыншыларды шығарып, қорғаушыларға орын ауыстыруға болады. Бұл қорғау жүйесін таңдауға байланысты, сонымен қатар қарсылас команданың күшті жақтарына байланысты. Қорғаныстағы ойыншылар қақпашы 64
алаңының сызығының алдында шоғырлануы мүмкін немесе неғұрлым кең алаңда шабуылшыларға қарсы әрекеттер жасап, белсенді ойнайды. Бұл жерде қорғаныс жеке, зоналық принциптерге немесе олардың нұсқаулары бойынша құрылуы мүмкін. Жеке іс-әрекеттер қорғаныстағы ойынның негізі болып табылады. Олар орынды таңдай білуге немесе допты беруге, ӛтуге немесе шығуға, лақтыруға және допты алып жүруге қарсы әрекеттерге ең тиімді тәсілдерді қолданумен қорытындыланады. Қорғаушылардың жеке іс-әрекеттеріне сан жағынан артықшылықтағы қарсыласқа қарсы ойнай білу, допты тартып алу техникасын игеру допты ұрып жіберу және басқа қарсы әрекеттердің тәсілдері кіреді. Топтағы іс - әрекеттер ӛз қақпасын қорғауға неғұрлым сенімді мүмкіндіктер жасайды. Мұндай ӛзара әрекеттер кӛбінесе қауіпті деп саналатын зонаны сақтандыру үшін қорғаушылардың ығысуы немесе жапқыш қойған кезде ауысулары болады. Сан жағынан артықшылығы бар қарсыластарға қарсы ойын кезінде, тоғыз метрден лақтыру кезінде және қақпашымен бірге әрекеттер ұйымдастыру кезінде қорғаушылардың әрекеттері кӛбірек сәтті болады. Қорғаушылардың ығысулары доп ұсынған белсенді ойыншы жүрген жаққа кедергі жасаулары керек. Шабуылдаушылар қорғаушы ойыншыларының арасында айырмашылық жасауға тырысады, оларды жылдам доп берумен созады. Қорғаныстағы ойыншылар ең қауіпті деген орынға жылдам ығысып, сақтандыруды жүзеге асырады. Шабуыл басқа зонаға ауысқан кезде ойыншылар солай қарай ығысады. Қорғаныс ойыншаларының ауысуы айқасып жылжу (қорғалу) кезінде және шабуылдаушыларға жапқыш қойған кезде қолданылады. Шабуылдың ойыншылары орын ауыстырғанда қорғаушылар олардың соңынан қимылдамайды, оларды басқа зонаға беріп, ӛз зоналарында келесі шабуылдаушыларды қарсы алады. Кемшілікте ойнап жатқан қорғаушылар жылдам шабуылдауға қарсы қорғанысты ұйымдастыру кезінде доп ұстаған ойыншы кезек-кезек шабуылдайды. Оны доп алып жүруін тоқтатуға мәжбүр етіп, қалған шабуылдаушыларды бақылауға алады. Бұл тәсіл шабуылды басып, қорғаныста сандық тепе-теңдікті жасайды. Сандық кемшілік кезінде қорғаушылар қақпашы сызығында шабуыл болатын ең қауіпті зонаны – қақпашы алаңының сызығының ортасын жабады. Алаңның бұрыштарынан немесе алыстан лақтыруларға қорғаушылардың біреуден шығуы қажет және олар ӛз орнына жылдам қайтулары керек. 9 метрлік лақтыру кезінде екі немесе үш ойыншыдан «қабырға» қояды. Олар шабуылдаушылардың лақтыратын қолы жағына ығысады. Қақпашы «қабырға» қоюды ұйымдастырады және қорғаныста ойын кезінде ығысуын ұйымдастырады. Оқыту әдістемесі Жылжу Жылжуды үйретуді ойыншының бастапқы тұрысынан бастайды; жүрудің, жүгірудің, тоқтаудың, бұрылудың түрлерінен және осы әрекеттердің үйлесімінен бастайды. Үйрету және жетілдіру кезінде қолайлы жағдайлар жасалынады. Олар шұғылданушылардың дайындығына сәйкес және оқыту үрдісін белсендіреді. Бекіту эстафеталарда, ойын техникасының элементтерімен қозғалыс ойындарында ӛткізіледі. Тұрысты, жүруді және жүгіруді, сонымен қатар жылжудың басқа да тәсілдерін үйрету кезінде әрекеттерді қосымша дайындықсыз орындауға кӛңіл бӛледі. Мысалы, тоқтағаннан кейін ойыншы жоғары секіруге дайын немесе кез келген бағытқа екпіндеп жүгіреді, қимылды қай жаққа жүгірсе сол аяқтан бастайды. Мысалыға жаттығулар:
1. Отырып-тұру, секіру, тұрыс қалпынан әр түрлі бағытқа жүгіру.
2. Кәдімгі жүруді жартылай отырып және отырып жүрумен кезектестіру.
3. Кәдімгі және еңкейіп жүгіруді кезектестіру.
4. Әр жаққа қапталымен жылжуды және айқастырып адымдарды кезектестіру.
5. Қолды сызыққа тигізу эстафеталары немесе еңкейіп жүгіру эстафеталары.
6. Кӛру және есту белгілері арқылы, серіктесінің екпінімен, үнемі қашықтықты сақтап жылдамдықты ӛзгертіп жүгіру.
7. Ирелеңдеп бағытын ӛзгертіп жүгіру.
8. Жылан сияқты бағытын ӛзгертіп жүгіру эстафеталары, «Бастаушы», «Ұстап алу» қозғалыс ойындары және олардың нұсқалары.
Тоқтау және бұрылулар орнында, содан кейін жылжумен үйлестіріп және екпіндеумен кезектестіріп үйретіледі. Тоқтау екі қадаммен немесе секіріп орындалуы мүмкін. Тоқтау және бұрылу кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін дене салмағын артта тұрған аяққа түсіреді. Мысалыға жаттығулар:
1. Тоқтау қалпында артта тұрған аяққа отыруы, оның қасындағы еденге қолды тигізіп отыру.
2. Кӛру және есту белгілерінен түрлі жылдамдықта жүгіріп келгеннен кейін тоқтауды орындау.
3. Орнында алға және артқа бұрылу, қимылда бұрылу.
4. Алға және артқа бұрылуларды тоқтаумен үйлестіру .
5. Бұрылып допты тосқаннан және әр түрлі бағытта допты бергенен кейін тоқтауды үйлестіру.
Секіруді орнында екі аяқта және бір аяқта, одан кейін алға, жанына қимылдап, заттардан ӛтіп, орнынан және жүгіріп келіп жоғары секіруді үйретеді. Мысалға жаттығулар:
1. Орнында бір және екі аяқта секіру, толық отырудан секіру, секіру кезінде аяқты тарту.
2. Сызықтан, доптан, орындықтан секіру. Бір және екі аяқта әр түрлі бағытта және алға жылжып кӛп секірулер.
3. Бір және екі аяқта орнында және жүгіріп келіп затты секіріп ұстау.
4. Тӛмен отырудан затты секіріп ұстау.
5. Секірумен және жүгірумен ойындар және эстафеталар: «Жүгірушілер мен секірушілер», «Әтештер ұрысы» қозғалыс ойындары.