2.3. Маңғыстау гидронимдерінің құрылымдық-сөзжасамдық сипаты
Географиялық атаулар лингвистер үшін таптырмас манызды ақпарат береді немесе Э.М.Мурзаевтың пікірінше, «лингвистика географиялық атауларды зерделеуде негізгі құрал болып табылады. Қазіргі атаулардын топонимиялык таралу аймағын зерттеуде лингвистиканың, әсіресе салыстырмалы фонетиканың көмегінсіз, Балқаннан Таймырға дейінгі «тау, жота» мағынасындағы түркі тілдеріне тән даг, таг, тау, тоо, туу сияқты атауларының, бірыңғай қатарда жасалуын анықтай алмаймыз. Сондай-ақ тіл білімінің әдіс-тәсілдерінсіз қазіргі топонимиканың заңдылықтарын анықтауда ең маңызды рол атқаратын жұрнақтардың да географиялык атауларды жасаудағы орнын айқындау мүмкін емес».
Маңғыстау облысы топонимдерін сөзжасамдық тұрғыдан:1) лексика-семантикалық, 2) синтетикалық, 3) аналитикалық тәсілдер аркылы жасалуын қарастырамыз.
Лексика-семантикалық сөзжасамның нәтижесінде фонетикалық жағынан жана сез туындамайды, тек кана мағыналар өзгереді. «Сөзжасамның лексика- семантикалық жолы белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, кеп мәнді, ен бастысы омонимдік катарда келуі арқылы жасалады» [37, 99 б.]. Топонимдердің сөзжасамның лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуына топонимизация, трансонимизация, транстопонимизация деп аталатын тәсілдер катынасады.Топонимизация тәсілі дегеніміз-географиялык терминдердің (детерминативтердің) ешбір қосымшасыз топонимдерге айналуы.
Мысалы: Ада Қарақия ауд. кұмдауытты құмқайыр, Аран Манғыстау ауд. құдык.
Керіз Маңғыстау ауд. құдық, Оба - Түпқараған ауд. мола, Орпа - Маңғыстау ауд. ден. құдык, қорым, Өзен - Маңғыстау үстіртіндегі шағын ойыс, шат - Маңғыстау ауд. кұдық т.б.
Трансонимизация деп антропонимдердің, этнонимдердің ешбір қосымшасыз топонимдерге айналуын айтамыз. «Трансонимизация - жалқы есімдерді бір ономастикалык топтан еш қосымшасыз екіншісіне ауыстыратын ен өнімді тәсілдердін бірі болып табылады» [154, 46 б.].
Бұл тәсіл арқылы жасалған топонимдер өлке территориясында көптеп кездеседі. Антропонимдерден жасалған топонимдер: Ажар Маңғыстау ауд. мола, Аманбай - Маңғыстау ауд. мола, Әжібай- Түпқараған ауд. мола, Байділдә - Маңғыстау ауд. жер, Гүлшат - Манғыстау ауд. қоныс, қорым, Досмаганбет Маңғыстау ауд.құдық, Ердалы - Бейнеу ауд. құдык, ден, Жанбай -Түпқараған ауд. қауым, Исатай - Мангыстау ауд. құдык, Киікбай - Бейнеу ауд. құдық атауы, Козыбай-ескілікті сәулет ескерткіші т.б. Этнонимдерден жасалған топонимдер: Ақша Маңғыстау ауд. құдык, - Алта - Мангыстау ауд. кұдық, Байкүшік-Бейнеу ауд. кұдық, Балықшы - Бейнеу ауданындағы кұдық, Бегей - Түпқараған ауданындағы ферма аты, Жанай - Үстірттегі кұдық, Зорбай - Манғыстау ауданындағы сай, Қосқұлақ - Бейнеу ауданындағы кұдық, қорым, Қырықмылтық - Түпқараған ауданындағы мола т.б. ТрансТопонимизация тәсілі - топонимдердің бір кластан екінші класка ауысып, жана объектінің атауы ретінде жұмсалуы.
Мысалы: Аққұдық ауданындағы елді мекен; 2) Манғыстау ауд. кұдық; Ащыорпа - 1) Каракия кұлык аты, 2) Каракия ауд. тебе; Балпан - 1) Бейнеу ауд. кұдық, 2) корым аты; 1) Бозащыдағы Басқұдық - 1) Маңғыстау ауданындағы ауыл, 2) кұм атауы; Таушық - 1) тау; 2) елді мекен т.б. Сонымен сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі географиялық атауларды жасауда енімді тәсілдердің бірі болып табылады.
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде жаңа сөздерді жасауда синтетикалық (морфологиялық) тәсіл кеңінен қолданылады. Қазақ тілі түрлі мағынадағы жана сез жасауда енімділігі жағынан әртүрлі сөзжасамдық жұрнақтарға ие. Синтетикалык тәсілмен жасалған атаулар - 220, яғни 8,1% құрайды. Тіліміздегі туынды топонимдер негізге түрлі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.
Бірақ Г.И.Донидзенің айтуынша, сөзжасамның барлық аффикстері емес, арнайы жұрнақтары гана географиялык атаулар жасауға қатынасады екен. Арнайы жұрнақтар деп тек географиялық атаулардың құрамында кездесетін жұрнақтарды атауға болады. В.А. Никоновтың пайымдауынша, «топономия сез жасаудың жана тәсілін ойлап таппайды, тілде барын алады, алайда өте аз денгейде пайдаланады». Маңғыстау өңірінен жинақталған топонимиялық материалдардан өлке жер-су атауларының жасалуына зат есім, сын есім және етістік жұрнақтарының актив колданылатыны байқалды.
Өлке топонимдерінің сөзжасамындағы бір ерекшелік - есімшенің көне -мыш жұрнағы арқылы жасалған топонимдердің кездесуі. Мысалы: Ақмыш (бұлақ), Жармыш (бұлақ), Колмыш (бұлақ). Тілімізде етістіктен зат есім жасайтын көне -мыш//-міш жұрнағы да бар. Мысалы: жазмыш, озмыш т.б. Біздің пікірімізше, топоним құрамындағы -мыш есімшенің көне жұрнағы болып табылады.
Демек, Акмыш (аққан бұлақ), Жармыш (жарған бұлақ), Колмыш (ойыс жерден аққан бұлақ) деген мағына береді.
-ык/-ік,-ак//-ек жұрнағы
-//-к, -ык//-ік,-ак//-ек жұрнақтары объектінің аумағын, қалпын, касиетін т.б. білдіретін топонимдерді жасауға қатынасады. Мысалы: Жарық, Сасық, Ойық т.б.
Бұлардан басқа өлке топонимдерінің құрамында төмендегідей өнімсіз жұрнақтар да кездеседі:
-ар//-ер. Мысалы: Көшер, Кайнар т.б.
-шы//-ші. Мысалы: Мұнайшы, Отыншы т.б.
-лык//-лік. Мысалы: Орындық, Ұйлық.
-уык//-уік. Мысалы: Күркіреуік, Шарқырауық, Шоқырауық.
-ыс//-іс. Мысалы: Құйылыс, Қоныс.
-мас//-мес. Мысалы: Қатпас.
-ат//-ет,-т. Мысалы: Суат.
-н,-ын//-ін, -ғын. Мысалы: Бөген, Толкын.
-ыр//-ір. Мысалы: Жалтыр.
-ган//-ген. Мысалы: Жарылған.
-ан//-ен. Мысалы: Қызан, Тиген. -сен. Мысалы: Тепсен Сонымен Манғыстау топонимдеріндегі туынды түбір атауларды талдай отырып, сөзжасамдық-лы//-лі, -ша//-ше, -ма//-ме, -мыш жұрнақтарының ерте дәуірлерден бері географиялық атауларды жасауда актив қолданылатынын байқауға болады.
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Қазақ тіліндегі күрделі сөз жасамының өзіндік ерекшелігін тереңірек зерттеген К.Аханов күрделі сездін мынадай белгілерін атайды: 1) күрделі сөз кемінде екі түбірдің (немесе негіздін) бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан, қысқаруынан жасалады; 2) күрделі сөз жасайтын бұл сынарлар семантикалық жагынан да, морфологиялык жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір ғана ұғымды білдіреді; 3) күрделі сөздің кұрылымдық тұтастығы бұзылмайды, онын сыңарларынын арасына сыналап баска бір сөз кіргізуге және орнын ауыстыруға да болмайды; 4) күрделі сөздің сыңарлары тұтас бір ауа түйдегімен үзіліссіз-үздіксіз айтылады, бір ғана дауыс екпініне бағынады [39, 49-79 бб.]. Күрделі атаулар әртүрлі семантикалық топтарға жататын кемінде екі сездін косындысынан тұрады. Біреуі географиялық нысанды көрсетсе, екіншісі оны нақтылайды. Күрделі географиялық атаулардың сыңарлары әртүрлі қызмет аткарады. Күрделі географиялық атаулардың қызметі нақты белгіленген: географиялық аппелятив сынары белгілі бір географиялық нысанға катысын көрсетсе, атауыштық сынары оны өзіне ұксас объектілерден өзгешелейді, дербестігін танытады.
Маңғыстау топонимдері сөзжасамның бұл тәсілінде толык мағыналы сездердін бірігуі, тіркесуі және қосарлануы аркылы жасалады. Күрделі атаулардын саны - 1895 (70,1%). Күрделі топоним сөзжасамына тау, құдық, бұлақ, су, төбе сиякты көптеген қасиетін географиялык атаулар қатынасады. Э.М. Мурзаевтың пікірінше, «терминдер дегеніміз топонимдердің ұғымдық мазмұнын анықтайтын географиялық атаулардын кұрамдас бөлігі» [40, 98 б.]. Бұл терминдер, нақты географиялық нысанды емес, жалпы ұғымды білдіреді. Топонимдердін аналитикалык тәсіл аркылы жасалуында сөздерді біріктіру тәсілі негізгі тәсіл болып табылады. Бұл сөз тіркестері түркі изафетінің I типі аркылы жасалады, яғни анықтағыш - бірінші сынар, анықталғыш - екінші сынармен байланысты. Изафеттік кұрылымдар түркі тілдерінің күрделі сөздерін жасауда ең өнімді тәсіл болып табылады. Қазақ тілінде де көптеген күрделі сөздер осы құрылым арқылы жасалған. Сөз жоқ, Маңғыстау өңірі топонимдерінің дені де осы әдіс арқылы жасалды. Біріккен күрделі атаулар, негізінен, төмендегі топонимдік модельдер арқылы жасалады: «Зат есім +зат есім» Бұл конструкцияда бірігетін сөздердің екеуі де зат есімнен болады. Оларды іштей жалқы есім мен жалпы есімнін және жалпы есім мен жалпы есімнін бірігуінен жасалган курделі топонимдер деп бөлеміз.
«жалқы есім + жалпы есім». Мысалы: Ағымәулие, Аманбұлақ, Ниязбұлақ, Әбдіртам, Бүркітата, Досаной, Есетмола, Қанғабаба, Мәтжанжал, Мұқанқұдық т.б.
Профессор Қ.Жұбанов өзінің «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан» атты еңбегінде: «Қазіргі қазақ сөйлемінде сөйлем мүшелерін орналастырудың барлық түркі тілдеріне ортақ, бұлжымас заңы сөздердің катан орын тәртібі сақталатыны мәлім. Оның сипаты төмендегідей түрде: анықтауыш анықталушы мүшеден бұрын, толықтауыш толықталушы мүшеден бұрын және басқа сөйлем мүшелерінің бәрі баяндауыштан бұрын тұрады. Бірақ орналасудың мұндай тәртібі, шамасы, алғашқы жүйе емес секілді. Өйткені қазіргі казак тілінде кездесетін көптеген фактілер, яғни синтаксис нормаларының бұзылуы, бізге ертеде үстемдік еткен, кейін жаңа үлгілердің пайда болуымен байланысты ығыстырылып көне нормалардың болғандығынан хабар береді». дейді. Күрделенген жер-су атауларының құрамындағы компоненттердің бұлай алмасып колданылуында белгілі бір заңдылыктар бар.
Дербес қолданылатын қара мен екінші позицияда (постпозицияда) кездесетін қараның мағынасы мулдем басқаша. Мысалы:Маңғыстау топонимиясында кездесетін Қара, Құздықара, Доңқара Сұлуқара сиякты оронимдерде «қара қазіргі казак тілінде ұмытылған «биік, шоқы, тебе, тау» магыналарында қолданылған. Осы мағыналарында қара термині өте көне термин [7, 189 б.]. Ғ.К.Қоңқашпаев та «қара» сөзі күрделі топонимнің соңынан келгенде, абсолюттік биіктік ұғымын береді деп түсіндіреді.
Сол сиякты Айтыманащы, Қосащы, Қарашашы гидронимдеріндегі ащы компоненті (аджы ажы) - суы ащы, бірақ мал ішуге жарамды кұдықтарға қарата айтылып, солай жер атауы болып қалыптасып кеткен: Ажы Севортянның сөздігінде: «ащы, ащы су, шипалы су» делінген .Ал Артқауынды, Жазыгүрлі, Базыгүрлі атауларындагы анықтауыш пен анықталушы мүшелердің орын алмасып келу жағдайы көне синтаксистік тәсілдер арқылы жасалган. Олар матаса байланысып, изафеттік құрылымдармен келеді де, белгілі бір обьектінін кімге немесе неге меншікті екендігін көрсетеді
Сонымен Маңғыстау топонимдері сөзжасамның аналитикалық тәсілінде толық мағыналы сөздердің бірігуі, тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. Аналитикалық тәсіл топонимдерді жасауда ең өнімді тәсіл болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |