Моңғол тіліндегі формасы
|
Қазақ тіліндегі формасы
|
Облыс өңіріндегі гидронимдер
|
Боруган
|
Боран
|
Боран-Орт.Үстірттегі құдық
|
Бур
|
Бор
|
Борлы-Маңғыстау ауд.құдық
|
Булук
|
Бұлақ
|
Егіндібұлақ-Бейнеу ауд.құдық
|
Харган
|
Қараған
|
Қарағанды-Маңғыстау ауд,сай,құдық
|
Хияг
|
Қияқ
|
Қияқ-Бейнеу ауд. құдық
|
Худаг
|
Құдық
|
Құдықты-Бейнеу ауд.құдық
|
Гунан
|
Құнан
|
Құнансу-Маңғыстау ауд.құдық
|
Бұл кестеде казак және моңғол тілдерінде өнімді қолданылатын және сол тілдердің топонимдерінің құрамында кездесетін географиялык есімдер берілген. Ал «тарихи оқиғалар негізінде пайда болып қалыптасқан, Қазақстан территориясында кездесетін таза моңғолдық жер-су аттары моңғол тілі топожүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен қасиетін өзімен бірге ала келген, қабылдаушы түркі (қазақ) тілінің тілдік және ономастикалық заңдылықтарына сай өзгеріске түскен «кішігірім жүйе» болып табылады.
Мысалы:Түмен – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
Сонымен өлке гидронимінде моңғол тілінен енген атаулар еліміздің шығ.,оңт.-шығ. Бөлігімен салыстырғанда сан жағынан аз екендігін байқауға болады.
4) Славян тілінен енген атаулардың негізін орыс тілінен енген атаулар (1,55%) құрайды. «Қазақ жеріндегі ең жас әрі соңғы қабаттарындағы топонимикалык жер атауларына орыс тілінен енген атаулар тобы жатады. Казакстан мен Ресей арасындағы әрқилы қарым-қатынас басталысымен-ақ географиялық жа атаулары да біртіндеп пайда болып, жыл өткен сайын молыға түскен кұбылысты анғартады. Қазақ жеріндегі бұрын-соңды бөгде тілден енген топонимикалық атаулар тарихында дәл осы кезеңдегідей жер атауларының жылдам өзгеріп отыруының ерен кұбылысы орын алған емес-ті» [25,71б.]. «Қазақ даласындағы орыс тіл енген топонимикалык жер атауларының қалыптасуын елеулі түрдеп екі кезе беле карауга болды: бірінші кезеңге, яғни патшалы Ресей дәуірінде еріксіз куштен танылған отаршылдық мазмұндағы топонимикалық атаулар тобы жатады» [11, 6]. Екінші кезең Қазан төңкерісінен кейінгі таптық принцип негізінде пайда болған социалистік қоғамға тән идеологиялық мазмұндағы атауларды құрайды. Орыс атауларының Маңғыстауда қалыптасуы, негізінен 1731 жылы Кіші жүзді Ресей өзінің қол астына алған кезеңнен басталғанымен, Ресей мұның алдында бірнеше қамалдарын салып үлгерген-ді. «Ресей әуел бастан Шығыс елдерімен сауда байланыстарын орнатуға тырысты. Тіпті Петр Хиуа, Бұхара, Парсы арқылы Үндістанға жол тауып, Амударияны Каспий тенізімен біріктіріп, Ресейдің Парсы мен Солтүстік Кавказға ықпалын таратып, сауда үшін маңызды Каспий теңізінің шығыс жағалауын әскери бекіністермен камтып алғысы келді [20, 21-22 бб.]. Патша осындай мақсатта 1716 жылы Түпқараған шығанағынан «Светой Петр» және Александр-бай қамалдарын салдыртады және біреуі Красноводск шығанағында болады. Александр-бай шығанағы 1959 жылы «Светой Петр» атауы экспедицияның Маңғышлаққа жүзіп келген флагман кемесінің аты болса, Александр-бай А.Б. Черкасскиийдің атына берілген. «Бірақ бұл қамалдарда ауыз суының тапшылығынан, аурудан және т.б.себептерден 500- ден астам солдат пен офицер өледі. Ақыры Черкасскийдің Хиуаға сапары сәтсіз аяқталған сон орыс өкіметі Каспийге салынған үш қамалын өз қолдарымен талқандап, әскерін кейін алып кетуге мәжбүр болады».Бірақ Каспий теңізі арқылы Орта Азиямен сауда-саттық байланысын жолға қоюды ойлаған патша үкіметі Мангышлактан 1834 жылы Ново-Александровск қамалын салады. «Алайда күннен күнге тайыздап бара жаткан Каспий теңізінің жағасындағы бұл қамалдын болашағы жоқ болып шығады».«1846 жылы Бас штаб полковнигі М.М.Иваниннің бастауымен Новопетровск камалынын іргесі көтерілді. Қамал ресми түрде Форт деп аталды. Форт (француз сезі) - бекініс қоршауы алдындағы ашық, яғни далалық немесе жабық ұзақ мерзімге лайықталған ірі әскери құрылыс.Новопетровск аталған бұл қамал араға он жыл салып, Александр II патша құрметіне Форт-Александровск болып өзгерген».
1846 жылы Орынбордан бір топ қазақ-орыс көшіріліп әкелініп, теңізге сұғына еніп жатқан құмды мүйіс-көсе үстіне қоныстандырылды. Жалпы «1846 - 1858 жылдар аралығында Маңғышлаққа 49 отбасы қоныс аударған» [20, 45 б.]. Ол жер орыс слободасы деп, соңынан 1884 жылы Николаевская станицасы деп аталады. Міне, осылайша, «отарланған жаңа жерлерге ә дегеннен-ақ Романовтар дистанциясындағы патшалар мен ұлы князьдардың, отарлау ісінен тікелей араласқан әскери қолбасшылардың, патшашыл қайраткерлердің есімдерін қою тәсілі басым жатты».Сонымен қатар бірінші кезеңге Долгий, Керел аралдарын жатқызуға болады. Кирил (Керел) осы жерге алғаш балық кәсіпшілігімен айналысқан адамның аты. Бұл аралдар қазір де Жақсы Керел, жаман Керел аталады.
Қазан төңкерісінен кейінгі таптык принцип негізінде пайда болған, социалистік қоғамға тән идеологиялық мазмұндағы атауларды бірнеше топқа белеміз:
1) партия, қоғам қайраткерлерінің атымен аталған топонимдер (колхоз, совхоз атаулары): Сталин, Киров, Ленин, Мирзоян, Кагонович, Баутин, Фетисов, Куйбышев, Голощекин, Калинин, Тельман, Ворошилов, Чапаев, Ильич т.б.
2) Кеңестік өмір салты мен коммунистік идеология әсері нәтижесінде калыптаскан атаулар: Комсомол, Октябрь, Октябрск, Интернационал, 1Май, Путь к коммунизму, Правда т.б.
3) Жер бедеріне, қасиетіне, түрлі ерекшеліктеріне байланысты калыптаскан атаулар: Каменистый, Каменный, Придорожный, Песчаный, Ракушечный, Меловой, Прохлада, Скалистый т.б.
Жоғарыда көрсетілген колхоз-совхоз атаулары қазіргі қоғамда болған өзгерістерге байланысты қолданыстан шығып қалған немесе өзінің тарихи атауларымен қауышқан.
Форт-Шевченко қаласынын аты украин халқының ұлы ақыны, суретші Т.Г.Шевченконың құрметіне қойылған. «Т.Г.Шевченко «Кирилл Мефодий>> коғамына қатысқаны үшін он жылға (1847-57) айдалып, Қазақстанға жер аударылған. 1857 жылы Маңғыстауға, Ново-Петровск (қазіргі Форт-Шевченко) бекінісіне жіберіледі. Сегіз жыл табандай Маңғыстауда болады. Ново- Петровскіде өзінің көптеген повестері мен суреттерін салады. 1939 жылы «Форт- Александровск» қаласына Т.Г.Шевченконың атын беріліп, қала «Форт-Шевченко» каласы болып өзгерді». 1964 жылы Ақтау қаласының атына Шевченко есімі берілген, 1991 жылы ККСР Кеңесі Президумының №851-XII қаулысымен өз тарихи атауына ие болды.
Орыс тілі аркылы енген бірнеше интернационалдық сөздерден қалыптасқан гибрид атаулар да кездеседі: Оазис, Косай фонтан, Сарытас присманы, Оразалы трубчатка, Шипрлы т.б.
Өлкенін шалғай орналасуынан не орыс және басқа ұлт өкілдерінін аз коныстанғандығынан болар (олар тек қалаларда гана шоғырланған) облыстың жер-су, елді мекен атаулары, еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда, өзінің тарихи калпын біршама сақтап қалған.
Достарыңызбен бөлісу: |