2.2. Адамдардың шаруашылық, тұрмыстық іс-әрекеттері мен қоғамдық қатынастарын көрсететін гидронимдер
«Қазақ халқының жеке тайпалары мен рулары ерте заманнан-ақ көшпелі тұрмыс жағдайында өмір сүріп, негізінен мал шаруашылығын кәсіп еткені көпке мәлім». Өзінің табиғат жағдайына қарай Маңғыстау түбегі де ежелден бері мал өсіруге, әсіресе түйе мен қой шаруашылығын өркендетуге қолайлы өлке. Асан қайғы Манғыстауды «Құт орнайтын жер екен, малға қоныс екен, мал баққан шаруаға бұдан артык жер болмас» деп сипаттаған екен.
«Археологтардың айтуынша, Орта Азия мен Қазақстанда алғаш қолға үйретілген мал-ешкі. Б.з.б. 6-мыңжылдық тұсындағы неолит заманы мекен- жайларынан табылған сүйектердің 80%-ы ешкінің сүйегі болса, одан кейінгі кене мекен-жайлардан табылған сүйектердің басым көпшілігі қойдың сүйектері болып шыққан. Ешкі мен койдын колда көптеп өсірілуі, адамдарды алыс жайылымдарды игеруге, тыннан су көздерін іздеуге, көшпелі мал шаруашылығын кеңінен өрістетуге итермелеген. Сөйтіп, үнемі қозғалыстағы көшпелі мал шаруашылығы тасымал жүктерінің ұлғаюы, күш-көліктің қажеттілігі түйе түлігін көптеп өсіруге әкеліп тірейді. Ал теңіз жағасы, аралдар, бұлақтар мен сулы қамытшылықтарды сағалаған отырықшыларда сиыр өсірілді».
Маңғыстау қазақтары жылқы, түйе, қой, ешкі және аздап сиыр өсірген. Халқымыздың бұрынғы тірлігі туралы халық жазушысы Ә.Кекілбайұлы: «Төрт түлік малды азық та қылдық, көлік те қылдық. Сөйтіп, даламыздын кендігінін, тек үстіндегі байлығының өзінің қажетімізден асып түсуі бізді ұзақ уақытқа дейін баскаша тірлікке аландата қоймады», - дейді [34, 23 б.]. Сол мал бағып күн көрген көшпенді және жартылай көшпенді елдін өмір-тірлігі және олардың көшіп-қонып жүрген жерлері мен табиғат құбылыстары жайлы көзқарастары жер- су аттарынын пайда болуына әсер еткен.
«Қазақ халқының төрт түлік мал жөніндегі мәліметтері мал түрлеріне, жас және физиологиялык ерекшеліктеріне, малмен байланысты нақты оқиғалар мен іс-әрекеттер негізінде географиялық атауларда көрініс тапқан. Бұл топтағы атаулардың метафоралық сипаты айқын байқалады» [27, 36 б.].
а) Мал аттарымен қатысты топонимдер айғыр, түйе, нар, мая, қой, ат, ешкі, май, қозы, бұзау, қошқар т.б. сөздерінің қатысы арқылы жасалған.
Мысалы: Айғыр: Айғырқорым; Айғыржол ден: Айғырұшқан құдық: Айғырұшқан тереңқұдық атауы т.б.
Сондай-ақ баска да мал атауларын топонимдер құрамынан кездестіруге - болады: Үшқозы жер аты; Қоңырінген құдық; Егізлақ құм, Бурасойған қоныс, қора; Бұзауқора қоныс: Көкбайтал - құдық, Тайлақбұлақ, қорым аты, Үлек құдык, корым аты, Шошқакөл бекініс, Қошқар қорым, Қошқармас корым, Алабие - жер аты т.б.
Кейбір атаулар сөз тіркесі түрінде болады және нақты оқиғадан хабар береді. Мысалы: Айғырұшқан, Түйебатқан, Нарсойған, Наркеткен, Ақотты нар, Маясойған, Қарақойсойған, Ешкіқырған, Ешкіөлген т.б.
Мысалы: Ақотты нар топонимі туралы мынадай аңыз сақталған: Ақотты деген жерден құдықшы құдық қазып жатады. Құдықшы су шығатын, жиналатын көзге әлі де екі күннен кейін жетем деп есептеген, бірақ су жиналатын көз көбірек болады да, бірнеше жерден жарып шығады. Судың астында қалатын болған сон, сыртқа арқанды сілкіп, тартып шығаруға белгі береді. Құдықтың сыртындағылар: «Ол бүгін бола алмаймын, шықпаймын дегені» «Екіндіге дейін жайылсын», - деп, оған әуелі мән бермейді. деп, күнде шығырға жегіп жүрген түйені аяғын тұсап, жайылысқа жібереді. Белгі үздіксіз қайталана берген соң қасындағы қосымша жұмысқа жегіліп жүрген нарды алып келеді. Бұрын шығырға түспеген түйе үркіп тулап, құдықшыны құдықтың ішіне олай соғып, бұлай соғып, мылжа- мылжасын шығарып алып шығады. Содан құдықтың аты «Ақотты Нар» деп аталады. Сол оқиғадан кейін, ел қорқып, қасына көп қонбайды екен. Малын сол құдықтан суарып, ауыз суды басқа құдықтан алатын болған [19, 45-46 бб.].
Суат атаулары. «Маңғыстаулықтар мал-жандары үшін бес түрлі су көзін пайдаланған: 1) жыра, сай-салаға су тасқындарынан жиналатын сулар; 2) тау бұлақтары; 3) ойпаң жерлерге қар мен жаңбыр суынан жиналған ұсақ көлшіктер; 4) кен тақырларға тұратын қақтар; 5) құдықтар. Малсуару ісі Маңғыстаудың әр жерінің табиғи жағдайына қарай ұйымдастырылған. Қысқы жайылымда қар жеткілікті болған жылы мал суарудың керегі болмаған. Өйткені тебіндегі мал қар қауып-ақ сусынын қандыратын. Табиғи суаты жоқ, жазық, шөл далалар мен кұмды аймақтарда көктемде іркілген қар суы да суат есебінде пайдаланылған және кұдықтар қазылған» [35, 25-26 бб.].
Бұл өлкенің саяси, экономикалық тіршілігінің негізі болған құдықтардың тарихы сонау орта ғасырдан бермен қарай белгілі болған. С.Қондыбаев «Манғыстау географиясы» еңбегінде жалпы «облыс территориясында 1870 жылы 1139 кұдық болса, ХХ ғасырдың басында 4,2 мыңға жеткен. Қазіргі кезеңде олардың көпшілігі көміліп, не суы ішуге жарамсыз болып отыр» - дейді [1, 56 б.].
Кұдықтар терендігіне қарай саяз (тайыз) және терең болып екіге бөлінеді.
Қазақ тілінде кұдық атауларының сипаты шыңырау, орпа, күп, аджы, тұран, бас, еспе, қоңырдаң, апан, құю тәрізді терминдер арқылы анықталады. Осы терминдердін қатысуымен Маңғыстауда көптеген жер-су атаулары қалыптасқан.
Құдық сөзімен жасалған топонимдерге: Аққұдық, Қарақұдық, Ащықұдық, Аяққұдық, Көңдіқұдық, Алтықұдық, Тұщықұдық, Қырыққұдық, Қосқұдық, Борқұдық, Ақшақұдық, Жарқұдық, Молқұдық, Сайқұдық, Сорқұдық, Түрленқұдық, Ұзынқұдық, Қоңырқұдық, Тағанқұдық, Қожыққұдық, Егіндіқұдық, Байқұдық, Басқұдық, Жолқұдық, Жанқұдық, Жарыққұдық, Иінқұдық, Көкқұдық, Көктіқұдық, Көңдіқұдық, Кішіқұдық, Қамысқұдық, Қисыққұдық, Қызылқұдық, Молқұдық, Мұқанқұдық, Сақақұдық, Сорлықұдық, Тақырқұдық, Төртқұдық т.б. жатады. Сонымен қатар көнетүркілік құю сөзінен (құдық түрі) Ащықұю, Үшқұю, Ақшақұй, Сайқұй қалыптасқан.
Шыңырау-тереңдігі 5-6 м. асатын өте терең құдық. Шыңырау терминімен жер-су атаулары: Ақшымырау, Қарашымырау, Бесшымырау, Есеншынырау, Жалғызшымырау, Сарышыңырау, Қосшыңырау т.б. Еспе - сай бойындағы көзі қайраннан шығатын тайыз құдықтар [20, 190 б]:
Еспе, Жаманеспе, Кареспе, Ащыеспе, Ақеспе, Тұщыеспе, Қызылеспе, Ортаеспе, Ұлыеспе, Желеспе, Еспелісай, Жалғызеспе т.б.
Kүп - сай тұйығындағы асты тастақты, шұңғыл, су жиналатын орын. Маңғыстауда күп бірнеше жерде: Желшенің күбі, Қаракүп, Онайкүп, Ойықкүп, Шаңырақкүп, Қотыркүп, Жетікүп, Коныркүп, Тесіккүп, Шайтанкүп, Шаттың күбі, Күптісай, Үкікүп т.б. кездеседі [20.194]. Қоңырдан сай бойына ағын сулардын жиналатын орны. Қоңырдан аттары көбіне орналасқан жерінін тұрқына, бедеріне, жер атауына т.б. байланысты болып келеді [19, 200 б].
Мысалы: Құйылыстың қоңырданы, Тасқоңырдан, Келтеқоңырдан, Аққоңырдан, Бестастың қоңырданы т.б.
Opпа-аузы кен, тайыз, әрі шегенделмеген кұдық. Орпа терминімен жасалған топонимдерге: Тасорпа, Алаторпа, Ащыорпа, Ауызорпа, Тереңорпа құдық, Шағылорпа, Жаманорпа, Жаңаорпа, Орпа, Орпасай, Орпалыой т.б. жатады.
Тұран-асты тастақты, қар, жаңбыр суы көп жиналатын табиғи су қоймасы [19, 212 б]. Маңғыстауда бірнеше тұрандар бар: Қызылтұран, Белтұран, Қасқатұран, Тасмұран, Қаратұран, Сырымның тұраны, Құсымның мұраны т.б.
Аджы (көне түріктің сөзі)// ажы - суы ащы, бірақ мал ішуге жарамды құдықтарға қарата айтылады да, солай жер атауы болып қалыптасып кеткен:
Елеғажы, Қарашажы, Қосажы т.б.
Бас терендігі 5-6 метрлік құдық [2, 56 б]. Мысалы: Ащыбас, Қызылбас, Қарамандыбас, Тасбас, Бөрібас, Басқұдық, Ұзынбас, Тоқбас, Сүйірбас, Сарыбас, Қарабас, Қандыбас, Жездібас, Басбас т.б.
Суат: Қызылсуат - құдық; Суат-қыстау, Борлысуат - сай т.б.
Фонтан: Қосайфонтан, Ақфонтан т.б.
Орпа, еспе, бас, күп, тұран, қоңырдан, шыңырау тәрізді терминдер арқылы жасалған топонимдер аймаққа тән тілдік ерекшелік болып табылады. Бұл атаулар көшпелі қазақ өмірі мен мал шаруашылығының ерекшеліктерінен хабар береді.
Өлке топонимиясында егіншілікпен мынадай жер-су атаулары қалыптасқан: Артқауынды - ойпат, бұлақ атауы; Қауынды -ойыс: Егінді - бұлақ аты; Егіндібұлақ - құдық: Егіндіқұдық - құдық; Егіндіой - жер аты; Онқауынды - бұлақ т.б. Жер суары ісінін ең көп тараған әдісі табиғи суаттар: бұлақтар мен жанбырдан жиналған көлдерден арықтар жүйесі арқылы суару еді. Жер суаруга қатысты Сәлменбегем, Сенбайбөгет, Тобанияз жармасы, Жарма, Қонай жармасы, Керіз, Жарбөгем, Төленбөгет, Салма тәрізді атаулар қалыптасқан. Мұндағы Керіз - парсы тілінен енген кірме сөз. Мағынасы тайыз құдықтардың суын жер үстінен үңгіп, бір- бірімен жалғастырылып, бір жерге жиналған су көзі дегенді білдіреді.
Балықшылықпен қатысты топонимдер. «Маңғыстау қазақтарының Каспий теңізінін Шығыс жағалауы мен Жем өзенінің төменгі бойын мекендеген кедейлері ежелден-ақ балық аулауды кәсіп еткен. Олардын балық ұстау әдісі өте қарапайым болды, негізгі аспабы сүйектен, темірден жасалған қармақтар, түйе жүнінен жасалған жабдықтар мен қолдан жасалған кішкене қайық болған» [36, 121 б.]. «XIX ғасырдың екінші жартысында орыс қоныстанушыларының көбеюіне байланысты Мангыстауда балықшылық кәсібі дами түседі. Олар енді балық аулаудын сан алуан ау, қайык, желкенді балықшы қайықтар т.б. құрал-саймандарын жетілдіреді. Балықшылыққа қатысты, мысалы: Багарджик - Түпқараған ауд-дағы мүйіс. Багар (багор) сөзін қазақ тіліне аударғанда «ілгек, қармақ» деген мағына береді,ал - жик кішірейту мәнін беретін, көнетүркі тіліне тән жұрнак, олай болса атаудын мағынасы: «балық ауланатын кішкене мүйіс». Кіші Тулен Бейнеу ауд-дағы кұдық. Түлен - орыс тілінен аударғанда қазылған кұдық» мағынасын береді. итбалық, атау итбалық көп болатын жерден Өлкеден накты балық атауларына қатысты топонимдерді кездестірмесек те, балық шаруашылығымен тікелей пайда болған Долгий және Керел деп аталатын балықшылар поселкесін және арал атауын атап айтуға болады. Керел (Кирил) Каспий теңізінің жағалауындағы аралдар тобы.
Арал осында алғаш келген астрахандық кәсіпкер балыкшының есімімен аталған. Сондай-ақ Бейнеу ауданындағы «Балықшы» аталатын кұдық атауы - генотопоним болып табылады. «Келімбердінін үшінші баласы - Балықшы. Оның шын аты Шыбынтай екен, жарлы болгандықтан, өзен мен теңізден балық аулап күнелткен, сондыктан балықшы аталып кеткен» делінеді [140.17.].Сазанбай - бұлақ (антропотопоним) т.б.
Орографиялык нысандардын кеңістікте орналасу ерекшеліктері ішінде заттык мәдениет элементтерімен де байланыстырылған. Құрал-жабдық атауларынан калыптаскан атауларға мына топонимдер жатады: Айыртам - қора, коныс; Айыртау -тау; Аша - қыстау; Айыршағыл - құдық; Астауой - жер, кұдық; Астау салды - кудык; Бесік - дөң; Керегемола - жер, қорым аты; Кесе - кұдық; Күрткесе жер - аты; Кайлы сор аты; Қалкан жер; Қосәйнек - мола; Кұманкөмген - жер аты; - Құмырасай - кұрғақ аран; Қызыластау - құдық; Орындық — құдық; Сарыаша 1 аңғар: Тасастау аңғар, құдық атауы; Шақпақты — жер аты; Шипрлы қора, қоныс атауы; Керпелі- құрғақ аран; Шөміштікөл, Шөмішті - қорым; Шынжыр-қорым, Сауытты-құдық атауы;Қайрақтау-Ақтаудың жотасы; Қақпақты — құдық және = ден, бұлақ атаулары; Қалқан жер аты; Қосақыр - құдық; Қосарқан- кұдық атауы, Шаңырақ - қоныс, кора аты; Шаңырақкүп - күп; Сандық - құдық т.б.
Қоғамдық-тарихи жайттарға және күнделікті тұрмыстағы оқиғаларға негізделген топонимдер. Өлкеде болған тарихи жайттармен мен түрлі оқиғалар географиялық атауларда бейнеленген. Мысалы: Айдарұшқан мола, шатқал; Алашақазған құдық; Алтыбайқазған - құдық; Бабыққазған - құдық; Басқараған - жер аты; Бәкішқазған кұдык; Бәубекказган құдық; Бекесқазған құдык; Белақкан жер аты; Боқышқазған құдық; Бөріккеткен- жер; Денасқан - жер аты: Елбасқан - тау аты; Есекелген- жер; Жаужол жер аты; Жабайұшқан қоныс, шын; Ешкіқырған-топ құдық; Жарыптүскен шатқал; Жоласқан - қорым; Жүнбасказған-құдық; Жығылған-тау және жер, мола атаулары; Кентайқазған құдык; Көкжар жәрмеңкесі-жер аты; Көміртөккен қоныс, кора; Күйкенушкан 1 тау; Қапартүскен төбе; Қарашқазған құдық; Қожақазған - құдық; Қожақазған-Жайлы-құдық; Қоқымбайқазған құдық; Құманкөмген жер аты; Қыздаршыққан-кұдык; Кыргынсай-жер аты; Латыпқазған-қоныс, құдық; Мәмекказған-кұдық;Ешкіөлген-қыстау,құдық;Жанайқазған-сукөзі; Мырзабай шапқан - құдық атауы; Онайкеткен - жер; Сарыкеткен - кұдық; Сирақшыққан - құдық; Сырыккеткен құдық; Ұйқылы жер; Шотанқазған - құдық т.б.
Әлеуметтік топқа қатысты патша, хан сөздерімен қолданылған Патшақұдық, Патшалық қос оба, Хантөрткіл атауларын да осы топқа жатқызамыз. Патшақұдық топониміндегі патша орыс патшасына байланысты аталған. Патшақұдық 1840 жылы камалдың ауызсу кажеттілігін өтеу үшін қазылған. Сұраныс иесі камалдағы патша әскерлерінің болуы себепті Патшақұдық аталған».Ал хан сезі, тәжік тілдерінде - «суландыру каналы» мағынасында қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |