3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру



бет3/9
Дата26.05.2022
өлшемі37.57 Kb.
#458677
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Жарыс ережесін білу, т решілік ету да дыларын игеру

Ойынның мазмұны Гандбол ойыншыларының міндеті қарсыласының қақпасына доп соғу және ӛз қақпасын қорғау болып табылады. Барлық доппен қимылдар қолмен орындалады, осыдан ойынның атауы шыққан. Ойын ӛте әр қилы және табиғи қимыл координацияларында жүгіруде, секіруде және лақтыруда негізделген.
Шабуылдаушылардың іс-қимылдары жылжу, допты беру, тосу, допты жүргізу және қақпаға доп лақтырудан тұрады. Қорғаушының іс-қимылдары 54
жылжи білу, доп ұстаған шабуылшыға және қақпашының ойынына қарсылық кӛрсете білу болып келеді. 40х20 алаңның ӛлшемінің үлкендігіне қарай спортшылардың дене шынықтыру сапасына жоғары талап қойылады.
Ойын техникасы
Шабуылдағы және қорғаныстағы ойын техникасы екі топтағы тәсілдерден тұрады: шабуылшылардың жылжу техникасы және допқа ие болу техникасы, қорғаушылардың жылжу техникасы және қарсыласу әрекеттерінің техникасы. Допсыз орындалатын ойын тәсілдері: бастапқы тұрыс, жүру, жүгіру, секіру, тоқтау және бұрылу. Бұл топтағы тәсілдердің міндеті ойыншылардың қажетті бағытта жоғары жылдамдықта сенімді жылжуы ьолып табылады. Ойыншының бастапқы қалыпта нық тұрысы шабуылда және қорғаныста жылдам және уақытылы қимылдауына мүмкіндік береді. Қорғаушылардың жылжуының ерекшеліктері арқамен алға және жанымен жылжу болып табылады, ал шабуылшылар жылжуды бетпен алға орындайды. Шабуылшының допқа ие болу техникасы допты беруден, тосудан, допты жүргізуден және лақтырудан тұрады. Қорғаушы қарсы тұру әрекеттерін қолданады; допты алып кету, ойыншыға тосқауыл қою және лақтыру кезінде допқа тосқауыл қою, қағып жіберу және допты жүргізу кезінде тартып алу, лақтыру кезінде допты қолдан алып қою әрекеттері болып табылады. Қорғаныстағы ойын техникасына қақпашының ойыны кіреді, ол тұрыстан, қолмен және аяқпен ойнаудан, лақтырудан және құлаудан, қақпада жылжудан және лақтыруға қарсы шығудан тұрады. Барлық техника тәсілдерінің орындалуының негізгі әрекеттердің рационалдылығы және үнемділігі жылдамдылық және дәлдік болып табылады.
Шабуыл техникасы
Жылжу техникасы тұрыстан, жүруден, жүгіруден, бұрылудан, тоқтаудан және секіруден тұрады. Тұрыс. Шабуылдаушы ойыншының тұрысын аяғын алға қойған және аяқтары бір сызықта орналастырған деп бӛледі.
Аяқтары бүгулі, қолдары шынтақта бүгілген және кеуде тұсында болады. Басын кӛтеріп,ойыншы кез келген қимылға немесе доппен әрекет жасауға дайын. Аяқтарын бір сызықтың бойына қойған тұрысты ойыншы әр түрлі жаққа қимылдау үшін қолданады, мысалы допты ойнатқан кезде. Ойын комбинацияларын орындағанда және алға қимылдаған кезде аяғын алға қойған тұруды ұстаған тиімді. Ол әр түрлі бағытта ұмтылып жүгіруді орындауға мүмкіндік береді. Жүру. Бүгілген аяқты қозғалта білуге алғашқыда жүру кезінде жетеді. Жүру және оның түрлері тірек-қимылдау аппаратын нығайту үшін қызмет ететін құрал. Бұл үшін еңкейіп, жартылай отырып, аяқтың ұшымен, ӛкшемен, аяқтың ішкі және сыртқы қырларымен жүру қолданылады.
Жүгіру. Еңкейіп жүгіру қозғалудың жылдамдығын және бағытын ӛзгерту үшін бастапқы қалпы және қимылдың негізі болып табылады. Еңкейіп жүгірудің нық қалпы тепе-теңдікті жоғалтпай жанымен және арқамен алға қозғалуға, жүгірудің түрлерін алмастыруға, оларды тоқтаумен және секірумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Қимылдың жылдамдығы қолдың және аяқтың қимылының ӛзгеруінің жиілігіне байланысты ӛзгереді. Әдетте қадамның ұзындығы ӛзгермейді, ӛйткені жүгіру қашықтығы онша ұзақ емес. Қимылдың бағытының кенет ӛзгеруі бір мезетте дененің бұрылуынан және дене салмағын бұрылатын жаққа ауыстыруына байланысты жүзеге асырылады. Осы әрекеттерді бір бірімен келістіргенде қимылдың бағытын жылдамдықты тӛмендетпей-ақ ӛзгертуге болады. Бұрылулар орнында және қимылда орындалады. Нық қалыпта неғұрлым тӛменгі тұруда жүзеге асырады. Дененің салмағы қай аяқпен бұрылуды орындайды, сол аяққа аударылады. Орнында бұрылу бір мезетте денені бұрумен және бұрылатын жаққа қарай кішкене қадам жасаумен орындалады. Тірелген аяқ алаңнан алынбайды. Орнында бұрылуды алға және артқа тоқтаумен, допты жүргізумен, допты берумен байланыстырып орындауға болады. Қимылда бұрылу арқамен алға ұзын қадам жасау сияқты орындалады. Шабуылшы қимылда бұрылу арқылы қорғаушының қамқорынан босатыла алады, алға шығуды және тактикалық іс-әрекеттер жасай алады.
Тоқтауды екі қадамнан немесе секіріп орындайды. Аяғын бүгіп, ойыншы екпінін басады. Денесін қимылдың қарсы жағына қарай еңкейтеді. Екі қадамнан тоқтауды орындаған кезде бірінші қадам біраз созыңқы, ал екінші қадам қысқа болады. Секіріп тоқтау кезінде аяқты бүгу бір мезгілде және неғұрлым қайратты (энергично) орындалады. Неғұрлым қимыл жылдам болса, соғұрлым тоқтау кезінде аяқты қатты бүгеді. Қол кеуде тұсында, тепе-теңдікті сақтайды, допты тосуға және басқа да әрекеттерге дайын тұрады. Секіруді бір немесе екі аяқпен итеріліп орнында және қимылда орындайды. Жерге түскенде ойыншы тепе-теңдікті сақтап, келесі әрекеттерді жасауға дайын тұрады. Тірелмеген қалыпта тепе-теңдікті сақтау лақтыруды және қорғану әрекеттерін орындау үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет