3 маңҒыстау гидронимдерінің тарихи қалыптасу жағдайлары мен тарихи лингвистикалық сипаты



бет5/12
Дата21.05.2023
өлшемі106.67 Kb.
#474036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«Маңғыстау гидронимдерінің лингвомәдени сипаты» атты дипломдық жоба

1.2.2. Кірме тілдік қабат

Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жок сезді езге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады.Маңғыстау топонимиясының да ана тіліміздегі атаулармен катар кірме атаулар арқылы да қалыптасқандығын байқауға болады. Маңғыстауда иран, араб, монгол, орыс тілдерінен енген топонимдер орын алған. Бұлардын ішіндегі көбісі - араб-парсы тілінен енген атаулар. Кірме тілдік қабатты: 1) иран тілінен енген атаулар; 2) араб тілінен енген атаулар; 3) монғол тілінен енген атаулар; 4) славян тілінен енген атаулар деп қарастырамыз.


1)Иран тілінен енген атауларды колданылуына қарай, күнделікті тұрмыста жиі колданылатын создер және тек топонимдердің құрамында ғана сақталған создер деп екіге бөлуге болады.
1) Топонимдердің құрамында ғана сақталған сөздер:
Алан - Орталык Үстірттегі құдық. Зерттеушілер бұдан баска елкедегі Аланқала, Қоңыралан, Сүмбетеміралан аталатын топонимдерді алан этнонимімен байланыстырады. «Аландар біздің заманымыздың I ғасырлардан бастап біздін - заманымыздың IV ғасырына дейінгі аралыкта географиялық жағынан бүгінгі Қазақстанның батыс аймағын қамти батысқа карай Днепр, Дон, Днестр, Дунай аймақтарына дейін (уақытына қарай) мекендеген сармат савроматтар делінетін тайпалык бірлестіктің құрамында болған тайпа.
С.И.Әжіғали: «Деректер Аландардын Арал-Каспий аймағында біразға дейін өмір сүргендігін көрсетеді. Оның іздері Үстірттегі Аланқала атауы мен түрікмендердін алан (олам) тайпасының атауында да жатыр» [21, 66 б.],- дейді. Сондай-ақ мұндай пікірді өлкетанушылардын да зерттеулерінен де кездестіреміз. «Сарматтармен одақтас тайпалардың бірі - аландар есімі Маңғыстаудың әр жерінде бар. Маната тауының Өтес станциясы жанындағы Сүмбе-Темір-Алан, Манатаның Оғланды бетіндегі (60 км) Қоңыр-Алан, Хиуа - Маңғыстау керуен жолындағы Алан қамалдары солардын жұрты» [22, 31 б.]. «Алан атауының қалыптасу уақыты ретінде б.з.1 ғасыры алынған, өйткені Қытай құжатында осы ғасыр шамасында алыстағы Яньцай» деген елдің «Аланья» атала бастағандығы туралы мәлімет бар».Аландардың шығу тегі туралы ғалым С.Әжіғали: «Аландар Каспий өңірінің сарматтарынан тараған тайпа екендігі дәлелденді. Каспий өңірі аландарынын энтогенезі көне массагет сарматтармен байланысты», деп көрсетеді [23, 70 б.].
Сондай-ақ ғалым Б.И.Вайберг: «Топонимика как источник по истории туркмен Хорезма» деген мақаласында Үстірттегі осы Аланқала, Қоңыралан Сумбетеміралан атауларының алан тайпасына қатыстылығын нақтылай түседі. «Топонимдік деректерді ел аузындағы әңгімелермен салғастыра келе, түрікмендердің Хорезмнің сол жақ жағалауын ертеден мекендегенін көреміз. Г.И.Карповтың 30-шы жылдардың басында Чарджоу облысы, Ходжамбас ауданындағы қарттардың аузынан жазып алған мәліметі бойынша, түрікмендердін бұл тайпасы Мангышлак жартыаралынан коныс аударылған, ежелгі аландардың ұрпағы болып шығады. Ол жерде олардың Алан аталатын үлкен бекінісі болған».С. Атаниязов «Словарь туркменских этнонимов» атты монографиясында алан этнонимін көне ирандық арияна сөзінен шыгарады. Алан - «арийлер елі» [19, 19 б.].
Каспий тенізі - Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. «Каспий орасан зор аймакты алып жатыр, жағалық сызығының жалпы ұзындығы 6380 км болса, оның 2340 км-і Қазақстан жеріне қарайды. Каспий осындай орасан зор аймақты алып жатқандықтан оны «теңіз деп атайды, әйтпесе географиялық табиғатына қарай ол көл. Өйткені Каспий ешқандай мұхитпен бұғаз арқылы байланыспайды. Каспий жер бетіндегі ен улкен кол, көлемінің осындай үлкендігіне орай «теңіз» деп аталынады.
Тарихта теңіздің бұл атауынан басқа 70-тен астам атауы (Горган, Хорасан, Гилян, Хазар, Булгар, Хвалы, Оғыз т.б.) болған. Каспий теңізінің атауы да өлкеде мекен еткен каспи тайпасымен тікелей байланысты айтылады. «Каспи - Арал екірінің тарихи тайпаларының бірі, аймақ тарихында көп ерекшелене бермейтін тайпалар тобы каспилер деуге болады, оларды тарихта (Геродот) салғанаттылар деп те атайды. Осы бір шағын тайпа көшпенділердің көне тарихынан бастау алады. Сактардын осы бөлігінің аты бірте-бірте Каспий теңізіне берілді» [23, 61 б.].
Каспий гидронимінің этимологиясы туралы түрлі пікірлер қалыптасқан.
Проф. Т.Жанұзақ: «Лингвистикалық тұрғыдан Каспий атауының кас сөзі (тайпа аты) және пий - «су, өзен, көл, бұлақ... Демек, Каспий теңізі «кас тайпасына тән мағынасындағы атау деп білеміз. Көптеген еуропалық және отандық зерттеушілер осы кас (қас) этнонимін «қазақ» сөзінің төркіні ретінде карастырады», дейді.М.Қожанұлы да Каспий топониміндегі кас тайпасын «қазіргі халык, ұлт аты «қазақ» сөзіне» байланысты карайды.
Ал біз Каспий атауын, жоғарыда көрсетілгендей, өлкені мекен еткен каспи тайпасымен тікелей байланысты деп ойлаймыз.
Апажар– қ., Түпқараған ауданы. Бұл топонимде иран тілінен енген аб(а) «су» (-а есім жасайтын жҧрнақ) және қазақтың жар сөзімен бірігіп, «сулы жардан қазылған құдық» деген мағынадағы атау жасаған.
(Базарлы) – қ., Маңғыстау ауданы. Парсы тіліндегі мағынасы «саудасаттық орны», ауыспалы мағынасы «қуаныш, қызық, думан» (Н.Оңдасынов, 42). Базарлы атауы – «үлкен сұранысқа ие, мал көп суарылатын құдыққа» байланысты қойылған.
Керіз – Маңғыстау ауд-дағы құдық. Керіз – парсы тілінен енген кірме сөз. Мағынасы тайыз құдықтардың суын жер үстінен үңгіп, бір-бірімен жалғастырған, бір жерге жиналған су көзі дегенді білдіреді.
Кент – қ., Маңғыстау ауданы. Кент – қала аттарын жасауға негіз болатын, иран тілінен енген сөз. Кент – географиялық терминінің «қала, ауыл,» деген мағыналарынан басқа «су сақтауға арналған шұңқыр» ретінде де қолданылады екен (В.И.Савина 115). Сонда атаудың мағынасы: «ауыл маңынан қазылған құдық» немесе «су сақтауға арналған шұңқыр, құдық» деген мән беретін тәрізді.
Талшоқы – қ., Маңғыстау ауданы. Атау тал (зат есім) және шоқы (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тал – иранша «төбе, дөң, адыр» (Л.И.Рогозова, 93). Шоқы дегеніміз – «формасы конус тәрізді қырат немесе басы сүйірлене біткен тау» (Г.К, Конкашпаев, 41) Мағынасы: «басы сүйірлене біткен тау, төбенің жанынан қазылған құдық».
Даныспан – қ., биік шоқы, Маңғыстау ауданы, Батыс Қаратауда. Аңызда Даныспан (Данышпан) Маңғыстауға мұсылман дінін әкеліп, бала оқытқан сопының бірі делінеді. Ә.Кекілбаевтың «Түркістан тағылымы» атты ғылыми мақаласында мынадай аңыз кездеседі: «Түркістандағы Құқай тауының бір шоқысына шығып отырған Дәніспанға бір дәруіш кеп, сұлтан Хуббидің кереметтеріне тәу ету үшін Маңғыстауға барғысы келетінін айтады. Дәніспан дәруішке ерейін деп орынынан тұрып бара жатқанда, таудың шоқысы: “Мен де көрейін деп едім”, – деп ыңырсиды. “Олай болса, мен саған мініп барайын”, – деп Дәніспан шоқыға кеп қайта отырады. Тау батысқа қарай жүріп береді. Маңғыстауға жеткесін: “Киелі жерге көліктен түсіп, жаяу барған дұрыс”, – деп, орынынан тұрып кетеді. Тау жеткен жерінде тұрып қалады. Дәніспан – Маңғыстау түбегіндегі Таушық кентінің шығыс жақ іргесіндегі оқшау тау» (Ә.Кекілаев, 16).
2) Өлке топонимиясында араб тілінен енген атаулардың дені діни мазмұндағы атауларды (7,03%) құрайды. Бұл атаулар өлкеге ислам дінінің тарауымен байланысты пайда болған. «Арабтардын жаулап алуы ислам дінінің таралуымен байланысты еді. Мұсылман мешіттері арқылы арабтардың біраз діни терминдері елді мекендердің, киелі орын, зират, мола, бейіт атаулары ретінде тілімізге енді.Тарихта: «XII-XIII ғасырдың басында Шығыс Каспий өңіріне Түркістан оғыз-тайпаларынын жекелеген топтары ағылып келді. Әлі күнге дейін көптеген түрікмен рулары (абдал, ата, салор) өздерінің шыққан жерін Түркістанмен, Ахмет Яссауимен байланыстырады» делінген [23, 107 б.].
Араб тілінен енген атауларды да мағыналық жақтан діни ұғымды білдіретін топонимдер және адам аттарынан жасалған антротопонимдер деп бөлеміз.
Казак тіліне ислам дінімен бірге еніп, фонетикалық жағынан қазақшаланып кеткен араб сөздерінен жасалған жер-су атаулары Маңғыстау топонимиясында мол кездеседі.
Ақмолда- Маңғыстау ауданындағы кұдық, жер аты;
Молдабай шымырау – құдық;
Шайтанқала - Маңғыстау ауданындағы құдық;
Аманбұлақ - Маңғ. аудан. бұлақ;
Аманжол - Бейнеу ауд-дағы мола, құдық атауы;
Сәуірхан Маңғ. ауд-дағы құдық;
Жұмабай - Бейнеу ауд-дағы құдық;
Қыдырәлі - Бейнеу ауд. құдық;
Қыдырша - Маңғ. ауд-дағы құдык, жер;
Дүкен «саудахана, дукен», «ұстахана», «кызык ойын, сауык»: Дүкен - Бейнеу ауд-дағы кұдық;
Уәли «жақын, туысқан», «қамқоршы, сүйеуші», «діни әулие», Уәлі - кұдық және қорым аты т.б.
3) «Қазақ тілінің моңғол тілдерімен қарым-қатынасы екі түрлі жағдайда қарастырылады. Бірінші, қазақ тіліндегі моңғол тілдерінен тікелей ауысып кірген сөздер жайында. Бұған ең алдымен, екі халықтың ғасырлар бойы көршілес тұрып, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауы себеп болған. Сонымен бірге ⅩⅡⅠ ғасырда монғолдардың Қазақстан және Орта Азия жерін жаулап алып, ол жерлерде Шынғыс әулеті билеген ұлыстар мен ордалардың ХV ғасырға дейін үстемдік етуінің әсері тиген. Тіпті қазақ хандықтары құрылған XV-XYIII ғасырларда моңғолдармен тегі бір Жоңғар қалмақтарының (олар тарихи деректерде ойрат тайпаларынан тұратын батыс моңғолдар деп аталады) қазақ жеріне шапқыншылык жорықтар жасап отырғаны тарихтан белгілі» [24, 143 б.].
Қазақстан топонимиясына кірген моңғол қабатын А.Әбдірахмановтың: а) түркі-моңғол бірлестігі дәуірінде қалыптасқан атаулар; ә) ХІІІ ғасырда монғол шапқыншылығынан кейін енген атаулар» деп екі топқа бөлуі тілші- ғалымдар Б.Бияров, А.Жартыбаев т.б. еңбектерінде колдау тапқан. Б.Бияров Ғ.Қонқашпаевтың моңғол тілінен енген сөздерді ХІІІ және XVI-XVIII ғасырларға байланысты карастыруы туралы мынадай пікір білдіреді: «Ғ.Қонқашпаевтың XVI-XVIII ғасырларда кірген моңғол атаулары деп бөлуін кабылдамауымыздың себебі атаудың Жоңғария шапқыншылығы кезінде пайда болды ма, әлде Алтын - Орда дәуірінен бері келе ме немесе ортақ атаулар ма - аныктаудын жеткіліксіздігі.
Міне, осындай тарихи жағдайларға, өлке топонимиясының өзіндік ерекшелігіне байланысты, Маңғыстау топонимиясына моңғол тілдерінен енген атауларды, А.Әбдірахманов, Б. Бияров, А.Жартыбаев т.б. ғалымдардың топтастыруларын негізге ала отырып, екі кезеңге бөліп қарастырамыз:
1) Түркі-монғол бірлестігі дәуірінде қалыптасқан атаулар;
2) ХІІІ ғасырда монғол шапқыншылығынан кейін және одан кейінгі дәуірлерде пайда болған атаулар.
"Манғыстау өңірі топонимиясындагы аз да болса кездесетін моңғол текті атаулардын дені XVI-XVIII ғасырлардағы Жоңғария шапқыншылығы кезінде пайда болган.
Сонымен Маңғыстау өңірінің моңғол топонимдері екі түрлі апеллятив кезден тұрады. Біріншісіне қазақ және моңғол тілдерінде өнімді қолданылатын және сол Тілдердің топонимдерінің кұрамында кездесетін географиялық есімдер жатады. Екінші қатарға тек географиялық атауларда ғана сақталған, моңғол тілінен енген, Таза моңғол тілінің сөздерінен тұратын топонимдер кіреді. Моңғол тілінен енген атаулар - 1,11 пайызды құрайды.
«Қазақ-моңғол тілдерінің тілдік байланысы мәселесінде қазақ ғалымдарының көпшілігі қазақ, моңғол халықтарының өте ертеден жалғасып келе жаткан тарихи - мәдени байланыстары, қазақ тіліне белгілі дәрежеде әсерін тигізгендігін колдай отыра, казіргі қазақ тілінде түркі және моңғол ортақтығына барып саятын нақты тіл деректерінің мол екендігін айтады»ү Қазақ және монғол тілдерін жан-жакты салыстыра зерттеген А.Базылхан қазақ-моңғол сөздігіндегі 40000 сөздің 15000 түбір сөз екі тілге ортақ, ал осы негіз түбірлерден жасалған 24000 сөз екі тілге де ортақ, ұксас туынды негіздер болып келетіндігі туралы мәлімет бергенүҚазақ-моңғол тілдік байланысын зерттеуде академик А.Қайдар мынадай бағыттарды ұсынады: «а) Түркі-моңғол тілдерінің көне дәуірлердегі байланыстарына жетелейтін түбір дәрежесіндегі ортақтық, яғни қазақ-моңғол тілдерінін генеологиялык, туыстық мәселесіне қатысты тілдік деректер - алтай территориясының міндеттері қатарында қарастырылуды талап ететін фактілер болып табылады; ә) қазақ-моңғол тілдерінің кейінгі дәуірлердегі тарихи қарым-қатынастарының нәтижесі ретіндегі тіларалық лексикалык ауыс-түйістер - қазақ тілі тарихи лексикологиясының зерттеу объектісі болып саналады; б) өте ертеден территориялык біртұтастықта болып келген моңғол мен қазақ ру тайпалары арасындағы өзара қарым-қатынас жасаудың кажеттілігінен туындаған қостілділік бұл тілдерде керініс таппай қалған жоқ.
Манғыстау өңірі топонимиясындағы түркі-моңғол бірлестігі дәуірінде қалыптасқан атауларды төмендегі кестеден көре аласыздар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет