3. Лексикология. Лексика. Лексика


Лексикография (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы



бет3/5
Дата01.06.2024
өлшемі22.45 Kb.
#502195
1   2   3   4   5
3. Лексикология. (1)

Лексикография (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Сөздіктердің ғыл. әдістемесін жасайды. Сөздіктің теор. мәселелері теоретик. Лексикологияда қарастырылады; ол Лексикология теориясы мен Лексикология тарихына бөлінеді.
Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді, т.б.) және микроқұрылымын (сөздіктегі мақала құрылымын: мағыналарға жіктеу мен анықтама, дәйектеме түрлерін, шартты белгілер жүйесін, фразеологияны, т.б.) зерттейді.


І.Фразеология және оның өзіндік белгілері. Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады.Екіншісі- бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім.Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар.
Олар: 1. даяр қалпында жұмсалу белгісі
2. мағына тұтастығы
3.тіркес тиянақтылығы
1.Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады.Оның сыртқы құрылым- құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де,сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді.Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз.
2.Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына тұтастығы.Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді.
3.Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан.Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір – бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет