Қорғаныс әрекеттері Қорғаныс әрекеттері шабуыл тәсілдерін меңгергеннен кейін үйретіледі. Қорғаушылардың үйреніп жатқан әрекеттерін жасап кӛрулеріне мүмкіндік беріп, шабуылшылар әрекеттерін жәй орындайды. Содан соң тәсілдерді орындау жылдамдығы және қорғаныс әрекеттерінің белсенділігі ӛседі. Допты артынан және жанынан қағып кету (перехват) 4 адамнан тұратын топта орындалады, оны 2 қорғаушы «Допқа таласу» ойынында бұл әрекетті жетілдіреді. Допты жүргізу кезінде тартып алу және допты ұрып жіберу жұпта кезек -кезек үйретіледі. Допты алып келе жатқан ойыншыдан, оның артында тұрып доптың ең тӛмен секірген нүктесінде күтіп тартып алу керек. Шабуылшыдан бұрын қимылдауға тырысып жанынан допты ұрып жіберу қажет. Допты ұрып жіберу және тартып алу шабуылшыға жақын қолымен орындалады. Лақтыруларға тосқауыл қоюды бір немесе екі қорғаушымен алдын ала белгілі лақтыру тәсілін орындайтын жаттығуларда үйретеді.
Қақпашы ойынының техникасы Қақпашының ойын техникасын үйретуді бірінші қозғалу, ұмтылу, құлаудан бастайды, содан соң тосуды, ӛшіруді және допты қолмен және аяқпен қайтаруды үйретеді. Мысалыға жыттығулар:
1. Бір қададан екінші қадаға қапталдан жылжу, ұмтылу, құлау, жанына құлап лақтыру.
2. Үш немесе екі метр аралықта қабырғаға қарап тұрып, серіктесінің түрлі аралықтан лақтырғаннан кейінгі қабырғадан секірген допты тосу.
3. Орталықтан және бұрыштардан, түрлі қашықтықтан лақтырған доптарды қайтару.
4. «Қорғаныс шептері» ойыны бір немесе екі доппен. Шабуылшылар жартылай дӛңгелекке орналасқан, олар қақапашының қорғап тұрған бекінісін дәлдеуге тырысады.
5. Қақападан тӛрт метрлік белгіге дейін шығып және шықпай жеті метрлік айып добын лақтыруды қағу.
Ойын тактикасын оқыту әдістемесі Жеке іс әрекеттер. Қорғаныстағы және шабуылдағы бірнеше тәсілдерді шегергеннен кейін, осы әрекеттердің тактикасын үйренуге кӛшуге болады. Әр тәсілдің немесе оның түрлерінің тактикалық бағыты әр тәсілді оқытудың бастапқы кезеңдерінде айтылады. Жаттығуға міндет қойылып, қандай тәсілдердің кӛмегімен шабуылда және қорғаныста тиімді әрекеттенуге болатынына кепілдік беру керек. Жаттығу түрлі әрекеттерде қолданған тактиканы талдау және түсінумен аяқталады. Тактикалық жаттығуларда шұғылданушылар тӛрешінің рӛлін орындайды. Ереже бойынша бастапқы мағлұматтар бӛлек тәсілдерді үйрену кезінде ертеректе айтылады. Тӛрешінің міндетін жаттығуға қатыспайтын қорғаныстағы ойыншы, допты беруші орындауына болады. Тӛрешілікке тапсырма былай болуы мүмкін: үйреніп жатқан әрекеттерді қолдану ережесінен қателерді анықтау және қате жіберілген кезде тӛреші жесттерін үйрену белгісі болып табылады. Дыбыс белгісі Мысалыға жыттығулар:
1. Алаңда қозғалып немесе қозғалмай бір қорғаушыға қарсы екі шабуылшы бір-біріне доп береді. Шабуылшылар бос орынға шығып, доп алуға тырысады. Доп беру түрлі тәсілдермен орындалады, финттен кейін және алаңнан секіртіп.
2. Жанындағы сызықтан доп берушімен 1х1 шығу және бақылау. Шығудан кейін 5 доп беруді алып, шабуылшы доп берушінің орнына тұрады, ал қорғаушы шабуылшының орнына тұрады.
70
3. Қақпашының алаңынан доп берушімен 1х1 шығу және бақылау. Шыққаннан кейін допты алып, қорғаушыны алдап ӛтіп немесе допты жүргізумен жанынан кетіп шабуылшы қақпаны алуға тырысады.
4. Допты жүргізіп, жанына кетіп және лақтырып 1х1 ойыны. Қорғаушы лақтыру кезінде допты алып қоюға тырысады.
Топтағы әрекеттер. Сан жағынан артықшылықта шабуыл әрекеттерін үйрету ең тиімді. Содан соң шығу және жапқыш(заслон) үйретіледі. Қорғаушылар доп ұстаған ойыншыны жабуды үйренеді, содан соң жапқыштан кейін ауысуды үйренеді. Топтағы тактикалық жаттығулар қимылдау сапасын тәрбиелейтін жаттығулар бір мезгілде ӛткізілуі мүмкін. Топта тактикалық жаттығуларды орындағаннан кейін кезек-кезек күшті, жылдамдық күшін, секіру тӛзімділігін дамытатын тапсырмаларды орындайды. Топтағы барлық шұғылданушыларға түрлі жаттығуларға қатысуға мүмкіндік жасалынады. Осымен бір мезгілде нұсқаушы және тӛрешілік дағдыларын жетілдіру. Мысалыға жаттығулар:
1. Алаңда қозғалып бір қорғаушыға қарсы екі шабуылшы доп береді, тура солай қақпаға лақтырумен шабуыл алаңының бір жағында орындалады.
2. 3х2 шабуылдау немесе 4х3 лақтырумен. Топтағы ойыншылар кезек-кезек қорғаушы болып тұрады.
3. Бос орынға доп беруден кейін шығып 2х2 шабуылдау.
4. Алаңның бір жартысында 2х2, 3х3, 4х4 ойын. Қақпаны шабуылдау үшін доп бергеннен кейін шығуды үйрену және доп ұстаған ойыншыны жабуды үйрену.
5. Айқасып қимылдаудан кейін, арттан шыққан шабуылшыға доп беруден кейін лақтыру үшін шығарулар.
6. Қорғаушылардың ауысуы және шабуылшылардың айқасып шығуынан кейін лақтыруға тосқауыл қою.
7. Бірнеше шабуылшының айқасып, қимылдауы және жеке қорғау кезіндегі шыққан ойыншыға қорғаушылардың ауысуы.
Командалық әрекеттер. Командалық әрекеттерді үйрену ойын қызметтерін анықтаудан басталады және белгілі орыннан шабуылдағы және қорғаныстағы ойынды үйренуден басталады. Содан соң бір сызықтағы шабуыл немесе қорғаныс ойыншыларының ойын байланыстары оқытылады және түрлі сызықтағы ойыншылар арасындағы байланыстары үйретіледі. Ойын комбинациялары қорғаушысыз, содан соң енжар және белсенді қорғаушылармен орындалады. Бір ойыншының жылдам алға шығуы (быстрый прорыв) қақпашымен ӛзара әрекет жасауда оқытылады. Қақпаға доп лақтырудан кейін шабуылдау, содан кейін түрлі сандағы топтарда ортадан немесе алаңның шетінен алға шығу оқытылады.
Қорғану әрекеттері 6:0 зонада тұрғызумен бастап үйретіледі, содан соң әр түрлі санда алға шыққан ойыншылармен нұсқауларын үйретеді. Бірте-бірте қорғаушылар әрекеттері белсендіріледі, жеке қорғау және оның белсенді түрлері оқытылады. Командалық тактикалық әрекеттерге барлық шұғылданушылар қатысады. Жылдам алға шығуды үйрену кезінде жаттығулар лекте қарсы қақпаны кезек-кезек шабуылдап орындалады. Шабуылшылар мен қорғаушылардың саны тактикалық тапсырмаға байланысты анықталады. Ұстанымды (позиционный) ойынды үйрету кезінде шабуылдағы және қорғаныстағы әрекеттер кезек орындалады. Алаңның бір жартысында шабуылда және қорғаныста үш команда әрекеттерін жетілдіре алады. Тапсырманы бір немесе бірнеше доп салғанға дейін немесе шабуылдаушы команда допты жоғалтқанға дейін орындауға болады. Қорғаушылар допқа ие болып, босап ӛз әрекеттерін талдайды, сӛйтіп шабуылшы ролінде ойынға кіруге дайындалады. Шабуылдаушы команда қорғанысқа ауысады, ал шабуылға бос команда кіріседі. Үш команда қарсы қақпаға шабуылдап ойнай алады, доп жоғалтқан кезде шабуылдан қорғанысқа ауысып отырады. Егер команда табысқа жетсе, ол қарсы қақпаға шабуылдауын жалғастырады. Команда әрекеттерін команда капитаны ұйымдастырады. Әрекеттерді құруды және талдауды оқытушы ӛткізеді. Бұл жаттығуларды орындау кезінде инструкторлық және тӛрешілік тәжірибелерін жетілдіру мүмкіндіктері бар. Мысалыға жаттығулар:
1. Қақпашыдан доп алып алаңның шетімен бір ойыншы жылдам алға шығып шабуылдайды. Жаттығу айналып (по кругу) орындалады және он метрден лақтырумен аяқталады.
2. Алаңның ортасымен және шетімен топтағы ойыншылар жылдам алға шығады. Шабуылды қорғаушысы жоқ ойыншысы аяқтайды.
3. Зоналық қорғанысқа қарсы алаңның бір жартысындағы ойын. Біртіндеп қақпашы алаңының сызығына қарай ӛтіп, зонадағы қорғаушылардың ауысуынан кейін босағанға допты береді.
4. Әр түрлі нұсқадағы зонаға қарсы бір немесе екі сызықтағы ойыншылармен шабуылдау.
5. Үзілмей жапқыш жасап жеке қорғанысқа қарсы шабуылдау. Қорғаушылар ауысуды үйренеді.
6. Күштілігі жағынан әр түрлі қарсыластарға қарсы оқу ойындары.
Достарыңызбен бөлісу: |