Полисемия, гректің πολυσημεία сөзінен шыққан, "көп мағыналылық" дегенді білдіреді, сөзде тарихи шартталған немесе мағынасы мен шығу тегі бойынша байланысқан екі немесе одан да көп мағыналардың болуын білдіреді. Полисемияның пайда болу себептерінің қатарына тілдік ресурстардың шектеулілігі, адамның есте сақтау қабілетінің шектеулілігі, сондай-ақ тілдің өзіне тән ингеренттік қасиетінің өзі, оның өмір сүруінің, дамуының және оның жалпылама қызметін жүзеге асыруының шарттарының бірі деп аталады. Синонимия (гр. synonymia — аттас, мәндес) — тіл бірліктерінің мағыналары толық немесе жартылай сәйкес келетін семантикалық қатынастардың түрі. Синонимия тілдің лексикалық фразеологиялық, грамматикалық, сөзжасамдық жүйесіне тән. Синонимия шындық өмірдегі қасиеттерді бейнелейтін, эр түрлі типтегі тілдердің қай-қайсысында болсын болатын құбылыс. Синонимияның табиғаты тіл бірліктерінің семантикалық жақындық дәрежесімен анықталады, ол жайында зерттеушілердің бір тобы Синонимиялық бірліктерінің арасында толық сәйкестік болатынын, енді бір-қатары олардың бірліктерінің арасында сәлде болса айырмашылықтар (мағыналық, стилистикалық) болатынын айтады. Антонимия — қарама-қарсы мағыналары (антонимдері) бар лексикалық бірліктердің мағыналық қатынастарының түрі. Тілдің лексикалық-семантикалық жүйесінің категориясы бола отырып, антонимия лингвистикалық әмбебаптардың бірі болып табылады: ол барлық тілдерге тән, ал оның бірліктері қарама-қарсы мағыналардың түбегейлі ортақ құрылымын және антонимдердің құрылымдық-семантикалық классификациясындағы үлкен ұқсастықтарды көрсетеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі фразеология. Лексикография. Сөзге лексика-семантикалық талдау.