3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру



бет2/9
Дата26.05.2022
өлшемі37.57 Kb.
#458677
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Жарыс ережесін білу, т решілік ету да дыларын игеру

Ережесі
Қақпаның ӛлшемі: биіктігі 2 м, ұзындығы 3 м.
Доп: айналымы,см. 54-56 (әйелдер) 58-60(ерлер) Салмағы 325-400 (әйелдер) 425-475 (ерлер) Ойын алаңы: ұзындығы 40 м, ені- 20 м. Гандбол ойынының ойнау уақыты:
1. 10-12 жас (балалар) 2 тайм, 15 минуттан.
2. 13-14 жас (оқушылыр) 2 тайм, 15 минуттан.
3. 15-16 жас (қыздар, жігіттер) 2 тайм, 25 минуттан.
4. 17-18 жас (жасӛспірім) 2 тайм, 30 минуттан.
5. 19-20 жас (жастар) 2 тайм, 30 минуттан.
6. 21 ден жоғары (үлкендер) 2 тайм, 30 минуттан.

Барлық топтар үшін үзіліс 10 мин. Кейбір жарыстарда ережесіне байланысты ойын қысқартылуы мүмкін. Команда кұрамы 12 адам. Оның 10 алаң ойыншысы, 2 –қақпашы. Ойында 2 командада 7 ойыншыдан ойнайды. Қалғандары орындықта ауысатын ойыншылар. Жаңа ереже бойынша допты ойынға қосуда және еркін лақтыру кезінде тӛреші ысқырығынсыз допты ойынға қоса береді. Ойынның жылдамдығы арттыру үшін гандбол допты 45 секундтан артық ұстауға болмайды деген жаңа ереже енгізді. Бұл ереже гандбол ойынының тез кӛтерілуіне үлкен себебін тигізді. Доппен тек қана үш қадам жасауға болады. Допты тек бір қолмен ұрып жүргізу керек. Допты дененің барлық жеріне тигізуге болады, тек тізеден тӛмен болмайды. Допты жұдырықпен ұрып гол кіргізуге болады. Допты тек 3 секунд ұстап тұруға болады. Ауттан салған доп голға саналады. Жатқан допқа, домалап бара жатқан допқа құлауға болмайды. Қақпаның бойындағы сызықтан қорғаушылардан кеткен доптан кейін, тӛрешінің ысқырығынсыз бұрыштан лақтырып доп ойынға қосылады. Бұрыштан лақтырған доп голға саналады. Егер допты беретін ойыншы болмай қалған жағдайда допты қақпашыға беруге болады. Тек қақпашы ӛз алаңынан шығу керек. Егер қақпашы ӛз алаңынан тосып алса, онда сол командаға айып добы соғылады. Айып добы тӛрешінің ысқырығынан кейін 7 м сызығынан орындалады. Барлық ойыншылар 9 м сызықтан шығып тұруы керек, допқа 3 м артық жақындамау керек. Кақпашы ӛз алаңында допты денесінің барлық жерімен қайтара алады. Қақпашы қолына доп ұстап ӛз алаңынан шыға алмайды. Егер қақпашы допты тосып алса немесе допты сызықтан асырса, онда ол ойынды бастайды, допты ӛз ойыншыларына бере алады. Қақпашы қарсылас қақпаға доп соға алады. Қақпашыға шабуылдағы ойынға қосылуына болады. Екі ойыншы допқа таласып қалған жағдайда, допқа таласқан ойыншылар тӛрешінің лақтырған добын ӛз ойыншыларына қарай қағып жібереді немесе тосып алуына болады. Жанындағы сызықтан кеткен допты жанынан лақтыру арқылығы ойынға қосады. Еркін лақтыруды ереже аздаған бұзылған жағдайда береді. Ереже қай жерде бұзылды, сол жерден орындалады. Доп лақтыратын ойыншыдан 3 қадам ары тұру керек. Егер ойын ережесін 6 м, 9 м сызықта бұзылса онда еркін лақтыру 9 м сызықтан орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет